Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

admin
2025/11/03
Елтану
0
Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

XXI ғасырда Қытай тек экономикалық держава ғана емес, сонымен қатар басқару мәдениеті мен саяси-философиялық идеологиясын да өзімен бірге алып келе жатқан күшке айналды. Соңғы онжылдықта Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы рекордтық деңгейге жетіп, инвестициялар мен инфрақұрылымдық байланыстар тереңдеді. Бұл үдеріс тек экономика шеңберімен шектелмей, Қытайдың ежелгі саяси ой-жүйесі – Шаң Янның заңшылдық (фацзя) мектебі негізінде қалыптасқан басқару философиясын да жанама түрде әкелуде.

Шаң Ян (қытайша 商鞅, жаңа эraға дейінгі шамамен ?–498 ж.) – Чуньцю дәуірінің соңғы кезеңінде Лу бектігінде өмір сүрген ойшыл, реформатор және Қытайдағы заңшылдар (фацзя) ағымының негізін қалаушылардың бірі. Ол қоғамды заң арқылы басқаруды ұсынған, жаңалық пен тәртіп идеясын ашық насихаттаған тұлға.

 

Өмірі мен көзқарасы

Шаң Ян өз дәуірінде жаңалық жасау мен реформалауды ашық үгіттеген адам. Оның ойлары мен үгіт-насихаты халыққа әсерлі, сенімді және үндеу күші жағынан ерекше болған. Ол «шәкірт жинап, топ құру» арқылы қоғамда алғабасар күш қалыптастырған.

Күнзы (Конфуций) оны «қораш жандардың батыры» деп балағаттаған. Бұл – Шаң Янның құл иеленуші ақсүйектерге қарсы, жаңа қалыптасып келе жатқан феодалдық күштердің өкілі болғанының айғағы.

Шаң Ян мен Күнзы Лу бектігінде бір уақытта шәкірт тәрбиелеген. Бірақ олардың идеялық бағыттары түбегейлі қарама-қарсы болды: Күнзы қоғамды мораль мен дәстүр арқылы басқаруды көздесе, Шаң Ян заң мен тәртіпті басты құрал санады.

Күнзының көптеген шәкірттері оның дәстүршіл уағызынан гөрі, Шаң Янның жаңа идеяларына қызығып, оның сабақтарына жасырын қатысқан. Бұл құбылыс құлдық қоғамды сақтап қалуға тырысқан Күнзы ұстанған жүйеге зор қауіп төндірді.

Жаңа eraға дейінгі 489 жылы Күнзы Лу бектігінде сот қызметіне тағайындалып, көп ұзамай Шаң Янды жазықсыз өлтіртті. Оған бес түрлі «қылмыс» тағылған: «Зерделілігі асып, қауіпке басты иеккен» – замана өзгерісін түсініп, батыл түрде заң жасауға ұмтылған. «Жолдан азған тоңмойын» – дәстүрлі құлдық жолдан бас тартып, жаңа бағыт ұстанған. «Жалғанды ақтаушы» – өз идеяларын әділ, дұрыс деп санаған. «Жаманшылыққа қанық» – үстем таптың іріп-шіріген, әділетсіз мінездерін әшкерелеген. «Бұрыстыққа бой ұрған» – құлдық жүйеге қарсы пікір білдірген.

Бұл жағдай сол дәуірдегі саяси және идеялық күрестің тереңдігін көрсетті. Куңфузы мен Шаң Ян арасындағы қарама-қайшылық – бір-біріне қарсы тұрған екі таптың және екі философиялық ағымның қақтығысы еді.

Куңфузның Шаң Янды өлтіруі – сол кезеңдегі таптық қайшылықтың айқын көрінісі болды.

Шаң Ян туралы жазба деректер аз болғанымен, Шүнзы мен Хан Фэйдің естеліктерінен оның заңшылдар ілімінің ардагері және Күнзышыл тағылымшыларға қарсы тұрған басты ақыл иесі болғанын көреміз.

 

Шаң яңның негізгі бағыты

Шаң Янның басты ұстанымы: «Елді басқаруда ең жоғарғы билік – заң». Ол билік моральға немесе әдет-ғұрыпқа емес, нақты заңға сүйенуі керек деді. Заң бәріне ортақ   патша да, халық та заң алдында тең болуы тиіс. Мақсат – қоғамда әділ тәртіп орнату.

Шаң Янның пікірінше, мемлекет халықты қорқыныш пен сый-құрмет арқылы басқаруы қажет. Кім еңбек етсе – марапат алады, Кім заң бұзса — қатаң жаза көреді. «Адам жазадан қорыққанда ғана тәртіп орнайды», – деген ол.

Шаң Ян жеке адам емес, қоғам мен мемлекеттің мүддесі бірінші тұруы керек деп санады. Ол байлыққа, сән-салтанатқа және жалқаулыққа қарсы болды. Мемлекеттің күші – халықтың еңбегінде.

Ойшыл қоғамда ауыл шаруашылығы мен әскери қызметке ерекше мән берді.

Шаң Ян:

«Мемлекеттің қуаты еңбек пен ерлікте», – деп жазды. Бұл ұстаным кейін Қытайдың әскери және экономикалық қуатын арттырды. Шаң Ян реформалары кезінде билік орталыққа бағындырылды. Ол феодалдық ақсүйектердің артықшылықтарын жойып, елді біртұтас заңмен басқаруға шақырды. Бұл – Қытайдың бір орталықтан басқарылатын мемлекетке айналуына жол ашқан тарихи бетбұрыс болды.

Шаң Ян – Қытайдың саяси-философиялық ой тарихындағы ең ірі реформаторлардың бірі. Ол адамды моральмен емес, заңмен тәрбиелеу керек деп білді. Оның идеялары кейін Цинь патшалығының мемлекеттік саясатына айналып, Қытайдың бірігуіне тікелей әсер етті. Шаң Янның заңшылдық бағыты қазіргі заманғы «құқық үстемдігі» қағидасының ежелгі бастауы саналады.

Ол – тәртіп пен жауапкершілікке, әділ заң мен күшті мемлекетке негізделген көзқарастың символына айналды.

 

Қытай экономикасының Қазақстанға еркін ағылуы мен «шаңяңшылдық» саяси ықпал

Қытай инвестициялары (жол, кен, логистика, энергетика салалары) Қазақстанға терең ене бастаған сайын, бұл тек экономикалық емес, басқару мәдениеті мен идеологиялық үлгінің таралуына да әсер етеді. Шаң Янның философиясы мемлекет мүддесін жеке адамнан жоғары қоюды және орталықтандырылған билік пен тәртіпті ең басты құндылық санауды көздейді. Сондықтан Қытай экономикасының кеңеюі – «заңшылдық тәртіп», яғни жоғарыдан төмен басқарылатын жүйенің үлгісін жанама түрде насихаттайды.

Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы Қазақстанды Еуразиялық көпір ретінде көреді. Бұл экономикалық өзара тәуелділікті арттырады, инфрақұрылым мен сауданы біріктіреді және аймақтағы саяси тұрақтылық пен басқару тиімділігі ұғымдарын Қытай моделіне жақындатады.

Шаң Ян іліміндегі «қатаң заң – мықты мемлекет» қағидасы қазіргі Қытайдың геоэкономикалық саясатына сай келеді. Экономика мен саясат қатар жүруі тиіс, экономикалық серіктестік саяси сенімсіздік тудырмауы керек.

Алайда Қазақстан демократиялық институттары бар, көпвекторлы саясат ұстанатын мемлекет. Сондықтан Шаң Яндық бағыттың толық көшірмесі бұл елде мүмкін емес. Бірақ экономикалық тәуелділік арта берсе, онда әкімшілік-құқықтық басқару Қытай моделіне қарай ыңғайланып кетуі, әлеуметтік бақылау тетіктерінің күшеюі, азаматтық бастамалардың шектелуі мүмкін.

Қытай экономикасының Қазақстанға ағылуы Шаң Янның идеяларымен рухани үндес – орталықтанған, тәртіпке негізделген басқару мәдениетінің элементтерін таратуы ықтимал. Бірақ Қазақстанның саяси бейтараптығы мен құқықтық реформалары бұл ықпалдың шегін белгілеп отыр. Яғни, Қытай моделі үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін, бірақ оны толық саяси идеологияға айналдыру – Қазақстан жағдайында мүмкін емес.

Қажет Андас,

“Q-andas” ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 23
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 21, 2025
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 17, 2025
Қытайтану негіздері – Ли Күи
Елтану

Қытайтану негіздері – Ли Күи

November 4, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22  бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 20 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 20 бөлім

October 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz