Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Андас Омарақын мен Әлқыдырдың айтысы

1977 жылы Болбадайдағы ақындар айтысында. Төменгі қатар оңнан екінші адам Андас ОМАРАҚЫНҰЛЫ

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Андас Омарақын мен Әлқыдырдың айтысы

 ӘЛҚЫДЫР – ҚХР, Тарбағатай аймағының ақыны. Бұл айтыс  1977 жылы Алтай аймағы, Қаба ауданының Болбадай жайлауында өткен Іле қазақ автономиялы облысының 2 кезекті ақындар айтысында болған. 

 

АНДАС:

 

Бүгін, міне, бас қостық Болбадайда,

Мұндай кезде ақындар қорғалай ма?

Даусың шалқып Әлеке зеңгір көкте,

Жүре тұрсын қаламың жорғалай да.

Өзің сынды халықтың қалаулы ұлы,

Отты өлеңді мұндайда толғамай ма?

 

ӘЛҚЫДЫР:


– Елдің мақтан етерлік жақсылығын,

Өлең шалқып биіктен асты бүгін.

Шертіп жібер өлеңмен құры тұрмай,

Азаттықтың әкелген жақсылығын.

Мен де сендей шалқып бір айтар едім,

Өлең сөзге болып тұр тапшылығым.

 

АНДАС:

 

Ескі өмірдің жоғалтып түнергенін,

Күрестермен көремін гүл өнгенін.

Өз ортаңда атағың аспандаған,

Әлеке,  дарыныңды білем сенің.

Көрсетеді батырлар шынайы ерлік,

Адамдарда жігер бар тастай ерлік.

Тентек суын Күнестің төк қып жағып,

Көк жұлдызы қала ма келді қонып.

Долы тасқын сондағы тентек судың,

Салындысын өткенде теріп едік.

 

Шықты шалқып өлеңдер асқарынан,

Құріш кенім жерімде ақтарылған.

Қайрат қылып көшеміз көріктенді,

Қазып алды қара алтынды қатпарынан.

 

ӘЛҚЫДЫР:

 

Табысты айтсам көңілімде сайраулы әнім,

Толық аштық техника қатпарларын.

Өнеркәсіп өркендеп,  дамыған соң,

Көбейді машина мен саймандарым.

 

Әнің шалқып аспанда есіп жүрген,

Осы дарқан дәурім жетілдірген.

Тенхиканы үйреніп тері зауыт,

Қамдап отыр киетін етігіңмен.

 

Дұшпан шошып балғаның гүрсілінен,

Техниканың сыр ұғып тілсімінен.

Түк білмейтін кешегі қазақ қызы,

Асыл киім жасайды ұршығымен.

Дос сүйсініп солардың қимылына,

Көз ашпайды тап жауы күрсінуден.

 

АНДАС:

 

Әнің шалқып Әлеке жалындаған,

Самрұқтай көктегі дабылдаған.

Аймағымнан шықты ғой талай ерлер,

Елге еңбегін арнаған арынды адам.

 

Отырсың ғой  ағаке жырды өткеріп,

Өлең шығар аузыңнан төпектеліп.

Төрт сұмырай жанталасып өрекпіді,

Жайқалған қызыл гүлді үзбек болып.

Ойлаған арам ойы іске аспай,

Қалды ақыры сұмрай күлбеттеніп.

 

Таудың тасын қопарып қашауменен,

Табиғаттың айқастық асауменен.

Іші өртеніп кейбіреу шектеп келді,

Киноны да игілік жасау деген.

 

ӘЛҚЫДЫР:

 

Сол күндердің елесі жүр санамда,

Қуаныш жыр шалқиды барша адамда.

Толып жатыр айта алсақ мұндай істер,

Дастан етіп жазсам да тауыса алам ба?

Өзгелерді отты әнмен қаратамыз,

Ауыл-қыстақ құрамыз жаңаша біз.

Осы жайлы жырлайық ендеше біз,

Қалған жырды тоқталмай тағы айтамыз.

 

АНДАС:

 

Шалқып отыр аузыңнан әсем өлең,

Елім өзі өсіріп мәпелеген.

Қажетіне жаратар кейінгілер.

Арнай берші, Андеке, бір отты өлең.

 

Өлең шалқып елімнің асқарынан,

Қуанышқа бөлендік шат-шадыман.

Ерлік туын көтеріп қауырт істеп,

Май ағыздық құба шөл тастағыңнан.

 

Тың жорықты отырмыз бастап бүгін.

Өлең десе шығады асқақты үнім.

Тақталанған атызға айналдырдық,

Тау даланың кешегі тастақ қомын.

 

Ән толқиды, Әлеке, сарайыңнан.

Айта берсем ойда өлең тағы ағылған.

Бүгін, міне, жеңіспен асып түстік,

Менменсіген елдердің талайынан.

 

ӘЛҚЫДЫР:

 

Шалқып жатыр елімнің көрсең жерін,

Табысым көп айтатын сенсең менің.

Жоғары жақ белгілеп берді бізге,

Көркейген аудан құру өлшемдерін.

Нұсқау алып істейтін жұмыстарға,

Жақсы даңқын биікке көтерді елім.

Дүниеге жайылып ұлы даңқым,

Аң-таң болып қарауда шетелдерің.

 

АНДАС:

 

Жырлай берем жыр туып жыр артынан,

Төрт сыбайлас құтылдық бұралқыдан.

Біздің ашқан тыңдардан жаңалыққа,

Көз алмайды көп адам құмартудан.

 

Керегеге кек емес, ырыс байлап,

Жерім, міне, аталды тынысты аймақ.

Қайта келіп еліме орнап жатыр,

Бір кездері шетке ауып, қырысқан бақ.

Аттыға өткел бермейтін Текес суын,

Біз отырмыз дәл бүгін Шығысқа айдап.

 

Оны айтқанда құлағым елең етер,

Әрине, менмін оны өлең етер.

Оны айтпайтын мақтан қып немене тұр,

Жақсылықпен жақсылық түлеп өсер.

 

Өлең асты асқардың асқарынан,

Қуанамын әніңе мақтанудан.

Ғылыми жолмен өсіріп мал шаруаны,

Жайлым құрдық Кеңсудың тақтарынан.

Әлі талай биікке көтереді,

Осы асыл іс табыс боп ақтарылған.

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].         https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

 

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 59
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz