Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

Солтанбай батыр

admin
2026/08/30
Қасиетті жерлер
0
Солтанбай батыр

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылына орналасқан. 1967 жылы Октябрь ауылынан (қазіргі Жарлыөзек) ақсақалы Байжұманов Абдіқадір ақсақалдың айтуы бойынша, 1900 жылдары Солтанбай  батыр жерленген жерде жартылай құлаған үлкен күмбез тұрған. «Осы күмбез шамалы үш ғасыр бұрын салынған» дейді ақсақал. Жергілікті өлкетанушы Сағынай Өмірзақов «Біздің ауыл осындай» кітабында осындай дерек келтірілген.

Солтанбай Жәдігерұлы ХVІІ ғасырдың соңы ХVІІІ ғасырдың ортасында  өмір сүрген. Жалайыр тайпасының  Мырза руынан. Әулие, көріпкелдік қасиеті болған. Бақтыбай ақынның «Желқобыз» /1987ж/  жинағында  жонғар шапқыншылығы кезінде Солтанбай батырдың Жәйнақ батырмен қатар  қол бастап қарсы шайқастарға қатысып, ерлік көрсеткені туралы жазылған. Ақын Сара да Солтанбай батырдың ерліктерін жырға қосқан.  Әулие батыр Жарлыөзек өзеннің  он жақ бетінде жерленген. 1991 жылы  Жарлыөзек өзеннің жағасындағы Солтанбай батырдың басына ұрпақтары ескерткіш орнатып, туғанына 300 жыл толуына байланысты ас берілді. Солтанбай батырдың ұрпақтары қазір Жарлыөзек ауылдық округінде тұрып жатыр.

 Солтанбай батырдың әлі батырлығы белгілі болмаған жас кезінде, ел жұрты үшін басын қауіп-қатерге тіккен бір оқиға:  Быжы өзенінің батыс жағында сол заманда «Сасық» деген жерде үлкен көл болыпты (қазір сол көлдің орны әлі белгілі, ойпаңдау болып жатыр) Көлдің айналасы қалың қамыс, жыныс тоғай екен, ішінде қабан, шошқа, жабайы аңдар, үйрек-қаз болады екен. Көлдің айналасына қалың ел қонып, малын жайлап аң-құсын аулап күнін көріпті. Содан бір күндері сол көлде бір үлкен қара – қасқа аю пайда болыпты. Сол аю көлдің  айналасында отырған елдің малына шауып, күн көрсетпейді екен. Адамдарға да шауып, біраз адам шығын болыпты.

Елдің әбден мазасын алып мезі қылыпты. Сол аюды аулауға Солтанбай батыр дайындалып, уақыты келгенде аюды өлтіруге жалғыз аттаныпты. Өзінің денесін екі аяғын тізеден жоғары қалың қыл арқанмен орап, аюдың тырнағы батпасын деп, содан аюды аңдып жүріп, бір дәу өгізді жарып жегелі жатқан жерінде үстінен түсіпті. Аю да келген адамды көріп, жемтігін тастап, батырға қарсы жүріпті. Солтанбай батыр беліне қанжарын байлап қолына шоқпарын ұстап,  аюға қарсы шығыпты. Содан екеуі ұстаса кеткен кезде, батыр ебін тауып, аюдың басына шоқпарымен ұрады, аю есенгіреп қалған кезде, қанжармен аюдың қарнын жарып тастапты. Сөйтіп дәу қара-қасқа аюды жалғыз өзі соғып алыпты. Бұл оқиға бүткіл елге таралып, жас жігіт Солтанбай, «Солтанбай батыр» атаныпты. Ал әлгі аюдың терісінің көлемі, бір қазақ үйдің орнындай жерді алыпты дейді аңызда.

Бірде Солтанбай батыр, қасында бір адам бар, екеуі салт атпен «Тоқсанның даласында» келе жатыпты. Сол маңда бір байдың бірнеше келе түйелері жайылып жүріпті, сол түйелердің ішінде адамдарға шабатын дәу бура жүріпті. Келе жатқан екі атты адамды көріп, құтырған бура қарсы шауыпты. Солтанбай батырдың қасындағы адам бұл бураның адамға шабатынын естіген екен, содан батырға бұл Пәленбай деген байдың құтырған бурасы талай адамды шайнап тастаған, бұдан қашып құтылмасақ бізді де жазым қылады депті. Екеуінің де қолында қамшыдан басқа қарулары жоқ екен. Сонда Солтанбай батыр, мына бураның түрі жаман екен екеуімізді жазым қылар, сен қашып құтыл мен бураны айналдыра тұрайын деп бурадан қаша шабады. (бура шапқанда жылқыдан озады). Содан бура батырды куып жетіп, аузын батырға сала бастаған кезде Солтанбай батыр бураны құлақ – шекеден жұдырығы мен бір ұрады. Содан бура екпінімен омақаса құлайды. Батыр айналып қайтып бураға келсе, бура сеспей қатып қалыпты.

Арада быраз уақыт өткен соң әлгі жолдасы жақын ауылдан қаруланған адамдарды алып келсе, бура өліп жатыр қасында Солтанбай батыр отыр екен. Бұл оқиға буранын иесіне жетіп, ол Бай бәле қуған бір адам екен. Бурамды қасақана шоқпармен ұрып өлтірді, жалаңаш қолмен бураны ұрып өлтірді дегенге сенбей, Билерге арызданып, біраз шу болыпты. Батырдың бураны қолмен ұрып өлтіргенін көрген адам жоқ. Сонда батыр ойланып билерге: «Сенбесеңдер елді жинандар, мына бай осы өлген бурадай тағы бір бурасын алып келсін, мен қалай ұрғанымды көрсетемін», – депті. Содан бай дәу атан түйесін алып келіпті. Батыр тұрып: «Мен бураны былай ұрып құлаттым», – деп атан түйені жұдырығымен құлақ-шекеден бір ұрыпты. Атан түйе сеспей қатыпты. Халық шуылдап, «Батырдікі шындық» деп тұрып алыпты. Содан билер ақылдасып: «Сен Бай  Солтанбай батырға жала жаптың», – деп ат-шапан айыбын төлетіпті.

Қажет АНДАС

Дереккөз: «Өткені ерен, келешегі кенен ЕРКІН» кітабынан алынды.

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 68
Қаратал алқабындағы өзендер
Қасиетті жерлер

Қаратал алқабындағы өзендер

August 31, 2026
Қора шатқалы
Қасиетті жерлер

Қора шатқалы

August 31, 2026
Дауылбай тауы
Қасиетті жерлер

Дауылбай тауы

August 31, 2026
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

August 30, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

August 30, 2026
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz