Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Ақиқатқа айналған айтыс: Андас пен Қасейіннің сөз сайысы

1974 жылы Іле қазақ автономиялы облысының құрылуының 20 жылдық мерейтойына орай Құлжа қаласында ел есінде қалған бір тарихи оқиға өтті. Бұл – екі айтулы ақын Андас Омарақын мен Қасейін Нүсіпханұлының айтысы. Айтыс тек өнер жарысы ғана емес, елдік рухтың, өнер сабақтастығының, туған жерге деген сағыныштың көрінісіне айналды.

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Ақиқатқа  айналған айтыс: Андас пен Қасейіннің сөз сайысы

Жылдар өте сол тарихи сәттің куәгері әрі жалғастырушысы ретінде Андас Омарақынның ұлы, өлкетанушы Қажет Андас бұл айтыстың тарихын қайта жаңғыртты. Атажұртқа оралғаннан кейін ол әкесінің көзі тірісінде жазған шығармаларын жинақтап, бірнеше томдық кітап ретінде жарыққа шығарды.

Жақында Қажет Андас әкесінің айтыстағы қарсыласы әрі үзеңгілес замандасы Қасейін Нүсіпханұлын арнайы шақырып, атажұртта сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында ол Қасейін ақынға тарихи, мазмұнды бірнеше сұрақ қойды:

– «Әкемді қай уақыттан бері білесіз? 1974 жылғы сол айтысты еске алыңызшы. Ол кезде айтысқа кімдер қатысты? Айтыс қалай өтті? Андаспен айтысыңыз қалай өрбіді? Ол кезеңде айтыстарда тақырып алдын ала беріліп, дайындық жасала ма еді, жоқ әлде бәрі суырыпсалмалықпен өтетін бе?» – деген сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіді.

Қасейін Нүсіпханұлы сол кезеңдегі айтыстың ерекшелігін былайша еске алады:

– Біздің уақытта айтыста жеңіс те, жеңілу де болмайтын. Тек уақыты мен шығу реті ғана белгіленетін. Қазіргі айтыстарда әділқазылар бағалап, ұпай берсе, бізде ондай жүйе жоқ еді. Біз Андаспен шешуші айтысқа шықтық. Ешқандай алдын ала тақырып берілмейтін, дайындық деген атымен болмайтын. Қарсыласты тек атап шақыратын да, бәрі табиғи түрде басталып кететін. Қазіргі нөмірмен бағалау жоқ, тек халықтың ықыласы болды. 1990–1992 жылдары екі жыл қатарынан айтыстарға қатыстым. Кейін жасым ұлғайып айтыстан кеттім, бірақ қазір де айтыстарға шақырады, кейде ақсақал ретінде төрде отырып, әділқазы боламын, – деді ағынан жарылып.

Сұхбат барысында Қажет Андас әкесінің қолжазбалары бүгінде Жетісу облыстық архивінде және Андас отбасының жеке қорында сақтаулы екенін айтты. Бұл мұра – тек бір отбасының емес, күллі қазақ айтыс өнерінің ортақ қазынасы.

– Әкемнің қолжазбаларының бәрін реттеп, сақтап кеткені – үлкен аманат. Біз сол асыл мұраны жоғалтпай, жинақтап, бірнеше томдық етіп шығардық. Бұл еңбектерде әкемнің айтыстары, жырлары, өмір жолы толық қамтылған. Біздің мақсат – әкеміздің мұрасын ескерусіз қалдырмау, – дейді Қажет Андас.

Соңында Қажет Андас әкесінің шығармалары топтастырылған үш томдық кітапты Қасейін Нүсіпханұлына сыйға тартты.

– Қасейін аға, елге келіп, атажұртта қонақ болуыңызға қуаныштымыз. Халқыңыздың берекесін арттыра беріңіз. Бүгін біз тек сұхбат емес, тарихтың бір парағын аштық. Көп жылдар бойы дәлелденбей келген ақиқаттың беті ашылды. Әкемнің еңбегін, сіздердің өнерлеріңізді болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз, – деді ол.

Осылайша, екі дәуірді тоғыстырған бұл сұхбат қазақ айтыс өнерінің тарихындағы бір маңызды кезеңнің тірі куәсі болып қалды. 1974 жылғы Құлжа қаласында өткен  сол айтыс – өткеннің естелігі ғана емес, бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнер мен достықтың мәңгілік символына айналды.

Ләззат Мұхамеджан,
«Q-Andas» ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 32
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz