Басы: Ішкі Ордада 25-ші маусым жарлығы туралы болып жатқан жағдайлар «Қазақтың» 190-191 нөмірлерінде бірсыпыра жазылып еді. Оны қайта жазбаймыз. Жазылмай қалғандары болған соң жазуды жөн көрдік. Осы күнге дейін сол 19-31 арасындағы жастардың және олардың әке-шешелерінің көңілі тынышталып тұрған жоқ. 15 қыркүйекке дейін мәуліт берілген соң, қызметке алынатындар тізімі сұралады. Тізімдерді управительге апарғанда старосталар әр жігіттен 1 сом елу тиін – екі сом ақша жинап алды. Бұл ақша өздерінің жүрген-тұрғандағы шығыны ма, білмеймін. Не болса да киім-кешекке бар малын сатып шығынданып тұрған кедейлерге азда болса тағы бір шығын. Сол кезде, орыс және қазына қызметіндегі қазақтарға бостаншылық беріледі деген сөзбен шаруаға алынған жігіттерден арзан бағамен, орыс қызметіне кіріскендер көп болды. Қазынаға пішен беруші жабдықтаушыларға да түйе, арбасымен пәлен ай пішен тасуға кірісушілерде аз болмады. Бұрын қазынадан берілетін ақыдан артық басқа хақыдан күніне 2-3 сом сұрап тұратын жігіттер, мемлекет қызметкерлері болып жазылды. Қазынадан, жолдың алыс-жақынына қарай, путына 10-15 тиын беріледі. Бұл ақы биылғыдай қымбатшылықта тамагына да жетпей қалды. Бұл қызметтері үшін ақы алмақ түгіл өздері ақша беріп кіріскендері де аз болмаса керек. Сенің балаңды пішен тасу жұмысына кірістіргенде шыққан шығын деп, жігіт басына 10-15 сом алып жүрген староста яки халық қайғысында жүрген «қамқоршыларды» көзімізбен көрдік.
Бұл істер байларға еш нәрсе емес. Бірақ түйелерi мен қысқы суықта бос қызмет етіп, оның үстіне мынадай шығынға ұрынған жарлы байқұстарға онша оңай тимес. Бір жылдан бері Ішкі Орда қазақтарынан қазына пішенін тасуға түйе, арба және кісі алынып тұрғандығы бұрын жазылып еді. 25-ші маусым жарлығы болғаннан бері халық «Енді бізден аскер қызметіне кісі алынатын болды ғой, былтырдан бергі пішен тасуға алынып тұрған лау, кісі ақысы алынбас» деп ойлап еді. Бұл үміт босқа шыққандай көрінеді. Ішкі Орданың кей бір бөлімдерінен тағыда қазына пішенін тасуға лау, кісі алына бастағандығы, біздің Таловка бөліміне ұзамай алынатындығы естілді. Егер басшыларымыз бізден қазына пішенін тасуға кісі алса, сол 19-31 арасындағы жігіттерден алынса екен деп сұранса, тиісті орындарға жеткізсе, пайдасыз қалмас еді деп ойлаймыз. Егер соғыс қызметіне бір алынып, қалғандардан тағы лау, кісі алына бастаса, қазақ шаруасына оңай болмас.
Бұрын жазып едік. Егін салынған десятинаға төленетін бір сом, соғыстан бері онша қысталып, сұралмай тұр деп, жаңадан ел ішінде старосталар шауып жүр, колдарында орысқа жер жалдаған адамдар тізімі, десятинаға бір сом төленетін болды дейді. Орысқа жер жалдап та бір сомды екі, үш жылдан бері әне-мінемен бермей келе жатқан кісілер көп. Егер сол берілмеген жылдардыкі де қалдырылмай жинала бастаса, орыстарға жақсы жерлерін жыл сайын сатып отырған қазақтардың ақылдары бастарына келсе керек.
Өткен тамыздан бері біздің Таловка бөлімінде староста сайлауы басталды. Біз ойлап едік – әркім басымен қайғы болып жатқан уақытта, онша талас-тартыс болмас деп. Жоқ, олай болмады! Қашаннан сондайды тілеп жүрген қулардың көктен тілегенін, құдай биыл жерден беріп тұр. Биылғыдай таласты олар ғұмырында көрмеген шығар. Көп адам 19-31 арасындағы біреуді қою үшін таласады. Бірақ олардың бәріне бірдей, старостадан соң болыс сайлаулары болады. Олары бұдан да күштірек болады.
Бай ұлы.
ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЙЫНАН
Омбы – Омбы уезінің жастарын 19 қыркүйектен ала бастады. Омбыға қараған 7 ұлыстан 4 мың адам алмақшы. Осы уақыта әр ұлыстан, реттеп алып жатыр. Бұл хат газетке басылған кезде, бұл уездің кісілері алынып та бітер. Омбыдан екі эшелон жұмысшылар жөнелтілді. Екі эшелонда 2400 шамалы адам бар дейді. Анық санын біле алмадым. Бай балалары орнына кісі жалдап жіберісті. Өз ризалығымен жалданған соң, кедейлерге пайда болып қалды.
Флира.
Ақмола – Қара өткел уезінің жастары 15 қыркүйекте алына бастады.
Самара – Ақтөбе уезі, Әлімбет, Теректі ұлыстарынан алынған жұмысшылар Самара арқылы өтіп кетті. Қолдарындағы қағазда Вязьмаға баратындығы жазылған.
Петрогрод – Қостанай уезінен алынған жұмысшылардан 600 жігітті Пинскіге жіберіп еді. Солардың хал-жайын білуге еліміз жіберді деп Қостанай уезінен 3 кісі Петроград арқылы өтіп кетті. Бұлардың ішінде молда Аймұхамет Өтегенұлы бар.
Орск – Жаман қаладан соғыс қызметіне алынған жігіттердің алды жөнелтілді. Қайда жібергені белгісіз.
Өскаман – Семей облысы, Өскаман уезінің қазақтарын 20-шы қыркүйекте ала бастады. Жұрт алғашқы кезде шошынып еді. Бұл кезде қорқыныш азайып жігіттерді жөнелту қамын ойлап отыр.
Орал – 25-ші маусым жарлығы шыққан кезде біздің жақ түсінбей біраз желігіп еді. Соңынан жай-жапсарды байқап басылды. Бұл күнде ел тiзiмдерін бере бастады. Енді, жүретін жігіттердің қамын қарастыра бастады. Бұрынғы бас асаулар басылды. Алды-артын ойламайтын тентектерден қаймығып, дұрыстықты сөйлей алмай жүрген мылқауларға тіл бітті. Кім мақұл, кім тентекті жұрт айыра бастады. Біздің Алшын уезінен халыққа осындайда қызмет етпегенде пайдамызды қашан тигізер деп оқудағы жастарымыздан екі студент- Әбілмағжан Балтанов, Бижан Жанқадамов және мұғалім Тілеғұл Тайпанов жұмысшыларға бас-көз болуға өздері тіленіп жазылды.
… Жаңа Байбақты.
Ақтөбе – Қамсақты ұлысынан жұмысшылар алынып бітті. Бұл елден кісі алғанда, комиссия, Борсықбай Төреқұлов деген біреудің жалғыз баласын алды. Жеті жанның ортасындағы жалғыз жігіт еді. Жеті кісінің бірі шал, біреуі кемпір, басқалары бала-шаға еді. Осы кісінің әке-шешесі хал-жайын айтып губернаторға арыз айтқан соң, губернатор аяушылық танытып әлгі жалғыз жігітті қалдырды.
Тағы да осы елден Жолаушыбай Киікбаев дегеннің екі баласы бірдей алынды. Үйінің адамы көп еді. Губернатор бұл екі жігіттің біреуін қалдырды. Мұнан басқа Бейсембай Киікбаев дегеннің үш баласы алынып еді. Мұның екі баласын алып, губернатор бір баласын қалдырды.
28-ші қыркүйекте Ақтөбеден алғаш жіберілген жұмысшылардың хабары жазылып еді. Бұлардың саны 600 екен. Қазанның 4 яки 5-інде, тағы бір партия – 384 жігіт жөнелтілді. Алынған жігіттердің арасынан жүз басы, он басылар сайланды.
Х.Т.
Редакциядан – бұдан бұрын неше мәрте жаздық. Тілшілер алынған жұмысшылар жайынан жазып тұрса екен деп. Соңғы кезде басқармаға әр жерден хаттар келіп, алынған жұмысшылардың қайда барғанын, қандай жұмысқа қосылғанын, жай-күйін газет арқылы халыққа білдіріп тұруды өтінеді. Біз әлде болса өтінеміз, елдегі тілшілер болсын, алынған жігіттердің өздері болсын, елден, жолдан немесе барған жерінен бұл туралы толық мағлұмат беріп тұрса екен. Газетімізде мұндай хабарларға орын беріп тұрар едік. Бұл күнге шейін кеткен жігіттерден жартымды хат-хабар келмей тұр. Олардың басшылары қайда? Араларында хат-қалам білетіндер жоқ па?
«Қазақ» газеті», №201, 1916 жыл, 3-бет.
Тұп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас.
ВНУТРЕННЯЯ ОРДА
Что происходило во Внутренней Орде, в связи с выходом Указа от 25 июня, мы писали не раз в №№190-191 газеты «Казах». Мы не будем к ним возвращаться.
Мы решили опубликовать необнародованное. В настоящее время 19-31 летним, их родителям неспокойно на душе. После получения данных, до 15-го сентября, будут затребованы списки призываемых. При подаче списков управителю, старосты собрали с призывников по1,5-2,0 рубля. Эти деньги – расходы для их передвижения и житья, неизвестно. Как-бы там ни было, но для бедных людей хоть и небольшая сумма, но все же дополнительные расходы.
В то время говорили, что казахам находящимся на службе у русских и на государственной службе дадут вольную, т.е. освободят от призыва, и многие казахские джигиты за малую плату пошли в услужение к русским. Они по несколько месяцев возили на своих верблюдах и телегах, пшеницу, сено, поставщиков в государственные хранилища. Раньше за такие же работы, наемные казахи брали по 2-3 рубля в день, теперь же они записывались как государственные работники. Им, в зависимости от дальности перевозок, из казны платили по 10-15 копеек за пуд. Эта плата даже не покрывала расходов на еду.
Были и такие, что за работу не только не просили плату, но и сами платили. Видели мы и старост, которые говорили, «за устройство на государственную работу вашего сына, понесены такие – то расходы» и собирали по 10-15 рублей за каждого «устроенного джигита».
Для богатых казахов это не так уж много. Но для бедняков, и так живущих в нужде, бесплатная работа в зимние холода, еще и расходы на нее даются нелегко. В течении года все проводимые работы и привлеченные казахи записывались. Когда вышел Указ от 25 июня, народ думал: «Теперь, если наших будут призывать на воинскую службу, то за работу на полях, с наших джигитов, наверно, не будут брать плату». Но надежды не оправдались. С некоторых отделений Внутренней Орды опять начали привлекать для работы на полях, и стало известно, что с нашей Таловки, в скором времени тоже будут брать джигитов на работы.
Мы думаем, что если уж будут брать людей на работы по перевозке государственной пшеницы в закрома, то брать надо в возрасте, тех же 19-31 лет и эту нашу просьбу надо донести в соответствующие органы.
Если джигитов призовут на воинскую службу, и еще из оставшихся будут привлекать к полевым работам, казахам придется очень тяжело.
Ранее мы писали, что сумма в один рубль за десятину посеянной земли, которую нужно оплатить не так строго спрашивается. Теперь же, старосты бегают по домам, со списком людей отдавшим свои земли в найм русским, и твердят о необходимости платить. Не плативших эту сумму, в течение двух-трех лет, немало. Если же неоплаченная сумма за прошлые годы будет востребована, то это будет большая головная боль для большинства казахов.
С августа, в нашем отделении Таловка, начались выборы старосты. Мы думали, что не будет споров, борьбы, когда каждый занят своими проблемами. Но так не вышло.
Ушлые хитрецы, давно мечтавшие о такой возможности, спорили до хрипоты. Такого спора, они наверное не видели на своем веку. Многие требовали, чтобы старостой был джигит от 19-ти до 31 года. После выборов старосты, будут проходить выборы волостного.
Тогда, уж точно, споры будут похлеще».
Байулы.
ПОЛОЖЕНИЕ РАБОЧИХ
«Омск, 1-ое октября. Молодежь Омского уезда начали призывать на воинскую службу с 19-го сентября. Планируется призвать четыре тысячи человек, из семи Омских волостей. В данное время производится призыв с каждой из волостей. Когда это письмо будет напечатано в газете, призыв возможно и закончится. Из Омска на телегах были отправлены два эшелона рабочих. Около 2400 человек. Точное количество не смогла узнать. Дети богачей вместо себя наняли других людей и отправляли. Так, как это делалось по взаимному согласию, то для бедняков это было выгодно.»
Флира
Акмола. Молодежь Караоткельского уезда начала призываться с 15-го сентября.
Самара. Актюбинский уезд. Призванные рабочие из волостей Алимбет, Теректы, отправлены через Самару.
В документах которые были у них на руках указано место их прибытия – Вязьма.
Петроград. Из рабочих набранных с Костанайского уезда 600 человек были отправлены в Минск. Чтобы узнать их дальнейшую судьбу, из уезда к ним, через Петроград выехали три человека от народа. Среди них был и мулла Аймухамет Отегенулы.
Орск. Из Жаманкола на военную службу была отправлена первая партия джигитов. Куда они попали – неизвестно.
Усть-Каменогорск. Семипалатинская область. Призыв казахов Усть-Каменогорского уезда начался 20-го сентября. Народ вначале побаивался. Но теперь безбоязненно готовит своих людей к отправке.
Уральск. После выхода Указа от25-го июня, здесь, не совсем поняв сути дела были немного взбудоражены. Но потом успокоились. В эти дни подаются списки людей для призыва и отправки на воинскую службу.
Строптивые успокоились. Не думающие о последствиях, буйные головы начали задумываться, начали говорить те, кто раньше не мог сказать правду. Народ начал различать – кто прав, а кто нет.
Два студента нашего Алшынского уезда Абылмагжан Балтанов, Бижан Жанкадамов и учитель Түлегүл Тайпанов, чтобы быть рядом с отправляемыми рабочими и присматривать за ними, записались добровольцами.
Новый Байбакты Актюбинск. Закончился набор военных рабочих в Камсактинской волости.
В этих местах, у одного человека Борсыкбая Торекулова был единственный сын призывного возраста. Его призвали. В семье – семь душ. Старик, старуха и малолетние дети. Он был единственным кормильцем. После обращения родителей к губернатору, этого джигита освободили от службы.
И еще, у Жолаушыбая Киикбаева были призваны оба взрослых сына. Семья была многодетная. Губернатор освободил одного от службы.
У Бейсембая Киикбаева призвали трех сыновей. Губернатор позволил одному остаться, а двоих призвали. Пришли первые известия от отправленных 28-го сентября из Актюбинска. Их было 600 человек. 4-го или 5-го октября была отправлена еще одна партия джигитов, на службу, числом в 384 человека.
Из числа призванных были избраны десятники, сотники.
Х.Т.
ОТ РЕДАКЦИИ:
Мы писали до этого, несколько раз. Хотели бы, чтобы корреспонденты писали о положении людей отправленных на военные работы. В последнее время в редакцию приходят письма, с просьбой сообщать через газету о том, куда попали призванные, какие работы выполняют.
Мы опять просим, чтобы нам давали полную информацию, хоть от корреспондентов, хоть от самих призванных, о том где находятся наши люди, чем занимаются и каково их положение.
Мы бы извещали в газете обо всем людей. Но до настоящего времени нет ясной информации об отправленных джигитах.
Где их начальство?
Наверняка среди призванных есть люди знающие грамоту.
Газета «Казах» №201, стр.3.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











