Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Талантты әскери дәрігер

Қазақстанның тарихында, оның ішінде Жетісу өңірінде болған азамат соғысының шежіресінде ерлікке толы беттер аз емес. Әйгілі Черкасск қорғанысының қаһармандығы, ерлерінің ел мүддесі үшін көрсеткен ерлігі мен табандылығы баршаға мәлім. Осы өңірде 1918 жылдың 10 қыркүйегінен 1919 жылдың 14 қазанына дейінгі аралықта тарихқа «Черкасск қорғанысы» деген атпен енген қиян-кескі ұрыс жүрді. Қорғаныс құрамына жиырма шақты селодан 50 мыңға жуық адам қатысты. Басым көпшілігі 1909–1912 жылдар аралығында Ресей губернияларынан қоныс аударып келген шаруалар еді. Қатарында бірінші дүниежүзілік соғыс майданынан оралған солдаттар да болды. Сол қиян-кескі ұрыстың бел ортасында ақ халатты әскери дәрігер Әли Көтібаров жүрді. Бұл кісінің ерлігі мен біліктілігі Черкасск қорғанысы орналасқан өңірде мәңгілікке жазылып қалды.

admin
2026/08/30
Халық жады
0
Талантты әскери дәрігер

Қызылорда облысы, Бірінші уезінің Қарашеңгел  сайында  Итаяқ Көтібаровтың отбасында дүниеге келген ол Ташкент қаласындағы гимназияны аяқтап, Петербор қаласындағы әскери медициналық академияны 1897 жылы бітірген соң, Ташкент қаласында әскери дәрігер болып еңбек жолын бастады. 1917 жылы Түркістан аймақтық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Кейіннен Жетісу өңіріне қызыл гвардияшылар отряды құрамымен жіберіледі. Черкасск қорғанысында 10 мың қорғанысшылар атаман Анненков, генералдар Ярушин, Гулидовтың басқаруындағы 25 мыңдық әскерге тойтарыс берген. Осы шайқаста Әли Көтібаров Черкасск ауылында  мектеп ғимаратына госпиталь ұйымдастырды, дәрігерлер И. Криницкий,  С. Щербаков, фельдшерлер П. Гобов, М. Мирошниченколармен қатар еңбек етіп, жараланған жауынгерлердің  қатарға тез қосылуына аянбай үлес қосты. Медбикелер ісін кәдімгі жергілікті шаруалардың әйелдері атқарды. Полина Тарасенко, Ольга Бабешкова, Мария Остапенко, Анна Шулемова және Лепсі уезі атқару комитетінің мүшесі, облыстық Жетісу Кеңестерінің екі мәрте  съезінің делегаты Праскофья Горбунова ұйымдастырды.

Мария Остапенконың естеліктерінде: «Жұмыс көп болды. Жаралылардың жарақаттарын таңу үшін жергілікті тұрғындардан таңу құралдарын жинайтынбыз, мал өтін тұндырып, жара  бетін  залалсыздандыру  үшін қолданатынбыз. Сонымен қатар, әскери ұрыстардан жараланғандарды шығарып, көмектесетінбіз. Дәрігер   Ә. Көтібаровтың айтуымен емдік шөп тұнбасын қолданып, жауынгерлердің  тез  сауығуына ықпал ететінбіз. Мұндайда өлшемі жоқ еңбектенген көмекшілер П. Тарасенко, О. Бабешко, М. Остапенконы  ерекше атауға болады”, – деп жазады.

1919 жылдың күзінде жағдай шиеленісе түсті, жаралыларды  Ә. Көтібаровтың бұйрығымен жертөлелерге тығып, аман сақтауға тырыстық. Ақ гвардияшылар Черкасск қорғанысын басып алғанда       Ә. Көтібаров азғантай жауынгермен құтылып кетеді. Інісі Жанғабылдың естелігінде, ол 1921 жылы Ташкенттегі ауруханада еңбек етіп, 1922 жылы Қызылорда қаласындағы аурухананы басқарады. 1926 жылдың 15 ақпанында ұзақ аурудан соң дүниеден өтеді. Ол өз ауылы Қарашеңгелде әкесінің жанына қойылған. Жұбайы Айша, ұлдары Әлихан, Ілияс та 1935–1937 жылдары Ташкент қаласында қайтыс болды.

Көрнекті қоғам қайраткері, өз елінің асыл перзенті Дінмұхаммед Қонаев 1992 жылы Черкасск қорғаныс музейіне арнайы келіп, қазақ  халқының алғашқы дәрігерлерінің бірі Ә. Көтібаровтың  еңбегін ерекше  бағалап, жылы лебіздер айтқан еді.  Ә. Көтібаровтың медицина саласындағы еңбегі зор. Черкасск қорғанысындағы жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленді.  Өмір бойы сырқат адамға арашашы болған оның еңбегі жоғары бағаланып, Өзбек Кеңестік республикасына еңбегі сіңген дәрігер атағы берілген.

Төлеухан Битимбиев,

Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Дерекөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723995

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 54
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz