Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Бейнефильм

Таңғы бағдарламада

admin
2026/01/09
Бейнефильм
0
Таңғы бағдарламада

2025 жылғы 19 желтоқсан күні, Қызылжар шайқасының 327 жылдығы аясында Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Felt Book – 2025» кітап көрме фестивалі өткен еді.

Оған өнер, мәдениет және өлкетану саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, ҚР Ұлттық кітапханасы мен облыстық және аудандық кітапханалардың қызметкерлері, облыстық архив пен музей мамандары, тарихи‑мәдени мұраларды қорғау саласының мамандары, ауыл әкімдері, жастар мен студенттер қатысып, келелі әңгіме өрбіді.

Фестивал аясында бірлестіктің 2025 жылы әзірлеген бірқатар жаңа басылымдарының тұсаукесері өтеді. Атап айтқанда:
«Шалғай ауыл шырағы», «Жаркент – киелі мекен», «Қызылжар шайқасынан Нылқы көтерілісіне дейін…», «Ермырза батыр», «1916 көтеріліс: баспасөздегі көрінісі», «Айналайын, Атамекен!», «Бал ара бағымшылығы» және өзге де кітаптар оқырман назарына ұсынылады. Сонымен қатар «Кітап сыйла!» акциясында тұсаукесері жасалған кітаптар кітапханаларға тарту етілді.

2026 жылы қаңтардың 8 жұлдызында «Жетісу» телеарнасының «Таңжарық» аұпараттық-сазды бағдарламасының арнайы шақыртуымен бірлестік жетекшісі Қажет Андас, қызметкерлер Айнұр Оразбай мен Анар Тұрдымұхамет тікелей эфирде көрермендерге кітап фестивалі туралы таныстырылым жасап, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісіп қайтты.

Анықтама үшін кітаптарға қысқаша таныстырылым:

«Шалғай ауыл шырағы»

Бұл кітапта Жетісу өңіріндегі шалғай ауылдардың әлеуметтік, инфрақұрылымдық және тұрмыстық мәселелері журналистік зерттеу арқылы талданады. Еңбекте нақты деректер мен өмірлік оқиғалар негізінде ауыл тағдыры, халықтың күнделікті тіршілігі және шешімін тапқан мәселелер баяндалады.

«Жаркент – киелі мекен»

Жаркент өңірінің тарихи, рухани және мәдени мұраларын қамтитын ғылыми-танымдық еңбек. Кітапта киелі орындар, тарихи оқиғалар, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезеңдерінің ізі, Жаркент мешітінің сәулеттік ерекшелігі архив деректері мен экспедициялық материалдар негізінде ұсынылған.

«Қызылжар шайқасынан Нылқы көтерілісіне дейін…»

XVIII–XIX ғасырлардағы Жетісу мен Іле өңірінің тарихи кезеңдерін қамтитын кешенді зерттеу. Еңбекте Құдайназар батыр әулетінің елдік қызметі, билер институты, көші-қон үдерістері мен рухани сабақтастық ғылыми тұрғыда талданады.

«Ермырза батыр»

XIX ғасырда өмір сүрген Ермырза батыр Көпжасарұлының өмірі мен елдік жолына арналған тарихи-танымдық еңбек. Батырдың отаршылдық кезеңдегі күресі, әділ билігі мен рухани мұрасы архив деректері мен ауызша тарих негізінде баяндалады.

«1916 көтеріліс: баспасөздегі көрінісі»

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қазақ баспасөзіндегі көрінісін талдайтын ғылыми-зерттеу еңбегі. Төте жазумен шыққан сирек газеттер мен журналдардағы материалдар алғаш рет жүйеленіп, зерттеушілер назарына ұсынылады.

«Восстание 1916 года: отражение в изданиях»

Алдыңғы еңбектің орыс тіліндегі нұсқасы. Кітапта 1916 жылғы оқиғалардың мерзімді басылымдарда қалай көрініс тапқаны деректік және публицистикалық тұрғыда сараланады.

«Артыма ата мирас, тарих қалсын»

Тарихи жад, әулет шежіресі, туған жер тағдыры туралы зерттеу-танымдық еңбек. Кітапта ауызша тарих, архив деректері және ұрпақ сабақтастығы мәселелері қамтылған.

«Туған жер толғаулары»

Өлке тарихы, табиғат, ел мен жерге деген сүйіспеншілік тақырыбын арқау еткен әдеби-публицистикалық жинақ. Авторлардың туған жерге қатысты толғаныстары көркем тілмен жеткізілген.

«Айналайын, Атамекен!»

Шетелден Атажұртқа оралған ақын-жазушылардың шығармаларынан құралған әдеби алманах. Жинақта елге деген сағыныш, тәуелсіздік рухы, ұлттық болмыс пен тарихи сана көркем түрде бейнеленеді.

«Бал ара бағымшылығы»

Отыз жылдық омарташылық тәжірибеге негізделген қолданбалы еңбек. Кітапта ара шаруашылығын жүргізудің практикалық қырлары, бал өндірісінің қыр-сырлары нақты өмірлік тәжірибе арқылы түсіндіріледі.

Фестивальдің маңызы            

«Felt Book – 2025» – тек кітап таныстыру шарасы ғана емес, бұл – өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпір. Фестиваль Жетісу өңірінің тарихи санасын жаңғыртып, өлкетану ғылымын, ұлттық руханиятты дамытуға бағытталған маңызды мәдени алаң болмақ.

 

«Q-andas» ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 42
Артыма ата Мирас, тарих қалсын
Арнайы жобалар

Артыма ата Мирас, тарих қалсын

January 5, 2026
1916 Көтерілістің баспасөздегі көрінісі
Арнайы жобалар

1916 Көтерілістің баспасөздегі көрінісі

January 5, 2026
Ермырза батыр
Арнайы жобалар

Ермырза батыр

January 5, 2026
Жаркент – Киелі Мекен
Арнайы жобалар

Жаркент – Киелі Мекен

January 5, 2026
Қызылжар шайқасынан Нылқы көтерілісіне дейін
Арнайы жобалар

Қызылжар шайқасынан Нылқы көтерілісіне дейін

January 5, 2026
Шалғай ауыл шырағы
Арнайы жобалар

Шалғай ауыл шырағы

January 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz