Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Қоянкөз қабан жырау қызы

admin
2026/08/30
Тұлғатану
0
Қоянкөз қабан жырау қызы

Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылына оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым, Шанханай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде, Дегерес және Матай тауларының солтүстік баурайында, Көшен тоғаннан жол алсаң сүт пісірім уақытта жететін Қоянкөз бекеті туралы деректер ғалым Мырзатай Жолдасбековтың «Жамбыл және оның ақындық ортасы», Төлен Қаупынбаевтың «Ақындардың киесі Қабан жырау», Мұғалымбай Жылқайдаровтың «Қабан ақынның қызы – Қоянкөз», Бақыт Смайловтың «Сәдбенұлы Өтеген батыр елінде» атты кітабында жазылған.

Олардың сипаттауынша, Қоянкөз ана XVIII ғасырда өмір сүрген  Қабан жыраудың қызы. Шапыраштының Теке руына келін болып түскен. Қоянкөз өзінің ақылдылығы, зерделілігі, көргенділігімен көптің ықыласына бөленіп, кейін ол ірге тепкен елді мекенге Қоянкөз есімі берілген. Бұл жер кезінде Жібек жолының бір тармағы өтетін бекет болған. Оның іргесінде Шоқан Уәлиханов жерленген. Тағы бір жағы Бесшатыр қорғандары мен Айғайқұммен жалғасады. Шоқан Уәлиханов 1856 жылы маусым айында Ыстықкөл сапарынан келе жатқанда «Қоянкөзден өтіп, таңертеңгілік Алтынемелге жеттік» дейтін бекеті осы (Ч.Ч. Валиханов. А-А.1984. 2т., стр. 351). Қасиетті мекенге тәу етіп баратын адамдардың қатары көп.

Қоянкөз анамызды Шапырашты Текеден тарайтын Байтемір деген адамға жастайынан атастырады. Ал Байтемірдің үш ағасы шетінен батыр екен. Бір жолғы қалмақтармен соғыста Жырғалы деген қызды қолға түсіреді. Оны ауылына жіберіп, ағалары ары қарай соғысқа кетеді. Осы кезде ат жалын тартып мінген Бәйтемір Жырғалыға жақындасып қояды. Сонымен ағалары қызды Байтемірге қосады. Мұны естіген Қабан жырау намыстанып, Теке әулетін шаппаққа қол жинайды. Істің насырға шапқалы тұрғанын сезген Қоянкөз анасы арқылы әкесіне: «Әуелгі айттырған жерім сол екен, мен сол жерге барамын. Кімнің бәйбіше, кімнің тоқал боларын уақыт көрсетеді. Мен үшін әкем ел арасына егес салып, кан төкпесін», – дейді. Сонда Қабан жырау: «Қоянкөз ақылды екен ғой», – деп мейірімі түсіп, батасын беріпті. Сонда Қоянкөз: «Маған еш байлықтың керегі жоқ. Тек өзіңіздің асыл мұраңыз – дарыныңызды берсеңіз болды», – дейді.

Сонда Қабекең: «Қолыңды жай, қызым, бердім батамды» деген екен. Сол күннен бастап Қабан жыраудың ақындығы да, әулиелігі де Қоянкөзге дарыпты. Қабекең: «Менің ақындығым қызым мен жиендеріне кететін болды» депті. Жырғалы да тегін адам болмаған екен. Ұзатылып келе жатқан Қоянкөздің алдынан көш жерден шығып, шашуын өзі шашып: «Қоянкөз, үлкен үйге сен лайықсың, өйткені бұрын айттырылғансың», – деп, өзі отау үйге шыққан екен. Осыдан екеуі ғұмыр бойы шай деспей, тату-тәтті өмір сүріпті. Кейін сол атадан Жамбыл Жабаев туады.

Байтемір 25 жасында қайтыс болып, асы өткен соң ауылдастары екі жесірді әменгерлікке алғысы келеді. Сонда Қоянкөз Жырғалы екеуінен туған жеті баланы көлденең тартып, үлкендерден рұқсат алып, төркініне, Шолақ тауының етегіне келіп қоныстанады. Сол жерден Жырғалы екеуі бекет салдырып, оны өзі ұстаған. Ол кейіннен «Қоянкөз бекеті» деп аталған.

 

Қажет Андас,

ӨТКЕНІ ЕРЕН, КЕЛЕШЕГІ КЕНЕН ЕРКІН/(Тарихи-танымдық кітап)

/Қ. Андас/ Талдықорған. «Офсет» баспаханасы, 2023. – 320 бет

ISBN 978-6017646-45-5

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 98
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz