Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

ОТБАСЫЛЫҚ ҚОР АШЫЛДЫ

admin
2025/02/01
Андас Омарақын ізімен
0

Талдықорған мемлекеттік архивінде «Атадан қалған асыл мұра» атты отбасылық қор ашылды. Онда халық шығармашылығы, қазақ фольклоры, журналистік зерттеулер жинақталған. Андас отбасы – ата-бабалары 5 ғасыр бойы тұтынған мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап, бүгінге жеткізген үлгілі жанұя.

Жалпы, Андас әулетіне тиесілі 700-ден астам жәдігер бар. Оның бір бөлігі ҚХР Күнес аудандық мұражайында сақтаулы. Ал 100-ге жуық жәдігер «Атамекен» мәдени орталығының қорына тапсырылған. Андас әулетінің мүшелері жазып, құрастырған 44 кітап қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосуда. Оның 10-ға жуығы еліміздің электронды кітаптар тізіміне енді. Сондай-ақ, бұл отбасы 1930 жылдан бергі латын, төтеше жазумен жазылған 5 мың беттен артық қолжазбаны сақтап келеді. Қордың салтанатты ашылуында ақын, тарихшы Андас Омарақынның «Тарих талғарында», «Дода», «Жылдар ізі» атты үш томдық еңбегі оқырман назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Талдықорған қалалық мемлекеттік архивіндегі отбасылық ғылыми қорға 60-қа жуық іс, мыңға жуық құнды  құжат тапсырды.

Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген үлкен әулеттің 7 баласынан 16 немере-жиен тараған. Балалары мен келіндері Қазақстанның және Қытайдың таңдаулы жоғары оқу орындарын бітіріп, ғылым магистрі атанды. Ағылшын, қытай, жапон, орыс, ұйғыр, өзбек және қырғыз сынды тілдерді жетік меңгерген. Олардың халықаралық, республикалық ғылыми басылымдарда 113 ғылыми еңбегі жарық көрді. Отағасы Андас Омарақын 2010 жылы ҚХР мемлекеттік дәрежелі сыйлығын алса, Андас отбасы 2009 жылы Қытайда «Ұрпақ тәрбиесіндегі мемлекеттік үлгілі отбасы» деген марапатқа ие болды.

Жиында Алматы облыстық аналар кеңесінің төрайымы Жамал Қасымбекова, І. Жансүгіров атындағы ЖУ оқытушылары Дәулеткерей Мүлік пен Өнербек Қуанған және Қазақстан  Республикасының мәдениет қайраткері Танатар Алшабеков ашылып жатқан қордың маңызы тұрғысында ой бөлісті. Қорытынды сөз алған Алматы облыстық «Jetisý» газетінің тілшісі Қажет Андас:

– Архив мәселесі қазіргі таңда ең өзекті болып тұр. Айталық, Қытайда әр әулетте отбасылық архив болады. Бізде осы үрдіс қалыптасуы керек. Мысалы, бір парақ қағазды лақтыра салсаңыз, ол қоқыс болады. Бүктеп сақтасаңыз, қарайып жата береді. Егер сол қағазды осында әкеліп, қорға тапсырсаңыз, мемлекеттің мүлкіне айналады. Осында барлығымыздың қолжазбаларымыз сақталған. Қорда 1930 жылдан бүгінге дейінгі 90 жылдық тарихи қолжазбалар бар. Әрқайсымыз отбасылық архив жасап, мемлекет меншігіне өткізсек, батыс елдеріндегідей мұрағатымыз да байи береді, – деп,  осындай қор қазақтың әр отбасында болуы керегін жеткізді.

 

Мәулен Әнербай

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 34
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz