Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Мүсірбай Қатпаұлы

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Мүсірбай Қатпаұлы

Қаракерей елінің Басыман руынан шыққан Тоғжан деген кісі ел ішіндегі білекті адам екен. Оның Мысыр деген жалғыз ұлы қатты ауырып, бір тал қуыс қурайдай қатып, арыған денесінен ет арылып, теріге тізген сүйек болып әлден айырылып, кіріп шығудан қалады. Тіпті бара-бара аузына мақтамен су тамызу дәрежесіне дейін жетеді. Көрсетпеген бәлгер, емші, ішкізбеген дәрі қалмай, өмірден үміті кесіледі. Сонда да «ауру алыпты, жоқ далбас» деген емес пе? Тоғжан қызай елінің адамдарына келіп:

– Сіздерде емші, тамыршы, балгер, бақсы, қолынан іс келетін жақсы адамдар бар ма? – деп сұрайды.

Қызайлар өздерімен бірге келген Мүсірбай биды таныстырады.

Тоғжан:

– Жар дегенде жалғыз ұлым жан үзудың алдында жатыр. Еш ем дауа болмады, әулием көріп берсеңіз, мүмкін сіздің дуалы қолыңыздан бір шипасы табылып қалар, – деп шақыра келеді.

Мүсекең екі айтқызбай келісімін беріпі, Тоғжанның үйіне барып науқас баланы қарайды. Алдымен науқастың тамырын ұстап, ауру жағдайын әбден ұғысып болғаннан кейін:

– Баланың науқасы салмақты екен. Басқадай ешбір ем дауа болмайды, тек табылу қиын үш нәрсенің бірі болса, жазылуы мүмкін. Ол – қырдың бедеу қара сұр жыланы, ондай ем болатын жылан үш құлаш мөлшерінде ұзын, үш бұрышты, сары бас, ішегі көз, жас баланың жалаңаш білегіндей жуандықта келеді. Оның уыты аузында, сондай жыланның уытты сілекей сөлін ішкізу керек. Ондай жылан көбінше құрғақ, қара отты қырда өседі. Ол табылмаса қасқалдақтың жүрек қанын ішкізіп, етін асып сорпаландыру керек. Бұлар болмаса, бедеу қатын өлгеннен кейін он жылдан соң оң жамбасының шұңқырынан ұзындығы үш қарыстай жалғыз тал тікен қурай өсіп шығады. Сол қурайды шілденің соңында пысқан мезгілін таңдап, тауып, қайнатып ішкізсе бұл ауруға дауа болады. Бұл үшін зәру заттың қайсысы табылса да мейлі бөла береді. Бырақ бұны сіздер таба алмайсыздар ғой, өзім іздеп көрейін, он күн ішінде келіп қалармын, балаға жақсы қарай тұрыңыздар, – деп аттанып кетеді.

Мүсекең съезді қайырып қойып, ауруды азаптан арашалап қалу үшін қажетті дәрілік заттарды іздеп кетеді. Ұзақ жұрып ақыры 8 күн дегенде Ешкілік (Ешкіөлмес) тауының күнгей жақ бетінен жаңа тірілген қырдың үш құлаш қара сұр жыланын кезіктіреді. Оны дәрімен уландырып, тірідей ұстап алып Тоғжанның үйіне келеді. Үйде ешкім жоқ, жалғыз науқас бала ғана ыңыранып жатады. Мұсекең сырлы ағаш тегенедегі толы сүтты жыланның алдына тосады. Шөлден сілесі қатып келген аш жылан сүтке бас қойып, әбден қанып ішеді. Мұсекең сүтке тойған жыланның құйрығынан байлап, басын еңіс қаратып, тегене үстіне іледі. Аздан соң жылан ішкен сүтін бір ағаш тостағандай қайта құсады. Сүтпен бірге біртүрлі көк жасыл нәрсе де құйылады. Мұсекеңнің ойлағаны да сол еді, жыланды қоя беріп, сүтті әлгі жасыл сұйықтықпен қоса зорлап отырып, түгелдей ауру балаға ішкізеді. Үй адамдары келмеген соң баланы жәйлі орнына жақсылап жатқызып, қымтап жауып, съездге өтіп жатқан жерге қайтып кетеді. Үйге оралған Тоғжан байдың отабсындағалар бала тынышталып, тәтті ұйқы құшағында жатқанын көреді. Бала содан қозғалмай бір күн, бір түн ұйықтайды. Әке-шешесі балаға не болғанын білмей қатты алаңдайды. Өстіп үркердей боп отырғанда бала оянып, тамақ сұрайды. Тұрғызса баланың асты шылқылдаған су, аққан тер астындағы бес қабат көрпе, төрт қабат сырмақ, киізден өтіп кетіпті. Есесіне, бала тіптен сергек тұрады. Бір тостаған қой сорпасын ішіп, қайтадан ұйқыға кетеді. Үлкендер баланы әзер оятып, болған жағдайды сұрайды, ұйқысырап отырып бала:

– Әнеу күнгі мені көрген кісі келді. Үлкен бір жылан әкеліпті, жыланға сүт ішкізіп құстырды да, сүтті маған ішкізіп, төсегіме жатқызды, мен рақаттанып ұйықтап кетіппін, одан арғысын білмеймін, – деп жауап береді.

Тоғжан бай  дереу атқа қонып, съезд болып жатқан жерге келсе, емшінің топ ортасында жайбырақат отырғанын көреді.

Бара сала:

– Ассалаумағалейкум әулием, балам жазылды, сүйінші, сүйінші сіз бересіз бе, әлде мен беремін бе? Жүріңіз, жүріңіз үйге деп қоярда-қоймай үйіне ертіп келеді. Ақсарбас қой атап сойып, нәзыршырақ өткізеді. Далаға кіріп-шығуға келіп қалған баласының өзіне  Мүсекеңе шапан жаптырады. Ат-атан, түйе атайды.  Бірақ Мүсекең бұл сыйлықты алудан біржолата бас тартып, тек қана ақ матадан екі кез қол үздік алып жолға түсіпті.

Бұл аурудың адамдарды аштан өлтіретін қылтамақ ауру екендігін көрген ел: «Бұл апаттың дауасын тауып, бір жолда айықтырып жіберген Мүсірбай нағыз әулие адам екен», – деп жұртқа жаяды.

Міне осы ажалға адам бермейтін аты әйгілі Мүсірбай Қатпаұлы Қызай еліндегі Бегімбет Таңаттың Ақберді атасынан есептеледі.  Бұл кісі 1807 жылдардың шамасында қазіргі Жетісуда дүниеге келіпті.          Кезінде ақын Тілеуқабыл Әбілғазыұлы Мүсірбай әулие туралы толғау жазуды қолға алып, толық аяқталмай қалып еді. Сәті түсіп сол жазба қолыма тигеннен кейін қайта қарап, артық-кемін кертіп, алатынын алып, қосатынын қосып, біршама кемелді дүние шығаруға тырыстым. Ендеше, бұл ретте сол толғауды осы жазбаға қоса кетсем кемі толығып, артығы аса түсетін шығар деп шештім.

Әлқиса, Мүсірбай 14 жасында түс көріпті. Түсінде Жауғашар (Дулаттың биі әйгілі үш жетімді бағып, ержеткізген би) атты әулие: «Мен қартайдым, енді ықылас, батамды саған беремін. Сен тезден мені іздеп кел», – депті. Текебай ешкімге сыр айтпастан етігін есіктің алдына шешіп тастап, әулиені іздеп кетіпті.

Іздеп шықты Мүсекең,

Әулиені табам деп.

Талабы тайдау жас бала,

Не көрсем де барам деп.

Түсімде көрген хабар деп,

Ідемесем бола ма.

Жол бастап пірі еріпті,

Жалғыз жүріп зерікті.

Жапанда жаяу балаға,

Кім береді көлікті?

Бастаушысы алданда,

Қалай жүрсе ерікті.

Бірнеше он күн жол жүріп,

Әулиеге кезікті.

Келдің бе балам, Мүсірбай,

Көрдің бе мені түсіңде-ай.

Батамды саған берейін,

Оңғара пірің ісіңді-ай.

 

Батасын берді Алла деп,

Қабарсыз жерге бар ма деп.

Өз піріңнен нұсқаусыз,

Артық нәрсе алма деп.

 

Қасиетті піріңнің,

Қатаң сиын жолына.

Сақтасаң мұны жадыңда,

Басады ісің оңына.

Өлгеніңше сақта деп,

Қобызын берді қолына.

 

Қайта оралды Мқсекең,

Рас көрген түсі екен.

Жын мен шайтан, бақсы емес,

Ғайыптан келген іс екен.

 

Мүсірбай келді еліне,

Бір ай жүріп кемінде.

Бір қасиет барлығын,

Әкесі білді тегінде.

 

Баланың көрді зердесін,

Өнерін дүйім ел көрсін.

Тәрбиелеп бағайын,

Немесе жынды, ез десін.

Қатпа бабам сынады,

Алты ұлының кенжесін.

 

Қасиетті мұратын,

Бойына сақтап тұратын.

Әкесінен сұрады,

Алыстағы бір жұратын.

 

Жер алыста болдық шет,

Келіп, кетіп тұрушы ед.

Нағашымыз алыста,

Орақбай қалпе болушы ед.

Алыстап кетті әр ру,

Өркендеп өсті қыз бен ұл.

Қайда екенін білмейміз,

Елі еді оның дөртуыл.

 

  • Сол жұратта бір адам,

Ауырып жатыр сал болып.

Емдейін, – деді Мүсекең,

Жазылады мал болып.

 

Бірнеше күн жол жүріп,

Аз ғана емес мол жүріп.

Орақбайды тауыпты,

Шөлдеп, шаршап, болдырып.

 

Сау-саламат барыпты,

Арықтап аты қалыпты.

Айтқанындай көріпті,

Сал болып жатқан ғаріпті.

 

Ұзақ уақыт емдетіп,

Қойған екен жалығып.

Табыт боп жатыр, жаны бар,

Сүйектен еті арылып.

 

Орақбай қатты қуанды,

Жиенім іздеп келді деп.

Апайымның ұрпағы,

Артында қалған белгі деп.

 

Мүсірбай жауап қайтарды,

Нағашымды іздеп келдім деп.

Мына жатқан науқасқа,

Жасайын қазір емді деп.

 

Қуанып кетіп бәрінің,

Жүректері тулады.

Айтқаның келсін, жиенжан,

Ақсарбас деп шулады.

Екі жыл болды деседі,

Аяғын басып тұрмады.

 

  • Арт жағында үйіңнің,

Жылан жатыр қара бас.

Байлап алып кел дағы,

Тарамыспен аспаққа ас.

Көк ту қой бар қойыңда,

Дереу сойып, етін ас.

 

Иреңдетіп жыланды,

Тарамыс байлап алғызды.

Қойды сойып бар етін,

Қазанға бір-ақ салғызды.

 

Сақырлап қазан қайнады,

Астынан жалын жайнады.

Қақпақсыз қазан үстінен,

Жыланды тірі байлады.

 

Әулие пірге сыйынды,

Таңырқап ел жиылды.

Тесіктен аққан тамшыдай,

Сорғалап өті құйылды.

 

Жылан қалды қуырылып,

Қан сөлі шықты суырылып.

Қабыршық қалды орнында,

Бар еті май боп құйылып.

 

Медетті пірден тіледі,

Мүсекең өзі біледі.

Сорпасын әбден ішкізді,

Күндей қып етін үгеді.

 

Науқасқа арнап сойғызған,

Көк ту қой қандай семізді.

Тоғыз күндей қасықтап,

Барлық етін жегізді.

Екі аяғын тік басып,

Бірталай жерге жүргізді.

 

Ет азайған сүйегі,

Жаншылып қалған қазылып.

Он бес күн баққан бұл ауру,

Атқа мінді жазылып.

 

Мүсірбайды мақтайды,

Шын әулие ерен деп.

Орақбай зыр жүгірді,

Тоғыздан жол берем деп.

 

Сонда тұрып Мүсірбай,

Өз пікірін айтады.

Бұйырмаған піріміз,

Бір матадан артықты.

 

Орақбай салды салмақты,

Қанша айтса да алмапты.

Қой, нағашым, алмаймын,

Тебірентіп аруақты.

 

Мүсірбай қайтты еліне,

Буынып мата беліне.

Артық дүние не қылсын,

Тартады әркім тегіне.

 

Әлқиса, Мүсірбай әулиенің бірінші реткі әулиелік ісінен осыны ғана сөйледік. Әулиенің тағы бір ісіне назар салайық. Қаракерей елінің Бексұлтан төресі ауырып, Мүсірбайды арнайы шақыртады. Мүсірбай ауруды көріп, емдеуге бекінеді.

 

Төренің қалған екен жүдеп тәні,

Не дәуір қиналыпты шыбын жаны.

Науқасын әбден байқап көрді дағы,

Құланның керек деді жүрек қаны.

 

Төрені жазамын деп шаттандырды,

Тамақты талғап іш деп сақтандырды.

Құланды тірі ұстап әкелуге,

Бұғалықшы бес жігіт аттандырды.

 

Құланды тірі ұстауға белді буып,

Дейді олар бұғалықтап салам құрық.

Екі күн жүріп олар қайтып келді,

Құланды ұстай алмай дымы құрып.

 

Әулиеміз құлан сақ, ерен дейді,

Жүрек қанын төреге берем дейді.

Құланда жайылу бір, жусау бөлек,

Көрсетші өзім ұстап келем дейді.

 

Кей-кезде жусайды олар бөлек-бөлек,

Әсіресе сая жерге көлеңкелеп.

Сол кезде аты мықты, өзі балуан,

Бұғалықшы ең епті жігіт керек.

 

Талпынса жақсылыққа қол жетеді,

Бақ қайтса бастан дәулет ол кетеді.

Ерттеп бер Мүсекеме кер бәйге атты,

Құланға жылқы жетсе сол жетеді.

 

Деп төре айтып жатыр үгіттерін,

Ылғады жиып алып жігіттерін.

Бұғасан бұғалықшы шықты біреу,

Ішінен таңдағанда іріктерін.

 

Көп кешігіп тұрмалық құрып кеңес,

Түз тағысын ешкімде оңай емес.

Жүрісі тынышырақ бір жылқы бер,

Мінуге бәйге ат маған қажет емес.

 

Құланның бар жеріне жүрді бастап,

Құрал-сайман алмады ешбір аспап.

Әр жерде құлан жусап жатыр екен,

Сезіп қалып бытырап болды қашпақ.

 

Әсем тау, жүрген сері, көк кезінде,

Жолықты күштің, міне, өктеміне.

Құрығын әлгі жігіт қалды сермеп,

Алдынан арқан бойы өткенінде.

 

Ілінді қыл мойынға арқан барып,

Шошыды ел кетер ме деп арқанды алып.

Қырылдатып тақымына тұрды басып,

Шу асау емес пе өскен тарпаңданып.

 

Іс болды жұрт қуанып, кенелетін,

Құлан сойып, боршалап, кереді етін.

Төреге жүрек қанын ішкізеді,

Қобыздың көрді халық кереметін.

 

Төренің отыр қауым тілеп жанын,

Ішкізіп құланның да жүрек қанын.

Ем болып төре басын көтеріпті,

Тәңірі қайта атқызып тілек таңын.

Әулием айттың дауа өз аузыңнан,

Құтқардың алам деген жалмауыздан.

Ажалдан арашалап мені бүгін,

Қайтадан алып келдің көр аузынан.

 

Қашанда ұмытпаймын аманда бол,

Арадан ажыраспас өлгенше қол.

Ат пен түйе бастатқан екі тоғыз,

Отырмын өзіңе арнап азырақ жол.

 

Әулие айтты бұныңыз қиын маған,

Бақсылардың нәпсісі тыйылмаған.

Мұныңызға мың рахмет төре сіздің,

Біраз нәрсе беріңіз ырым маған.

 

Піріміз маған солай табыстаған,

Бір матадан басқаны бұйырмаған.

Айтқаны рас, бұл кісі шын әулие,

Қасиетін айтқан-ды біреу маған.

 

Аттанды Мүсекең бір матаны алып,

Шапағатшы деген нақ атақ алып.

Төре қалды жазылып жан жарасы,

Әулиеден ықыласты батаны алып.

 

Ұнаса айтқандарым тыңдаушыға,

Бастайды айтқан сайын тыңнан шыға.

Сөзімді халқым сүйіп қабылдаса,

Қырандай қалқыр едім шыңнан шыңға.

Мүсірбай әулиені жырға қостық,

Қандай баға береді ел жырлаушыға.

Осы Мүсірбайдың емшілігін қызайлардың арасында Жансарбай Ұлтарақұлына қонған деседі.

Жансарбай Ұлтарақұлы 1851 жылдары Барлық тауының баурайында дүниеге келген. Білімді, аңғарлы ананың тәрбиесінде өсіп, танымал емші әкесінен үйреніп, Күнестің екі қабырғасына аты мәлім ажалға арашашы, ауруға медеткер, көз қарақты, ғұлама оқымысты адам болып ержетіпті.

Тамыр ұстап әртүрлі аурулардың түрін ажырытып, талай-талай арудың ашты азабын тартқан әлжуаз жандарға жанашыр болып, көмек беріп отырған. Қазақ даласында өз үстемдігін жүргізген қара жел, оба, қылтамақ ауруларын да қара дүрсін емес, кемелді мол тәжірибе, білімі арқылы өзі жинап жасаған жергілікті дәрілерімен емдеп жазған. Тіпті рецеп жазып, естелік қалдырмағаны болмаса, мұндай істері ел арасына өте көп тараған. Үй ішінен үй тігіп, қазір қатерлі ісік аталып жүрген өмірдің қас жауы қылтамақ, асқазан ауруларын емдеп жазған.

Жансекең бір жылдары елді ауыр шығынға ұшыратқан сүзекті, безгекті өзінің еске емдеу тәжірибесімен табысты емдеп жазады. Ол кісіні жұрт үйде отырғызбайтын, емшіні аттан түсірмейтін. Тек Күнес халқы емес, Нылқы, Тоғызтару сынды алыс жерлерге де алып кететін. Ол кісі тағы да Қазақстаннан келген білімді Сәлақи деген оқымысты татар таныстырған ішкі Ресейден оқыған үлкен білімді, тәжірибелі дәрігер Алиов деген адамды ауылына шақырып ерулетіп,  қос ғұлама тәжірибе алмасып, түрлі ауруды, оны емдеудың жолын талқылап, пікір алмасып, білігін арттырып отырады. Осы ауылда бақсы, емші аталған Мәші, Сақал, Бәтима қатарлы емкостер болыпты. Жансекеңнің бұдан басқа қасиетті сарыала қамшысы мен ақ сәлдесі болушы еді. Толғағы ауыр болып, босана алмай жатқан жүкті әйелдер мен бала жолдасы түспеген әйелдердің ішіне дем салып, қамшымен бір сыйпаса дереу аман-есен босанып, бала жолдасы қалыпты түсетін.

Жері шалғай немесе қолы босамай қалып, шақырған жерге өзі бара алмаса, сол екі қасиетті затының бірін беріп жіберіп, босандырады екен. Жансарбайдың бұндай емкостік істері сан-санақсыз. Халық аузында аңыз болып жүрген аңгімелері тіпті де мол. Бұдан сырт, қатты еңбекші болған. Сары кезеңнің астындағы сары жазыққа ағаш егіп, беделік жасап, егін салып, жер өңдеуге күш салып, басқалардың отырықтанып, өмір сүруіне бастамашы болған.

Жансекең әрі емкос, әрі кәсіпкер болған адам. Ол кісі 1946 жылы 95 жасында дүниеден өтіпті. Ел 98 жас деп жаназасын шығарады. Жансекең көз жұмарында сол екі қасиетті заттарын, қасиетті ақ салдесін үлкен ұлы Аяпбергенге, қасиетті сарыала қамшысын кіші ұлы Омарақынға мұра етіп қалдырып кетеді.

 

Жансарбай емшіден қалған жәдігерлер: қамшы, дәрішөп жинағанда киетін темір таға, дәрі ішкізетін саптаяқ, дәрі үгітетін келі-келсап, денедегі арам қанды соратын лоңқа, құс ұстайтын тор. ХІХ ғасыр

Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 76
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz