Біз Тәнекенің Рыс атты әйелінен (әкесінің аты Диханбай) туған кенже ұлы Қожабектен тараймыз. Қожабек те әкесіне тартып, ел билеп, билік жүргізген адам. Шамамен 1843 жылдары дүниеге келген. Екі әйелінің бірі Өріктен (жұмай-көлдей руынан) туған үлкен ұлы Мұқатай (Мұхамметкәрім) ұсталып, Қожабек бүкіл ауыл аймағымен ешқайда кетпей, қарайлап жүргенінде өзі де «халық жауы» деген жаламен тұтқындалып, 1931 жылы 89 жасында Алматы қаласында Абақтыда атылған. Рыс әжейден туған балалар Ресейге, Қытайға қашып, бас сауғалап, кейін Қытайдан олардың ұрпақтары қайтып келіп, ел ішінде дүниеге аттанды. Қожабектің балалары Отан соғысында майданда қан төгіп, көбісі соғыста қыршын кетті. Артында ұрпақ жоқ (Ахметкәрім, Кенжеқожа және т.б.).
Соғыстан жаралы келіп, контузия алып, бір-екі ұрпақ қалдырып, дүниеден өткен Қожабектің ұлдарынан (Мұқатай, Жұмақан, Мүшірәтбек) бүгінгі таңда 3-4 түтін бар. Менің әкем Мұқатай жоғарыда айтылғандай қашып-пысып, 1940 жылға дейін Қазақстанның талай жерлерін сағалап, кейін Алматы, Үштөбе қалаларында қоныс теуіп, соғыстан жаралы болып қайтып, 1948 жылы 20 қыркүйекте қайтыс болды.
Гүлжан МҰҚАТАЙҚЫЗЫ, ұрпағы.
Жарияланды.Тәнеке батыр (Тарихи-көпшілік жинақ). – Алматы: 2002. -158 б. -122-124 б.











