БАЙЫН ЖҮРЕК
Баяғыда қызайлардың Қоңыз деген биі болыпты. Ол еліне жайлы қоныс іздеп, алпыс неше батырды ертіп жыныс орман, асау өзендерді кешіп өтіп, екі таудың түйіскен жеріне ілінгенде алдарынан салт атты жалғыз жігіт кездеседі. Оны ұстап алып жағдайын ұқысса моңғолдың бір батыры екен. Жолдастарының ата кегі қозып, оны өлтірмек болғанда Қоңыз би басу айтып тоқтатады. Сонымен оның жалғыз неге жапан далада жүргені сұрайды. Әсілі ол моңғолдың бір батыры болып, өзінің жақын туысының қызына ғашық болып, моңғолдың ата заңын бұзып, оны алып қашып осы тауға бұғынып жатқан екен. Өзін Шүрек, қыздың аты Байын деп таныстырады.
Сонымен Шүрек батыр Қоңыз би бастаған азаматтарға өзін 200-ге тарта моңғол жасағының іздеп жүргенін айтып, тосыннан кездессе қан төгіс болатынын ескертеді. Өз жол бастап, моңғолдар қамсыз демалып жатқан жеріне ертіп келеді. Қоңыз бастаған алпыс батыр моңғолдарға тұйықсыз шабуыл жасап, оларды екі таудың түйіскен жері Желдікезеңмен ары асырып тастайды. Бұл жер кейін қазақ пен моңғолдың шекарасы болып бекітіледі. Салтқа қайшы болса да, екі ғашықтың жүрегін қосқан жер деп Қоңыз би сол жерді Байынжүрек деп атауды жөн көреді.
Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі
Жалғасы бар…











