Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Метербай болыс келбеті

ХХ ғасырдың аласапыран кезеңінде ел басқарған, кейін кеңестік саясаттың салдарынан қуғын-сүргін мен тәркілеуге ұшыраған Метербай болыстың ел ішіндегі беделі, басқару ісіндегі ұстанымы, сондай-ақ жазықсыз жапа шеккен кезеңдері тарихи деректер мен естеліктер кім кімді де байжай қалдырмайды. Метербай болысың немересі Әуелбек Метербаевпен сұхбатта жеке тұлғаның тағдыры арқылы тұтас бір дәуірдің шындығын таныту арқылы Кеңестік жүйенің зорлық-зомбылығы, дәстүрлі басқару құрылымының күйреуі, халықтың басынан өткен ауыр кезеңдер нақты мысалдар арқылы сараланады. Метербай болыс туралы жазу тарихи әділдікті қалпына келтірумен қатар, ұлт жадын жаңғыртуда жатыр. Осындай тағдырлар арқылы кейінгі ұрпаққа өткеннің қателігін түсініп, тәуелсіздіктің қадірін тереңірек сезіну сеп болады. Сұхбат ел тарихындағы көмескі қалған тұстарды қайта зерделеп, рухани сабақтастықты нығайтуға қызмет етеді.

admin
2026/04/13
Халық жады
0
Метербай болыс келбеті

Сұрақ: Ауылдағы революциялық өзгерістерді, жаппай тәркілеуді, күштеп ұжымдастыруды, отырықшыландыру, ет, астық дайындауды көздейтін “Қазақстандағы Кіші Қазан” саяси бағдарламасы туралы не білесіз? Ол қазақ халқының тағдырына қалай әсер етті? Оның зорлық-зомбылықпен жүзеге асырылуы, құрғақшылықпен қатар, жаппай ашаршылықтың, мәжбүрлі босқынға ұшыратудың, халықтық көтерілістер мен қарсылықтардың және т. б. себебі болды ма?

Жауап: 1925 жылы жазда республика басшылығына орталық Ф.И. Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф. Голощекин И. Сталинге арнайы хат жолдап,онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ аулын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергілектендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай- ақ үлкен саясатқа емес, қалың қазақ бұқарасының күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай болды және ол И. Сталиннің толық қолдауын алды.

Билеп-төстеушілердің тағы бір мақсаты – қазақты елдік санадан айыру. Бай-кулактарды тап ретінде жою науқаны қарқын алды. Ұлтының мүддесін ойлағандарға  «ұлтшылдар»,  «тап жаулары», «жікшілдер», «оңшылдар» деген жала жабылды.

Кіші Қазан бағддарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында майдан ашудан үміттенген кеңестік басшылық бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды шараларды іске асуға кірісті. Халықты отырықшыландырып, қазақ байларын тәркілеп, қазақ ұлтшылдарын жазалады.

Большевиктік режім осылайша қазақ ұлт азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тыңды.

Сұрақ: 1920-1930 жж. сіздің отбасыңыз, ата-анаңыздың, аталарыңыздың отбасы тәркілеуге ұшырады ма? Сіздің туыстарыңыздың бірі қудалау көрді ме? Олардың аты-жөнін, туған жылын немесе шамамен жасын, кәсібін, тұрғылықты жерін (облыс, аудан, жергілікті жері, ауыл/селоның нөмірі немесе атауы) көрсетіңіз?

Жауап: Біздің әулет тәркілеуге ұшырады. Сол жылдары Метербай атамыз, Алаш зиялыларына қолдау көрсеткені үшін қызылдардың қудалауына ұшырады. Ақыры отбасын аман алып қалу мақсатында Қытай жеріне қоныс аударды. Бірақ қызылдардың ұзын қолы, Қытай еліне де жетіп, батыр бабамызға у беріп, мерт қылды.

Сұрақ: Кеңестік органдар оларды тәркілеу мен жер аударудың қандай кіші санатына жатқызған: ірі байға, кулакқа, жартылай байға (орташа), шаруаға немесе хан, сұлтан тегіне, патша әкімшілігі қызметшісіне, алашордашылар қатарына, дін қызметшісіне, контрреволюционерге?

Жауап: Ірі  бай және Алашордашылар  қатарына жатқызды.

Сұрақ: Сіз қуғын-сүргінге (репрессияға) ұшыраған адам туралы қандай мәліметтер бере аласыз (атылды; қайда жер аударылды, түрме немесе еңбекпен түзету лагерінде болды ма? және т.б.)

Жауап: Қуғын сүргінге ұшыраған халықтын көбісі жер аударылып, түрмеге немесе еңбекпен түзету лагеріне жіберілді. Қарсылык көрсеткендер атылып, тұған туыстары құғын-сүргінге ұшырады.

Сұрақ:  Тәркілеу, жер аудару немесе қамауға алу қандай органдар мен ұйымдар тарапынан жүзеге асырылғанын білесіз бе?

Жауап: Ол жағын жақсы білмеймін. Білетін үлкендердің бәрі өмірден өтіп кетті.

Сұрақ:   Тәркілеу кезінде қанша мал және төрт түліктің қандай түрлері  тәркіленгенін білесіз бе?

Метербай атамыз болыс болатын. Мал мүлкі көп, ауқатты адам болған. Бірақ атамыздың иелігінен қанша мал-мүлік тәркіленгенін толық білмеймін. Бірақ ұжымдастырамыз деген желеумен Кеңес өкіметінің Қапал-Баласаз әскери операциясы кезінде жергілікті халықтан  641 тай-құнан, 364 түйе, 108 бұқа, 108 сиыр, 603 айғыр барлығы 5621 малды тартып алғаны белгілі.  Бұл есепке алынғаны. Есепке алынбай айдап әкетіліп жатқаны қаншама?

Сұрақ: Қандай мүлік, заттар тәркіленді? Тәркіленген мал мен заттар, мүлік қайда немесе кімге берілді?

Жауап:   Қуғын-сүргін жылдары байлықтың бәрі тоналды. Қырылғаны жолда қырылып қалды да, аман қалғандары соқа басын сүйреп, Қытайға барып паналады.

Сұрақ: Қуғын-сүргінге ұшыраған адамның отбасы туралы айтып беріңізші, жасы үлкен туыстарыңыз Сізге қандай деректер, мәліметтер айтты? Егер сіздің туысыңыз “тәркіленген” немесе жер аударылған болса, онда туысқаныңыздың жер аударылған уақытын (білсеңіз нақты күнін, нақты күнін білмеген жағдайда шамамен уақытын) айтып кетсеңіз. Отбасылық архивте сақталған фотосуреттер, хаттар, анықтамалар, шағымдар немесе басқа да құжаттар бар ма?

Жауап: Фотосуреттер, құжаттар, анықтамалар сақталған жоқ.

Сұрақ: Сіз жер аудару кезінде немесе басқа себептермен аштық пен аурудан қайтыс болған ересектер немесе балалар туралы ақпарат білесіз бе? Жер аударылды, кім тұрғылықты жерінде қалды. Мүмкін Сіз отбасының бір бөлігін тұрақты жерде қалдырудың себебін білетін шығарсыз (ажырасу, отбасын паналаған жетім балалар және т. б.)?

Жауап:  Метербай атамыз отбасымен бірге Қытайға қоныс аударған болатын. Атамыз қызылдардын колынан мерт болып, сол елде жерленді. Кейін жанұясы қайта қазақ еліне оралды. Менің әкемнің әкесі Орынбай атамыз, яғни Метербай болыстың ұлы Қытайда туылған болатын.

Сұрақ: Сіз қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың мемлекет, ресми органдар тарапынан қудалау көрген балалары мен туысқандары туралы ақпарат білесіз бе? Олардың кейінгі тағдыры қалай болды? Олар қандай қиыншылықтар мен  қасіретті бастарынан өткерді?

Жауап: Метербай болыстың ұрпағы Орынбай атамыз елге оралып, көпжылдар бойы құрылыс саласында еңбек етіп, Жаңа құрылған ауылдарда мектеп салып, құрылыстың бас бригадирі болды. Кейін жұмыс бабымен Алматы қаласына келіп тұрақталып,  қаланың біраз ғимараттарына реставрация жұмыстарын жүргізді. Соған орай артынан қалған ұрпақтарының барлығы Алматы қаласында.

Сұрақ: Егер Сіз жер аудару/жазалау (қамауға алу) /ату орнын білсеңіз, бұл туралы айтып кетсеңіз. Жерлеу орнын көрсете аласыз ба?

Жауап: Өкінішке орай құғын-сүргінге ұшырыған атамыздың қайда жерленгені белгісіз. Ондай деректер жоқ.

Сұрақ: Сотсыз, тергеусіз атылған адамдар туралы білесіз бе? Хабарсыз жоғалған адамдардың есімдерін білсеңіз, олар туралы ақпарат айтып кетсеңіз.

Жауап: Метербай болысқа қастандық жасалынып у беріп өлтірілді.

Сұрақ: Егер сіз жер аударылған туысыңыздың босатылған, есептен шығарылған күні, ақтау күні және ақтаған мемлекеттік орган туралы ақпарат білсеңіз, айтып кетсеңіз. Қуғын-сүргінге ұшырап, тірі оралған адамның кейінгі тағдыры қалай болды?

Жауап: Мемлекеттік орган тарапынан ақталған қағаз келген жоқ.

Сұрақ: Қуғын-сүргінге ұшыраған туыстарыңыз туралы жеке отбасылық немесе ресми архивтен қандай да бір құжаттар (жеке жазбалар, хаттар, күнделіктер, очерктер, тергеу істері, зерттеушілердің мақалалары, жарияланған құжаттар жинағынан алынған мәліметтер және т. б.) бар ма?

Жауап: Ондай құжаттар жоқ.

Сұрақ: Егер сіздің туыстарыңыз КАКСР/КСРО-дан шетелдерге қашып кетсе, онда олардың ұрпақтары қайда тұрады? Олардың шетелдегі тағдыры туралы білесіз бе? Айтып кетсеңіз. Олар Қазақстанға қайта оралды ма? Қай уақытта қайтып келді?

Жауап: Жоғарыда айтқандай, Метербай болыс ұрпақтары әкелері қаза тапқан соң, елге оралды. Халыққа қызмет етіп, алдымен Жаркент оңірінде қызмет жасап, кейін Алматы қаласында тұрақталды.

Сұрақ: Сіздің ата-бабаларыңыз ресми билік тарапынан (кеңестік кезеңде немесе ҚР Тәуелсіздік жылдарында) ақталды ма?

Жауап: «Ақталды» деген қағаз алғанымыз жоқ.

Сұрақ: Репрессияға ұшыраған туыстарыңызға қатысты ақтау және  және мәңгілік есте қалдыру бойынша ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды айтып кетсеңіз.

Жауап: Біздің аталарымыз қазақ егемендігі үшін күрес жүргізді. Қаншамасы азаппен өлтіріліп, мерт болды. Бабаларымыздың жасаған еңбегі мен күресі үшін, келер ұрпақ біліп жүріп ұмытпас үшін «Қуғын-сүргін құрбандары » атты шаралардың өтуі тиіс деп ойлаймын.

Сұрақ: Көптеген көзі ашық, білімді байлардың ұлт-азаттық қозғалысқа, «Алаш» партиясына қаржылай қолдау көрсеткені белгілі. Бұл үшін олардың үстінен қылмыстық істер қозғалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың малдары мен басқа да мүліктері тәркіленді және таратылды. Жер аударылды. Сіз осындай фактілерді білесіз бе? Білсеңіз, осы бір қуғын-сүргін құрбандары ақталды ма?

Жауап: Олар жайлы көп білмеймін.

Сұрақ: Байлар, орташалар ерекше қатыгездікпен қудаланды. Өйткені олар бай, кулактарды тап ретінде жою туралы одақтық заңнамаға сәйкес қосымша қудаланды. Егер ірі байлар үстінен қылмыстық істер қозғалып, кем дегенде кейбір процессуальдық істер жүргізілсе, ал жартылай байлар, орташалар тіпті заңсыз қамауға алынды. Олар шартты шешімдер және партия комитеттерімен бірлесіп ОГПУ мен милиция органдары құрастырған ауылдық округтердің, аудандық атқару комитеттерінің тізімдері бойынша қамауға алынды. Олар ешқандай санкциясыз, ешқандай сотсыз бірнеше ай бойы тергеу изоляторларында, облыс орталықтары мен қалалардың түрмелерінде ұсталды, онда кейбіреулер аурудан, аштықтан қайтыс болды. Ауылдық  округтердің шешімдерімен жер аударылған байлар, молдалар мен басқа да ауылдағы беделді, елге ықпалды адамдарды қарт кісілердің айтуынша  ОГПУ, милиция қызметкерлері жақын маңдағы жасырын жерлерге апарып атқаны туралы жағдайлар  да анықталды.

Жауап: Ондай ақпарат білмеймін.

Сұрақ: Байлар ОГПУ мен милиция органдарының бақылауымен  өзге өңірлерге немесе Қазақстанның тыс жерлерге жер аударылды. Кейбір облыстарда ашық аспан астында тікенді сыммен қоршалған “бай қала” деген құрылып, онда тәркіленгеннен соң жер аударылатын орны анықталғанға дейін байлардың отбасы мүшелері ұсталды. Сіз өзіңіз тұратын өңірде осындай фактілерді білесіз бе? Бұл мәселе өңірлік комиссиялар басшылығының ерекше бақылауына алынды ма? Аймақтық комиссиялар мен олардың жұмыс топтарының мүшелері осы құжаттарды іздеу және зерттеу үшін аудандарға барды ма? Осы бір өте маңызды жұмысқа аудандық, қалалық және облыстық архивтердің жауапты және құзыретті қызметкерлері жұмылдырылған ба? Әрбір өңір бойынша тәркіленген, тұрғылықты жерінен жер аударылған байлардың, орташалардың  саны анықталды ма?

Жауап: Ол туралы жақсы білмеймін.

Сұрақ: Ғалымдардың айтуынша, орташа дәулетті адамдарды тәркілеу туралы материалдар, ауылдық (ауылдық) округтердің оларды жер аудару және қамауға алу туралы шешімдері және басқа да құжаттар аудандық архивтерде, егер берілсе (облысқа) – облыстық архивтерде сақталады. Өңірлік комиссиялардың жұмыс топтары мүшелері осы құжаттарды іздеп,  және анықтап, зерделеді ме?

Жауап:  Ол  кісілерге қатысты істер ашық дерек көздерінен табу қиын. Сондықтан құпия құжаттардан қарастыру керек.

Сұрақ: Сіздің өңірде тәркілеуге ұшыраған байлар, орташалар, шаруалардың қаншасы ақталмаған?

Жауап: Ондай ақпарат білмеймін.

Сұрақ: Президенттің Жарлығын толыққанды іске асыру үшін, Сіздің пікіріңізше, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық заңды және саяси ақтау үшін мемлекеттік органдар мен жұртшылық қандай қосымша шаралар қабылдауы тиіс? Саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде Қазақстанның бостандығы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы үшін күресте ерлік көрсеткендерді халық жадында қалдыру мақсатында әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарлама үшін өз ұсыныстарыңызды беріңіз (Жарлықтың 5-п. 2-т.).

Жауап: Ұжымдастыруға қарсы көтерілістің  болғанын, көтерілісшілерді сталиншілдердің аяусыз қырғанын халық  білуі керек. Мектеп, жоғары оқу орнына арналған оқулықтарда, батырларымыздың ерлігі жазылып, аталуы тиіс. Себебі, олар мал-мүлікті талан-таражға салуға қарсылық білдірген, ақыры соңында көтерілістен  түк шықпайтынын біліп, ел-жұртты аман алып қалу үшін шет ел асырып, басын бәйгеге тіккен батырлар еді.

 

 

Сұхбаттасқан: Ибрайымжанов Қали  Тұрдығазыұлы.

Сұхбат берген: Метербай болыстың ұрпағы, Метербаев Ауельбек Маратұлы.    Алматы облысы, Іле ауданы,  Ынтымақ ауылы Ерғали Мұсаев көшесі, № 72 үй

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 27
Біз үшін қастерлі есім
Халық жады

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026
Саяқ болыс Бұланбайұлы
Халық жады

Саяқ болыс Бұланбайұлы

April 15, 2026
Жапа шеккендер жадымызда
Халық жады

Жапа шеккендер жадымызда

April 6, 2026
Бөрібай (Ақсу-Бүйен) көтерілісінің құрбандары
Халық жады

Бөрібай (Ақсу-Бүйен) көтерілісінің құрбандары

April 3, 2026
Сартөбе көтерілісі
Халық жады

Сартөбе көтерілісі

March 31, 2026
Тағдыр тәлкегі
Халық жады

Тағдыр тәлкегі

March 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz