Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Саяқ болыс Бұланбайұлы

admin
2026/04/15
Халық жады
0
Саяқ болыс Бұланбайұлы

Қазақ сахарасына аты шулы, қанқұйлы Қазан төңкерісі орнағанға дейін жүзді қайырып, мыңды айдаған, сал-серілігімен елді аузына қаратқан болыс Пышан Жәлмендеұлы (1884-1921 ж.ж.) жазықсыз жаланың  құрбаны болып, 1921 жыл Талдықорғанның түрмесіне қамалғанда жары Қайшаға арнаған қамығу жырында: «Сердалы, сен де аман бол, қайран Саяқ, жылаймын уайым қып сендерді аяп. Өкіметтің байқасаң заңы қатты, мен кеткесін сендерге тұр ғой таяп», – деп тағдыры ортақ, сыры бір қос замандасың әсіре  белсенді большевиктердің қызыл жағалысы мен жергілікті шолақетек атқа мінерлердің өктемдігінен сақтандырады. Қапастағы Пышан өз басынан кешкен қиындыққа сүйене отырып, жоғарыдағы ойын аяушылықты білмейтін қызыл өкіметтің «Аяғың бір нәрседен тайып кетсе, түрі жоқ жіберетін ешкімді аяп», – деп толықтыратыны тағы бар. Иә, сол тұстағы ақ алмастың жүзіндей лыпылдаған замана құбылысын, уақыт тамырын дөп баса білген және дала қазағының басына үйірілетін, көзді жасқа, көкіректі шерге толтыратын қанқұйлы  нәубеттің зардабын көреген жандай болжай білген Пышан сазгердің замандасы, сырласы Сердалы мен Саяқтың алдағы талайлы тағдырына білдірген топшылауы көп уақыт өтпей-ақ айна-қатесіз шындыққа айналады. Ең алдымен, қызыл жағалылар тықыры Сердалы қажыға таянып, үстем тап өкілі бай, діндар қажы әрі ел билеген болыс деген желеумен әр тараптан әрқилы түртпек басталады.

Биліктегілердің үсті-үстіне қарадай соқтығысуынан зәрезап болған Сердалы қажы ауыл ақсақалдарымен ақылдаса келіп, жасының ұлғайғандығын желеу етіп болыстың тізгінін немере інісі Саяққа береді. Алайда 1925 жылдан бастап Қазақстандағы өлкелік партия комитетінің хатшысы қызметін қанды-қасап жағдайда атқарған Ф. Голощекин   И. Сталиннің келісімі арқасында  қазақ жерінде «Кіші қазан» саясатын бет-жүзге қаратпай іске асыруға кіріседі. Әдетте революция үстемдік құрған жерде нақақтан қан төгілері, қолдағы бар байлық атаулының тәркіленері, жазықсыз жандарға қуғын-сүргін басталары бесенеден белгілі. Араға үш жыл салып, 1928 жылы етек-жеңі кең қазақ даласының әр өңірінде өмір кешіп келген, белгілі дәрежеде мал мен қазына мүлікке ие болып отырған, ел арасында ықпалы бар мыңдаған бай адамдар арнайы тізімге алынып, мал-мүлкі орталық қазына үшін кәмпескеленеді. Тұтқындалып, жауапқа тартылады. Отбасымен түгел дерлік басқа өңірлерге еріксізден көшіріледі.

Міне, сол тұста қабырғалы Қаратал өңірінен сол қара тізімге қажы ағасынан болыстық лауазымын қабылдап алған Саяқ Бұланбайұлы да ілігеді. Біз 2015 жылы облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген «Қаратал ақтаңдағы» тарихи-танымдық кітаптағы «Бар жазығы болыс болғаны» жазбамызда басы дауға қалған, өрістегі мыңғырған малы мен тұрмыстық мүлкі тәркілеуге түскен қараталдық болыс Сақбай Тілегеновтың осындай ауыртпалыққа тап болуы жайлы баяндаған едік. Танымал жазушы Ж. Ахмадидің «Қазақстан Zамаn» газетіндегі «Мұрағат – архив сөйлесе» мақаласында ҚР мемлекеттік орталық ұлттық архивінде 1928-1930 жылдары Қазақстан бойынша «компескіге» ілінген байлардың тәркіленіп алынған мал-мүлкіне қатысты құжаттар арасынан Қаратал ауданына тиесілі тұсы сипатталады. Сол құжаттың жеке кесте күйіндегі нұсқасына сүйеніп, Сақбай мен Саяққа қатысты мәліметтерді оқырманға ұсынған едік. Онда Саяқ болыстың отбасы мүшелерінің саны, оның ересегі мен балалары, жалпы кәмпескелеуге деп ұйғарылған мал саны 545 (жылқы, түйе, ірі қара, майда малды қамтиды) деп көрсетілген. Мұнымен бірге бағалау құны 900 сом тұратын екі киіз үй мен қыс қыстайтын саз балшықтан құйылған үйі де қоса тіркелген. Жанат ағамыздың шаң басқан архивтен анықтаған мұрағаттық құжатында (4 қор, 1 жазба, № 103 іс) біз сөз етіп отырған Саяқ және Сақбай болыспен қатар қара тізімге ілінген қараталдық А. Диқамбаев, Б. Абылайханов сынды ауқатты жандардың есімдері де аталады. Мұндай жанкештілік еңбегі үшін Жанат ағамызға айтар алғысымыз шексіз.

Текті әулет саналатын Сердалы қажының немересі  Бикен апаның «Өмір белестері» (2003 ж.) кітабындағы «Балалық шақ» бөліміндегі естелігі мен журналист, ақын Гүлайым қарындасымыздың «Тәкен Саяқұлы кім еді?» мақаласындағы Сақмырза Жүндібаев қарияның айтқан дерегіне сүйеніп таратқан мәліметке жүгінсек, үкімет тарапынан мал-мүлкі тәркіленген Саяқ болыс та жер аударылып, қуғынға ұшырайды. Бұл аздық еткендей, жергілікті билік Сердалы қажыны баласы Ырым (Бикеннің әкесі) мен Саяқ болыстың ұлы Тәкеннің (Тәңірберген) ізіне шам алып түседі. Ырым 1928-1929 жылдардағы кәмпескенің тұсындағы асыра сілтеушіліктің салдарынан кінәлі деп танылып, Алматы түрмесіне қамалады. Бикеннің анасының күйеуіне кешірім жасау үшін 1930 жылы жоғарғы органға жазған арызы негізінде ұлт жанашырлары О. Жандосов, Т. Тастеміров, Қ. Құдайқұлұлының араша түсіп, көмектесуінің арқасында Ырым ақталып шығады. Елге оралғасын тұрақтай алмай, қырғыз асып, Бішкекті паналайды. Кейінде Бөрлітөбеге көшеді. Тұрмыс ауыртпалығымен Балқаш қаласын мекендейді. Бұл жерде де ізіне қуғын түседі. Қамауға алынады. Ақыры ауруға шалдығып, көз жұмады. Ал Саяқұлы Тәкенге келсек, 1930 жылы болыс, бай баласы болғаны үшін жер түбіндегі Орынборға айдалады. Абақтыда отырады. Сотталған жерінен жұмысқа берілгендігі мен тәртіпті мінезі үшін мерзімінен бұрын ақталып шығады. Қазақстанға оралып, Шу қаласындағы теміржол мекемесінде жұмыс істейді. Шаңырағы шаттыққа кенеліп, қос ұлы Долда мен Сәмен  дүниеге келеді. Бертінде елге оралып, 1953 жылы қазіргі Қарабұлақ кентіне қарасты Абай атындағы ұжымшарда шопан болып еңбек етеді. Қатарының алды, өндіріс озаты атанады. Өрісті ақтылы қойға толтырады. Зейнет жасына толған соң ата-бабасының туған топырағына – Қараталға оралады. Ұлы Долданың кіндігінен тараған ұл мен қыз – Әділ, Болат және Ғанижамал атты немеренің қызығын көреді. Әйтеуір, не керек, атасы мен әкесі үшін баласы жазғырылған қиын күндер біртіндеп артта қалады. Бүкіл әлемді қаһарымен дүрліктірген КСРО-ның сірескен мұздай солақай саясаты ең алдымен жылымық, ал кейінде жариялылық желімен, демократия үрдісімен жібиді. Еліміз бабалар аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізеді. Ел жүрегінде мәңгі сақталған батыр мен қолбасшыларымыз, би мен шешендеріміз, ақын, сазгерлеріміздің есімдері (қатарында мыңғырған мал айдаған бай мен жұртқа шапағаты тиген болыс пен сұлтандар да бар) әспеттеліп, халықтық құрмет көрсетіле бастады. Шүкір дейміз Аллаға!

Қараша ҚАРАМАН,

өлкетанушы, журналист.

Қаратал ауданы.

Жарияланды. –Талдықорған: «Жетісу» газеті. №130.2020. -4 б. 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 22
Біз үшін қастерлі есім
Халық жады

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026
Метербай болыс келбеті
Халық жады

Метербай болыс келбеті

April 13, 2026
Жапа шеккендер жадымызда
Халық жады

Жапа шеккендер жадымызда

April 6, 2026
Бөрібай (Ақсу-Бүйен) көтерілісінің құрбандары
Халық жады

Бөрібай (Ақсу-Бүйен) көтерілісінің құрбандары

April 3, 2026
Сартөбе көтерілісі
Халық жады

Сартөбе көтерілісі

March 31, 2026
Тағдыр тәлкегі
Халық жады

Тағдыр тәлкегі

March 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz