Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Бөрібай (Ақсу-Бүйен) көтерілісінің құрбандары

admin
2026/04/03
Халық жады
0
Бөрібай (Ақсу-Бүйен) көтерілісінің құрбандары

Қазан төңкерісінен кейін Ақсу, Қапал және Талдықорған аудандарының жерінде Голощекиннің сұрқия саясаты 1930-1932 жылдары жазықсыз жандардың қанын судай ағызуы. Осы елге 1921 жылдан бастап қанды құрығын салып, елді шілдей тоздырып, тарыдай шашу саясаты әртүрлі әдістермен жүргізіліп отырды.

Оның бастысы – елді отырықшыландыру болды. Ол елді жыл маусымына қарамай мекен-жайынан қоныс аударуға зорлау. Өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру ортасынан, салт-дәстүрінен айрылған елдің бірден отырықшылыққа көндігуі қиын болды.

Ендігі солақай саясат – халыққа салық салу. Ол үшін түтін басына астықтай, еттей, сүттей, жүндей және терідей, мұнымен қоса ақшалай салық салынған. Оның барлығы 24 сағатта орындалып отыру керек. Мұнан қалса, ауыр қылмысқа тартылады.

Ендігісі – тәркілеу. Тәрікке егер жылдық табысы межелі санынан артық болса, голощекиншілер көзіне киімі түзік азамат түссе, ол бай, тәркілеуге жатқызылады.

Мұнан кейінгісі – коллективтендіру. Ол жер, су ыңғайына, кәсібіне сәйкес болуы тиіс еді. Бірақ, оны бұрмалатып, қазақты қырғынға ұшырату үшін құнарсыз қу далаға, құмдауыт жерге орналастыру қажет болған. Міне, осының бәрі, сыйлап келгенде, ел ішінде үлкенді-кішілі қобалжулар мен сол солақай саясатқа қарса наразылық қозғалыстарына әкеліп соққаны шындық. «Мал-екеш мал да соярда аяғын серпеді», – демекші, халық Голощекин билігіне қарсы көтеріліс ұйымдастырды. Бұл халық қозғалысы – «Бөрібай» көтерілісі деп, батыр бабамыз Қаптағай, Бөрібай атымен аталғаны,кешегі кер замандағы жері мен елін жаудан қорғап, халықты қызыл қырғыннан сақтау жолын жалғастырудың бірден-бір белгісі болды.

Ескі көз аталарымыз бен ағаларымыздың айтуына қарағанда, көтеріліс 1930 жылы наурыз, көкек айында Тараз жақтағы Мерке, Семейдің Шұбартау қозғалысына ұласып, Жетісуда «Бөрібай көтерілісі» деп аталып Бүйен – Ақсу, Қапал және Ақешкі болысының, Қоныр ауылының азаматтары бас көтерген. Көтерілістің мақсаты – озбырлық пен зорлыққа өкімет жағынан тиым салдыру, қазақтың залықтығын сақтау.

Сол 1930-1932 жылдары Ақешкі, Қоңыр болысында 132 адам жазықсыз атылып, қаны судай ағылды. Басты себебі – «Бөрібай» көтерілісіне қатысқандығы. Солардың баласына бір ғайбат сөз айтпаған, өз басым түсін де, түрін де анық білмейтін әкем Құлахметұлы Қожахмет те кеткенін егемендік алған соң заң орындары арқылы іздеп тауып, жеке іс қағазын оқып, жетпістен жасым асқанда көзіме жас алып, құран бағыштадым.

Сол кісімен бірге 1931 жылы 14 маусымда Талдықорғанда Жаманбалаұлы Қапыш, Құтпайұлы Нұрғали атылғаны мәлім болып отыр.

Ақешкі, Қоңырданқызыл қырғында зардап шеккендер өте көп. Солардың қатарында Жалбақ балалары Иманқұл, Дәрменқұл, Мәдібала, Ахмет, Шаяхмет, Ербек баласы Әбіхан, Ақашбайұлы Қатбек, Мірәмұлы Сүлеймен, Абақайұлы Нұраділ, Рахымбекұлы Сарайт, Орманұлы Сареке, Айдарұлы Бейсен, Шәріпұлы Қалім, Абықанұлы Абильфейз, Садықұлы Далақ, Бейсенұлы Дүйсенбай, Бейсенұлы Әміре, Құтпайұлы Нүсіп және басқалар. Кейінде «халық жауы» деп қуғанға түсп, сотталғандар Құлахметұлы Қожағұл, Бекұлы Айғали он жыл сталиндік қатыгез лагерь қорлығын көрді.

Елбасының қолдауымен биылғы жыл – Татулық пен еске алу жылы деп аталуы көңіл көгін бұлттан сейілтіп, осыған орай оған алғысымызды жаудырамыз. Екіншіден, Елбасы айтқан лебізге қосыла келіп өз пікірімізді білдіргіміз келеді. Ол 1930-1931 жылдарда амалсыздан Қытай қашқан қазақ азаматтарын Қапал, Арасан жерінде қырғынға ұшыратқан Сәбитов Бари(кейбіреулерінің аттарын ұмыттым) деген қанішер екен.

Қапал ауданының Қоңырат ауылының азаматтары жазықсыз атылғандардың тұқым-тұрпағы немесе туған-туысқандары жинап үн көтеріп, Мәдениет үйінің алдына ескерткіш тақта орнатса аруақтар үшін ұмытылмас белгі, елдігіміздің асыл бір сипаты болатыны сөзсіз.

Кәкімбай Қожахметұлы,

Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері.

Талдықорған қаласы.

Жарияланды. -Алматы: «Жетісу» газеті. №57. -2 б.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 66
Біз үшін қастерлі есім
Халық жады

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026
Саяқ болыс Бұланбайұлы
Халық жады

Саяқ болыс Бұланбайұлы

April 15, 2026
Метербай болыс келбеті
Халық жады

Метербай болыс келбеті

April 13, 2026
Жапа шеккендер жадымызда
Халық жады

Жапа шеккендер жадымызда

April 6, 2026
Сартөбе көтерілісі
Халық жады

Сартөбе көтерілісі

March 31, 2026
Тағдыр тәлкегі
Халық жады

Тағдыр тәлкегі

March 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz