Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Жоспарлы қырғынға – 70 жыл

admin
2026/08/31
Халық жады
0
Жоспарлы қырғынға – 70 жыл

Бүгінгі ұрпақ үшін аңызға айналған 1930-1932 жылдар аралығындағы кең-байтақ қазақ даласын жайпап өткен жоспарлы қырғынға да өткен ақпан айында 70 жыл толыпты. Заман-ай, десеңізші…

Мен сол жылдардың барлық оқиғасының куәсімін. Қайыспай, қарсы  тұрған қайсар батыры десе де болады. Ондайлардың қазіргі күні ауданымызда көзі тірілері өте аз. Мен білетіндерден: Кәлпеде – Алпан Байғазыұлы, Құмтөбеде – Құрманғали Қалбайұлы, Ортамешкейде – Нұржан Жұманұлы, Жаңаталапта – Төлеген Сексенбайұлы, Бертай Арынов, Әбдіғали Тергеусізұлы, Үштөбеде – Орынбасар Бүйрекбайұлы, Жұмаш Диханбайұлы, Рысбай Бейсенбайұлы, Бірлікте – Ләтіп Ғисаұлы, Қаражидеде – Жиенбай Жиындыұлы, Сәрсенбай Мұхамәдиұлы, Рубай Жақанбайұлы, Ошан Уәлиұлы, тағы-тағы осылардай қадау-қадаулары.

Жоспарлы деуімнің себебі, көшпенді қазақ халқын отырықшылдыққа айналдырып, колхоз ұйымдастыру үшін ең алдымен малдарын тартып алды. Сөйтіп, атамекенінен айырды. Бұл науқанның от-жалыны қазақ даласының бірде-бір елді-мекенін шарпымай өтпегені тарихтан белгілі. Дегенмен, екі рулы елдің атамекенінен түгелдей жер аударылғанын бірі білсе, бірі біле бермес кейінгі ұрпақтың. Төменгі Қаратал өзенінің Балқаш айдынына барып құятын өңірін Сарыесік-Атырау дейді. Сол өзеннің оңы мен солын көмкеріп жатқан ұшы-қиыры жоқ батыстың бір мемлекеті сыйып кетердей бір бөлігін Жалайырдың Арықтыным, Байшегір дейтін екі атасының 70 пайызы мекендейтін. 1929-1930 жылдар арасында жергілікті билік «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп малын жинап алды. Ал 1931-1932 жылдар аралығында жаңа ұйымдасқан күріш совхозына жұмысшы керек деп халықты еріксіз ата-мекенінен бостырды. Осының салдары 1500 үйден тұратын екі рулы елдің жаппай қырылуына әкеп соқты. Сол 1933 жылдың көктемінде елдің естияр жанашыры Кілтбай тірі қалғандарын жинап, туған жерге қарай көш бастағанында небәрі 300-ге жетер-жетпес түтін жиналған. Мекеніне қайтып оралған 300 үйден Киров, Жаңаөндіріс, Көпбірлік колхоздары ұйымдасқан болатын. Ал қалған тарыдай шашылған 1200 түтіннің кем дегенде 60 пайызынан астамы сонау Қараталдың Құйғанынан басталатын қара жолдың, Үштөбенің бойында жұтқа ұшыраған қойдай жусап қала берді.

Қырғынның көкесі Үштөбенің Бастөбе, №4/ОСО/, Караталстрой (Фрунзе), Мясокомбинат, №3(Приморец), атты елді-мекендерде болды. Басында панасы, аузында асы жоқ адамдар жоғарыдағы аттары аталған елді мекендер мен ет комбинатының арасында адамның өлексесінен аяқ алып жүре алмайтын жағдайға жеткенін көзімен көргендердің біреуімін. Әсіресе №4 ОСО Октябрь деп аталатын осы бөлімшеге біздің төмендегі (Арық пен Байшегір) екі елді мекеннің босқындары шоғырланған болатын. Солардың 70 пайызына жуығы мерт болды. Олардың ішінде менің әкем, бауырым, әкемнің үлкен ағасының үш жаннан тұратын отбасы түгелімен опат болды. Арысын айтсам, Дүйсембай, Қоңыр балаларынан тұратын Баймырзаның 45 үйінен ел есін жиғаннан кейінгі есеп бойынша 15-20 үйге толар-толмастай қалған. Қытай асқандары, СССР-дің басқа республикаларына орын тепкендері жоқ. Ол жағынан күмәнім де жоқ. Демек, 20-30 үйдің адамдарының сүйегі №4 ОСО колхозының сиыр базының астында көмулісі аз, көмусізі көп қалпында қала берген. Бұл мен білетін Арықтың Қауысының бір атасының саны ғана. Ал Масабай, Мырзабай, Оразбай, Таңатақтардың, Байшегірдің Байбіше-Тоқал, Абыз-Қобызынан қаншасының опат болғанын кім есептепті?!

Бұл төмендегі екі елден басқа Жетіжал, Аралқұм, Үш моланы қыстап, жайлайтын Күшік, Андас, Кәлпе, аталарымыздың балалары алдындағы малдың бәрін тартып алғаннан кейін, малдың соңынан босып, Үштөбеге төгіледі емес пе?! Бастарына пана, ауыздарына ас таппай, олардың қаншасының мерт болғанын бір Құдайдан басқа кім біліпті?! Қысқасын айтқанда, қазіргі Октябрь мен Киіз үй фабрикасының аралығы сол жылдардағы жазықсыз қырылған жандардың мүрдесі деуге болады. Сол төңіректен топырақ алуға кетпен ұрсаң, адамның сүйегіне тап боласың. Оқиғаны көзімен көріп, мойнымен көтергендер бүгінгі күні некен-саяқ, қадау-қадауы ғана қалды. Ал бүгінгілер құлағымен естігені болмаса, жан дүниесімен сезінбейді. Демек, «Естімеген елде көп, көргендердің көзі жоқ» деген ғой. Еліміз егемендік алған он жылдың ішінде осы оқиға жөнінде оннас астам мақала жазып, сол жылдары кеткен есемізді елдің өскелең өренінің, іс басындағы зиялы азаматтардың естеріне салудамын. Бірақ қорытынды жоқ. Ешкімнің ой-санасына кіріп шықпайтын сыңайлы. Осы орайда 26.06.1993 жылы «Қаратал» газетінің №26 санында жарық көрген «Өмірі естен кетпес» деген өлеңімнен үзінді келтіре кетуді жөн көрдім:

Мың тоғыз жүз отызыншы жыл еді,

Біздің елге Қожбан деген жын келді.

Голощекин жоғарыдан айтты деп,

Қонысынан босытты ғой екі елді.

 

Мың тоғыз жүз отыз екінің көктемі,

Бала едім, көрмегенім көп еді.

Әкем марқұм жырақ қалмай туыстан,

Көп қорлықпен Үштөбеге ап келді.

 

Ұлды, қызды бір анадан бесеу ек,

Ит қорлықпен Үштөбеге жетіп ек.

Опат болды, үлкен ұл мен кенже қыз,

Әкемді де сол төбеге жерледік.

 

Анам жесір, өзім жетім боп өстім,

Жетімдікті бір басымнан көп кештім.

Есіме алсам, өз-өзімнен қорланам,

Күл-қоқыстан теріп жеген «жемтіктен».

 

Жалаң аяқ, шәркейсіз де қар кештім,

Аштық жеңіп, кейде адастым бар естен.

Ертеңгісін көз ашқанмен оянып,

Болды күндер күдер үзген әр кештен.

Бұл жағдай сол жылдары миллиондаған қазақ баласының басынан өтіп жатқан оқиға болатын. Биыл сол қасіретті ұшан-теңіз, 3 миллионнан астам қазақтың ғұмырын жойып кеткен жоспарлы қырғынға 22 ақпанда 70 жыл толып отыр. Осыған байланысты жер-жерлерде еске алу кештері, жиындар өтіп, жоғарғы орындардан, Үкіметтен, жергілікті әкімдерден сол опаттың құрбандарына арнайы, оқиға орын алған жерлерге ескерктіш орнату қажеттілігі туғанын мәселе етіп көтеріп жатыр. Олай болса, бізге де неге солай жасамасқа? Ауданымыздың әр түкпірінде сол жылдардың зардабын шеккендердің көзі тірілері осы ұсынысқа неге үн қоспасқа? Сондай бір қорытылған ұсыныспен ауданның әкіміне, маслихатына шықпасқа немене деген ой сенімдемін.

Сейдахмет ҚОСЖАНҰЛЫ,

Ауданның көне көз қарты.

Қаражиде ауылы.

«Қаратал» газеті, 12.04.2002 ж.

Жарияланды. -Алматы: Қараман Қ. Қаратал ақтаңдағы: тарихи-танымдық кітап – «Тоғанай Т». 2015. -240 б. -110-113 б.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 47
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz