Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Ақтаңдақ

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Ақтаңдақ

Іле–Балқаш өңірінде тәркіленген бай-кулактар мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар жайлы естеліктер

….Іле–Балқаш өңірінде байларды тәркілеу жұмысы 1928 жылдың қазан, қараша айларында басталып, Алматы губкомының уәкілі Тәттібаевтың басқаруымен жүзеге асырылған. Бастапқы кезде ең ірі бай дегендерді таңдап алып, оны қалай тәркілеу жөнінде үлгі ретінде жергілікті жердегі уәкілдерін қатыстырып жүргізген. №7, №9 ауылдық кеңестер бойынша партячейканың орынбасары Жадраев Дүйсенбектің айтқан естелігі бойынша, тәркілеуге осы өңірден алдымен Қазыбай, Жаманқұл, Көбен, Сембек, Тоқболат, Баспай сияқты алты ірі бай тартылған.

Кейіннен белгілі болғандай, байларды тәркілеу жұмыстары жоғарғы органдардың нұсқауымен жүргізілгенімен, асыра сілтеушілікке, озбырлыққа жол берілген. Жергілікті белсенділердің өздері заңды, тәртіпті толық түсінбей, шала сауатты, тәжірибесіз адамдардың «шаш ал десе, бас алған» өрескел кемшіліктерінің салдарынан жазықсыз қанша адам зардап шеккен. Тіпті ірі бай емес, кейбір орта шаруалардың да мал-мүліктері тәркіленіп, қуғын-сүргінге ұшыраған. Тәркіленген байлардың барлығы айдалып, көбісі сотталған, талайы атылған, хабар-ошарсыз кеткендері қаншама.

1929 жылы наурыз айында ауданның орталығы көшіп, қазіргі Көктал ауылының аумағындағы бұрынғы Сүндетбай болыстың ағасы Дәркембайдың мектеп үйіне ауысады. Бұл жерде де ауданның орталығы көп тұрақтамай, 1930 жылы Ақкөлге көшіп келген кезде өңір тұрғындарын қайыршылық жайлап, жаңадан құрылған өкіметке наразылықтары күшейіп тұрған кез еді. Себебі 1930 жылы ауданға он мың пұт астық дайындау жоспары берілген. Өкіметтің шолақ белсенділері мен ОГПУ-дың күштеріне сүйенген жекелеген аудан басшылары берілген астық және басқа да жоспарларды асыра орындаймыз деп, халықты қатты күйзелтіп жіберді.

«Кімде-кім жоспарды орындамаса, ол өкіметтің жауы, бай-кулақтардың сарқыншағы ретінде жауапқа тартылады» деп қоқытуға дейін барады. Жұрт екі пұт астыққа сауып отырған сиырын, ұсақ малын айырбастауға мәжбүр болады. Оның ақыры ауданда мал басының орасан күрт кемуіне әкеп соғады.

Халықтың шыдамы, ызасы шегіне жетіп, 1930 жылы сәуір айында «Ақкөл көтерілісі» бұрқ ете қалды. Ақкөлдіктер қолдарына ілінген күрек, айыр, балта сияқты еңбек құралдарымен қаруланып, аудан орталығындағы кеңсеге шабуыл жасады. Көтерілісшілердің басты мақсаты – ауданның тұрмыс-жағдайын, хал-ахуалын ескермей отырған басшыларды ұстап, тұтқындап, оларды халықтың алдында жауапқа тарту болды.

Аудан басшылары, басқа кеңсе қызметкерлері бірінші күні-ақ бас сауғалап, жан-жаққа қашып кетеді. Көтерілісшілер аудан орталығындағы мекемелер мен кооперативтердің мүлкін, ауыл шаруашылығы техникаларын, астық қоймаларындағы бидайды бөлісіп алған. Әбден аштықтан қиналған жұрт астықтың тұқымдық қорына дейін таратып ала бастайды. Сөйтіп, көтерілісшілер ауданды басқаруды да өз қолдарына алсақ деп ойлайды.

Бұл оқиға жоғарғы органдарға жетіп, сол кездегі Қазақстан Орталық Комитетінің төрағасы болған Елтай Ерназаров қарулы әскермен келіп, көтерілісті күшпен басады.

Деректерге сүйенсек, көтерілісті Қармысов Көшербай деген азамат басқарған. Өкімет көтерілісті мұздай қаруланған әскердің күшімен басқаннан кейін К. Қармысов бастаған барлығы 63 адам түрмеге қамалады. Оларды Іле өзені арқылы Алматыға алып кетеді. Кейіннен белгілі болғандай, көпшілігі Сібірге жер аударылады. Елге аман-есен оралғандар шамалы, түгел дерлік хабар-ошарсыз кетеді.

Осы көтерілістен кейін жоғарғы жақтың шешімімен аудандық партия комитетінің хатшысы Абдрахманов Төкен, аудандық совет атқару комитетінің төрағасы Бейсенов Әміртай қызметінен босатылады. Олардың орнына ауатком төрағалығына Тұяқбаев Төкен, аупартком хатшылығына Б. Мерекеев тағайындалады.

1931 жылы екінші рет болған Ақкөл көтерілісінде 22 жасар жас жігіт Әйнеков Қуат басшылық жасаған. Оның сенімді серігі Қойшы деген мерген жігіт болған. Үш күндей атыс болып, ақырында бақайшағына дейін қаруланған әскерге төтеп бере алмай, көтерілісшілер беріледі.

Тұтқынға түскендердің ішінен барлығы 11 адам «Үштіктің» шешімі бойынша түн ортасында сондағы пошта үйінде атылған. Олар: Көшербаев Сейсенбай, Оспанов Садық, Жұмықов Қыдырбай, Ысмайлов Жолдыбай, Төстенбеков Молдажан, Жақыпов Малтабар және басқалары. Қалған 32 адам Алматыға айдалады. Жол бойында Қарабұлақ деген жердің маңайында сәтін тауып, көтеріліс басшысы Әйнеков Қуат қашып құтылып кетеді. Одан кейін оның өлі-тірісі белгісіз. Көмекшісі болған Қойшы мерген сотталып, Сібірге жер аударылады.

Ақкөл көтерілісінен кейін 1932 жылы аудан орталығы қазіргі Бақанас ауылына көшіпті. Содан бері аудан орталығы Бақанас ауылы болып келеді.

1930–1940 жылдары аралығында ауданда жаппай сауаттандыру жұмыстары басталады. Осы уақыт аралығында барлығы 24 сауатсыздар, 43 шала сауатсыздар мектебі ұйымдастырылып, оған 1900-ден астам оқушы тартылған. 80-нен астам мәдени-жауынгерлер қызмет етсе, оның 22-сі мұғалімдер болған.

1940–1952 жылдары ауданда барлығы 27 мектеп жұмыс істеген. Мұның ішінде бастауыш мектептер – 14, жеті жылдық мектептер – 10, орта мектептер – үшеу болған. 1952 жылдың алдында барлық оқушылардың саны 3451-ге жеткен.

1936 жылы аудан бойынша денсаулық бөлімінің 10 төсектік шағын ауруханасы Бақанас ауылында ашылды.

Ел аузында қалған әңгімелерден бөлек, аудандық мұрағатта сақталған құжаттар мен деректерге сүйенсек, сол бір өткен қиын кездерде аудан, шаруашылық басшылары арасында халықты аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек еткен аяулы азаматтар аз болмаған. Бұрынғы №1 Көкжиде ауылдық кеңесінің төрағасы Нүсіпбаев Ібіжан Іле өзенінен қауға-шелекпен балық аулатып, оның жұмыртқа-тарысын бір қазанға астырып, ауылдың ақсақалдарын үйіне қонаққа шақырады. Дастарқан басында кейбір қариялар Ыбыжанға реніш білдіріп: «Сынауың не, бастық-ау, бізді мазақ ретінде шақырып отырсың ба? Барлығымызға бір лақтың еті бұйырмағаны ма?», – деп реніш білдіреді. Ыбыжан орнынан тұрып: «Қариялар, айтқандарыңыз орынды. Бірақ, “ораза, намаз – тоқтықта, қайыршылық басқа түскенде сәлдең қалар боқтықта” дегендей, заман, күн-көріс қиындап барады. Ашаршылықтың иісі сезіліп тұр. Сондықтан ел болып ақылдасып, қайтіп халықты аштан өлтірмей аман алып қаламыз, соны ақылдасуға шақырдым. Ал балық беріп сыйлап отырған себебім – біздің халық балық аулауға құлықсыз. Күн-көрістің бір түрі, “су жағалағанның өзегі талмайды” дегендей, уақытша болса да күз-қыс айлары Іледен балық аулауды ұйымдастыруымыз керек. Ол үшін сүзекі, қауашақ ау және басқа да құрал-жабдықтар керек. Ал көктемнен бастап егін егумен шұғылдансақ. Тоғанды байлау, суды қайда жіберу, жаңадан тоған қазу жұмыстары осы бастан қолға алуымыз керек», – дейді.

Көп ұзамай халық арасында ашаршылық басталып, жұрттың тоз-тозы шығып, жансақтаудың қамына көшеді. Ауылдық кеңестің төрағасы Нүсіпбаев Ыбыжан сүзекі, ау тоқып, өзен-көлдерден балық аулауды ұйымдастырады. Ауланған балықты үй басына адамның санына қарай теңдей бөліп береді. Қыс кезінде сол маңдағы Ақбөге деген өзеннің арнасын бөгеп, суды Өмірбай тоғанына жібереді. Көктемде су жайылған жерге №1, №2, №10, №12 ауылдық кеңестердің халқы бірігіп егін егіп, жақсы өнім алады.

Халықты ашаршылықтан аман алып қалу үшін осындай игілікті жұмыстарға ұйытқы болған Ыбыжан ағамыз 1937 жылы «халық жауы» ретінде ұсталған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Қармановтың сыбайласы деген жаламен ұсталып, қамауға алынған. Содан күні бүгінге дейін тағдыры белгісіз.

Қараой, Аралқұм ауылдық кеңестерінде де халық арасында ашаршылық кеңінен өріс алады. Ауылдың басшылары бұл жағдайдан халықты қалай алып шығудың қолдан келер барлық шараларын ұйымдастырады. Ауылдық кеңес төрағасының орынбасары Тоқпейісов Нұртаза, кеңестің хатшысы Несіпбаев Қалжанбай екеуі Архар деген жерде «орыстар балық аулап жатыр» дегенді естіп, екі түйемен барады. Архарға келсе, шынында да бір бригада адам балық аулап, оны тұздап жинап қойыпты. Балықшыларға келген шаруаларын айтса, олар: «Біз білмейміз, анау қоста бастық отыр, содан сұраңдар», – депті. Қоста Бақанас ауылдық кеңесінің төрағасы Мыңжасаров Қасен отыр екен. Нұртаза қария Қараойдағы жағдайды айтып, екі түйеге артатындай азғана балық беруін сұрайды. Қасен болса, оған көнбей: «Бізге де өте қажет, керек болса өздерің неге балық ауламайсыңдар?», – деп көнбейді. Қалжекең бұдан ештеңе шықпайтынын сезген соң қасындағы серігіне: «Мынауың бізді тыңдайтын түрі жоқ, халық аштан қырылып барады. Біз өзіміз үшін емес, халық үшін сұрап тұрмыз. Сондықтан Хасанның қолындағы ауылдық кеңестің мөрін тартып алып, орыстарға балықты күштеп тиеткеннен басқа шара жоқ», – дейді.

Сөйтіп, Қасенді күшпен қалтасындағы мөрін тартып алады. Екі түйеге балық тиеген Қалжекең қасындағы серігін ауылға жібереді де, өзі қалады.

Кейіннен Қалжекеңді аудандық партия комитетінің бюросына шақырып, жеке ісін қарайды. Жасаған «сотқарлығы» үшін партиядан шығарып, ісін сотқа беру туралы ұсыныс айтылады. Бірақ бюро бұл жасаған әрекеттің халық үшін жасалғанын ескеріп, есеп карточкасына жазып, қатаң сөгіс береді.

1931–1933 жылдары аудан халқының тұрмыс-жағдайы тіпті қиындап кетеді. Ашаршылық барлық елді мекендерді жайлап, бұрын-соңды болмаған күйзеліске ұшырайды. Көп адам аштықтан құрбан болады. Мұндай қолдан жасалған зобалаң тек қана біздің ауданда емес, республика көлемінде орын алғаны бүгінде бәрімізге белгілі. Бай-кулақтарды тәркілеу, өкіметтің жоспарын асыра орындауға білек сыбана кіріскен жергілікті кейбір шала сауатты, шолақ белсенділердің теріс іс-әрекеттерінің негізінде халық арасында «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген кекесінмен айтылған дауалы сөз қалды.

Сол кезде Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің қазақ халқына жасаған теріс саясатының салдарынан әрең жан сақтап отырған кедей шаруаларға астықтай, малдай салық салынып, оны орындамағандарды үкіметке қарсы шықты деп жазалай бастайды. Әбден үрейленген жұрт жан сақтап отырған қолындағы жалғыз сиырын, бірен-саран қой-ешкісін салыққа төлеп, өздері аштан қырылуға дейін барды. Осындай жан түршігерлік зұлматтан соң аудандағы халық саны күрт азайды. Баяғы-аяғы төрт-бес жылда аудандағы алпыс мыңға жуық халықтың тең жартысы ғана, яғни 12 мыңдайы ғана тірі қалды. Оның көпшілігі көршілес қырғыз, өзбек, қытай, моңғол елдеріне көшіп, қоныс аударған. Талайы жол бойында қырылып қалды.

Бұл аз дегендей, ауданда ұжымдастыру жұмыстары ұйымдастырылғанда жекелеген бай-кулақтардың оған қарсы шыққанын желеу етіп, «халық жауы» деген науқанды жұмыс басталды. Тағы да сол асыра сілтеуге жол беріліп, көптеген жазықсыз адамдар ұсталып, қамауға алынды. Оның кейбіреулері атылып, қалғандары ұзақ мерзімге Сібірге айдалып кеткен.

Қазақ халқының тарихында қаралы кезең болып саналатын 1936–1939 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, жазықсыздан қорлық-зомбылықтың қамытын киген ел сыйлаған ауыл азаматтары мен іскер басшылар біздің ауданда да аз болмаған. Ауданда жазықсыз шейіт болған сол азаматтарды жыл сайын 31 мамыр күні еске алып, олардың ішінде көбісі хабар-ошарсыз кетіп, сүйегі қай жерде қалғанын туған-туыстары әлі күнге дейін білмейді.

Қолда бар толық емес деректер бойынша біздің Балқаш ауданынан саяси қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болғандардың саны – 48 адам.

Олар:

  1. Шынәсілов Қошахан (1905–1937)
  2. Ағыбаев Тасы (1900–1938)
  3. Нүсіпбаев Ыбыжан (1900–1938)
  4. Төлебаев Мырзахан (1898–1938)
  5. Бабылов Шетбикебай (1867–1930)
  6. Бәкеев Айбек (1905–1930)
  7. Болатов Ысқақ (1878–1930)
  8. Бөлеков Жексен (1901–1930)
  9. Бөлеков Кіштай (1900–1930)
  • Бұлынбаев Базарбай (1877–1930)
  • Диханбаев Қайып (1882–1930)
  • Итемгенов Сатыбай (1873–1930)
  • Камысов Көмірбай (1877–1930)
  • Кенжеғалиев Бөлен (1864–1930)
  • Құрықбеков Саймасай (1905–1930)
  • Әрсенов Бұқа (1885–1931)
  • Байтұрсынов Ербосын (1886–1931)
  • Бөленбаев Бексейіт (1905–1931)
  • Жақыпов Малтабай (1890–1931)
  • Жалдыбеков Сейітбек (1893–1931)
  • Жақыпов Қытырбай (1886–1931)
  • Күреңбаев Әсер (1898–1931)
  • Жандыбеков Жалдыбек (1890–1931)
  • Малбаев Дауылбай (1881–1931)
  • Ношанбеков Жақсыбек (1890–1931)
  • Оспанов Садық (1885–1931)
  • Оспанов Садықбай (1896–1931)
  • Сәрсембаев Нәдірбек (1886–1931)
  • Сәрсембаев Бажыш (1893–1931)
  • Тайшыбеков Жолтабай (1873–1931)
  • Тастанбеков Молдахан (1884–1931)
  • Кеңесбаев Нарбай (1903–1931)
  • Наурызбаев Байжұман (1881–1931)
  • Әйнеков Бегім (1904–1931)
  • Әйнеков Қуат (1911–1931)
  • Байжұманов Әкебас (1905–1931)
  • Дәрменбаев Садық (1901–1931)
  • Жайшыбеков Тәттібек (1896–1931)
  • Досанов Нұрлыбай (1893–1931)
  • Дүңмүков Қыбырай (1861–1931)
  • Есенқұлов Сәмен (1902–1931)
  • Кененбаев Қасымбек (1891–1931)
  • Кілыбеков Ахметқұл (1890–1931)
  • Көлбаев Жақсыбай (1871–1931)
  • Көлбаев Майлыбай (1879–1931)
  • Көшербаев Сексенбай (1893–1931)
  • Байбеков Ақсұнбай (1893–1933)
  • Өмірзақов Қыдырдос (1893–1933).

Ел арасында «Халық жауы» ретінде, тіпті сауатсыз, хат танымайтын қарапайым кедей шаруадан шыққан адамдардың байқаусызда қалжыңдап, немесе түсінбей айта салған бір-екі ауыз сөзіне бола айдалып кеткендері де болған.

№9 ауылға қарасты «Ерікті» колхозының мүшесі Жүндібаев Қиылбай шаңқай түсте бидай орып, қостың жанына келсе, шартақтың алдында Сталиннің үлкен портреті ілулі тұр екен. Қилекең қасына келіп: «Е, жарықтықтың мұрты менің мұртыма ұқсайды екен», – деп өзінің мұртын қолындағы орақтың ұшымен сипайды. Мұны сырттай көріп тұрған бір комсомол балалық жасап: «Қиылбай атам Сталиннің мұртын орақпен шұқып алды», – дейді. Оны біреу естіп, ол біреуге айтып, қостағы егіншілерге тарап кетеді. Ақырында бұл әңгіме заң орындарына жетіп, Қилекеңді ауданнан милиция келіп айдап кетеді. Сол кеткеннен Қилекең қария хабарсыз. Өлгені ме, әлде айдалып кетті ме – белгісіз.

Осы ауылдың «Калинин» колхозының мүшесі Асанұлы Сүгірбай қария жыл сайын Қарабауыр деген жерге қауын салып, оны ол маңдағы жақындарына, таныс адамдарға таратып, айырбастап астық, мал, киім-кешек алып, күн-көріс етеді. Бір күні колхоздың бастығы қауын жеуге келеді. Сүгірбай қария кемпіріне қауынды аралап, ішіндегі ең үлкен, піскенін үзіп әкел деп жұмсайды. Кемпірі жинап қойған піскен қауындардың біреуін алып келеді. Сүгірбай кемпіріне ашуланып: «Саған үзілмеген қауынды әкел дедім ғой, жинап қойғанынан бастық балаға бергеніміз ұят болады», – деп қайта жұмсайды. Кемпірі: «Бәрібір емес пе?», – деп тілін алмаған ұқсайды. Ойында ешқандай арамдығы жоқ ақкөңіл қария: «Ей, шырағым, бастық бала, осы әйелдерге теңдік бердік деп, құтыртып қойғандарың-ай», – деп өзі барып, үлкен бір піскен қауынды алып келіп, бастыққа жарып береді.

Бастық ауылға барған соң Сүгірбай қарияның кемпіріне қалай ұрысқаны жөнінде қалжың ретінде біреуге айтады. Жұрттың аузында сөз жатама, бұл әңгіме заң орындарына жетіп, одан Сүгірбай қарияны өкіметке қарсы сөз айтты деген желеумен айдап әкетеді. Сол кеткеннен күні бүгінге дейін хабарсыз.

1938 жылы ауданға Приморье өлкесінен корейлер келіп қоныс аударды. Олар негізінен Іле өзенінің Балқаш көліне құятын сағасындағы Құйған деген жерге (бұрынғы Сарыкөмей ауылдық кеңесінің аймағына) келіп орналасты. Ол жерде «Пост», «Достижение», «Новый путь» деген балық колхоздары ұйымдастырылып, соғыс жылдары бұл шаруашылықтар үкіметке балық тапсырумен шұғылданды. Кәріс азаматтары әскерге шақырылмағандықтан, соғысқа қатыспады. Әдепкі колхоздар ұйымдастырылғанда оның басқарушылары болып Ни Хак Сун, Югай, Тен, Хван және басқалары қызмет етті. Кейін бұл балық колхоздары іріленіп, «Достижение» колхозы болды. Ал бүгінде ол акционерлік балық шаруашылығы атанды.

1941 жылы Дон бойынан неміс халқы көшіріліп, ауданның барлық елді мекеніне таратылып, орналастырылды. Өз жағдайларының ауыр болғанына қарамастан жергілікті халық оларға қолда барын беріп, аралас-құралас тірлік етті…

Өксікбай ИСАБАЙҰЛЫ.

Дереккөз: Ө. Исабайұлы. Туған жерге тағзым. «Pelin Ofset LTD STI»: Алматы, 2006. – 157 б. – 81–89-бб.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 40
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz