Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Айбат

admin
2026/08/30
Халық жады
0
Айбат

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толып отыр. Ойранға толы замана зардабы атанып кеткен ұлт-азаттық көтеріліс жантүршіктірерлік қанқұйлылығымен тайға таңба басқандай болып, аласапыранның ақтаңдақ беттері ретінде тарихта қалды. Содырлы сойқан саясаттың халықты езгіге салған, естен кете қоймайтын ерсіліктерін теріске шығармайтын көлденең тартар тарихи құжаттар баршылық. Сол бір қияметті көзі көріп, құлағы естімегендер оны көнере қоймаған тарих тараулары арқылы көздерін жеткізіп, таным мен тағылым алу үшін терең ден қойып отыр.

Басқа аймақтардағыны былай қойғанда, Жетісу өңіріндегі алапаттар ойға оралған сайын бір қиырда жатқан Қарқара мен Ереуілтөбе аумағын алып жатқан ендіктердегі еліміздің бастан кешкен қанды шеңгелдегі оқиғалары да тілге тиек етілді. Мұражай құжаттарын ақтарып-төңкеріп қарамағанның өзінде, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» повесі мен тарихты зерттеушілер Тұрлыбек Ілиясұлы мен Жұмәділ Қарабайұлының «Қарқара көтерілісі», «Қарқара айбаты» кітаптарын және қоғам қайраткері Сейдәлім Тәнекеевтің «1916 Қарқара – Албан көтерілісі» шығармашылық еңбегі бар екені белгілі. Көп еңбекпен жарыққа шыққан осы бір дүние­лерді ой елегінен өткізіп отырғанда, сол кездегі патша жарлығының қаһарының қатты болғанын, өрімдей бозбалаларды қойдай көгендеп, қиян-кескі ұрыстарға салу үшін солдатқа алуы және қара жұмысқа салмақ болғаны халықтың ашу-ызасын қазандай қайнатып-ақ жібереді.

Сонда жұдырықтай жұмылған қара халық: – Баласы мен туысынан безген адам жоқ. Көген көздерді жапан далада өлтіріп, қарға-құзғынға жем қыла алмаймыз. Соры қайнаса боздақтарынан айырылған, қолбасынан айырылған ата-аналардың соры қайнайды. Патшаның несі кетеді! Қырылса, біздің балаларымыз қырылады. Ақ патша әділеттен тайды. Оның ойраншыл жарлығын орындамаймыз. Сондықтан бала бермейміз! – деп жалтармас жауабын кесіп-пішіп, бір-ақ айтады. Қара-құрым халық алдында осы бір ойға қонарлық шешімтал жауабын айтып отырған кім деген ойдың жетегінде қаларыңыз анық. Әрине, ол қарабайыр халықтың қатарындағы жай адам емес. Ол халықтың өзі сайлап алған он алты болыс билерінің бірі – Құдиярбек би Шотаманұлы. Сондағы ұлт-азаттық көтерілісінің көшбасшыларының бетке ұстар қаймақтарының бірі екендігі ол жайында жоғарыда атап кеткен кітаптарда ғана емес, мерзімдік басылымдардағы мақалалар барысында да әділдік пен ақиқатты ту етіп ұстап өткен би болғандығы жиі тілге тиек болып жатады.

Қара қылды қақ жарып айтатын, халықтың қамын ойлайтын би болғандықтан оны төбесіндегі төрелер мен айналасындағы халықтың алдында абыройы мен мәртебесі дараланып тұрады. Оның дуалы ауыз шешендігі де, істің ретін білер көсемдігі де көптің көңілінен шығып жүрсе керек. Құдиярбек биге берілген қысқа әрі нұсқа берілген мына бір мінезді байыптама да көп жайдан хабардар ете алады. «Құдиярбек би Шотаманұлы 61 жаста. 1855 жылы дәулетті шаңырақта дүниеге келген. Руы Досалы – Шоған. Иванов болысынан. Жұртқа әділетті би болған. Ұзын бойлы, таңқы мұрын, қалың қас, терең көз, қалың ерін, ұяң мінезді қара кісі». Оған берілген осынау сыртқы сипаттама оның табиғи жаратылысы қандай болғанын қаз-қалпында айнытпай айтып тұр емес пе?! Елдің бетке ұстар тұлғасына айналған жағалы бидің сол бір қиын-қыстау күндердегі өмірлік іс-қимылы да оны білгісі келген адамды бейжай қалдыра алмайды. Ол үшін тарихи деректердегі мына бір көріністерге көңіл аударсақ артық болмайды. Құдиярбек би Шотаманұлы түлкі бөркін басынан алып, екі қолын арқасына ұстап, қырғыз өрме қамшысын беліне қыстырып, мәуіті шапанның алдыңғы етегін кері қатпарлап, жөткірініп алып жиын ортасына шықты. Ол ақылға толған, тоқтамды сөзін баптап, салмақтап айтатын, халыққа жағымды ел билеуші. Үлкен төбеде біріне-бірі сығылысып отырған адамдарға қарап сөз сөйледі: – 1854 жылы патшаға қарсы шығып, соғысып атысқанымыз жоқ. Әділ патша деп қарадық. Содан бері патшаға қарсылық қылып, атысып көрген емеспіз. Уәде бойынша, «қазақтан әскер алмаймыз, тек қана жиырма тиыннан түтінге рамат аламыз» деп келіскен. Соған тоқтам жасап, ант қағазға аталарымыз қол қойған.

Енді, міне, патша антын бұзып, уәдесінен тайып отыр. Зұлымдылығы басынан асқан ақ патшаның тақтан түсетін уақыты алыс емес. Қазақтың қалың бұқарасы кең далада өскен. Оқығандары бірен-саран. Тізімге алынатын жігіттердің бәрі де күні бұрын әскерлік ісіне тартылып үйретілмеген. Бұлар Германияның бастан-аяқ қаруланған әскеріне қарсы шығып, түгел қырылып, құрбан болса да патша мен ұлықтардың жаны ашымайды. Жігіттердің тізімін жүргізуді тоқтатамыз. Күнде ертеңге салып, приставтың басын қатырамыз. Жәмеңке мен Ұзақтан бөлектеніп шығарымыз жоқ. Бәріміз Жәкең мен батырдың айтқандарына қосыламыз және қуаттаймыз!» деп алқалы жиында айтқан осы сөзінің өзі-ақ Құдиярбек бидің ел ағаларына тән оңды көзқарас иесі болғандығын көрсетеді. Патша тарапынан болған нұсқаумен қазақтарға жасалған айуандықтың сол уақытта шеті мен шегі жоқ еді. Оның зорлығы мен құқайын Құдиярбек би Шотаманұлы да аз көрмепті. Мына бір көрініс сол сәттен айна-қатесіз сыр шертеді. «Іңірде қазақтар қамалған камераның екі терезесіне төрт солдат келіп, нарда жатқандарға бесатардан жалынды оқ жаудырды. Әр терезеде қос солдат, үсті-үстіне еселенген атыстың демі басылмады.

Нардың терезеге тірелген жерінде бет-аузы айғыз-айғыз, жотасы қан-қан Құдиярбек етбетінен сұлап жатыр» деп адам төзбестей ашына суреттелген. Сондағы бас көтерер қазақтардың көрген күні осылай болған. Патша солдаттары адам қорлаудың айласын асырып баққан. Аяушылық дегенді білмеген. Замананың сол бір сейіле қоймайтын қара бұлтты қатері төніп тұрғанда, халықтың арқа сүйеп жүрген атпал азаматтарының қуғын-сүргінге түсіп, көрмеген теперіштері қалмапты. Одан бір болыстың биі атанған, ары мен жанының тазалығымен Құдиярбек би қалай тысқары қалсын.

Сол зобалаңда ол халықтың қалқаны болып жүрген игі жақсыларымен әйгілі Қарақол түрмесіне үш-төрт мәрте қамалыпты. Тек тергеуді ғана емес, тепкінің астына алынғанын да тарихи деректер айғақтап бере алады. Ондай қорлық пен зорлықтан оның жасып қалған жері жоқ. Қайта одан әрі қаһарына мініп, қатерлі кезеңнің қайсар перзенті екендігін дәлелдейді. «Қолынан келіп тұрған, қоншынан басады» демекші, сол уақытта озбыр әзірейіл патшаның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, бас көтеріп қарсы шыққан қазақтардың халықты көтеріліске үндеген ұтқыр ұйымдастырушылары мен топ бастар жетекшілерін қинау мен атудан аянған жері болмады. Сол сияқты патша үкіметінің «Үкіметке қарсы қарулы күш жұмсамақ болғаны үшін, патшаның жеке басына нұқсан келтірерлік қылмысты іс істегені үшін, үкіметке қарсы елді қарулы күреске шақырғаны және үгіт жүргізгені үшін жауапқа тарту туралы» Қаулы қабылдағаны одан әрі қатты соққы болып тиді. Осы қаулыны желеу еткен патша жендеттері болыстар атаулыдан бірден өздерінің көздеріне түсіп жүрген 66 белсендіні бірден түрмеге жабады.

Олардың алдыңғыларының бірі болып Құдиярбек би Шотаманұлы да Иванов болысынан қауіпті қылмыскерлер қатарына тіркеледі. Сонда патша үкімі бойынша жазаға тартылғандардың алды атуға, арты 15 жылдан 25 жылға итжеккенге айдалады. 66 адамның бірде-біреуі сау қалмайды. Бәрі де жазықсыздан жапа шегеді. Құдиярбек би де екінші топтан ату жазасына кесіліп, арманда кетеді. Нақты дерекке сүйеніп айтар болсақ, сол оспадар сойқанның салдарынан Қарқараға қатысты аумақтарда 373 үй өртеніп, 1905 адам оққа ұшып, 684 адам жараланып, 1105 адам тұтқындалып, кейіннен олардың мүлдем із-түзсіз кеткендерін тарих дәлелдеп отыр. Әттең, осыны ретке келтіруге тиісті орындар құлықсыз… Дегенмен, халқы үшін қабырғасы сөгіліп, оқтан опат болған Қарқара көтерілісінің тарихи тұлғасы әрі қайраткері Құдиярбек би Шотаманұлының артында айшықты із қалды. Қақпақ ауылында оның атында көше бар. Райымбек ауданының орталығындағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатынасушыларға арналған ескерткіште әдіптеліп жазылған аты-жөні тұр.

Енді оның артында қалған ел-жұрты мен ұрпағы ауылдық, аудандық, облыстық әкімдіктер мен ҚР Президенті ішкі саясат бөлімі мақұлдап отырған Көкбел ауылындағы «Көксай» орта мектебіне баба атының берілуін асыға күтіп отыр. Оның да орындалары сөзсіз. Оған басқа да құрметтердің көрсетіле жатарына сенім мол. Қалың қатпарлы сол сойқандағы «Бала өлгенше, шал өлсін» деп ұран тастаған Құдиярбек би бабасының аталы сөзін аузынан тастамайтын, пайғамбар жасынан асқан шөбересі Әбілахат Рысмендиев патша жендеттерінің жауыздығын өзінің жүрек сөзімен былай жырға қосыпты: Бесіктегі баланы, Емізіп жатқан ананы. Жауыздығын көрсетіп, Бәрін де жау санады.

Қарауылға қойып баланы, Әскерлері жаттықты… Тартып алып азығын, Жасады қолдан аштықты. Жер бетінде естіппе ең, Дәл осындай аштықты.

Патшаға қалай сенерсің, Айтқанына қалай көнерсің? Көріп тұрып жауыздығын, Балаңды қалай берерсің? – деп 16 жылдың қасіретті күндерін көз алдыңызға тізбектетіп әкеледі. Әбілахат шөбересінің бізді бабасының аруағы мен рухына арлылық адалдығымен тағзым етіп, елі мен жас ұрпақты баба өмірінен таным мен тағылым алуға үндеуі сүйсіндірді. Оның мұнысы құптарлық іс…

 

Қанат Тәкебаев,

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Дерекөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723995

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 39
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz