Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Алғабасар қайраткер Мақсұт Тергеусізұлы

admin
2026/02/23
Тұлғатану
0
Алғабасар қайраткер Мақсұт Тергеусізұлы

Ұмыт қалған тұлғаларды жаңғырту не үшін керек?

Қоғамдық өзгерістер мен саяси науқандардың алмағайып кезеңдерінде ел ішінде ықпалы бар, халық мүддесін өзіне парыз санаған талай азамат уақыт өте көлеңкеде қалып, аты аталмай кететіні бар. Мұндай құбылыс – тарихтың қатал шындығы. Бірақ өткенді ұмытпау, ел жадындағы қайраткерлерді бүгінгі санамен қайта бағалау – ұлттың рухани жаңғыруына қызмет етеді.

Кезінде бір адамды «таптық тор» өлшемімен ғана бағалап, оның еңбегін ашық айтуға үрей туғызған кезеңдер де өтті. Уақыт өткен сайын қоғамда тарихи әділеттілікке бетбұрыс жасалып, ел еңбегі сіңген тұлғалардың өмірі мен қызметін қайта тануға жол ашылды.

 

Ел басқаруға ерте араласқан азамат

Мақсұт Тергеусізұлы 1887 жылы ҚХР Іле Күнес өңірінде, дәулетті әрі ел билігі үзілмеген әулетте дүниеге келеді. Әкесі Тергеусіз намысшыл, отаншыл, ел ішінде беделі бар тұлға. Атасы Сасан  Қызай елінің көрнекті биі, Бегімбет, Дербіс руларына болыстық еткен. 1896 жылы Сасан би қайтыс болған соң, Тергеусіз ел билігіне келеді.

Жастайынан діни мектептің адамгершілікке баулитын тәлімін бойына сіңіріп, ел ішіндегі сөз мәдениетін, шешендікті, билік айту дағдысын ерте меңгереді. Мақал-мәтелдің қуатын танып, дау-дамайды бітіммен шешудің жолын ұстанады.

                                       

28 жастағы ақалақшы

1915 жылы Тергеусіз тәйжі болып, ел басқару тізгінін 28 жастағы Мақсұт қолына алады. Ол ақалақшы ретінде жұрт көзіне түсіп, басқару тәжірибесін жинай бастайды. Осы кезеңде Мақсұттың басқарудағы басты ерекшелігі ынтымақ пен бірлікті бірінші орынға қою, қатал жазадан бұрын бітім, мәміле, сабыр арқылы тоқтам жасау, ел ішіндегі ықпалды адамдарды (байлар, зәңгілер, ақылман кісілер) ортақ іске жұмылдыру болды.

Мақсұт тек өз руы аясында ғана емес, Іле өңірі мен “үш өзен” бойындағы ықпалды орталармен байланыс орнатып, құдандалық, жол-жоралғы арқылы қоғамдық желі қалыптастырады. Сонымен бірге ұйғыр, қырғыз, моңғол, ханзу, хұйзу, сібе секілді түрлі ұлт өкілдерінің атқа мінерлерімен тіл табысып, ынтымаққа тиімді қатынас құрады. Бұл – сол дәуірдегі күрделі басқару жағдайында бедел өсірудің де, ел тыныштығын сақтаудың да маңызды тетігі.

 

«Батыр атырет» тобы және қарақшылықты тоқтату

Дегенмен, шекара бойындағы қарулы қарақшылықтың күшеюі. Қорғас маңында Сабажан, Қуанышбай бастаған топтың ел тонап, саудагерлер мен жолаушыларға қауіп төндіруі Күредегі билікті де алаңдатады. Осы тұста Мақсұт ел ішінен мерген жігіттерді жинап, ұйымдастырып, жақсы ат, құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп, партизан үлгісіндегі қосын құру жобасын ұсынады. Нәтижесінде 400 адамдық «батыр атырет» жасақталып, бір жарым жыл шамасында қарақшылар тобы жойылып, халық тынышталады. Бұл Мақсұттың ұйымдастырушылық қабілетін, тәртіп орнатудағы нақты әрекетке бейімділігін көрсетеді.

 

Жазалау емес, жарастыру жолы

Текес өңіріндегі жылқы дауы (ұрлық) кезінде Мақсұттың ұстанымы ерекше байқалады. Ұрыларды қатаң жазалап, түрмеге тоғытудан бұрын, ол ел арасының берекесін, болашақтағы құдалық-жұраттық қатынасты, тыныштық пен тұрақтылықты ойлап, мәселені бітіммен аяқтайды. Бұл – «бетеге кетеді, бет қалады» деген ойға сүйенген саяси-психологиялық басқару тәсілі

 

Қазақ–моңғол шекаралық мәмілесі

Күнес басындағы қазақ пен моңғол арасындағы жер дауы көп жылдар бойы қайталанып, төбелес, барымтаға ұласқан. Оны түбегейлі шешу үшін Мақсұт Жұлдыздағы торғауыт хан ордасына барып, ықпалды адамдармен келіссөз жүргізеді. Келісім негізінде Арасан суы екі елдің жер шекарасы ретінде белгіленеді, мал судың арғы-бергі бетіне өтіп кетсе, соны сылтау етіп жанжал шығармауға келіседі. Екі жақ мөр басып, екі нұсқа тоқтам жасайды. Бұл оқиға Мақсұттың келісімгерлік, дипломатиялық қырын және «қазіргі ұрпақ үшін емес, кейінгі ұрпақ үшін» ойлайтын стратегиялық көзқарасын айқындайды.

 

 Саяси дүмпу және әскери-әкімшілік қызмет

1930-жылдардағы Шыңжаңдағы күрделі кезеңде (көтерілістер, билік алмасуы, әртүрлі әскери күштердің ықпалы) Мақсұттың мәртебесі өсіп, оған шен беріліп, әр ұлттан мыңдай әскер шығару, асу-аудандарды қарауылдау секілді міндеттер жүктеледі. Оның жанында хатшылар болады (ханзу тіліндегі және қазақ тіліндегі), соның ішінде ақын Таңжарықтың аты аталады. Бұл кезеңде Мақсұттың қызметі бір жағынан тәртіпті қорғау болса, екінші жағынан көпұлтты ортадағы саясаттың ішкі механизміне тереңірек енуге мәжбүр етеді.

 

Қазақ-қырғыз ұйымшасы және жаңа бастамалар

1934 жылдары «Іле Қазақ-қырғыз ұйымшасы» құрылып, Мақсұт соның басшысы болады. Бұл ұйым халықтың тілегін орындау, оқу-ағарту, мәдениет, ұйымшылдықты күшейту, әлеуметтік-экономикалық тұрмысты жақсарту сияқты бағыттарға ден қояды.  Нақты бастамалар ретінде мектеп салу жобалары, курстар ашу (ағартушылар даярлау), мәдени-көркемөнер жұмысы (театр қойылымдары, драма мәдениеті), қатынас жолдарын жөндеу, көпір-кеме жасау, телефон бағаналарын орнату, байланыс тарту, шаруашылықты дамытуға қатысты ұсыныстар (мал тұқымын асылдандыру, шаруашылық сыныптары) назарға алынады.

 

Қуғын-сүргін және қасіретті аяқталу

1937 жылдарға қарай ҚХР ШыңжаңдаШыңшысай саясаты қатайып, аз ұлттан шыққан алғабасар тұлғаларға сенімсіздік күшейеді. Мақсұт та бақылауға алынып, ақыры жинға шақыру, торуыл, саяси тұзақ арқылы қолға түсіп, қастандықпен өлтрілгені айтылады.

Қысқасы Мақсұт Тергеусізұлы  өз дәуірінде ел басқарған ақалақшы, қауіпсіздік ісін ұйымдастырған ұйымдастырушы, жер дауын мәмілемен шешкен келісімгер,оқу-ағарту, мәдениетке қозғау салған қайраткер, көпұлтты ортада байланыс орнатқан дипломатиялық тұлға ретінде көрінеді.

Оның өмір жолы қоғамға адал қызмет еткен адамның еңбегі уақытша көлеңкеде қалуы мүмкін, бірақ тарихи сана жаңарған сайын әділ бағасын табады.Сондықтан Мақсұттай азаматтарды кейінгі ұрпаққа таныту зерттеудің де, насихаттың да маңызды бағыты.

Қажет Андас,

Q-andas ақпараттық агенттігі.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 31
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz