Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Алаш мұрасының темірқазығы

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, қоғам және мемлекет қайраткері Барлыбек Сырттанұлының туғанына 160 жыл толуына арналған «Ұлт көшбасшысы: тәуелсіздік жолындағы тағдыр» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды жиынды Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды.

admin
2026/03/05
Тұлғатану
0
Алаш мұрасының темірқазығы

Ғылыми-танымдық кездесудің негізгі мақсаты – Алаш қозғалысының алдыңғы буын өкілдерінің бірі Барлыбек Сырттанұлының өмірі мен қоғамдық қызметін кеңінен таныту, оның құқықтық мемлекет туралы идеяларының тарихи маңызын саралау және бұл мұраның бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік дамуымен рухани сабақтастығын көрсету. Сонымен қатар, шараның басты көздеген нәтижесі – Алаш мұрасын ғылыми тұрғыда насихаттап, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға үлес қосу.

Жиынға тарихшылар, ғалымдар, ұстаздар, музей қызметкерлері, сондай-ақ студент жастар қатысып, ұлт тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі саналатын Барлыбек Сырттанұлының мемлекетшілдік идеялары мен қоғамдық қызметі жан-жақты талқыланды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кажет Андас (@q_andass)

Шараның модераторы, PhD доктуранты Еркін Стамшолов жиынды ашып, Алаш қозғалысының тарихи маңызына тоқталды.

– ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшін күрделі әрі тағдырлы кезең болды. Ел тағдыры таразыға түскен тұста Алаш зиялылары ұлттық мемлекет құру идеясының туын көтерді. Солардың қатарында Барлыбек Сырттанұлы қазақ қоғамында құқықтық ойдың қалыптасуына елеулі үлес қосқан қайраткер ретінде тарихта қалды. Оның мемлекетшілдік идеялары мен құқықтық көзқарастары бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның дамуымен сабақтас, – деді ол.

Дөңгелек үстелде алғашқы баяндама жасаған тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының ассистент-профессоры Лейла Хасанаева өз баяндамасында Барлыбек Сырттанұлының ұлттық құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамасына тоқталды.

– Барлыбек Сырттанұлы – қазақ қоғамында конституциялық ойдың қалыптасуына ықпал еткен тұлғалардың бірі. Ол заң үстемдігіне негізделген мемлекет құруды армандады. Бұл идеялар бүгінгі Қазақстанның құқықтық мемлекет құру жолындағы ұстанымдарымен үндесіп жатыр, – деді ғалым.

Келесі кезекте ҚР Орталық мемлекеттік архиві Әлеуметтік зерттеулер орталығы жетекшісінің міндетін атқарушы, PhD докторант Рамазан Әбілдос «Алаш заңгерлерінің өмірі мен қызметі Омбы облысының тарихи архиві құжаттары негізінде» атты баяндамасында архив деректерінің маңызын атап өтті.

– Омбы облыстық архивтерінде сақталған құжаттар Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарын айқын көрсетеді. Бұл материалдар арқылы біз олардың қазақ қоғамын жаңғыртуға бағытталған нақты қадамдарын, құқықтық мемлекет құру жөніндегі идеяларын тереңірек түсіне аламыз, – деді зерттеуші.

Жетісу университетінің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Хуанған Онербек өз сөзінде Алаш қайраткерінің тарихи тұлғасын ғылыми тұрғыда зерттеудің маңызына тоқталды.

– Барлыбек Сырттанұлы қазақтың алғашқы конституциялық ой-пікірінің қалыптасуына ықпал еткен қайраткерлердің бірі. Оның мемлекетшілдік идеялары ұлттық тарихымыздағы маңызды кезеңдердің бірі – Алаш қозғалысының саяси-құқықтық бағдарын айқын көрсетеді, – деді ол.

Жиын барысында білім саласының өкілдері де өз пікірлерін білдірді. №25 мектеп директоры Рахат Ибраймова тарихи тұлғалардың мұрасын жас ұрпаққа танытудың маңызына тоқталды.

– Мұндай ғылыми-танымдық кездесулер оқушылар мен жастардың тарихи санасын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Алаш қайраткерлерінің өмір жолы – елдік рух пен отансүйгіштікке тәрбиелейтін тағылымды мектеп, – деп түйіндеді сөзін.

Дөңгелек үстелде музей қызметкері Қалқаман Абдрахманұлы «Алаш мұрасын музей кеңістігінде насихаттау мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, тарихи тұлғалардың мұрасын музей экспозициялары мен ғылыми-ағартушылық жобалар арқылы кеңінен танытудың маңызын атап өтсе, өлкетанушы Жемісбек Толымбеков барлыбектануда ескеруге тиісті маңызды түйіндерге тоқталды.

Шара барысында Барлыбек Сырттанұлының ұрпақтары да сөз алып, тарихи тұлғаның өмір жолы мен қызметі туралы естеліктерімен бөлісті. Бұл пікірлер жиынның мазмұнын толықтырып, Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Соңында Барлыбек Сырттанұлының ұрпағы Бауыржан Ахметов тарихи тұлғаға арналған арнауын орындап, шара қатысушылары естелік суретке түсті.

Тағылымды кездесу Алаш мұрасын жаңғырту, тарихи тұлғалардың еңбегін кеңінен насихаттау және ұлттық мемлекетшілдік идеяларын қазіргі қоғаммен сабақтастыра қарастырудың маңызын тағы бір мәрте айқындады. Барлыбек Сырттанұлының тәуелсіздік, әділет және құқық үстемдігі туралы ойлары уақыт өткен сайын өзектілігін жоғалтпай, ұлт руханиятының берік темірқазығы болып қала бермек.

 

Қажет Андас

Q–Andas ақпарат агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 31
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz