Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

АНДАС ОМАРАҚЫН ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

admin
2025/02/01
Андас Омарақын ізімен
0

Қазақтың мәдениет пен әдебиет құндылығы өз биігінен ешқашан төмендеген емес. Ел руханиятымен жаңғыра жасасып келеді. Бүгінгі жастар жаңаша серпін алып, қазақ қаламгерлерімен қатар еліне еңбегі сіңген тұлғаларды да тереңінен танып, шығармаларын зерделеуде. Бұл, әрине, олардың білім көкжиегін кеңейтетіні сөзсіз. Ең бастысы, олар танимын деген жанның тұтамдай тіршілікте қылған қам-қарекеті даналыққа негізделген болса, кейінгіге үлгі.


Осындай тебіренісімізге түрткі болған – тарихшы, айтыскер және жазба ақын Андас Омарақын. Қытай қазақтарының айтыс өнерінің дамуына зор үлес сіңірген тұлғаның «Тарих талғарында», «Дода», «Жылдар ізі» атты үш томдық еңбегі кітап болып қатталған. Қазақстан мен Қытайдағы түрлі басылымда 400-ден астам өлеңі, 20-дан астам поэма-дастаны жарық көрген.Еңбектері ағылшын, қытай, түркі халықтарының тіліне аударылған. Аталған еңбектері үшін 2010 жылы ҚХР мемлекет дәрежелі сыйлығы берілсе, кейіпкеріміз 2015 жылы өмірден озып, денесі Талдықорған топырағына қойылды.

Тұлға атын өшірмей кейінгіге дәріптеп жүрген әріптесіміз Қажет Андастың ұйымдастыруымен әкесі Андас Омарақынның оқулары өз деңгейінде өрнек тапты. Аталмыш байқауға қатысқан аймақ оқушылары кіл жүйріктен кім жүйрік екенін өзара анықтасты.

Мектеп жеткіншектері арасындағы дода В. Маяковский атындағы Талдықорған қалалық кітапханасында шымылдық түрді. Игі істің өтуіне облыстық білім  басқармасы мен «Jetіsý» газеті, «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы және Андас отбасы мұрындық болды.

Байқау барысында алғашқы болып «Jetіsý» газеті бас редакторының орынбасары Мәди Алжанбай сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық фили-алы директорының орынбасары Болатхан Ержігітов лебізін білдірді. Сонымен қатар, «Парасат» орденінің иегері Әуесхан Мажайқызы құрастырған «Андас Омарақын  оқулары» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш кітапқа сайысқа қатысушы жас өрендердің ғылыми еңбектері енгенін айта кеткен жөн. Бұл орайда кітап авторы жинақ шығарудағы басты мақсаты – жолдасының шығармашылығын кейінгі жас буынға дәріптеу, талантты балаларға риясыз қолдау таныту екенін атап өтті.

«Андас Омарақын  оқулары» байқауы жарты жыл бойы онлайн жүргізіліп келген болатын. Облыс көлемінде білім сайысына 30 -дан астам оқушы қатысты. Барлық тапсырмаларды толық әрі сапалы орындаған  18 оқушы ақтық сынға жолдама алып, әділқазылар алдында білім-білігін көрсетті.

Оқушылар тест сұрақтары, жазба ақындар, өлкетанушылар, айтыс ақындары сынды 4 бағыт бойынша берілген тапсырмаға сай бағаланды. Білімгерлердің қарым-қабілетін, сайысқа дайындығын география ғылымдарының кандидаты Еркін Тоқпанов, «Парасат» орденінің иегері, «Алтын алқалы» ана Әуесхан Мажайқызы, ғылым магистрі, Алматы облыстық кітапхананың қызметкері Мақпал Андас, В. Маяковский атындағы Талдықорған қалалық кітапхананың директоры Күлпан Қалкенова бағалап, қазылық етті.

Алғырлығымен танылған қатысушылар кітап, Алғыс хат, қомақты қаржымен марапатталды.

Қорытынды байқауда жазба ақындар Андас Омарақынның өлеңін оқыса, өлкетанушылар ғылыми жұмысын қорғады, айтыскерлер сөз сайысына түсті. Нәтижесінде жазба ақындар арасында  Арайлым Жанахмет, өлкетанушылар бағыты бойынша Жанел Жұмағали, айтыскерлер арасында Ұлан Нұрбол І орын иегері деп танылды.

Жалпы, аталмыш байқаудың өтуіне демеушілік көрсетіп отырған әріптесіміз Қажет Андастың отбасы жарты жыл көлемінде өткен шараға 6 жарым миллион теңгеден астам қаражат бөлген екен. Байқауды дәстүрлі әрі республикалық деңгейде өткізу жоспарлануда.

Медет ЖҰМАБАЙ

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 29
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz