Ұзак Саурықұлы туралы естеліктер,
Басы: 1854 жылы туған. Сол кездегі мекен-жайы Жетісу губерниясы, Жаркент оязы, Құрман болысы, бірінші ауыл (Қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылы).
Біз әңгіме етіп, сөз арнағалы отырған Ұзак Саурықұлы 1854 жылы туған. Сол кездегі мекен-жайы Жетісу губерниясы, Жаркент оязы, Құрман болысы, бірінші ауыл (Қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылы).
Ұзақ орта бойлы, сымбатты, қызыл шырайлы өткір мінезді, айтканынан кайтпайтын, өте жігерлі, бүкіл тайпаға құрметті адам болган.
Ұзақтың өз кіндігінен тараған Әбден, Оман, Мәшен, Дәуленхан, Тәліп атты бес ұлы болды. Ұзак отбасына, үй-ішінің тіршілігіне ерекше көңіл бөліп, жұбайын үйдің ұйтқысы, баланын ұясы деп санап, әйелді ана ретінде, адам ретінде де ерекше құрметтеген. Ұзақ есімі патша ұлықтарына өте үрейлі көрінген. Оның ақылшысы, Қарқара көтерілісінің кемел ойлы басшысының бірі Жәмеңке Мәмбетұлының есімі бүкіл қазақ жұртына әйгілі еді. Жәменке тәрізді Ұзақ батырдың да шоқтығы өте биік.
Ұзақ 1894 жылдан 1916 жылға дейін патшанын отаршыл саясатына қарсы батыл күрес жүргізеді. 1894 жылы 14-тамызда патшаның мал-жанға, жер-суға «қарашығын» салығын салу жөнінде өте қатан, мейіріміз жарлығы шыққан. Бұл заң бойынша қазақтың түтін басына, мал, жан, жер, су, шөп, орман-тоғай, отын раматы алынады. Былайша айтканда, өлкедегі барлық табиғи байлық мемлекеттік қазынаға қабылданады. Осындай кезде халық арасынан шыққан Ұзақ Саурықұлы сияқты адамдар Ресей империясының бұл отаршылдық саясатына карсы өзінін пікірін ашықтан-ашық айтып, жарлықты орындаудан бас тартады, салық төлеу шартын мойындамайды. Патша Үкіметінің төтенше жарлығына бағынбағаны үшін 1896 жылы 26 ақпанда Ұзақ жауапқа тартылып, екі жыл бас бостандығынан және барлық азаматтық дәрежесінен, құқығынан, мал-мүлкінен, жерінен айырылады.
Қарашығынды алым-салықты төлемендер деп жұртқа уағыз айтқаны үшін тағы да тергеуге түсіп абақтыға қамалады. Бұған әскери-жандармерияның қолшоқпары Бәделбай Бекеұлына және полиция өкілі Прусовка кездік ала жүгірді деген жаланың жабылуы да себепші болады.
Төрт жылға созылған тергеу барысында екі түрлі қылмыспен қатар айыпталып, үш жарым жылға кесілді. Сөйтіп, бұрынғы екі жылға тағы да бір жарым жыл айып қосылады. Бір айыбы үшін екі жазаға кесілген Ұзақ Саурықұлының арызы, сотта айтқан ұтымды дәлелдері ескерусіз калады. Бәделбай Бекұлы өзінің облыстық мансабын толық пайдалана отырып халықтан өз пайдасы үшін раматтан тыс алым-салық жинағаны туралы сотқа жазылған куәлердің сөздері ескерусіз қалады. Әрине, отаршыл үкіметтің сотынан әділетті шешім күтуге болмайтын еді. Үш жарым жыл темір қапаста тұншыққан Ұзақ батыр тұтқындық мерзімін өтеп, 1902 жылы 12 желтоксанда шықты. Ол аскан адалдықпен халқына қызмет етуді өзінің асқаралы мақсаты етіп қойып, ресейлік империянын отаршылдық саясатына және әкімшілік қанауға қарсы өмір бойы күресті. Түрмеде көргені тозаққа тең болса да оның жүрегінің оты сөнбеді, жігер-қайраты шынықты, ақыл-ойы кемелденді, күрес мақсаты қайтадан қуаттанды, отаршылдықты мойындамады. Кесілген жазасын өтеп келген соң да азаттық күресін жігерлі жалғастыра береді.
Ұзақ 1916 жылғы Қарқара көтерілісін асқан белсенділікпен басқарушылардың бірі болады. Осы жылы шілде айының бас кезінде майданның кара жұмысына қазақтардан жігіт алу жөніндегі ақ патша өкіметінің жарлығына қарсы Ақбейіт жайлауында Жәмеңке Мәмбетұлымен бас қосып, жиын өткізді. Топқа Жаркент оязының Нарынқол – Шарын учаскесінің мыңнан астам тұрғыны катысады. Осы жиын-топта тұлға-тұрпаты соққан темірдей мығым, сусар бөрікті баса киген, жез камшысын білімдеп ұстаған айбынды Ұзақ батыр:
– Сығалады дегенше, төрге шықты десеңші, деп сөздері өзбек ағайындар айтқандай, қолдан шығып кеткен соң балаларымыз соғысқа бармай, кайда барады? Оның үстіне әскерге дайындығы жоқ жігіттерді жанып тұрған отқа салса да, жауып тұрған оққа айдаса да одан патшаның бүйрегі бүлк етпейді. Баласынан безген, туысынан безген адам жоқ. Көген көздерді жапан далада өлтіріп, қарға-құзғынға жем қыла алмаймыз. Соры қайнаса боздақтардан айрылған, қолғабысынан ажыраған ата-аналардың соры қайнайды. Патшаның несі кетеді? Қырылса біздің балаларымыз қырылады. Ақ патша әділеттен тайды. Онын ойраншыл жарлығын орындамаймыз. Сондыктан бала бермейміз, – деп қаһарлы сөзін кесіп-пішіп бір-ақ айтады.
«Патша армиясының тыл жұмысына жігіттерді бермейміз», – деп жиналыс бірауыздан қаулы алады. Халық жиналыстың батыл және тұжырымды тоқтамына әбден риза болады.
Ракымбай Солтанқұлұлы мен Сатай Мұқайұл секілді болыстар жиынның шешіміне қарсы шығады. Атақты бай Тұңғатар Саурықұлы да халықты бұлқынысына наразылық білдіреді.
Ракымбай болыс көк шекпенін иығына асып, үлкен қонышты түз табанды былғары етігін кисайта басып, шолак женді пешпетіне байлаған калың бел-бауының екі ұшын екі жаққа саландатып, сакал-мұртын оң қолымен қайта-қайта сипап тұрып:
– Ақ патшаның жарлығын орындамау менің миыма тіпті қонбайды. Жоғары дәрежелі алдияр тақсырдың әмірі талқылауға жатпайды. Оны сөзсіз, тіл қатпай орындау қажет, -дейді.
Сонда Ұзақ батыр орнынан ұшып тұрып ашулы кейіпте:
– Ракымбай, әкең Солтанқұл жұртқа жағымды, жөн білетін кісі еді. Сені Сұлтанқұлдың адал ұлы деп ойлаушы едік. Сен елін саткан опасыз, сайкал болып шықтың. Тарихқа тас атқан халықтың бүгінгісі мен болашағына көз жұмып немқұрайды қараған бос адам болдын. Сөзіңнің дәмі жоқ, ойынның нәрі жоқ, қарақан бастын қамын күйттеп, азаматтың асыл муратын мансұқ етіп, ұясын талаған алаяқ болдың, – депті.
– Сөйтіп, Ұзақ батыр Рақымбайдың ақыл-ойы таяз екенін, дүниеге көзқарасының нашарлығын, дүмшелігін, рухани бейшаралығын атап көрсетіп, аяусыз айыптайды. Сол сәтте әйгілі Көдек ақын Рақымбайға ызғарын төге айткан екен: – Өзімшіл, өз басынан асып түсіп, ұмытқан, ойламаған елдің қамын. Қазақтан мұндай жанды көргенім жок, сататын ұлықтарға ұят-арын, – деген.
Жиын-топ ду күліп, Рақымбай болысты мазақтайды. Атақты бай Тұңғатар Саурықұлы мен болыс Сатай Мұқайұлы топқа шығып, Рақымбайды жақтап сөз сөйлеуден бас тартып, көпшіліктің бет алысынан қаймығады. Рақымбайдын өз қара басынан артылмас өзімшілдігі көпке мәлім болады. Онын бөсіп, көкіген сандырағын ешкім қоштамады.
Ұзақ батыр мен Тұңғатар бай бір атадан туған адамдар еді. Сөйтсе де ойлары, мүдделері үйлеспейтін кісілер екен.
1916 жылы 10 шілдеде көкпеңбек кемерлі тау Желқарқараның төсінде, көсілген Тамғалы Таста, Кабанды-Қарағайлысайдың табанында Ұзақтын үйінде ел билеушілердің кеңесі болады. Кеңесті Жәмеңеке мен Ұзақ басқарады. Сол күні олар патша үкіметі өзінің жарлығын күшпен жүзеге асырмак болса, оған қарулы көтіріліспен жауап беру керек деген тоқтамға келеді. 11 шілде күні Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы Тастөбеде Ұзақ пен Жәмеңке 1916 жылғы маусымдағы патшаның жарлығына қарсы қазақ еңбекшілерінің ереуілін ұйымдастырады. Онда Жәмеңке, Ұзақ, Қазыбек, Серікбай, Жаңабай, Әбдіқалық, Бекайдар, Сыбанқұл, Қайшыбек тағы да баска ел басшылары сөз сөйлеп, ақ патшаның жарлығына карсы шығуға жұртшылықты шақырады. Осыдан бастап Жәмеңке мен Ұзақтың төңірегіне қалың бұқара топтасады. Ереуіл болған жерге халық «Ереуілтөбе» деп ат қояды. Кейіннен бұл төбе халықтың ұлттық қозғалысынан туған тарихи шындықты баяндайтын әйгілі Төбе болды.
Ереуілдің қарулы көтеріліске ұласып кетуінен күдіктенген патша өкіметі әскери күшке сүйене отырып, Ұзақ пен Жәмеңкені және олардың серіктерін тұтқындап, Қарқарадағы жәрмеңкенің абақтысына қамайды. Мұнда оларды көп ұстамай Қарақол түрмесіне ауыстырады.
Тамыздың бас кезінде ел басшысы, атақты шешен Жәмеңкеге у беріп өлтіреді. Көп кешікпей калган тұткындарды жабық камеранын терезесінен атқылап, қырып салады. Аласапыранда аяғына оқ тиген Ұзақ қашып шығып, мешітке барып паналайды. Бірақ ертеңінде полиция ұстап алып, түрмеге әкеліп камап, әбден азаптап өлтіреді.
Көтерілістің алгашкы кезенінде – жаппай саяси ереуіл күндерде Жәмеңке мен Ұзақтың отаршылдарға қарсы жүргізген үгіт-насихаты халықтың сана-сезімін оятып, саяси белсенділігін көтерді. Халықта ұлт-азаттық күрес аркылы орыс отаршылдығын жойып, еркін-бостан ел қатарына қосылсақ деген ой-пікір туды. Отарлау саясаттың зардабы жанына әбден батқан қалын бұкарада ұлт-азаттық күреспен біте қайнасқан демократиялық идеялар қалыптасты. Бұл Жәмеңке мен Ұзақ бастаған көтерілістің аса бір бағалы табысы еді.
Ұзақ Саурықұлы қатаң отаршыл саясаттың жымысқы әрекеттеріне саналы түрде батыл күрескен айбынды қаһарман. Ол – 1916 жылғы айды албан көтерілісінің көрнекті басшыларының бірі. Туған халқы үшін құрбан болған Ұзақ шынында да ержүрек адам. Бұдан былай да солай атала бермек. Халықтың, бұқара көпшіліктің мүддесі үшін айқасқан абзал азаматтын аты мәңгі өшпейді.
1994 жылы маусымда Ұзақ батырдың туғанына жүз қырық жыл толуына бағыштап аудан жұртшылығы Сарбастауда жасаған мерейтой тамаша салтанатпен, асқан ұйымшылдықпен өтті. Тойды мерекелеген халайық батырдың азаттық жолында корсеткен ерен ерлігін атап айтып, аруағына бас иді.
Әбдіжаппар Жазылбеков,
Жұмаділ Қарабаев,
Зейнеткер, еңбек және соғыс ардагерлері.
Жарияланды. -Алматы: “Жетісу” газеті.№96.1994. -3 б.
Дерекөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723995
Жалғасы бар…











