Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Мәдениет

«Біз де ғашық Болғанбыз?»

Қоғамның тамырына қан жүгіртетін жайлы отбасын құру әркімнің арманы болса да, ойға тұсау болар ағаттықтар жетерлік. Театрмен қатысы болмаса да, айтар ойымызға дөп түсіп тұрғандықтан әңгімені мына мәліметтен бастасақ теріс болмас.

admin
2025/08/14
Мәдениет
0
«Біз де ғашық Болғанбыз?»

Облыстық әділет департаменті АХАТ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бір жылда аталған бөлімге 11358 адам некеге отырса, оның 3031-і ажырасып тынған.   Ал, азаматтық некеге тұрып, көңілдері жараспай жан-жаққа кетіп жатқан жас жұптардың көп екені айтпаса да түсінікті. Оның сан түрлі себебі бар. Десе де, бірден-бір себеп – адамдардың өзіне, өміріне, келешегіне деген сеніммен айырылып, уайым шүңетіне батып бара жатқандығы. Енді бұл түйткілді тарқатуды театр сахнасы да өз құзырына ала бастады. Мүмкін қасиетті сахнадан жастар құлағына жеткен жанайқай қанжілік болған келеңсіздікке азда болса тосқауыл болатын шығар. Осындай мақсатпен Бикен Римова атындағы облыстық драма театры Сұлтанәлі Балғабевтың «Бізде ғашық болғанбыз?» спекталін сахналап, көрермен назарына ұсынды.

Әрине, Балғабевтың еңбегі кеңестік дәуірдің кер самалы есіп тұрғанда жазылғанымен, ол сахна төрінде осы дәуірге сай кескін-келбетімен, көтеретін ойымен, жүрегіңді сыздатып, айналаға ойлана қарайтын жаңалығымен  көрініс тапқан. Бұл менің емес, театрдың жілігін шағып, майын ішкен майталмандардың пікірі. Онда, бірден сахнадағы сюжет пен актерлердің шеберлігіне ден қоймай, алдымен соны тыңдап алайық.

– Біз ең алдымен көркем әдебиет пен сахна төрін шатастырмауымыз керек. Мәселен, Шекспирдің Гамлеті көркем туынды ретінде 18 ғасырдың мұрасы. Ал, ол ғасырлар бойы сахнадан өз шындығын, көрермен жүрегінен өз орыны таба беретіні анық. Осы ретте,  «Біз де ғашық болғанбыз?» пьесасы автордың ертеректе жазған дүниесі болғанымен, ондағы көтерілген мәселе ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Тіпті, бүгінгі күндегі қоғамда етек алған жат қылықтарды ашып айтып,  сол арқылы жастарға ой салудың да міндетін атқара береді. Осында қойылымды сахналаған режиссер Серік Нұрхалықтың еңбегін атай кетпеске болмас. Ұзақ жыл сахнаның қыры мен сырына жетік ол қойылымды шыт жаңа түске енгізді. Онда айналамыздағы өмір, тіршілік қамы анық білініп тұрады. Мұнан рөлдерді сомдаған актерлер де аз тер төкпегенін байқайсыз. Сондай-ақ, төрт тағанын нық басқан қойылым көркемдік кеңес тарапынан да жоғары бағаланып отыр, – дейді облыстық театрдың директоры Базарбек Тезекбаев.

Көркемдік кеңес жоғары бағалаған қойылымды көрермендер де қызыға отырып тамашалады. Залға лықа толған көпшіліктің дені жастар болса да, өзгеше бояумен өрілген шындық оларды бей-жай қалдырмағаны анық. Ендеше, сахнаға оралайық, оқиға былай өріледі. Жаңа қонысқа көшіп кірген жас отбасының қуанышында шек жоқ. Күн сайын орындығы биіктеп келе жатқан отағасы мен сұлу жарының да  еш уайымы болмайтын сияқты сезіледі басында. Оны Дәукен роліндегі Жеңіс Жолдыбаев пен Айжан роліндегі А. Қожбанованың шеберлігі шегіне жеткізіп-ақ жіберген.  Бірақ, олардың тыныштығын бұзған көршісі Сарман болды. Әрине, Сарманның ішімдікке бой алдырғаны емес, оның жары Зияданың Дәукеннің ажырасып кеткен бұрынғы әйелі болып шыққаны. Д. Пышанов сомдаған Сарманның ұшқалақ мінезі мен қойылымның жалпы барысында Зияда рөлін сомдаған С. Мұңайтпасованың шымшыма сөздері және күлдіруге бейім тұратын болмысы келеңсіз күйді күлдіре отырып, ұятыңды оятып, қадап тұрып жеткізеді.

Күле отырып, қызық жайларға да сүңгіп кетесің. Қойылымның шырқау тұсында Дәукен мен Зияда бір-бірін басқа қырынан тани бастайды. Тіпті, үзілген жіптің ұшы қайта жалғанатын сияқты ойға да жетелейді. Оған өз әкесін білмей өскен, өгей әкенің теперішін көрсе де әкеге деген балғын махаббатын Сарманға арнаған Күнсұлудың құпия өмірі себеп болады. Алайда, Дәукен мен Зияданың бір кездегі махаббатын септей алмаған Күнсұлудың ажырасудың азабынан мүгедек болған тағдыры олардың ендігі өмірін, шарық ұрған өшпенділігін қалпына келтіре алмасы анық еді. Әрине, Дәукеннің екінші әйелі Айжанның да өз отбасын қорғау құқығы бар. Өйткені, оның екі баласын тірі жетім қалдыруға қақысы жоқ. Тіпті, Дәукенмен тұрмыстануы ғайыптың ісі десек те, оған бола Айжанды ақылсыз жан деп санауға болмайды. Қайта, ол тағдырды таразылай білетін, табандылығы мен талғамы бар әйел заты. Олай болмағанда Дәукеннің бұрынғы әйелін танып, баласын көргенде ыңыршағын шағып, ырғып шығуға болар еді. Ауқымды ақылмен жеңді. «Көз көрмесе көңілден жат болады», –  деп шешті. Ақыры басқа жаққа қоныс аударды.

Бірақ мұнымен де шешіле қояр қиындық жоқ. Кінәнің жүгін Дәукен мен Зияда арқалап қала берді. Күнсұлу тағы да өгей әкенің өбектеуінде өсе бермек. Көрермен осы көріністерден өз өмірініне дөп келген тұстарын байқап, бажайлап қалып отырғаны да жасырын емес.

Бұл бүгінгі күннің шындығы емей не? Қысқасы, қазір біз тек өз басымыздың амандығы, қадір-қасиеті, барлығы мен байлығын ғана ойлайтын болып барамыз. Қоғамдық  тәрбие де өмірімізді осылай бейімдеп барады. Оның төркінін таратып айтсақ, талай ойды суыртпақтап ширатып әкетуге болады. Жасы жетіп, жағалауда тұрғандарды айтпағанның өзінде, жастардың жалынын басып, жанарына мұң ұялатқан қиындықтың да шыжығы жуыр маңда тарқамайтын сыңайлы. Міне, осындай санаңды сан-саққа жүгіртетін қойылымның көтерген ойын бір ғана мақаламен жеткізе алмасымыз анық. Бірақ, оқырмандарға театрге барып, осы спектакльді көріңіз, одан өзіңізді мазалап жүрген уайымды шешудің бір түйінін таба аласыз демекпіз.

 

Қажет АНДАС

Дереккөз: «Жетісу» газеті, № 137, Сенбі, 4 желтоқсан, 2010. 7-бет

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 110
Қамшының төресі – дырау қамшы (Дойыр)
Мәдениет

Қамшының төресі – дырау қамшы (Дойыр)

May 19, 2026
Шаңырақ ұғымы және оның жасалу жолдары
Мәдениет

Шаңырақ ұғымы және оның жасалу жолдары

May 12, 2026
Өркениет бастауы
Мәдениет

Өркениет бастауы

April 30, 2026
Әбікен Сарыбаев – 100: Ұлт руханиятын ұлықтаған «Шежіре»
Мәдениет

Әбікен Сарыбаев – 100: Ұлт руханиятын ұлықтаған «Шежіре»

April 28, 2026
Жетісу архивінің жүйелі жұмысы
Мәдениет

Жетісу архивінің жүйелі жұмысы

March 5, 2026
Өнер мен өрліктің отауы
Мәдениет

Өнер мен өрліктің отауы

December 12, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz