Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Сұхбат

Еңбектегі мектепке Ермектасовтың есімі берілсе…

admin
2025/11/05
Сұхбат
0
Еңбектегі мектепке Ермектасовтың есімі берілсе…

ХХ ғасыр басындағы қазақ ағарту қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі – Мейірман Ермектасов. Ол – “Ғалия” медресесін тәмамдап, Жетісудағы алғашқы қазақ мектептерін ұйымдастырған ұстаз, қоғам қайраткері, халықтың білім мен мәдениет жолындағы қамқоршысы. Осы орайда біз Мейірман Ермектасовтың өмірі мен еңбегі, сондай-ақ, оны зерттеудің қазіргі жай-күйі туралы Қарасу орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Мұхтар Сағадиевпен сұхбаттасқан едік.

 

1914 жылы Ғали медресесін бітіргендігі туралы құжаттар.

– Мейірман Ермектасов кім болған тұлға екенін қысқаша таныстырып өтсеңіз.

– Мейірман Ермектасов – ХХ ғасыр басындағы қазақ ағарту қозғалысының ұлы өкілі, мұғалім, қоғам қайраткері, ұлттық сана оятушы. Ол 1883 жылы қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. “Ғалия” медресесінде білім алып, Ахмет Байтұрсынов пен Бейімбет Майлин сынды зиялылармен бірге ағартушылық идеяларды қолдаған. 1908 жылы Қарағаш ауылында ұстаздық қызметін бастап, кейін Қапал, Ақсу, Лепсі, Қарасу өңірлерінде бірнеше мектептер ашып, балаларға білім нәрін септі.

1923 жылдан 1926 жылға дейін Лепсі уезінің ағарту мекемесін басқарады.

– Ол кісінің Жетісу мен Іле өңірлеріндегі ағартушылық еңбегі несімен ерекшеленеді?

– Мейірман ұстаздың еңбегі тек сабақ берумен шектелген жоқ. Ол ел аралап, жетім және қараусыз қалған балаларды жинап, Қарасу мен Еңбек ауылдарында балалар үйін ашты. Бұл мекемелерден кейін қоғам қайраткерлері мен ғалымдар тәрбиеленіп шықты. Солардың бірі – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Иманбек Сүлейменов. Ол ел арасындағы сауатсыздықты жою үшін тынбай еңбек етіп, оқу-ағарту ісін ұлттық деңгейге көтерді.

   1924 – 1929 жылдары Еңбектегі «Шаруа жастар мектебінде»   меңгеруші болыды

– 1930 жылдардағы саяси қуғын Мейірман өміріне қалай әсер етті?

– 1930 жылы болған “Бөрібай көтерілісі” кезінде ол жазықсыз “көтеріліс ұйымдастырды” деген жаламен қамауға алынды. Алайда елдің көмегімен аман қалып, Қытай жеріне өтуге мәжбүр болды. Бірақ сонда да қарап отырмай, Іле өңіріндегі қазақ жастарына білім беру ісін қайта бастады. 1932 жылы Жырғалаң ауылында алғашқы қазақ мектебін ашып, екі жылдан кейін сегіз бөлмелі жаңа мектеп, клуб және жатақхана салдырды. Қытайдағы Іле, Нылқы, Сүйдін, Қаратас өңірлерінде ағартушылық жұмысты жалғастырып, мұғалімдер курсын басқарды. Сондай-ақ 1940-жылдары Іле аймақтық сот төрағасының орынбасары қызметін атқарып, қоғам өміріне белсене араласты.

Іле аймақтық Совет бұқараларының 1 кезекті құрылтай. 1949.6.22.

– “Мейірмантану” бағытында қазіргі таңда кімдер еңбек етіп жүр?

– Соңғы жылдары Мейірман Ермектасов мұрасын зерттеу қайта жанданды. Бұл бағытта Жексембек Мықтыбаев, Қажет Андас, Жанат Қалиев, Сайран Қалиев сынды өлкетанушылар мен мұғалімдер белсенді еңбек етіп жүр. Қарасу орта мектебінде арнайы “Мейірман Ермектасов бұрышы” ашылып, архивтік құжаттар, фотосуреттер және ұстаздың ұрпақтарының естеліктері жинақталуда. “Q-Andas.kz” агенттігі де ағартушы жайлы деректерді көпшілікке жеткізіп, “Мейірмантану” идеясын кеңінен насихаттап келеді.

 

– Мейірман Ермектасов мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін мәні неде?

– Ол кісінің өмірі – рухани төзім мен елге адал қызметтің символы. Қуғын көрсе де, борын тастамаған, аштан өлсе де бала оқытқан ұстаз – шынайы рух иесі. Мейірманның өнегесі – “Білім арқылы ұлтты азат етуге болады” деген идеяның көрінісі.

 

Редакциядан:

Мейірман Ермектасов – ұлт ұстазының рухани ізбасары. Оның өмір жолы – мейірім мен білімнің мәңгі шамы. Сондықтан өзі іргесін қалаған Ақсу ауданы Еңбек ауылындағы Қарасу орта мектебіне Мейірман Ермектасовтың есімін берсе нұр үстіне нұр болар еді.

 

Сұхбаттасқан: Қажет Андас
“Q-Andas.kz” ақпараттық агенттігі

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 78
Ғалымның қос қанаты академик Тұрсын Сыдықовпен сұхбат
Сұхбат

Ғалымның қос қанаты академик Тұрсын Сыдықовпен сұхбат

October 31, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz