Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

ЕЛГЕ КЕЛДІК, ЕЛБАСЫНА РИЗАМЫЗ

admin
2025/07/28
Андас Омарақын ізімен
1
ELGE KELDIK, ELBASYNA RIZAMYZ

Қазақ елінің тәуелсіздігі Алланың осы қайсар халыққа берген сыйы. Иә, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалып, ел мен жердің берекесі бұзылмай, егемендігіміздің еңсесі биіктесе, елдің бағына туған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлы тұлғаның тарыдай шашылған қандастарымыздың басын қосып, береке-бірліктің ұйытқысы болғанын дүйім жұрт ыстық ықыласпен еске алатынын айтқан жөн. Әсіресе, ел рухын көтерген біртуар азаматқа тарихтың да, қазақтың да алғысы шексіз екендігін атажұртқа оралған Андас Омарақынның отбасымен кездескенде тағы бір көз жеткізіп, шет жерде жүріп, көңіл шерін жүрегіне түйген ханның пейіл-ниетін аңғардық.

Отан деген ыстық сезім. Ол жүрегімді шарпығанда ширығып, туған жерден жырақта жүргенім есіме орала береді. Құжаттарымды жинастырып, Қазақстан қайдасын деп шекара аттадым. Әрине, келуін келсем де қайда барарымды білмедім. Автобекетте жолықтырған жанның мейірбандылығымен жұмысқа орналастым. Әкем Андас батасын бергенде: «Балам, ата-бабаңның кіндік қаны тамған жерге табан тірегелі тұрсың. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген. Еңбек етсең, ертең-ақ өрісің кеңейеді. Жолың болсын»,  – деп ақ батасын бергені бүгінгідей.

Жетісу жеріне ат басын бұрып, Талдықорған қаласында қарқын алған құрылысқа білек түріп, араласып кеттім деген Қажет мырзаның бар қиындықтың артта қалғанына қуанышты екенін аңғардық. Қазір қаланың шығысындағы Еркін ауылында отбасын құрып, еңбек етуде.

Жас жігіттің табалдырығын аттағанда кеше ғана Қытайдан әкесі Андас пен анасы Әуесхан келіпті. Олар балаларының арасында ағайын-туғанының жаңалығын ортаға салып, мәз-мейрам екен. Андас ағамыз Қытайдағы Күнес аудандық саяси кеңесінің тарихи материалдар комитетінде еңбек етіп, 14 кітап жазып, қазақ халқының тарихына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізгенін естіп білдік. Кітаптарының дені  жеке шығармашылығына арналса, қалғаны Қытайдағы қандастарымыздың қуғын-сүргіннің зардабы мен бүгінгі өміріне арналған зерттеу еңбектері көрінеді. Сөредегі қаз-қатар қойылған осы дүниелер тынымсыз еңбектің нәтижесі екендігі даусыз. Әрине, көпшілігі Қытай тілінде. Жазушының «Күнес тарихы» атты тарихи-зерттеу еңбегі ағылшын тіліне аударылыпты. Осылайша ол Қытай Халық Республикасы Жазушылар одағының, «Таңжарық» ғылыми зерттеу қоғамы мен ауыз әдебиеті қоғамының мүшесі ретінде жақсы бастамаларға жанашыр болған.

Қандай қиындық кездессе де Андас аға мен Әуесхан жеңгей 7 баласын Қытайдағы таңдаулы жоғары оқу орнына оқытып, білім алуына, халқымыздың тілі мен дінін сақтауына көңіл бөліпті. Қытайда жоғары оқу орны ақылы екеніне қарамастан, балаларды бірнеше мамандықты меңгертіпті.

– Тәуелсіз  елдің бойтұмары  Астананы барып, арнайы көріп келдім. Көркіне көз қызығатын Қазақстанның алтын шаңырағы күн өткен сайын әсемдігімен көрген жанның мейірін қандырады. Осының өзі-ақ, Мемлекет басшысының ерен еңбегін, халқы мен туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігін танытады. Жат жерде жүрсек те қазақтың туы биікте болса екен деген ыстық тілек ойымыздан кеткен емес,  деген Қажет әке сөзін толықтырып, әңгімеге араласты.

Елжандылық қасиет деп көп айтамыз. Осының дәлелі 30-дан жаңа ғана асқан Қажеттің бүгінгі іс-әрекетінен, күнделікті еңбегінен де аңғарылады. Төрде Елбасының үлкен портреті ілінген. Біртуар тұлғаны отбасымен ерекше құрметтейтінім, бүгінгі саясатты қолдап, оған азырақ болса да үлестерін қосуға ұмтылғаны. Атажұртқа келісімен қандастарымыз көбінесе «квота» аламыз деп әр есікті ашып, шапқылайтыны белгілі. Ал жас отбасы оған да мән бермей, өз қаржыларымен баспана алып, ұрпақ өсіріп жатқан жайы бар.

– Биылғы Жолдауда «Дағдарыс өтеді кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады» деген ғой Елбасы. Еркіндік құшағында жүргенімізге көңіліміз тоқ  дейді олар. Өйткені, осы бақытты күндердің жалғасы халқымыздың берекесі мен бірлігінде, ынтымағы мен ырысында екенін түсінген отбасы мүшелерінің жүрегінде Отанға деген ыстық сезім берік орныққан.

Күмісжан БАЙЖАН,

Алматы облысы.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 29
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
trackback
ELGE KELDIK, ELBASYNA RIZAMYZ – Q-Andas
16 days ago

[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]

0
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz