1943 жылдың көктем айы. Ол кезде әкем өзiнiң туган колхозының қойын бағатын. Торайғыр тауындагы Ақшоқы деген қыстауды қыстайтынбыз. Бiр күн қой фермасының бастығы Орынбай деген кiсi келiп әкеме:
– Ертен қойды өткізесің. Өгіз берем, Өсербайдағы Әбiш койшының жанына барасын. әйелiң кой сауады, өзiк егiн жұмысына шығасын.-дедi. Әкем айтысуға жок адам едi, Орынбайдың бетiне қарап:
- Жарайды, – дегеннен басқа ештене деген жоқ.
Ертесiне өгiзге қазан-ошақ, керпе-жастықты артып, Әбіш қойшыныкiне кештеп жеттік. Өлгi кiсiнiң әйелі елгезек, аңқылдаган адам екен. Қазанға су қайнатып, талқанмен шай берді. Шешем қой сауатын болды. Әкемдi егiн жумысына алып кетті. Шешемнен «қой- дан неге кеттiк?» деп мазалап сурай бердiм. Ол кiсi оңашада:
– Өткен айда ауырып үш қой өлген. Колхоздың бастығы: «Үш қойды өлтiрдi, кулактын тұқымын қойдан шығар» деп ферма бастығына айтыпты, әкеннiң қойдан кеткен содан… – дедi сыбырлай.
Бiр күнi дегерезге бидай шашып жүрген әкеме айран апардым. Ақбоз атка мiнген бригадир (аты жаңылмасам Айтбай) аттың үстiнде тұрып әкемдi екi рет қамшымен тартып өтті, өзі шала мас.
– Малай тұқымының -дәуiрi өткен, ендi бiздiң дәуiр басталды. Әкенңiң көрi… Кулактың тұқымы, – деп тағы да балағаттап камшысын сілтей бергенде, әкем әлгiнi аттың устiнен жұлып алып, бiраз пергiледi. Содан кейiн ешкiм әкемдi «кулактын тукымы» демейтiн болыпты. Бiр кунi әкемнiң кеңiлдi кезiн пайдаланып (елуiншi жылдардың сонында) мен:
- Тәте, ана жылы бiздi неге “кулактыӊ тукымы» дейтiн? – дедiм.
Әкем аз-кем унсiздiктен кейiн:
– Олай дейтiнi – Менiн әкем бай болған, әкемнiң ағасы Сүлеймен Малайұлы би, болыс болған адам. Малайдың төрт баласына он мың қой, алты жүз жылқы бiткен. 1928 жылы менiң әкем Халықты, ұзын саны жиырма алты адамды Жаланаштың шығыс жағындағы жарға апарып, болшайбектер атып тастады. Өлікті бермеген соң бiздер түнде мәйiттi ұрлап алып жерледік. Көбi жарда қалды. Ал, әкемнiң ағасын iрi байлардың қатарына жатқызып, жер аударған. Ол кезде Қарқара ауданынан отыз шақты адамды жер аударып жiбердi.
Сулеймен кедейге қамқоршы, әдiлеттi адам болған. Өзi балуан денелі, киiз үйдiң есiгiнен қырын қарап кiретiн, отырғанда арқасын жүкке суйеп, екі аяғын созып жіберіп отыратын адам еді, жарықтық. Ол кiсiні Қарақолга жаяу айдаған. Аман-есен оралған жолдастарының айтуына қарағанда, жаяу жургендiктен екi табаны ойылып кетіпті. Иманкұл деген жолдасы журуге шамасы жоқта, арқалайды екен. Ол ол ма, айдаған солдаттар кұйрығынан мылықтың штыгімен түртеді екен, – деп әкем көзіне жас алды. Өкемнiң көзінен жас шыққанын бiрiншi рет көрдім. Сөйтіп біздің тұқым тарыдай шашырап кетті . Екi iнiм, шешем, қарындасым Қытайга кетті. Не көрсетсе де мен көрейiн деп тұған жерiмнен кетпедiм.
Әкемнiң айтқан әңгiмесiндегi – «Жалаңаш» кеңшарының шығыс жағындагы жарга апарып атқан жиырма алты адам кімдер? Осы сұрақты мен Жалаңашка барған сайын улкен қартияларға қойып, жауап ала алмадым. Мумкiн архив материалдарында бар шығар. Ал iрi байлардан Қарқара ауданынан 1928 жылы отыздан астам адамды жер аударған дейтiн әкем. «Ақиқат» журналы 1992 жылғы оныншы санында он төрт адамның тiзiмiн бердi. Олар мыналар:
Бәдiмтаев Иса, Байбатшаев Оразалы, Дәркембаев Абиыр, Иманбеков Исабек, Есенов Айдарбек, Қанапиев Әбдікерім, Қаныбеков Қасым, Келгенбаев Әбділда, Каныкенов Таппай, Құмаев Ақжол, Қылғибаев Жетібай, Малаев Сәмет, Тұрғанбаев Жақыбек, Тыштыбаев Дайырмаш.
Міне, осы аталған адамдардын барлығы Орал облысының Жымпиты ауданына жер аударылған екен. Олардың ұрпақтары қазiр бар шығар, іздеу салып, жерленген жерiн анықтап алар деген оймен осы тiзiмдi берiп отырмыз.
Мыркан Жомартбек,
Жалаңаш ауылы, Райымбек ауданы.
Жарияланды. -Алматы: «Жетісу» газеті. №48.1997. -4 б.











