Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

Малшыға сұраныс көп, жағдай жоқ

Жетісу жерінде мал басы өсіп жатыр. Бірақ малшы іздегендердің қарасы көп. Мұндай жарнама басылым беттерінде, әлеуметтік желілерде толып тұр. Оны қойшы, Талдықорған қаласының орталығындағы «Арбат» демалыс орнына барсаңыз, демалыс күні малшы іздегендерді жиі кездестіресіз.

admin
2026/08/30
Қажет ақпарат
0

Малшы тапшылығын туындатып отырған бірінші мәселе – кәсіби біліктіліктің жоқтығы. «Австралияда қойды ұшақпен бағады екен» деген дақпыртты естігенімізге біраз жыл болды. Расында қазір асыл тұқымды малдың төлін солардан сатып алып, аспанмен жеткізіп, жерсіндіріп жатырмыз. Бірақ сол асыл тұқымды малды асылдандырып, оның игілігін көру үшін де малшы білікті болуы керек. Алайда біз дәстүрлі мал шаруашылығынан алыстай алмай қойдық. Сондықтан білімді де білікті малшы дайындайтын, орта білім беретін мекеме бағдарламасын қайта қарап, осы мамандық иелеріне қолдау көрсетілуі керек. Жастарды соған бағыттаған жөн. Осы арқылы кабинетте отырып, малдың жайын біліп, ұшақпен жүріп мал қайыратын малшылар буынын қалыптастыруға болады.

Ауыл және мал шарушылығы жайлы сөз болса: «Мемлекет барынша қолдау көрсетіп жатыр», – деп ауыз аштырмайтындар жетеді. Оны жоққа шығармаймыз. Қазір елімізде ауыл шаруашылығына қомақты демеуқаржы беріледі екен. Оның бір бөлігі  инвестицялық бағытқа, қалғаны егіншілік пен мал шаруашылығына тиесілі. Өкінішке қарай, демеуқаржының көлемі өскенімен, мал шаруашылығының өнімділігі өскен жоқ.

Демеуқаржының төңірегінде былық көп. Жалған құжат, жасырын жолмен қаржыны жымқыру тыйылатын емес. Мәселен, бұрынғы жылдары «16 мың гектарға қант қызылшасы себілді» деп, 8 мың гектардан ғана өнім алынған кезі болған. Демеуқаржы 16 мың гектарға берілгені бесенеден белгілі. Нәтижесінде, қант таппай сандалып жүрміз. Мал шаруашылығында да осы жағдай. Өтірік есеп, жең ұшынан жалғасқан ағайындықтың салдарынан шаруалар демеуқаржыға қол жеткізе алмай, қаражаты болмағасын малшысын жарылқай алмай, шаруашылығын тұралатып отыр.

Біздің ойымызша, демеуқаржы дегенді алып тастап, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге төмен пайызбен, ұзақ жылға несие беріліп, өндірген өнімін сатқаннан кейінгі кірісі арқылы төлейтін жағдай жасау керек. Бұл – Қытай елінде дәлелденген тәжірибе. Олар осы тәсіл арқылы өздерінің бір жарым миллиард халқын асыраумен қатар, жарты әлемді ет-сүт, азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.  Осы жол ғана ұрлықтың алдын алады және малшы тапшылығын жояды.

Қажет Андас

«Q-Andas» ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 36
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz