Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Нұрлыны нұрға бөлеген

Нұрлы ауылына алғаш осыдан жиырма жыл бұрын жолым түскен еді. Сол сапар әлі күнге жадымда. Көкорайға көмкерілген көшелер, бір үлгімен салынған сәулетті үйлер, ретті аулалар мен тынысы бар тіршілік еріксіз таңғалдырды. Бұл ауылдың кездейсоқ пайда болмағаны, әр кірпіші есеппен қаланғаны, әр соқпағы оймен салынғаны бірден аңғарылатын. Сол сәтте-ақ көкейімде: «Осындай ауылды кім тұрғызды? Қандай адам, қандай ниет, қандай еңбек тұр мұның артында?» – деген сауал қалып қойған еді.

admin
2026/02/03
Тұлғатану
0
Нұрлыны нұрға бөлеген

Арада жылдар өтті. Уақыт бәрін өзгерткенімен, кейбір сұрақтар ұмытылмайды екен. Бүгінде сол сауалдың жауабына қол жеткізгендеймін. Нұрлы ауылының қалыптасу тарихымен, оны тұрғызуға бел шешіп кіріскен азаматтардың еңбегімен, сол кезеңдегі елдік жауапкершілікпен таныса отырып, бұл ауылдың жай ғана қоныс емес, азаматтық парыздың, табандылықтың және туған жерге адал қызметтің жемісі екенін ұқтым.

Алғашында бұл өңір – атауы бар да, заты жоқ, иесіз жатқан қу медиен еді. Уақыт өте келе ел қоныстанып, жаңа ауыл бой көтерді. Үйлер салынды, мал шаруашылығы дамыды, еңбекке деген сенім мен ынта арта түсті. Елді мекеннің іргесі қаланып, халықтың тұрмыс-тіршілігі біртіндеп жақсара бастады.

Бұл істің басында жүрген азаматтардың бірі – Сайлаубек Нұрбеков. Биыл сексен жасқа толып отырған ол ғұмырын Нұрлы ауылымен егіз өрді. Сексен жылдық өмірінде ауылды табанынан нық тұрғызып қана қоймай, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары күйреген тіршілікті қайта жандандыруға белсене кірісті.

Сайлаубек Найманұлы ауылды көркейту ісін ең алдымен жол салудан бастады. Бұған дейін қатынасы қиын болған елді мекенге алғаш рет жол түсіп, тұрғындардың өмірі едәуір жеңілдеді. Кейін электр желісі тартылып, жарық мәселесі шешілді. Су жүйесі де ретке келтіріліп, халық таза ауызсумен қамтамасыз етілді. Ауылда тұрғын үй құрылысы қарқын алып, жаңа үйлер бой көтерді. Әлеуметтік нысандар – мектеп пен балабақша салу мәселелері де күн тәртібіне қойылды. Мұның барлығы елге жанашыр азаматтардың табанды еңбегінің нәтижесі еді.

Кеңшар басшысының бастамалары мен ұйымдастырушылық қабілеті аудан, облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапты. Бұл жұмыстар тек бір адамның емес, тұтас елдің бірлігі мен ынтымағының арқасында жүзеге асты. Ел болашағына бей-жай қарамай, туған жерін түлетуге атсалысқан азаматтардың еңбегі – бүгінгі ұрпаққа үлгі.

1981–1983 жылдары Шелек аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге тікелей араласқан Сайлаубек Найманұлын бұл тәжірибе үлкен жауапкершілікке дайындады. 1984 жылы ол жаңадан ұйымдастырылған «Нұрлы» кеңшарының директоры болып тағайындалды. Сол жылдары қиын жағдайда тұрған шаруашылықты аяғынан тік тұрғызу, су жүйесін шешу, әлеуметтік нысандар салу – барлығы осы кезеңнің еншісіне түсті. 1987 жылға дейін «Нұрлы» кеңшарын басқарған жылдар оның өміріндегі ең күрделі әрі ең нәтижелі кезеңдердің бірі. Ол кезде бұл шаруашылық өте қиын жағдайда еді. Су мәселесі шешілмеген, егіншілік пен мал шаруашылығы тоқырауға ұшыраған болатын.

Осы ахуалды реттеуге байланысты ауданның атқарушы органдары тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Сол тұстағы Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Кеңес Аухадиев «Нұрлы» кеңшарындағы жағдайды арнайы бақылауға алды.

– Сол жылдары аудандық атқару комитеті арқылы ауылға қатысты көптеген мәселе көтерілді. Әсіресе су тапшылығы басты орында тұрды. Осыған байланысты жерасты су көздерін анықтау үшін бұрғылау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Алғашқы барлау нәтижесінде ауыл маңынан су көзі табылып, бұрғылау жұмыстары басталды. Тереңдігі 92 метрге дейін жеткен ұңғымадан минутына 13 текше метр су беретін тұрақты көз анықталды. Бұл ауыл үшін аса маңызды жетістік болды. Осыдан кейін ауылға таза ауызсу жеткізу мүмкіндігі туды, – дейді ол.

Су жүйелері орнатылып, арнайы бетон бағандар мен инженерлік қондырғылар қойылды. Су оңтүстік және солтүстік бағыттарға бөлініп, ауыл ішіне таратыла бастады.

Ауылда мал азығын дайындау, техникамен қамтамасыз ету, шөп шабу жұмыстары қатар қолға алынды. Жылына 10 мың тоннаға дейін мал азығы дайындалып, 1000 тоннаға жуық шөп жиналды. Бір мезгілде 200 бас тайынша, сондай-ақ, 200 бас ірі қара бордақылауға алынды. Осы кезеңде 2500 бас ірі қара малға арналған қоралар кезең-кезеңімен салынды. Сонымен қатар 624 орынды мектеп пен 140 орынды балабақша салу мәселесі де жоспарға енгізілді.

Әлеуметтік жағдайы біртіндеп жақсара бастаған ауылда 1985 жылы тұрғын үйлер салу жұмыстары жүргізіліп, бір жыл төрт айдың ішінде 196 пәтер пайдалануға берілді. Сол жылы 3 мамыр күні Дінмұхамед Қонаев ауданға келіп, Нұрлы ауылының әлеуметтік нысандарын, тұрғын үйлерін, су жүйесін аралап көрді. Өзен арнасы кеңейтіліп, ауылға тартылған су жүйесі көрсетілді.

Бұл құрылыстар ауыл халқы үшін аса маңызды болды. Балабақша ашылып, мектеп іске қосылды. Сонымен қатар ауыл ішіндегі барлық инженерлік желілер ретке келтірілді. Сол кезеңдегі жұмыстар фото және бейнематериалдар арқылы бірнеше рет көрсетілді. Кейіннен 1985-1986 жылдары басшылар ауылға қайта келіп, атқарылған істермен танысты. Уақыт өте келе жаңа үйлер салу жалғасты. Әуелі 100 пәтер, кейін тағы 400 пәтер пайдалануға берілді.

Ескі қалашықтың үстінен су тартылып, ауызсу жүйесі қайта жаңартылды. Су көзінен 6 шақырым қашықтықта орналасқан үш құбырлы су таратқыш арқылы ауыл толық қамтылды. Бүгінгі күнге дейін 2500 гектарға жуық суармалы жер іске қосылып, каналдар, гидроқақпалар мен дренаждық жүйелер толық жұмыс істеп тұр.1985 жылы Германиядан әкелінген асыл тұқымды бұқалар арқылы мал сапасы жақсартылып, әр сиырдан сауылған сүт көлемі тәулігіне 48-50 литрге дейін жетті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел үшін аса ауыр кезең болды. Шаруашылықтар күйреп, экономика әлсіреді. Көп ауылдар бос қалды. Бірақ Нұрлы ауылы бұл сыннан сүрінбей өтті. Қиындыққа қарамастан, тұрғындар туған жерін тастап кеткен жоқ. Экономика әлсіресе де рух құлаған жоқ.

Ал 1991 жылдан кейінгі өтпелі кезеңде Сайлаубек Найманұлы жаңа экономикалық құрылымдарда еңбек етіп, коммерциялық және басқарушылық салаларда тәжірибе жинақтады. Агротехсервис ассоциациясында, туристік ұйымдарда, ғылыми орталықтарда, халықаралық қаржы-өнеркәсіп консорциумында жетекші қызметтер атқарды. 2000 жылдардан бастап қайтадан ауыл шаруашылығы саласына оралып, Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасында, су шаруашылығы мекемелерінде, сауда-саттық құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды. Кейін төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ, облыстық астық тұрақтандыру қорында бас экономист ретінде еңбек етті.

Жарты ғасырға жуық еңбек жолында ол түрлі салада, көптеген деңгейде қызмет атқарды. Осы еңбегі еленіп, Кеңес дәуірінен бастап тәуелсіздік жылдарына дейін бірқатар мемлекеттік марапаттарға ие болды. «Құрмет белгісі» ордені, медальдар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар – оның елге сіңірген еңбегінің ресми айғағы. Бірақ Сайлаубек Найманұлы үшін ең үлкен марапат өзі еңбек сіңірген ауылдың, өзі тер төккен елдің бүгінгі тынысы. Кейін жағдай түзеле бастағанда, сол кетпей қалған жұрт Нұрлының қайта жандануына негіз қалады. Ауылдың бүгінгі келбеті – сол сабыр мен төзімнің, туған жерге адалдықтың нәтижесі.

Нұрлы ауылының тарихы – тек бір елді мекеннің ғана емес, тұтас бір әулеттің, бірнеше буынның еңбегі мен тағдырына куә шежіре. Оның туған жерге деген жауапкершілігі мен табандылығы отбасылық тәрбиеден бастау алады.

Әкесі Найман Нұрбеков (1910-1986 жж.) Ұлы Отан соғысының ардагері, ал анасы Қызмет Нұрбекова (1910-1949 жж.) 1947 жылы «Еңбек ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Бұл – адал еңбек пен елге қызмет етудің өмірлік үлгісі. Архивтік құжаттар мен фотодеректер Нұрбековтер әулетінің ел шаруашылығын көтеруге қосқан үлесін нақты дәлелдейді. Осы рухани сабақтастық оның өмірлік ұстанымына айналды.

Кейіпкеріміздің адамдық болмысы оның қызмет жолымен ғана емес, отбасына деген жауапкершілігімен де айқындалды. Жұбайы Риза Сағынтайқызымен бірге 3 бала тәрбиелеп өсірді. Нұрлан, Асқар және Айнұр. Отбасы үшін ең ауыр сынақ – кенже қызы Айнұрдың бірінші топтағы мүгедек болуы еді. Осы кезеңде Сайлаубек Найманұлы шаңырақтың нағыз тірегіне айналып, қызын шетелде емдетуге күш салды. Бұл әкелік парыз бен адамдық төзімнің айқын көрінісі. Қандай қызмет атқарса да, ол үшін отбасы әрдайым басты құндылық болып қала берді.

Бүгінде ағамыз Нұрлы ауылын бұрынғы кемелді деңгейіне жеткізу жолында еңбек етіп жүр. Ауылға газ тарту, жол инфрақұрылымын жаңарту, әлеуметтік нысандарды дамыту осы бағыттағы нақты қадамдар. Бұл – бір адамның ғана емес, өткен мен бүгінді жалғаған азаматтық жауапкершіліктің, тарихи жадтың және туған жерге адалдықтың айғағы.

 

НҰРЛЫ АУЫЛЫНЫҢ КЕШЕГІСІНЕН БҮГІНГЕ ДЕЙІН…

 

 

 

Қажет Андас

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

Фотосуреттер Сайлаубай Найманұлының жеке архивінен алынды.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 49
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz