Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Шамай Шынасылұлы туралы естеліктер

1897 жылы туған, 1937 жылы атылды. Ақсу ауданы, Ойтоған ауылының тумасы.

admin
2026/03/26
Халық жады
0
Шамай Шынасылұлы туралы естеліктер

Шамай Шынасылұлы – Жетісу жерінде мектептер ашып, халықтты сауаттылыққа бастаған. Білім алуға мүмкіндіктер жасаған. Губком қызметкері болған. Алматы облыстық білім басқармасында іс-қағаздарын басқарушы қызметін атқарған. Заманында Біләл Сүлейұлы, Ілияс Жансүгірұлы, Ораз Жандос (Жандосов), Жұмахан Күдериндермен тізе қосып қызмет істеген. Әріптес болған.

Ол 1897 жылы қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылында дүниеге келген. Ағартушы, қоғам қайраткері ретінде өз заманында елеулі қызметтер атқарған. Кеңес өкіметі орнаса да қазақ елі үшін орасан зор пайдалы істер істеген.  Тек әділдік пен шындық жағында ғана болған. Жазықсыз жапа көргендерден көмегін аямаған. Сол уақыттар да ел ішінде «Шындық іздесең Шынасылдың Шамайына бар» деген сөз таралған. Бұл сөз тектен-текке айтылмағаны ақиқат. Бір сөзбен айтар болсақ, Шамай әрқашан туған халқына білімімен пана, қорған бола білген тұлға.

 

 «Матай-Садыр» қоғамдық қоры

Біреу білсе, біреу білмес Жетісу жерінде ХХ ғасырдың басында «Матай-Садыр» қоғамдық қоры құрылған. Ол қорды құрушылар Ақсудың алғы шепте жүретін азаматтары, жетісулық «үш арыс»: Ілияс Жансүгірұлы, Біләл Сүлейұлы, Шамай Шынасылұлы. Қор қазіргі Ақсу ауданындағы Қызылағаш елді-мекенінде құрылған. Басты мақсаты – елді қорғау, материалдық көмек беру.

Қазақ халқын қан қақсатқан Анненков 1918-1920 жылы Жетісу жеріне ойран салады. Сол уақытта Меделхан Абылайхановтың көмегімен Ақсу өңірін де басып алады. Осы кезде елді Анненковтың ойранынан аман алып қалу үшін, Ілияс, Біләл, Шамайлар бас көтереді. «Матай-Садыр» қоғамдық қорын құрып, жергілікті үш Матай мен Садыр елін төніп тұрған қатер мен аштықтан аман алып қалу үшін Бөрілінің құмдарына астыртын қашыртып, жасырып қалады. Үш арыстың елге тигізген әрекеттері оң нәтиже көрсетеді. Анненков Қытайға бас сауғалап қашып кеткен соң, халықты өз жерлеріне қайта қоныстандырады. Бөрілі құмдарында да, өз елді-мекендеріне қоныстандырғанда да жетісулық «үш арыс» елді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырады. Осылайша бір қауым елді жазықсыздан-жазықсыз қырылудан, қолдан жасалатын аштықтан аман сақтап қалады. Алайда 1937 жылғы жаппай қуғын-сүргін үш арысты да «халық жауы» етіп шығарады.

 

Шамайдың қызметі

Шамай Шынасылұлы халық ағарту саласында табанды еңбек етіп, баспасөздің дамуына үлес қосқан. Сонымен қатар, Талдықорған уезінің төрағасы қызметін атқарады. «Қосшы» одағының жұмысына да араласады.

Шамай қызмет саласына 1921 жылдан бастап арасалады. Содан 1937 жылға дейінгі 16 жыл ішінде іргелі істерді атқарады. Алматы облысы мен Ақсу ауданына қарасты барлық елді-мекендерде ел сауатын ашу үшін қазақ үй ошақтарында бастапқы мектептердің жұмыс істеуін ұйымдастырады. Елу жасқа дейінгі адамдардың барлығы тізімге алынып, сауаттаын ашу үшін сабақтар өткізіледі. Халық ағарту саласы тікелей Шамайдың табанды еңбегінің арқасында алға қарай қарыштап дамып, ел сауаты ашылады.

1921 жылғы қазақ жеріндегі екінші ашаршылықтан кейін Алматы облысындағы Шелек пен Ақсу аудандарында панасыз балаларға арналған мектеп ашыла бастайды. 1927 жылы Қараағаш жеріндегі бұрыңғы «Мамания» мектебінде Алматы облысы бойынша 200 орынға лайықталған «Балалар коммунасы» ашылады. Сол «Балалар коммунасының» алғашқы директоры болып Шамай Шынасылұлы тағайындалады. Шамайдың «Балалар коммунасы» үшін, сондағы балалардың жағдайын жақсарту үшін еткен еңбегі мен төккен тері туралы өзі де жетіс өскен әрі кейін келе ұлағатты ұстаз болған Баянды Құсмолдин былай деп айтады: «Шамайдың іскерлігімен панасыз балалар коммунасы құрылып, олар аш-жалаңаш жүруден құтылып, жұмысқа қамтылып, елді тонап, қанауды доғарды. Егіндік, бау-бақша салып, мал асырап, азық-түлік, жем-шөп дайындап, өз күндерін көруге шамаларын жеткізді». Сонымен қатар, тағы бір ұлағатты ұстаз Тұрысбек Әлсейітов: «Алматы облысында балалар коммунасын алғаш шоғырлап, бір жерге орнықтыру мәселесімен айналысқан Шамай Шынасылов еді. Қараағаштағы Алматы облыстық «Балалар коммуна» мектебінің тұңғыш директоры Шамай Шынасылов болды» деген деректі айтады. Шамайдың халық ағарту саласына сіңірген еңбегі туралы «Мамания» мектебінің түлегі Жұмабай Шығанбаев өз қолжазба дәптерінде былай деп жазады: «Шамай Шынасылов Ақсу ауданының халқын жаппай білім сауатын ашуға тартып, мектептер ашылуына үлкен үлес қосқан жанашыр, жаңалықшыл, ізденімпаз, өте іскер, алдына жан салмайтын пысық болды». Жоғарыда айтылғандар Шамай Шынасыловтың халық ағарту саласына қосқан үлесін айқындайды. Бұл салаға Шамайдың қосқан үлесі әлі де зерттеуді қажет етеді.

Тағы бір айта кететін жағдай, Шамай тек халық ағарту саласын дамытумен ғана шектеліп қалған жоқ. Ол 1921 жылы 20 наурызда ең алғашқы жарық көрген Алматы облыстық «Кедей еркі» газетінің шығуына тікелей басшылық жасап, халық арасына кеңінен таратылуына зор үлес қосады. Газет жұмысына өз білгірлімен көмегін тигізіп отырады. Оған Шамайдың «Кедей еркі» газетінің бірқатар басылымдарына жауапты сараптамашы ретінде өз қолтаңбасын қойып отырғаны дәлел бола алады. «Кедей еркі» Алматы облысы бойынша таза қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттердің бірі болып саналады. Газет аптасына екі рет шығып отырған. Таралымы 1600 дана деп жазылған. «Кедей еркі» Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бастамасы болған. Шамайдың «Кедей еркі» газетіне қатысы барын дәлелдейтін тағы бір деректі «Жетісу жылнамасы» кітабында Жақыпжан Нұрғожаев келтіреді: «Кедей еркі» газетінің алғашқы санын шығаруға жауапты Шамай Шынасылов деген азамат болған. Ол өзі қол қойған. Іс жүзінде басылымның редакторы Қ. Абдуллин еді». Міне, осы деректердің өзінен-ақ біз Шамай Шынасылұлының білімді, еңбекқор, талапты, өнегелі, көпке жол сілтейтін азамат болғанын аңғарамыз.

Шамай Кеңес өкіметі орнай бастаған тұста Талдықорған уезінің төрағалығына сайланады. Бұл деректі Біләл Сүлейұлының «Тілші» газетінде жарияланған «Ояздарға сайлаушы құрамалар» деген хабарламасындағы «Талдықорған уезі төрағалығына Шамай Шынасылов сайланды» деп жазғаны дәлелдейді. Біз осы деректі негізгі алып, Талдықорғанның алғашқы басшысы Шамай Шынасылұлы болғанын алға тартамыз. Шамайдың осы тұста қоян-қолтық араласқан адамдары Ілияс Жансүгірұлы, Біләл Сүлейұлы, Ораз Жандос, Тұрар Рысқұл, Жұмахан Күдерин.

Тарихтан белгілі 1920 жылдың наурыз айында РКП(б)-ның Х съезінде бет бұрысқа негізделген жаңа экономикалық саясат реформасы қабылданады. Барлығына түсінікті түрде қысқартып айтатын болсақ ЖЭС. ЖЭС-қа байланысты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Шамай Шынасылұлы «Жер жүзінің еңбеккерлері, бірігіңдер!» деген шақыртуды қолдап, «Қосшы» одағының жұмысына белсенді түрде кірісіп кетеді. Ол Ақсу ауданындағы әр ауылда «Қосшы» одағының ячейкаларын құру жұмыстарымен айналысады. Одақтың барлық жұмысының дұрыс жүзеге асуына ат салысады. Осы тұста «Қосшының» облыстық басшысы Ораз Жандос (ов), аудандық басшысы Біләл Сүлейұлымен бірлесе отырып қыруар жұмыстар атқарады. Ілияс Жансүгірұлы да Шамай, Біләл, Ораздармен бірлесе қызмет істейді. Шамай сол уақыттағы «Кедей еркі» газетіне ЖЭС-тің жүзеге асуы және елдің азық-түлікпен қамтылуы туралы жиі-жиі мақала жариялатып отырады.

Шамайға жабылған жала

Жоғарыда Шамайдың да 1937 жылы НКВД жендеттерінің тырнағына ілінгенін айтып өткен болатынбыз. Еліне шексіз қызмет еткен «Жетісу азаматы» бір сәтте «халық жауы» болып шыға келді. 1937 жылы 12 шілде күні УНКВД қаулысымен ұсталып, 28 қыркүйек күні сұраққа алынады да, 15 қараша күні ату жазасына кесіледі.

Шамайдың не үшін жауапқа тартылып, ату жазасына кесілгені туралы Жемісбек Толымбек терең зерттеу жұмыстарын жүргізген. Әр жабылған жаланың негізсіз екенін дәлелдейтін тұжырымдар жасаған. Оған тағылған айыпта: «Кеңес үкіметіне қарсы қазақтардан құрылған ұлттық ұйымның жетекшілерінің бірі болып, Алматы облысының атқару комитетінің төрағасы Ораз Жандосовтың басшылық тапсырмасымен Ақсу ауданында Кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық топ құрып, оны басқарады» деп жазылған. Ал, НКВД үштігінің шығарған қаулысында: «Ш. Шынасылов Алматы облыстық білім басқармасының іс-қағаздарын басқарған. Партиядан босатылды. Өзі бұрынғы бай. Орта феодалдың баласы. Анненковтың волостной управителі. Бұрын сотталмаған» делінеді.  Осы дәлелдердің негізсіз екендігін Жемісбек Толымбек былай деп дәлелдеп береді: «Өзі бай болған, әкесі орта феодал делінуі Кеңес үкіметінің сол кезеңдегі жазалауға оңай заң өлшеміне жатқыза салуға келетін тәсілі екендігі байқалады. Себебі, 1926 жылы КазЦик-тің «Бай құлақтар мен балалары кеңес жұмысынан аластатылсын» деген қаулысына Ш. Шынасылов жатқызылып, жұмыстан қуылмаған. Шамайдың ататегі Қайнар елі ішіндегі баршыл адамдар болғандығы және жоқ пен кемшінге сүйеу болып, қайырым жасап, көпке танылғандықтары сол аймақтағы жұртқа белгілі. Мал мен мүлік дүниелерімен қымтырылған қытырма бай саналмаған. Жалшылар ұстап малдарын бақтырмаған. Барын ұқсатып, базарлы болғандары ел ішінде айтылатын шындық. Ш. Шынасыловқа тағылған айыпта: «Анненковтың волостной управителі» делінуі оны Кеңес үкіметінің жауы қылу үшін, тіптен өтірік жабылған жала. Өйткені, ел ішінде және ешбір құжатта Анненков Ш. Шынасыловты волостной управитель қызметіне қойғаны туралы дерек пен дәйек келтірілмейді. Ш. Шынасылов Анненковқа ешқашан қызмет атқарған емес. Кеңес үкіметі орнар алдында көкірегі ояу, өзі зере, жас Шамайды Қайнар елі болыстыққа сайламақ болғандары туралы ауызша деректемелер айтылады. Бұл шамасы 1914-1915 жылдары болуы тиіс. Өйткені, ел ішінде «Шамай 18 жасында болыстыққа сайланбақ» деген сөз сақталып қалған. Шамай Шынасыловқа тағылған айыптың бір жол жазуында «Ораз Жандосовпен ымыраласып, соның ықпалымен контрреволюциялық топ құрды» делінеді. Бұл Ораз Жандосов ұсталған соң, оны қаралау үшін жасалған тұзақ, жалған жала болып табылады. Шамай Шынасыловтың Ораз Жандосовпен ымыраластықта болып, контрреволюциялық топ құрмағандығы Шамаймен қатар ұсталғандар Сүлейменов Хаки, Күдерин Жұмахан, Малаев Саметтің сұрақтама жауаптарының хаттамаларынан аңғарылады. Ол хаттамаларда үшеуі де Шамай Шынасыловтың контрреволюциялық топ құрмағандығын, Ораз Жандосовтың ықпалында болмағанын тергеушілерден ықпай айтқандары жазылған. Шамай Шынасыловтың ақтығын, өз ісіне адалдығын осыдан-ақ ұғуға болады». (Қараңыз: Қайнар Қызырілияс. Ж. Толымбеков. Ізденіс. Тарих. Шежіре. Мақалалар. Алматы, 2019 ж. – 192 б.)

 

Қорытынды

Шамайдың ұрпақтары да көп қысым көреді. Кейбір дерек көздерінде баласы Өзбекті 1980 жылы НКВД қызметшілері Алматының саябағында атып өлтіріп кеткені туралы жазылады. Бар кінәсі әкесінің не үшін жазаланып, өлтірілгенін білмекші болғандығы.

Жалпы Шамай туралы сөз енді ғана айтылып, жазылып келе жатыр. Біз Шамайды енді тек насихаттауымыз керек. Себебі, Шамайдай тұлға қазақ елі үшін, өскелең ұрпақ үшін нағыз үлгі тұтатын тұлға. Мектептер ашты, халық ағарту саласын дамытты. Баспасөздің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Шамай Шынасылұлының атына Ақсу ауданынан бір мектеп берсек те артық болмайды. Ұрпақ жадында мәңгілік қалдыру үшін тұлға атында түрлі жарыстар, конференциялар өткізуіміз керек. Ақын Ілияс Жансүгірұлы «Өз елі өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» демей ме?! Осы сөзді негізге алып тұлғаны таныту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Тұлғаларымызды тұғырға шығаратын болсақ, сонда ғана тұғыры биік тұғырлы һәм ғұмырлы ел боламыз!

 

Ерден НҰРАХМЕТ

Жарияланды. – Жансүгіров кенті: «Ақсу өңірі» газеті. №30-31.2020. -5 б.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 37
Біз үшін қастерлі есім
Халық жады

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026
Саяқ болыс Бұланбайұлы
Халық жады

Саяқ болыс Бұланбайұлы

April 15, 2026
Метербай болыс келбеті
Халық жады

Метербай болыс келбеті

April 13, 2026
Жапа шеккендер жадымызда
Халық жады

Жапа шеккендер жадымызда

April 6, 2026
Бөрібай (Ақсу-Бүйен) көтерілісінің құрбандары
Халық жады

Бөрібай (Ақсу-Бүйен) көтерілісінің құрбандары

April 3, 2026
Сартөбе көтерілісі
Халық жады

Сартөбе көтерілісі

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz