Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қоршаған орта

Соғыс және экология

Мамандардың есептеуінше, бес мың жыл бойында адамзат 14550 үлкенді-кішілі соғысты басынан кешіріпті. Соңғы екі дүниежүзілік соғыста 4,5 трлн. доллар шығын келген. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша дүнежүзінде бір жыл аштық апатының алдын алу үшін 1,5 млрд. АҚШ доллары жұмсалады екен. Ары қарай есептей беріңіз.

admin
2025/09/30
Қоршаған орта
0
Соғыс және экология

Мұнымен қатар, соғыстың салдарынан соңғы бір ғасырдың өзінде мыңдаған қала мен ауыл, тұрғын үйлер мен мәдениет, оқу, денсаулық нысаны, кәсіпорындар мен мекемелер қиратылып, көптеген ауылшаруашылық жері бос қалды, миллиондаған адам баспанасынан, мал-мүлкінен айырылып, босып кетті. Осы ресурстар мен шығындарды бейбіт мақсаттарға, адамзат игілігіне пайдаланатын болса, ғаламдық мәселелерді дұрыс шешуге мүмкіндік туар еді. Тіпті, жоғарыда көрсетілген соғыс шығынының оннан бір бөлігін қоршаған ортаны қорғауға жұмсаса, қаншама игі іс жүзеге асырылатын еді.

Адамзат тағдырына алапат апат әкелген соғыстардан қазақ даласы да шет қалған жоқ. Басқасын айтпағанның өзінде Екінші дүниежүзілік соғыста Қазақстаннан 1 миллион 600 мыңдай жауынгер жауға қарсы аянбай шайқасты. Сол соғыста экономикалық тұрғыда тартқан шығынымызды айтпағанның өзінде 600 мыңнан астам адам опат болып, рухани, адам ресрусы тұрғысынан да көп зиян әкелді. Егер осындай адам шығыны болмағанда өркениет үшін қаншама ұлы жетістіктер жасалар еді. Сол қатардан табиғатқа жанашырлықпен қарайтын, экологиялық мәселелерді шешуге құлшына еңбек ететін талай талант шығар еді.

Соғыс жылдары Мәскеудің 40, Украинаның 70, Белоруссия, Ленинград және басқа жерлерден барлығы 220 фабрика, зауыттар мен артельдер Қазақстанға көшірілді. Соғыс үшін қазақстандық түрлі-түсті металлургия саласының маңызы да айрықша болды. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттарының, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының, Балқаш және Қарсақпай мыс еріту зауытының ұжымдары ерекше көзге түсті. Солардың қатарында 1942 жылы іске қосылған Текелі қорғасын-мырыш комбинатының да үлесі зор болды. Қысқасы, сол тұста Қазақстанда жалпы Кеңес елі бойынша шығарылатын қорғасынның 85 пайыздан астамы, мыстың 90 пайызынан астамы, көмірдің 1/8, молибденнің 60 пайызынан астамы, полиметалдың 70 пайызы шығарылды.

Әрине, соғысқа үлес қосып, ерлік пен елдік көрсеттік деп айтуға болатын шығар. Алайда, осы әрекеттердің салдарынан қазақ даласының тозғанын, Жер-ананың уланғанын жоққа шығара алмаймыз. Сол жылдары экологияға келген апаттың салдарын әлі күнге тазалай алмай келеміз. Ал 40 жыл бойында 468 рет сынақ жасалған Семей полигоны жергілікті халықты «сынақ материалы» еткенін, радиацияның әсерінен туған аурулардан зардап шегіп, сәулеленудің салдары тұқым қуалап, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғанын көзіміз көріп жүр. Сол полигонның өзі болашақта туындауы мүмкін соғыс қатерінен сақтану үшін жасалған әрекет екендігі анық. Полигон жабылғанымен оның зардабы әлі күнге жойылған емес. Осындай апат қайғысын көп тартқан үлкендер қашанда отбасына соғыс болмасын деп соңғыларға бейбітшілікті аманаттап отырады. Сондықтан мәселені соғыспен емес, келісіммен шешуге жиі ұмтылатынымыз осыдан.

Өкінішке қарай, адамдар соғыс қатерінің өркениетке орасан үлкен шығын, адам денсаулығына қатер, ортаның бүлінуіне қауіп әкелетінін толық біледі. Дей тұрғанмен, тағы да әлемде соғыс өрті басылмай тұр. Әлем елдері күннен-күнге өркендеп, ғылыми жаңалықтарды игерген заманда соғыс түрлі елдердің құлдырауына себепкер болуда. Шиленіс күшейген елдерде денсаулық сақтау саласы кенжелеп, медициналық қызметке зәрулік артты. Жарылған снарядтар, қолданылған қарулардың зардабынан себебі анықталмаған ауру-сырқау саны артып кеткен. Бүлінген ғимараттар, өртелген, шағылған, қиратылған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштердің санында есеп жоқ. Осының бәрі айналып келгенде қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзып, жер шарының бүлінуіне, табиғи ресурстардың шығындалуына әкеледі. Оны күнделікті өмірде көріп, сезіп, біліп жүрміз.

Қысқасы, халықаралық экологиялық ұйымдар соғыс мәселесіне қатты алаңдаушылық білдіруде. Себебі, соғыс қысқа уақытта бейбіт жолмен тоқтамаса, адам, қаржы, экономикалық шығынмен қатар адам баласының өміріне ауыр қауіп төндіретін экологиялық апаттар сөзсіз орын алуы мүмкін. Мысалы, 1986 жылы болған Чернобыль апатын жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Бейбіт күннің өзінде сол апатты ауыздықтау үшін қаншама шығын болғанын бәріміз білеміз. Соғыста қолданылатын химиялық, биологиялық қарулар ауаны ластап қоймай, жер шарындағы тепе-теңдңктң бұзады. Қалай десек те,  соғыс экологиялық жағдайға қатер төндіреді. Әрине, қираған үйлер қайта жасалып, бүлінген дүние қалпына келер, өлген адамдардың да қайғысы бірте-бірте ұмытылар. Ал ғылымның жеткен жетістігі тосқауыл бола алмайтын экологиялық қатерлер орын алса, оның зардабы жақын арада жойыла қоймайды.

Біз жекебастың жалған намысы үшін адамзаттың болашағымен есептеспей отырмыз. Бұл дәуір кез келген мәселені қарумен емес, келісіммен шешетін кезең екенін ұмытпайық.

Қажет Андас

«Q-Andas» ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 36
Қоршаған орта

«OMIR» жүйесінің артықшылығы

November 20, 2025
Қала көркі – еңбекте: тазалық сақшыларымен бір күн
Қоршаған орта

Қала көркі – еңбекте: тазалық сақшыларымен бір күн

November 30, 2025
Қауіп аз, бірақ сақтық керек
Қоршаған орта

Қауіп аз, бірақ сақтық керек

November 4, 2025
Таза сана – Таза қала: Jetisu өңірінің экологиялық мәдениеті
Қоршаған орта

Таза сана – Таза қала: Jetisu өңірінің экологиялық мәдениеті

November 4, 2025
Экологиялық жауапкершілік пен жасыл даму
Қоршаған орта

Экологиялық жауапкершілік пен жасыл даму

December 2, 2025
Жаһандық жылынудың Қазақстанға әсері
Қоршаған орта

Жаһандық жылынудың Қазақстанға әсері

September 24, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz