Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қоршаған орта

Жаһандық жылынудың Қазақстанға әсері

admin
2025/09/24
Қоршаған орта
0
Жаһандық жылынудың Қазақстанға әсері

Жылдан-жылға жер бетінде экологиялық ахуал нашарлап, техногендік апат салдары артуда. Соңғы кезде сарапшылар жер бетіндегі климат өзгерісінің адам денсаулығына әсері күшейіп отырғанын жиі айтып жүр. Ғаламдық өзгерістердің салдары Қазақстанда да анық сезіле бастады. Бүгінгі таңда табиғаттың тосынсыйларына қалай дайындалу қажет және қайткенде денсаулығымызды сақтап қаламыз, қоршаған ортадағы өзгерістер бағытында қандай шаралар қолға алынып жатыр деген сауал әркімді толғандыруда.

Ға­лымдардың зерттеуі көрсет­кендей, 1980 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8°С көтерілді. Егер зерделеп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытпен тұспа-тұс келеді. Ғалымдар арасында климат­тың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы тұжырымы климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиян­ды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады. Осыған байланысты әлемдік ғылыми зерттеудің ба­ғытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару­ болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, та­би­ғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуші ауылшаруашы­лығына тікелей байланысты. Демек, бұл тақырып ауыл және мал шаруашылығымен айналысатын біздің еліміз үшін де маңызды.

Климат өзгерісінің Қазақстанға әсері қандай дегенге нақты тоқталар болсақ, мәселен, соңғы он жылда еліміздегі орташа ауа температурасы жоғарылады. Ғалымдардың болжамынша, алдағы бірнеше онжылдықта да температура көтеріліп отырады. Сонымен қатар, соңғы жылдары толқынды немесе «аптап толқыны» деп аталатын күндер көбейіп кетті. Яғни, бірнеше күн бойы күн қатты ысиды. Жылдың жаз мезгілдерінде осындай ыстық күндердің көбейгені биыл да анық байқалды.  Егер облыстың осы бір айдағы ауа райының өзгерісіне қарайтын болсақ, күндіз қапырық ыстық бет қаратпаса, түнде суық ауа тым төмендейді.

Оған табиғаттағы экстремалды құбылыстарды қосыңыз. Бұл дегеніңіз – сел мен көшкін тудыратын нөсер жауындар, су тасқыны. Аталған табиғат құбылыстарының бәрі климаттың өзгерісі және адам денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіруде. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, жылдың жылы маусымында күннің бір градусқа ысуы цереброваскулярлық аурулардың артуына түрткі болады. Бұл жерде ми аурулары туралы айтылып отыр. Медициналық тілмен айтсақ, мидағы қан айналысы бұзылып, церебралдық қан тамырлары патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Ал мидағы қан айналысының бұзылуынан болатын аурулардан көз жұму көрсеткіші жүректің ишемиялық сырқатынан кейін екінші орында тұр. Сонымен қатар, климат өзгерісі су мен ауаның қауіпсіздігіне де әсер етеді. Ал су мен ауаның адам денсаулығы үшін маңызды дүниелер екендігін ешкім де жоққа шығармайды. Атап айтсақ, климат өзгерісі Қазақстан үшін су тапшылығы проблемасын тудыруы мүмкін. Су ресурстарына зиян келсе, ауылшаруашылығы өндірісінің тепе-теңдігі бұзылады. Ал бұл халықтың денсаулығы мен тұрмысына ықпал етпей қоймайды.

Еуроодақтың мәліметіне сәйкес, әр адам жылына табиғатқа 5 тонна зиянды қалдық таратады. Ауаға көмірқышқыл газының көп таралуы ең алдымен адамзаттың мұнай мен көмір өнімдерін үнемі пайдалануына байланысты. Мысалы, тек Қазақстанда 87 млн. тонна мұнай электр энергиясын өндіруге жұмсалады. Өкінішке қарай, алпауыт елдер баламалы қуат көздеріне көшуге асықпайды. Ал дамушы елдердің экономикалық әрі қаржылық мүмкіндігі шектеулі.

Срапшылардың айтуынша, қоршаған ортаны жақсарту жұмысында істен сөз көп. Жергілікті атқарушы органдар көп жағдайда қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге құлшыныс танытпайды. Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын қазақстандық денсаулық сақтау жүйесін климат өзгерістеріне бейімдеудің  іс-шаралар жоспарын бекітеді. Бұл жоспар негізінде денсаулық сақтаудың экологиялық жағынан қауіпсіз жүйесін құруға, оның кадрлық және ғылыми әлеуетін нығайтуға, қоршаған орта мен климат өзгерісінің халық денсаулығына кері әсерін болдырмауға бағытталған шаралар атқарылмақ. Жоспарда аталған мәселеге қатысты халықтың түсінігін арттырып, ақпарат тарату көзделген. Оған қоса, құжат негізінде «нобайлы» медициналық ұйымдардың энергиялық тиімділігін бағалау, медициналық мекемелердің экстремалды ауа райына төзімділігін сараптау жоспарланған. Жоспар бойынша халықты климат өзгерісі әсерінен қорғау үшін денсаулық сақтау орындары ауылшаруашылығы, су ресурстары сынды өзге де мекемелермен қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.

Бүгінгі таңда Қазақстанда бірқатар бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, қазір шөлейттенуге қарсы күрес бағдарламасы қолға алынды. Елімізде аймақты көгалдандыруға арналған «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына ерекше мән беріледі. Бұл бағдарламаның маңыздылығы да осында. Сонымен қатар, ауылдарды дамыту бағдарламасы, «жасыл экономикаға» өтудің ұзақмерзімдік стратегиясы әзірленуде. Болашақтағы және қазіргі күнгі қауіп-қатерлерге жауап беретін бұл бағдарламада климат өзгерісіне бейімделу шаралары қамтылған.

Қазақстан климаты құбылмалы. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, елімізде қыста минус 40 градус, жазда плюс 40 градус болады. Бұл, әрине, адам ағзасына әсер етпей қоймайды. Қазір елімізде ауаның ластану деңгейі жоғары болып отыр. Тағы бір айта кететін жайт, қала мен қала сыртындағы жайма базарлардың айналасы лас қоқысқа, әртүрлі тұрмыстық қалдықтарға толы. Осылай ауаның ластануына жол бермес үшін әр жерде шашылып жатқан қоқысты жинап, оларды өңдеп, пайдаға асыру керек. Ол үшін шет мемлекеттердің жобасымен қоқыс өдейтін зауыт салсақ ұтылмаймыз.

Әлемде 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико, 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Лондон, Ыстамбұл, Токио мен Мәскеу сияқты қалалар бар. Олардың  экология мәселесі азырақ. Мәселен, 90 жылдардың ортасында Шанхайдың ортасынан ағып жатқан Сучжоу өзені өлі өзенге айналып, осы қаланың басшысы өзенді «Шанхайдың соры» деп атаған екен. Қалалықтар қоршаған ортаны күн сайын 10 мың тонналық қоқысқа көмген. Кейінгі жылдары Шанхай әлемдегі ең таза қалалардың біріне айналды. Егер Қазақстан қалаларының арасында осындай шаралар қолға алынса, Алматы, Өскемен, Қарағанды сияқты экологиялық қасіретке қанық қалалардың басшылығы мәселенің мәнісін ертерек түсінер еді.

Әлемдегі таза қалалардың қатарына Еуропа елді мекендерін қосуға болады. Мұнда қала тұрғындарының өтініштері жерде қалмайды. Мәселен, Германиядағы Майн өзенінің жағасында орналасқан Франкфурт қаласының ауасы тазалығы жағынан тау ауасымен қатарлас. Онда экологиялық көшелер бар. Кәдімгі тас көшені қопарып тастап, тал отырғызып, гүл егіп, үлкен аллеяға айналдырған. Қалалықтардың талабымен тағы да бірнеше көше «экологиялық көшеге» айналу үстінде.

Біз Алматы қаласын кесіп ағатын Есентай өзенін тазалай алмай отырмыз. Тіпті, қаладан жыл сайын шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтардың өзін кәдеге жарату ісі өз деңгейінде жүзеге аспай келеді. Осының салдарына елді мекендердегі қоқыс палигонына жинақталған миллиондаған тонна қалдық адамды алаңдататын деңгейге жетті. Тіпті, олардан бөлініп шыққан улы газ ортаны ластап қоймай, ауадағы көмірқышқыл газының мөлшерін арттырып, климаттың өзгеруін жеделдете түсті. Бұл Алматы қаласын айнала орналасқан облысымыздың елді мекендеріне де үлкен қауіп төндіруде.

Қордаланған бұл мәселенің түйінін тарқатудың бір жолы ретінде сарапшылар қоғамдық ұйымдардың жұмысын белсенді етуді атап отыр. Өйткені, кейбіреулер айтып жүргендей, бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты үйлестіретін арнайы министрлік не агенттіктің жоқтығынан емес, заңнаманың орындалуын бақылаудың әлсіздігінен. Қарапайым халық қана емес, экология саласындағы мекемелер мен ұйымдардың өзі кейде өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезіне алмай жатады. Табиғатты ластау мен өзге де зиянды әрекеттерді көрсе де, оның алдын алуға немесе жоюға белсенділік танытпайды. Сондықтан жыл өткен сайын орын алатын табиғи апаттардың саны артып, күрделене түсуде.

Иә, қалай айтсақ та, климаттағы өзгеріс бүгінгі күннің басты тақырыбына айналып үлгерді. Ол экологиямен шектелмей, әлеуметтік жағдайға, экономикалық өсімге, денсаулық, тағы да басқа салаға орасан зор ықпал етеді. Сондықтан осы апаттың алдын алудың түрлі жолдарын ертерек қарастырған абзал. Соған орай Қазақстан мемлекеті де әлем елдерінің оң тәжірибелерін барынша пайдалануға мәжбүр. «Таза Өазаөстанға» көшудің маңызды бір қадамы – қоқыс өңдеу, жел энергетикасы, қуат көзін үнемдеу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жөнінде біршама жұмыстар атқару. Бұл бағытта жұмыстар қолға алына бастады. Оны келесі жазбамызда талқылайтын боламыз.

Қажет Андас,

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 44
Қоршаған орта

«OMIR» жүйесінің артықшылығы

November 20, 2025
Қала көркі – еңбекте: тазалық сақшыларымен бір күн
Қоршаған орта

Қала көркі – еңбекте: тазалық сақшыларымен бір күн

November 30, 2025
Қауіп аз, бірақ сақтық керек
Қоршаған орта

Қауіп аз, бірақ сақтық керек

November 4, 2025
Таза сана – Таза қала: Jetisu өңірінің экологиялық мәдениеті
Қоршаған орта

Таза сана – Таза қала: Jetisu өңірінің экологиялық мәдениеті

November 4, 2025
Экологиялық жауапкершілік пен жасыл даму
Қоршаған орта

Экологиялық жауапкершілік пен жасыл даму

December 2, 2025
Соғыс және экология
Қоршаған орта

Соғыс және экология

September 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz