Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Сусарқанның өтірік әңгімелері: 4-бөлім

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Сусарқанның өтірік әңгімелері: 4-бөлім

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ

Басы:  – Халқымызда: «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – төрт саулық» деген мақал бар ғой. Аузыңды аққа жарытатын да, тақымыңды толтырып шаршатпайтын да сиыр түлігі ғой. Отбасының анау-мынау ұсақ шаруасына, мал бағып, қой қайыруға табылмайтын тарғыл өгізім бар еді.  Өзі де мал біткеннің жайлысы еді. Шаңырақтай мүйізі мен сала құлаш құлағының арасына бір қотан қой сыйып кететін. Жұмысқа көп жегілгендіктен танауының да тесігі үңірейіп кеткен болатын.

Бір жылы қыс қатты қысты да мал біткен көктемге жұтап шықты. Тарғыл өгізде сңіріне ілініп әрең шыққан кейін жаным ашып, жайлауға ерте шығарып жібердім.

Араға жарты ай салып жайлауға көшіп келген соң отын-су әкелейін деп тарғыл өгізді ұстап, ерттеп жатыр едім. Танауына әлдебірдемелер ұшып кіріп, ұшып шығып жатқанын байқап қалдым.

Анықтап қарасам, әлгі ұшып жүргендер қарлығаштың балапандары екен. Міне, қызық тарғыл өгіздің мүйізі мен құлағының ортасына қарлығаш ұя салып алған екен.

 

АЛҚАШ  ҚОШҚАР

Бір жылы ауылдық үкімет көктеулікке қора-қопсысымен екі бөлмелі үй тұрғызып,нәсілді қошқарларды сонда бағуды тапсырды.

Көктеулік ауылдан алыста орналасқан. Оның үстіне оның маңында ағын су жоқ болатын. Басында көлікпен су тасып беріп жүрдім. Бірақ суға қанбаған қошқарлар жатып алып орнынан тұрмайтынды шығарды. Сосын тау сағасындағы өзенге суғаруға апарып едім. Оған жақын отырған қойшы ауылдың  қойларына жүгіріп, әбден шұрқанды шығарады.

Ол кезде аракідік арақ ішіп қоятынмын. Бір күні шөлден кенезесі кеуіп тұрған бір қошқардың аузына арақтан азырақ тамызып едім шөлі қанып, сеғргіп шыға келді. Содан бастап, күнде қошқарлардың аузына азырақ арақ тамызып қоямын да жайланып жата беретін болдым.

Сондай күндердің бірінде ауылдың мал дәрігері қошқарлардың спермасын алып, облыс орталығындағы зертханаға әкетті. Арада бір жеті өткенде аймақтың басшылары бар, газеттің тілшідері бар бір топ адам сау етіп келе қалды. Басында бірдеме бүлдіріп қойдым ба деп алаңдап едім. Сөйтсем, мен баққан қошқарлардың спермасы әлемде бұған дейін болмаған жаңа сорт болып тұрақтасыпты.

Басшылар істің жайін түсіндіріп, тілші жанымды қоймай сұрақтың астына алды:

  • Сіз қошқарларға қандай азықтық беріп, қай өзеннің суымен суғандыңыз, – деп неше түрлі сұрақ сұрады.
  • Арақпен суғарып едім, – дедім ұялап.

Ертесі облыстық газетте: «Қошқарларды арақпен суғарған Сусарқанның тәжірибелері» деген көлемді мақал жарияланды. Кейін естісем Австралия деген жердегі қойшылар қошқарларын арақпен суғарады екен.

 

ҚОРҚАУ

Бір жылы күз мезгілі Күнес өзенінің бойында атымды арқандап қойып, ер-тоқымымды жастанып жатып ұйықтап кеткен екенмін. Шылдырлаған бір заттың үні құлағыма келіп, оян келсем өзенді бойлап, бір қашырға мініп, қоржын толы жүгі бар енді бірін жетегіне алған бір саудагер әндетіп келе жатыр екен. Ішіме құлық кіре қалды да шешініп тастап, өзеннің бойындағы қара балшыққа әбден аунап, артынан қуып жетіп, білдірмей жетегіндегі қашырын босаып, оның ноқтасын мойныма тағып, үнсіз ілесіп отырдым.

Жетектен босаған қашыр әбден ашыққан екен сол жерде жайылып қала берді. Саудегірім де әбден шаршаған сияқты бір қырды асқанша білген соң. Енді ұзай беремін бе деп ойладым да ноқтаны қаттырақ тартып қалым едім саудегер жалт қарады. Аузымды арандай ашып, бет-ауызымды тыржыңдатып, қол-аяғымды ербеңдетіп едім. Тізгінді тастай салып тұра қашты.

Аяңдап артта қалған қашырға келіп, ұстап алдым да үйге әкеліп қоржын толы шапан-шекпен, мата, кілем сияқты заттарды түсіріп алдым.

Біпнеше күн өткен соң ауылда өткен жәрмеңкеге барсам дүйіп ел: «Сыдық ахунның қашырын қорқау жеп, өзін жемек болғанда қашып құтылыпты. Өзенде қорқау бар екен», – деп шұлап жүргенін естідім.

 

ҰЗЫН МОЙЫН ТЫРНА

Бір жылы Өрікті аралдағы баталбектің үйіне қонаққа бардым. Тамақ ішіліп, әңгіменің қызығында отырып, түн жарымы болғанын білмей қалдық. Ұйықтайтын уақыт болып, атымды арқандап қояиын деп далаға шықтым.

Баталбек үйдің өзен жақ тұсында қазық бар деген соң солай беттедім. Түн қараңғы болғандықтан айналадағы ешнәрсе көрінбейді. Сипалап жүріп, қазықты таптым да атты арқандап, ұйықтап қалдым.

Таңертең тұрсам арқандаған жерінде атым көрінбейді. Ары-бері іздеп жүріп, Күнес өзенінің бойында тұрған атты көзім шалды. Жанына барсам ат пен бір аққу қосақталып жүр екен. Түнде қазық деп арқанды байлағаным аққудың мойны екен. Аққуды босатып қоя бердім де атты алып қайттым.

Келесі жылы сол маңнан біреулер аққу басты, ат денелі ғажайып мақұлықты көргенін айтып жүрді.

 

МҰЗҒА ҚАТҚАН ҰШАҚ

Бір жылы қыс мезгілі болатын. Күнес өзеніне мұз қатып, мұзды ойып, ат сұғарып жүретінбіз. Бір күні мұзды балтамен ойып жатқанымда мұз жарылып, суға түстім де кеттім. Ағынды су ағыза жөнелді. Астым су, үстім мұз. Күннің көзі көрінбейді. Ағып келемін, ағып келемін. Жан-жағымды қарманып шығатын жарық іздеймін. Қанша күн аққанымды білмеймін бір уақытта жылтыраған жарық көрінді. Жанталасып соған қарай жүзе жөнелдім. Бақытыма мұздың жарығы кездесіп, жер бетіне шықтым-ау. Есім аударылып кеткен екен. Бір есінеп жіберіп, көзімді ашсам анадай жерде бір тішұшақ су құйып алуға түсіп, мұзға қатып, шаға алмай жатыр екен. Белімдегі қайыс белдігімнің бір ұшын ұшаққа байлап, ырғап-ырғап тартып қалып едім ұшақ ұша жөнелді. Мен салақтап бірге ұшып келемін. Көп уақыт ұшты. Бір кезде төмен қарасам көк атым Күнес өзенінің бойында жайылып жүр екен. Пышағымды алып, белдікті қиып жібердім. Төмен қарай ұшып отырып көк аттың үстіне келіп бірақ түстім.

Үйге келсем, ауыл біткен абыр-сабыр, мен суға ағып өлді деп көне шекпенімді арулап көміп, жетілік нәзірімді беруге дайындалып жатыр екен. Өлгені тіріліп келгендей қуанды. Кенже інім мойныма орала түсті:

– Сіздің нәзіріңізді бермекке елді шықырып қойып едік, енді қайттық, – деп дағдарды.

– Халқымызда: «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деген сөз бар. «Кебенек кигеннің нәзірі» деп өткізе беріңдер, – дедім.

Нәзірге көп ел жиналды. Оған Сәбеттің Сталин деген бастығы да келді. Мен құтқарған ұшақ соның ұшағы екен. Әсілінде, мен Күнес өзенінен мұзға түсіп кеткеннен Балқаш көлінен бір-ақ шығыппын. Оның ұшағы Үрімжіге бара жатып Балқаш көлінен су құйып алмақшы болып қонғанда мұзға қатып, маған кез болыпты. Маған алғысын білдіріп, кеудеме жарқыратып медаль тағып кетті.

 

АУҒА ТҮСКЕН АНАЯТ

Жас кезімізде Күнес өзенінен талай балық ауладық.  Кешке барып, ауымызды өзенге құрып тастап, ертесі таңертең ауға түскен балықты жинап алып қайтатынбыз.

Бір күні ауды тексеріп қайтайын деп өзенге бардым. Ауды тартсам шамам жетпейді. Содан көк атқа қарғып мініп, тақымға бастым да сүйрей жөнелдім. Аумен бірге құжынаған балық және бір адам сүзіліп су бетіне шықты. Балықтар тірі, әлгі адам талықсып қалған екен. Аяғын арқанға байлап терекке асып қойдым. Аузынан бір сағат сарылдап су ақты. Есін жиып, басын көтергенде қарасам өзімнің құрдасым Анаят екен.  Түнде балық аулауға шығып, байқамай ауға түсіп қалыпты.

Есін жиып, мені көргенде қуанып кетті де:

– Аудағы балықтарыңды маған берсең қайтеді. Үйге балық аулап келдім деп мақтанып барайын, – деді өтініп.

Айтқанына келісіп, аудағы балықтың бәрін соған беріп, жолға салдым.

 

МАТАЛҒАН ТЕКЕ

Бірде Жасылкөл жайлауына жұмыс бабымен бара жатып, жол бойындағы қалың қарағайлы алқапта мүйіздері айқасып қалған  екі еліктің текесіне кездестім. Аттан түсіп, қастарына барсам қозғалатын түрі жоқ. Қалш-қалш етеді. Мені көріп, үміттеніп жалтақ-жалтақ қарай береді. Ойларын біліп тұрмын:

Қайсымызға көмектесер екен,  –  деп тұрғаны белгілі.

Көңіліме бір құлық кіре қалды да аттың шылбырын шешіп алып, маңдайларына жосадан белгі салып, мүйізін ажыратып алды-алдына қоя бердім.

Келесі жылы сол маңдағы елік біткен  қасқа маңдайлы лақ туыпты деп естідім.

 

БҰҒЫНЫҢ МҮЙІЗІ

Шақпы жайлауының Көксай жайлауында отыратын жиенім қайта-қайта қонаққа шақыра берген соң бір күні көк атымды ерттеп мініп, сол жаққа жолға шықтым. Жол бойында Ағаш оба деген асу бар еді. Соған жеткенде көк атым шаршап қалды да біраз дем алып, атымды жайып алғым келді. Бір имек шетеннің астына өте бергенімде аттың аяғының асты саңғыр-сұңғыр ете қалды.

Аттан түсіп, сәп салып қарасам шетеннің түбі үлкен қуыс екен де іші толған бұғының мүйізі. «Байлыққа белшеден бату» деген осы болса керек. Мүйізі қышыған бұғылар осы жерге келіп, шетенге сүйкеніп, мүйізін тастап кете береді екен.

Қуыстың аузын ағашпен жауыптүк білмегендей болып жиенімнің үйіне бардым. Ол үйде бірнеше күн қонақ болып, қайтарымды отын арта кетейін деп үлкен қара өгізін сұрап алып, мүйіз тыққан жерге келіп, өгіз көтергенше мүйіз артып, ауылға оралдым.

Үйге келген соң санасам тұп-тұра отыз екі пар мүйіз шықты. Қашқардан келген бір танысыма түгелімен сатып, ақшаға қарық болып қалдым.

Кейінгі жылдары да сол қуыстан оншақты жұп мүйіз алып, сатып жүрдім. Бір жылы жер көшкін болып, әлгі қуыс бітеліп, шетен құлап қалды. Содан бері жағдайым болмай жүр.

 

НАСЫБАЙ АТАТЫН ЖЫЛАН

Жазғы шөп шабу науқаны қызып тұрған кез еді. Біз шабатын аумақта бір үлкен терек болатын. Күнде түсте сол теректің көлеңкесіне жантайып, біраз уақыт тынығып алушы едім.

Бір күні түсте теректің көлеңкесінде мызғап кеткен екенмін денеме мұздай суық нәрсе тигендей болды. Ояна келсем, жуандығы жеңді білектей сары шыбар жылан кеудеме оралып, басын ортасынан шығарып, ысылдап тұр екен. Қапелімде қайтерімді біле алмай сасып қалдым. Қимылдасам шағып алайын деп тұр.

Сосын ернімдегі насыбайдан азырақ алып жыланның аузына салып жібердім. Біраздан кейін әлгі шыбар жылан мас болып, сылқ етіп құлап түсті.

 

ҚАШАҒАН ЕЛІК

Көк аттың дөнен шығар кезі. Жайлауда ел аралап, сауық-сайран құрып жүрген болатынбыз. Бір күні бірнеше жолдасыммен көрші ауылдағы тана тағу тойына бара жатқанбыз. Арамызда балуаны бар, мергені бар ыңғпй ығай мен сығай жігіттер жүйрік, жарау аттармен қызына шапқылап келе жатқанбыз.  Бір белден асқанда алдымыздан қысыр емген тайдай үлкен бір елік қаша жөнелді. Желігіп алған жігіттер тұра қудық. Қолымызда қамшыдан басқа құралымыз жоқ. Қуып жетіп ұстаудан басқа амалымыз жоқ.

Қозы көш жерге дейін қуып барып, артыма қарасам жолдастарым көрінбейді. Елік қамшы салым жерде қашып барады. Терістік жақта қалың орманды алқап бар еді. Елік соған қарай бұрыла қашты. Көк дөненнің тақымын қысып қалып едім жануар оқтай зулады. Елік пен ат қатарласа берді. Мен де шапшандық танытып, елікті құлақтан алдым да алдыңғы аяғын өзеңгі баудан өткізіп жіберіп, артқы аяғынан алып, көтеріп әкеп алдыма өңгеріп алдым. Жануардың серпіні қатты екен. Көк дөнен теңселіп, теңселіп барып тоқтады. Сосын артқа қарай аяңдадым. Сапарластарыммен орта жолда кездестім. Олардың аттары бұрығып, жүре алмай қалған екен. Содан бастап елдер көк дөненді «Торғай көк» атап кетті.

 

СЫҢАР МҮЙІЗ

Жас кезім еді. Қасымда бірнеше жігіт бар Көк сайды өрлеп келе жатқанбыз. Менің айналама көз салып, анаған, мынаған таңырқап жүретін қырағы шағым. Бір уақытта көзіме сайдың табанында жатқан жығылған қайың секілді бұғы мүйізін көзім шалып қалды. Қасымдағыларға мұны айтсам:

– Сусеке, сіздің көзіңізге жығылған қарағайларда бұғының мүйізі болып көрінетін болған ба? – деп мазақтай жөнелді.

Мен де айтқанымнан қайтпай тұрып алдым. Ақыры барып көруге келісіп солай бұрылдық.

Сізге өтірік, маған шын. Кескен теректей қырық екі сала бұғы мүйізі екен. Алдыға өңгеріп алғанмен аттың белі көтермейтін болды да арқанмен байлап қос атпен сүйреп, аудандық дәрі серіктігіне алып келдік. Серіктіктің бастығы Сылқымбай мүйізді көріп, есінен танып қала жаздады. Әлдекімдерге тедефон шалып әбігер болды да қалды. Жанана жан жуытпайтын тістеуік адам еді. Маған бәйек болып жүр:

– Қазір мамандар келеді. Шаршадыңыз ғой, – деп алдыма мәнті дегенді үйіп тастады.

Бір кезде жалбыр шаштысы бар, көз әйнек таққаны бар бір топ адам сау етіп жетіп келді.

Әлгілер менен мүйізді қайдан тапқанымды, ол жердің мекен-жайын, жағдайын, өзенін, тауын, орманын, топырағын, шөбін, қысқасы, ине сабақ, жібіне дейін сұрады. Жарқылдатып суретке түсіріп жатты. Сұрақтарына қиналмай жауап бердім. Бәрін қағазға жазып, астына қолымды қойдырып алды.

Сосын әлгілер әлде кімдерментелефон арқылы  жабырласып сөйлесті де:

– Жоғары жақ осы мүйіздің енді бір сыңарын табуды тапсырды, – деді маған.

Содан алажаздай Ақөзен жайлауын аралап, әлгі мүйізді таба алмадым.

Бір күні Мейірманның үйінде түстеніп отырғанымда радиодан халықаралық хабар беріліп жатыр екен. Әлгі мен іздеп жүрген мүйіз Жапонияның Түкті рала деген жерінен табылыпты. Хабардың соңында: «Осындай мүйіздің тағы бір сыңарын Күнестегі Сусарқан деген кісі осыдан екі ай бұрын тауып еді. Енді осы мүйізді көтеріп жүрген бұғыны табуымыз керек», – дегенін естіп, төбем көкке бір елі жетпей қалды.

Бұйыртса енді біраз демалып алып сол бұғыны іздеуге шығамын.

 

КӨК ДӨНЕН ШЫҚҚАН ТЕРЕК

Бір күні кешке қарай көк дөненді тұсап қоя бердім де ұйқыға кеттім. Таңертең ояна келсем күнде жайылып жүретін жерінде көк дөненім көрінбейді. Ары жүгірдім, бері жүгірдім. «Ат жершіл келеді» деп үлкендер айтушы еді. Кеңсудағы нағашыларым берген болатын сол жаққа кетіп қалған шығар деп ойлап қоямын.

Сөйтіп жүргенде көршіміз Мамила кездесе қалды:

  • Түнде осы арадан қасқыр ұлып шығып еді, – деп тіпті шошытты.

– Қайран көк дөненім қайсы қасқырдың апанында ішек-қарның шашылып жатыр екенсің, – деп зарлап келе жатқанымда көк дөненнің кісінеген үні естілді.

Жан-жағыма қарасам көрінбейді. Төбеме қарасам, байқұс көк дөнен қасқырдан қорқып, терекке шығып кеткен екен. Аяғы тұсаулы олған соң түсе алмай тұрыпты. Тұсауын шешіп едім, қарғып жерге түсті.

Кейін елдер сол теректі «Көк дөнен шыққан терек» деп атап кетті.

 

ҚҰМАЙДЫҢ ӨТІ

Мыңбек деген көршіміз ауыр науқасқа шалдығып, дәрігерлер: «құмайдың өтін ішсе жазылады» деп диягноз қойыпты. Бір күні мені іздеп келіп:

– Желмен жарысқан топай көгің бар құмайдың өтін әкеліп берсең, – деп жалынды.

– Қасен мергенге айтпадыңыз ба, бір емес, бірнешеуін атып әкеліп береді ғой, – деп едім.

– Құмайды атып өлтірсе, болмаса қанатынан, құйрығынан, аяғынан ұстаса өтін төгіп жібереді екен. Тек басы мен мойнынан ұстап тірідей әкелсе ғана өтін құйып алуға болады екен, – деді.

– Жарайды, – деп уәде бердім де топай көкті ерттеп мініп, тауға қарай беттедім.

Жаңбыр жауып күн жаңадан ашылған кез еді. Қоңыр дөңнің үстіне шыға келгенімде бір жемтікке үймелеп тұрған қалың құмайды көзім шалып қалды.

Топай көктің құлағына:

  • Құмайлар жерден көтерілгенше басарсың, – деп сыбырладым.

Ол да біле қойды.

Топай көк құйындай ұшып келеді. Құмайлар көтеріліп ұшқанша бізде жеттік. Бір қолыма біреуінің басы, енді бір қолыма тағы біреуінің мойны ілінді. Екеуін далбырлатып, ауылға қарай шаптым. Көршім де мені тағатсыздана күтіп тұр екен. Келе сала құмайдың басын өрге қаратып тұрып бауыздап, өтін көршімнің аузына құйып жібердім. Ертесі ауруынан құлан таза айығып кетті.

 

ҰШАҚ ӨТЕТІН КӨПІР

Шақпы өзенінің бойындағы Дағыты деген жерде бір үйде қымыз ішіп отырғанбыз. Бір уақытта даладағы балалар ұлап-шұлап кетті. Не болғанын білмек болып далаға шықсақ бір тік ұшақ шақпы өзенін айналып ұшып жүр екен. Біздің тұсымызға ұшып келді де айналып-айналып артына қайтты.

– Сусеке мұнысы несі? – деп менен сұрайды.

Аңқау ел малдың жайын білгенмен аспанда ұшып жүрген терімдің сырын қайдан білсін:

  • Шақпы өзенінде өткел болмаған соң өте алмай қайта қайтып кеткені ғой, – деп түсіндірдім.

Келесі жылы сол жерге барсам елдер жиналып Шақпы өзеніне көпір салып жатыр екен. Мұның себебін сұрасам:

– Былтырғы ұшақ тағы келіп өзеннен өте алмай кетсе бізге ұят болады ғой көпір салып қояйық, – деп шұласты.

 

ҚАМШЫ ІЛГЕН ҚҰР

Бір жылы Ағаш оба  асуымен өрлеп келе жатыр едім екі-үш құр алдымнан жүгіріп өте шықты. Біреуін ұрып алайын деп қамшымды екі бүктеп, салып қалып едім. Қамшының бүлдіргесі үзылып, құрдың мойнына ілініп қалды. Құрға да жан керек екен жанұшырып ұша жөнелді. Разбек бақсыға жолын беріп, өрдірген қамшым еді ішім ашып қалды.

Келесі жылы әлгі жерден өрлеп келе жатсам бір топ құр пыр етіп ұша жөнелді. Қарасам әрбірінің мойнында бірден қамшы ілініп жүр.

Мұны ақсақалдарға айтып, кеңес сұрап едім:

– Қамшының қасиеті құрға дарыған екен, – деп түсіндірді.

Кейін бұл құрлар бұл маңнан көрінбей кетті. Бір күні теледидардан Африканың «Хайуанаттар әлемі» деген бағдарламасын көріп отыр едім. Бір уақытта мойнына қамшы ілген қалың құр экранға шыға келді.

  • Мынау менің қамшым ғой, – деп айғайлап жіберіппін.

Бір тілші үлкен құрдың мойнындағы қамшыны көтеріп тұрып.

– Мұндай мойнына қамшы ілген құрлар біздің аймаққа келгелі екі жыл болды. Ғалымдар зерттей келіп, қамшы Күнестегі Сусарқан деген адамдыкі екенін анықтады, – деп таныстырды.

 

Біз де баламыз ғой. Сусарқанның айтқанын шынайы тұрғысында қабылдайтынбыз. Бірақ өсе келе оның айтқандарына сенбейтін болдық. Сондықтан оның өтіріктерін көбін ұмытып кеттік. Әкемнің айтуы бойынша, естелікке түсіргендерім осы болды. Мен тек осыларды Сусарқанның айтқаны бойынша қағазға түсірдім. Еш нәрсе қоспадым, еш нәрсе алмадым. Қазір ойласам, Сусарқан да ерекше бір қабілеттің болғаны анық. Әкем: «Күніне өтірік айтпаймын деген адам он ауыз өтірік айтады», – деп отырушы еді. Бірақ қанша өтіріктерді естіп жүрсек те, Сусарқанша қиыннан қиыстыратын бірді-бір адамды кездестірмедім.

Қымбатты, балалар, сендердің араларыңда да осындай ерекше қабілетті адамдар бар. Өтірікші болмаса да, ертекші, мақалшы, тағы да басқа да болып кездесуі мүмкін. Ыңғай келсе, олардың айтқанын естілкке алып қойыңдар. Бір күні ес қатады.

22 маусым 1992 жыл. Күнес, Аралтөбе ауылы.

 

Қажет АНДАС,

«Q-andas» ақпараттық агентігі.

Дереккөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1727342

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 50
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz