Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет ақпарат

Тағдыр тоғыстырған тағылым

Қаратал ауданының Бастөбе ауылында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс!» мемориалды кешені өткеннің ауыр шындығын бүгінгі ұрпаққа үнсіз ұқтырып тұрған тағылымды орын. Бұл ескерткіш саяси қуғын-сүргін жылдары Қиыр Шығыстан Қазақстанға еріксіз жер аударылған кәріс ұлтының азаматтарына арналған.

admin
2026/08/31
Қажет ақпарат
0
Тағдыр тоғыстырған тағылым

Тағдыр тәлкегімен туған жерінен айырылып, жат мекенге жеткізілген халықты қазақ даласы жатсынған жоқ. Қайта құшағын ашып, бір үзім нанын бөлісіп, бауырына басты. Сондықтан бұл кешен кәріс халқының қасіретті тарихын ғана емес, қазақ халқының кеңдігі мен мейірімін, адамдық пен бауырмалдықтың биік үлгісін айғақтайды.

Біз тағылымы мол кешенге журналистік сапармен барғанымызда, ескерткіш басына арнайы келген Қаратал ауданының тұрғыны Виктор Ивановичті кездестірдік. Ол ата-баба рухына тағзым етіп қана қоймай, өткен тарихты терең білетін көкірегі ояу азамат болып шықты. Кешен басында біз онымен зұлмат жылдардың зары, жер аударылған халықтардың тағдыры және қазақ жұртының бауырмалдығы жайында ой бөлістік.

– Бұл ескерткіш тек кәріс халқының ғана емес, барша Қазақстан халқының ортақ тарихын еске салатын қасиетті орын. 1937 жылы біздің ата-бабаларымыз туған жерінен еріксіз көшіріліп, қазақ даласына жеткізілді. Ол кезде қазақ халқының өзі де ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқан еді. Соған қарамастан, қазақтар жер аударылып келген жұртты жатсынбады, есігін ашты, нанын бөлісті, бауырына басты. Бүгінгі бейбіт өміріміз, ұрпағымыздың осы жерде еркін өсіп, білім алып, еңбек етіп жатқаны сол кеңпейіл қазақ халқының арқасы. Сондықтан біз үшін «Қазақ халқына мың алғыс!» деген сөз жай ғана атау емес, жүректен шыққан шынайы ризашылық. Бұл алғыс ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беруі керек, – деді Виктор Иванович.

Тарихи деректерге сүйенсек, 1937 жылы сталиндік қуғын-сүргін саясаты кезінде Қиыр Шығыстағы кәрістер күштеп жер аударылды. Бұл нәубет 1937 жылғы 21 тамызда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен БКП(б) Орталық комитетінің «Кәріс тұрғындарды Қиыр Шығыстан жер аудару туралы» қаулысынан кейін басталды. Қазақстанға барлығы 90 эшелонмен 20 789 отбасы, шамамен 98 мың кәріс жеткізілді. Олар Оңтүстік Қазақстанға, Үштөбеге, Солтүстік Қазақстанға және өзге өңірлерге орналастырылды.

Қасіретті жылдары қазақ халқы жер аударылып келген жұртты жатсынбай, бауырына басты. Аштық пен жоқшылыққа қарамастан, қолындағы нанын бөлісті. Сол адамдық пен бауырмалдықтың арқасында кәрістер қазақ жерінде тұрақтап, білім алып, еңбек етіп, Қазақстанның тең құқылы азаматтарына айналды.

Кешен жотаның баурайындағы зираттың іргесінен бой көтерген. Мұнда мәңгілік мекені Қазақстан топырағынан бұйырған кәріс азаматтарының рухы, депортация жылдарында жапа шеккен ұрпақ тағдыры және бүгінгі буынның бабаларын аман алып қалған қазақ халқына деген алғысы тоғысқан. Сондықтан бұл орын тұтас бір тағылымды кешенге айналған. Біз оны Қазақстан мен Корея арасындағы достықтың, тарихи жадының және кәріс халқының қазақ жұртына деген шынайы ризашылығының қасиетті белгісі ретінде қабылдадық.

Бастөбе ауылдық округінің бас маманы Ирина Цойдың айтуынша, бұл қасиетті орынға еліміздің әр өңірінен ғана емес, алыс-жақын шетелден де келушілер жиі ат басын бұрады. Сондықтан ауылдық округ тұрғындары кешен аумағының тазалығы мен күтіміне ерекше мән беріп, оны үнемі ретке келтіріп отырады. Мұнда ата-баба рухына тағзым етуге, тарихи жадыны жаңғыртуға арналған түрлі еске алу шаралары да тұрақты өткізіліп тұрады екен.

Қайтар жолда Қаратал аудандық өлкетану музейіне де арнайы бас сұқтық. Музей қорында депортация жылдарына қатысты көптеген құнды жәдігер сақталған. Әсіресе, бір залдың ашаршылық пен депортация тақырыбына арналуы көңілге ерекше әсер қалдырды. Онда еріксіз жер аударылған кәріс азаматтарының тағдырына қатысты деректер, архивтік мәліметтер, фотосуреттер мен тарихи құжаттар жинақталған.

Бұл залды аралаған адам өткеннің ауыр шындығын үнсіз сезінеді. Әрбір сурет, әрбір дерек туған жерінен айырылып, қазақ даласынан пана тапқан халықтың қасіреті мен қайратын қатар танытады. Сонымен бірге, бұл экспозиция қазақ халқының қиын кезеңде өзге жұртқа көрсеткен мейірімі мен бауырмалдығын да айқын аңғартады.

Кешегі қайғылы жылдар ел жадында ауыр кезең ретінде таңбаланып қалды. Алайда сол зұлматтың ішінде қазақ халқының кеңпейілділігі, адамдық болмысы мен бауырмалдығы айрықша көрінді. Жер аударылып келген жұртқа пана болған қазақ даласы ұлттар арасындағы береке-бірліктің, өзара құрмет пен татулықтың қасиетті мекеніне айналды. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл тарих ұмытылмас тағылым, ал қазақ халқына айтылар алғыс мәңгілік аманат болып қала береді.

Қажет Андас

Бастөбе ауылы,

Қаратал ауданы

Суретті түсірген Санат Бектұрғанов

Дереккөз: «Жетісу» газеті, №47, 30 сәуір, 2026.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 40
Өлке тарихы ұрпаққа аманат
Қажет ақпарат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026
ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»
Қажет ақпарат

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
Қажет ақпарат

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026
Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері
Конференция

Qandas.kz сайтындағы өлкетану мақалаларын ағылшын тіліне аудару негіздері

October 8, 2026
Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі
Қажет ақпарат

Қызылтіл зиягүл – Жетісу Алатауының сирек гүлі

September 30, 2026
Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы
Конференция

Жетісу мен Ертіс өңірінің археологиялық және сакралды мұрасы

September 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz