Талдыбұлақ шатқалының жартастағы суреттері Қаратал ауданының оңтүстік-шығысындағы Дауылбай тауының оңтүстік-батыс беткейіндегі «Талдыбұлақ» бұлағының бойындағы биіктігі 4-6 метрге жететін биік жартастарда шоғырланған. Ол Жылыбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында 8-10 шақырым қашықтықта орналасқан.
Суреттер негізінен бұғы, аң аулаған адам, жылқы, доңыз, мүйізді ірі қара, таутеке сияқты көптеген жабайы және үй жануарлары бейнеленген.
Жартастағы суреттерді зерттеген археолог ғалым З. С. Самашевтің зерттеулеріне сәйкес, Талдыбұлақ шатқалындағы бұғының бейнелері қола, сақ кезеңігне, таутеке түркі кезеңінде салынған суретердің қатарына жатады.
Өгіздер қола, сақ, түркі кезеңдерінде мекендеген адамдардың пайымдауынша алып күш иесін білдіреді.
Суреттердің адам көзінен таса биік жартаста бейнеленуі және кейбір суреттердің биіктігі 10-15, ұзындығының 25-30 см асуы, бұлақ бойында түркі қорғандары мен ежелгі қоныстпардың шоғырлануы қола, сақ, түркі кезеңдерінде ашықаспан астындағы ғибадатхана қызметін атқарғанын дәлелдейді.
Қажет АНДАС,
Өлкетанушы-журналист.
Екін ТОҚПАНОВ,
Өлкетанушы, География ғылымдарының кандидаты. І. Жансүгүров атындағы ЖУ Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері.
Талдыбұлақтағы жартас суреттері

























