Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Текебай, Мүсірбай, Бұлғынаяқ Әулиеден

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Текебай, Мүсірбай, Бұлғынаяқ Әулиеден

Атқа шапсаң қорықпай шап,

Сүйегің сынса Сәске бар.

Жұт жалмар деп қорықпа,

Бұлғынаяқтың кеңесін жаттап ал.

Дауға бермес Текебай,

Ажалға бермес Мүсірбай,

 

Бұлғынаяқ дүниеден өтер шағында:

Мен өлгенде мені бұл жерге қоймаңдар, – депті.

Ел оның себебін сұрағанда:

Мені қойған жерде жұт көп болады, – деген екен.

Кейін Бұлғынаяқ қайтыс болған соң жерлесе, сүйегін жер қойнынан шығарып тастапты. Бұл іс үш рет қайталанды. Содан кейін Бұлғынаяқтың сүйегін Ертістің суына ағызып жібереді. Кейін ол жақта үш жыл қатарынан жұт болып, ел күйзеліп, жұрт қиналады.

 

Осы съезге Текебай би өзінің ақ малы, қалды торы атын мініп барады. Жиын үстінде Қаракерей тоқпақ руынан шыққан Әлікей би:

– Қалды торы ат менің атым, бұрын жылқымен қоса қызайдың барымташылар қуып әкеткен, биыл тоғызға келді, санында қалы бар, орақ бас, құлан жал, сенбесеңдер қараңдар, – деп дау қозғайды.

Текебай би:

– Ат өзімдікі, биыл сегізде, Әлікей тек сыртқы белгісін көріп қана жала жауып отыр. Одан басқа қандай көмескі белгісін айта алар екен, – деп өзін ақтайды.

Сарапшылар Әлікейден басқадай айтарлық белгі, дәлелің бар ма? – деп сұрайды.

Әлікей басқа белгісінің жоқтығын, тек аттың өзінікі екенін ғана даулап тұрып алады.

Сарапшы би-бектер енді Текебайға келіп:

– Ал енді сен сөйле, атыңның тағы қандай белгілері бар, – деп сұрайды.

Текебай:

– Аттың үш түрлі белгісі бар. Бірінші, ауыздық саларда ғана көрінетін оң көзінің алдында жылт етер кішкене баланың бармағындай меруерт сынды ағы бар. Екінші, оң жақ артқы аяғының табан жүрекшесінде тобықтай қызыл қалы бар. Үшінші, аттың таңдайын ашып қарасаң, бөбежіктің астында кішкене тобықтай қызыл дағы бар. Аттың енесі жылқымда жүр. Қалды торы бие биыл 12 жаста, аттағы үш белгі енесінде де бар. Айтқаным өтірік болса, атты Әлікейге тапсырдым, жетелеп кете берсін, – дейді.

Сарапшылар барып тексеріп көргенде Текебайдың айтқан белгілері расында да әт пен биеден тең табылады. Ат Текебайға беріліп, Әлікей жала жапқандығы үшін айыбын арқалап, дау шешіледі. Бұл жағдайды көзімен көрген Абақ-Керей елінің азаматтары  Текебай шынында да пайғамбардай қырағы, толғамды екен деп алқасады әрі әулие атын шығарады.

 

Бір жолы қызай Балапан би Қарағай батыр, Жаулыбай батыр қатарлы бес кісіні ертіп, Қаракерейдің төресі Бексұлтанның ауылына мал дауымен барғанда, төре басын көтермей қойыпты.

Сонда Текебай:

Ей, басыңызды көтер,

Амандассаң неменең кетер.

Балапандай биімді құры қайтардың,

Жауап бер соныңда жетер, – депті.

Сонда төре басын көтеріп:

«Төре» – деді бір қарап, сендер кімсің,

Баса-көктеп үстіме неғып жүрсің.

Бұрын ұзынқұлақтан естуші едім,

Божбан шыбар Текебай белгілісің, – дегенде, Текебай:

– Ей, төре, маған былай көрсетпе бой,

Дауға келдік бұл емес өлең мен той.

Сырласың, ақылдасың болса керек,

Ұзынқұлақ есектен естіпсің ғой.

 

Байлығың, төрелігің өзіңе есеп,

Боламыз ба жазалы олай десек.

Менің шыбар бетімді жеткізіпті-ау,

Жер тауысқан бұралқы өсекші есек, – дегенде төре басын төсектен жұлып алып, Текебайдың дауын бітіріп беріпті.

 

Текебай биден біреу:

Мынадай бір түс көрдім, жорып беріңізші? – депті.

Айтып көр, кәне, – депті Текебай.

Сонда түсін жорытқалы келген адам:

Түсімде көк ат мініп, көк ұштым,

Меккенің бер жағына барып түстім.

Етегім толған лағыл, гауһар екен,

Қолыма қонған асыл сұңқар екен, – депті.

Оның түсін Текебай:

Көк мініп көкке ұшқаның,

Жаныңды құдай алған екен.

Меккенің бергі жағына барып түссең,

Бір терең көрге салған екен.

Етегің толған тастарың,

Басыңа үйген тастар екен.

Қолыңа алған сұңқарың,

Жоқтап тұрған жас екен, – деп жорыпты.

 

Құдайменде төренің баласын жауласқан елі жазым қылып кеткенде төре біраз күн қайғыланып, төсектен басын көтермей жатып қалыпты. Әркім ақыл айтса тұрмайды. Бір күні Текебай шешен келіп:

Арғымағың ауып желге кетіпті,

Көпірің ауып селге кетіпті.

Көрінген таудың алыстығы жоқ,

Көтерген жүктің ауырлығы жоқ.

Тасты басса кетіледі,

Шымды басса жетіледі.

Қайрақ пен қайғы жетіледі,

Ел-жұртпен жау жетіледі.

Басыңызды көтеріңіз,

Елің де оған егіледі, – деп көңіл айтқан екен.

Сөз жүйесіне жығылған Құдайменде төре қайғыны қайратқа жеңіп, ел ісіне қайтадан кіріскен көрінеді.

 

Текебай шешеннен тағы да мынадай нақылдар қалған екен:

Қаратауға қар жауды кетпейтұғын,

Шұқанаққа су толды кеппейтұғын.

Алмас кездік ұстаған қайран басым,

Түйте пышақ зар қылды-ау ет жейтұғын.

Мына заман зар заман ептейтұғын,

Көл қылсаң да көз жасың кеппейтұғын.

Бірді білсең жүз жанға өсиет қыл,

Бұл жалғаннан кім қалар өтпейтұғын.

 

Сортаң жерге су енсе,

Терең болар батпағы.

Елге арсыз қу енсе,

Көпке тиер шатпағы.

Қар үстінде қарайған,

Оңай болар атпағы.

Қарасу түскен көлдің де,

Болмас оңай қатпағы.

Шынайы қыран бүркіттер,

Қоянды көрер шаттағы.

Ұзақты көмбе еткенде,

Озбайды деме арттағы.

Тышқан апат боп келсе,

Тары тұрмас қаптағы.

Сүйегі жасың болмаса,

Бәйге алар ат баптағы.

Көңілі ізгі жандарды,

Аулақ демес жаттағы.

Ширақы болар бос жігіт,

Жасақта жүрсе саптағы.

Дүңгендерден бір белгі,

Айыр сақал жақтағы.

Сарт-сауаннан бір белгі,

Айғайлап асын сатпағы.

Қайкөйлерден бір белгі,

Жоқ жерден пәле таппағы.

Нағыз жаннан бір белгі,

Құласаң жардан тартпағы.

 

Текебай пара алғыш билер туралы:

Қайырымсыз жазыңнан,

Қайырымды қыс артық.

Көрінбеген алтыннан,

Жылтыраған мыс артық.

Пара жеген билерден,

Қасқыр алған ит артық, – деген екен.

 

Текебайдың тағы да:

Малым бар деп мақтанба,

Боран соқса қайтесің?

Басым бар деп мақтанба,

Ажал жетсе қайтесің?

Тілім бар деп мақтан ба,

Сорға айналса қайтесің?

Ақылдан артық хандық жоқ,

Жомарттан артық нарлық жоқ.

Байлық – мұрат емес,

Жоқтық – ұят емес, – деген нақыл өлеңі де жетті бүгінге.

 

Текебай қартайып, әл үстінде жатқанда, Андас елі жиылып барып, Текебайдан ақыл сұрапты. Сонда Текебай сөйлеуге дәрмені келмей, қол ишаратымен басын бір, одан тілін бір шұқыпты. Ол «Басқа пәле қызыл тілден келеді» дегенді меңзегені екен.

 

Қазыналы қарттардан жазып алып, сақтаған Андас ОМАРАҚЫНҰЛЫ

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].                     https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

1 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 77
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz