3-ші қараша күні Семейге Ішкі Іс Министрлігi кеңесінің төрағасы Коновиди келді. Мұнда шенеуніктермен армансыз сөйлесті. Бұлардан басқа Коновидидің сөйлескен адамдары присяжныйлар Вайсмер, Симонов, Райымжан Мәрсеков, Қалел Ғабасов және Төреқұл Ыбырайұлы.
Ана төртеуінің Коновидиге айтқан жауабы маған белгісіз. Күтпеген іс, ойламаған жұмыс. Төбеден түскен жайдай жұрт шошынды. Қорықты, қару көтеріп қарсылық қыламыз деген жоқ. Жапсар ел үркіп, басқа жерге аз күн ауып қонды. 15-ші қыркүйек мәулет болған соң бұл үріккен жұрт қайтты. Әуелде жұрт жұмыс қызметін солдаттық деп ұқты. Мұны қазаққа айырып айтқан адам жоқ. Жұрты шынына түсіндіруге уақыт та болған жоқ.
Біраз уақыт өткен соң әр жерде қазақ жиылып мәжіліс қылып, Патша жарлығына құлмыз деп, әртүрлі шаруаға керек жеңілдік сұраған еді. Бұл қазақ жұртының арызы үкіметте қараусыз, жауапсыз қалды. Қазақ арызына өкімет түк жауап қайтармады. Жұрт арыз айтатын жерін алдырғандай болды. Мұнан жұрт пен өкімет арасында жақсылық шықпайды.
Қырда қазақ Патша жарлығына қару-жарақ асынып қарсы келді дейді. Мен барша қазақ жерін аралап көргенім жоқ. Біздің жақтағы қарсылық мынадай тон жамылып жүр. Өскемен уезі, Шар ұлысында Шакаман қажының ұлын тініткен. Іздегені қару-жарақ. Түк таппаған. Қажының жас келініне ішікті шеш десе, келіншек ойбайлаған. Қазақ пен тінтуші арасында жанжал шыққан. Көп қазақты ұрып, соғып, талап алып, 19 қазақты абақтыға апарып салып, сотқа берді. Әскери сот тексеріп, осы 19-дың бәрін ағартты. Міне қазақ «Қарсылығы» осындай.. Біз әділ сотқа жүгіне алмай қор болып жүрмiз.
Троицкий поселкесінің 4 жылқысы жоғалады. Мұжық жылқыны көршісі Ғұмар Қарымсақ баласынан көреді. Ғұмар жылқыны алғаным жоқ дейді. Ғұмар ауылына бірнеше казак-орыс келеді. Ғұмардың жылқысын қамап алады. Жоғалған бір жылқыға үш жылқыдан кесім кесіп, қолмен алып бермек болады. Ғұмар өз жылқысын өзі қуа қашады. Казак-орыстар мылтық атып, бірнеше қазақты жаралап, Ғұмарды ұстап, абақтыға салып отыр. Біздің көріп отырған әділдік жолы осы болып тұр.
Қазақ Патша жарлығына қарсы жиылып жатыр деп бір жаман адам өсек жаяды. Осы өсекті бетіне ұстап, қырға шығып, момын қазақты талаған кісілер аз емес. Ертістің батысындағы қазақты талап болып, енді шығыстағы қазақты талап жатыр. Қазақтан талап алған нәрсесін осы Семейге әкеліп сатып жүр. 30 “казак-орыс” ұсталды. Бұлардың тым болмаса біріне қамшы тимеді. Жұрт Патшаға шынымен қарсылық қыламын деп жиылса, 20-30 “казак-орысқа” бой берер ме? Мұның бәрі Шақаман қажы ауылындағы болған іс сияқты емес пе?
Қытайға көшкен қазақ, өзіміздің өкіметтен әділдік, адам баласына жан ашырлық мінез төбесін көрсе, туған жеріне қайтар, қызметке жігіт берер.
15-ші тамыздан бері Жетісу мен біздің Семей арасындағы елге көп жер болды. Түркістаннан Семейлетіп 9 мың қызметке алынған жігіт өтпек. Осыларға пристав, казак-орыс алып, елге шығып, лау мініп, жабдық даярлады. Қазақ жұртын жау шапқандай қылды. Қазақтың жанына балаған атын ұстап, бұл атты иесi қайта сатып алып, соғымға арнаған семізін ұстап, мұны иесі қайта сатып алып, жұрт зор шығында. Көп әуреде болды. Бекет басы – 100 қой азық, 150 ат, түйе, лау байлап 3 ай жатты. Түркістан жігіттері өз лауымен, өз тамағымен өтті. Біздің жолдағы ел шығарған шығын арам тер болды. Бекетке жиған қанша отын, шөп тағы бос шығын болды. Осының бәрін көтерген, жастары қызметке алынған қазақ, жаздай әлек болып. Пішенін шаба алмай, егін ора алмай қалған жұрт. Мінеки, біздің момын қазақтың мұндағы әкімдерден көрген жақсылығы.
Ырғызбай.
Ішкі Орда – Біздің жұрт қызметке жастарды беруден бас тартатын емес. Бірақ параға шалынып жатыр. Парада есеп жоқ. Таловкаде неше жүз, мың берілді деп айтады. Алғашқы кезде босатылу бағасы 2-3 жүз сом болған. Босатылған, тың шаруаға барған соң, алушылар алуға қазақ қалмай бара жатқан соң, жігіт басын бір мың сомға шығарды. Бір мың сом беріп, інісін алып қалған адам осы хатты жазғанда, қасымда отыр. 4 баласына 4 мың сом беріп, алып қалған адам менен алыс емес. Дені сау жас жігіт ақшаға сатылып қалып, кемпір-шалды асырап отырған жалғыз кедей алынып кетті. Ақша алып, сауды босатып, науқас, жалғызбен толтырды. Жұртқа тым обал, рақымсыз болды. Білген адам осылай алуды таңырқайды.
Құйыршық.
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫ ЫРҒЫЗ ЖӘНЕ ТОРҒАЙ УЕЗДЕРІНІҢ БАС ХӘКІМІНІҢ БҰЙРЫҒЫ
25-ші маусымда шыққан Патша жарлығы бойынша мемлекеттегі, бұрын әскерлік қызметінен азат, бұратана халықтар соғыс желкесіндегі жұмысқа шақырылды.
Бұратаналардың көбі Патша жарлығына сөзсіз көніп, кісілерін беріпте қойды. Дәл осы күні он-мыңдаған сарт, бурят, қазақ жігіттері соғыс желкесіндегі жұмысқа кірісіп, ондағы майданға керек солдаттарды босатты.
Жалғыз-ақ: кейбір бұратаналар, олардың ішінде Патша пәрменімен менің қол астыма тапсырылған Ырғыз және Торғай уездерінің қазақтары, шақыруға ризалығымен өздері ғана келмеуімен қоймай, өзгелерді де қорқытып, қатты күш жұмсап, мемлекет борышын өтеуге жібермей отыр.
Патша жарлығына мойын ұсынбаған қазақтарды табуға және лайықты жазаларын беруге қам қылдым. Ал ағайындарынан қорыққанан ғана келмеген қазақтар, енді тоқтаусыз төмендегі көрсетілген орындардың біріне қаралуға келсін деп бұйырамын.
Кісі беріп бітірудің ең ақырғы мерзімі 15 қаңтар 2017 жыл. 15 қаңтардан кейін шақыруға келмеген еркек жанның бірі қалмай, жасын айыру үшін қаралады, жасы 19 бен 31 арасында болып шақыруға келмегендер, ауру-сауына қарамай, тегіс сотқа беріледі патша жарлығынан бас тартқаны үшін.
Қаралатын жерлер Ырғыз, Торғай қалалары һәм Шалқан поселкесі.
Комиссия қарауы жеті сайын дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндерінде: Торғай қаласында комиссия алқалары крстян басшысы подполковник Картинников және доктор Горин, Ырғыз қаласында крстян басшысы Кузмин және доктор Голдштейн, Шалқар поселкесінде крестьян басшысы подполковник Шубин жене доктор Корнюхов.
Шақырылғандарға берілетін жеңілдік Торғай губерноторының 55 және 61 нөмірлі бұйрықтары бойынша, бұдан басқа крестьян басшыларына тапсырамын. Әрбір 25 үйге бір малшы және 300 бас малы бар үйге бір малшы қалдыруға рұхсат берілсін.
Ырғыз және Торғай уездерінің бас хакімі
Генерал-лейтенант Тулин.
ТОРҒАЙ ЖӘНЕ ЫРҒЫЗ УЕЗДЕРIНІҢ ХАЛҚЫНА!
Өздеріңе мәлім, Россия қол астындағы әскерлік қызметінен азат халықтарды, оның ішінде біздің қазақ халқын соғыс жұмысына алуға 25-ші маусымда Патша жарлығы шыққаннан бері бес ай өтті. Содан бері бұл халықтардың көбі көніп, кісілерін берді. Бірсыпыра халықтар, мысалы Түркістан сарттары, бізді жұмысқа алмайды, солдатқа алады деп, көнбей қарсылық қылды. Бұл қарсылық қылғандарды аз күннің ішінде әскер шығып, қырғынға ұшыратты. Жизақ деген шаһардың 20 мың халқы жоқ болды. Тірі қалғандары босып кетті. Мал-мүлік, шаруадан айырылды. Жетім-жесір шулап қалды. Жер-суы қазынаға кетті. Сөйткен Түркістан халқы да Патша құрығынан құтыла алмай ақыры көнді. Жігіттерін берді. Жетісуға қараған қырғыз халқы да көнбейміз деп, тау-тасқа, сай-салаға қашты. Ақырында бұларда бүліншілікке ұшырап, қырғын тауып, бұл күнде көніп жатыр. Бұл елдің бүлік басылары әскери сотқа беріліп, асылды, атылды. Осы алғашқы кезде көнбей жаңжал шығарған Түркістан сарттары мен Жетісу қырғыздарынан алынған жігіттер бұл күнде Орынбор арқылы өтіп жатыр. Ақмола, Семей облыстарының кейбір уездерінде қазақтар шошынып қашқан екен. Елге әскер шығып, күш жұмсайтынын көрген соң, текке қор болмалық, қатын-баланың көз жасына қалмайық, жазықсыз қан төктірмелік, бәрібір құтыла алмаймыз деп олардың да көнгендігі бізге мағлұм.
Міне біздің Торғай және Ырғыз уездерінен 15-20-шы қазаннан бастап кісі алынбақшы еді, жастар келмеді. Сондықтан елге неше мың әскер зеңбірек, пулемотпен шығып тұр. Жақсылықпен көнбесеңдер, патша жарлығына мойын ұсынбағандық. Законға қарсылық деп күш жұмсамақ. Бұл анық. Көнбесеңдер Жетісу, Жизақтың күні сендердің де бастарыңа туады. Қырғын болады. Босқа қан төгіледі. Шаруа күйзеледі, жұрттың жұрттығы, берекесі кетеді. Оның үстіне әскер көндірмей, алмай қоймайды. Қатын-бала қырылады. Жігіттер алынады. Бүлік басылары аскери сотқа беріледі. Асылады, атылады.
БАЛАЛАРДАН ХАТ
Бұл хатты жазушы біздер, өз балаларың, өз тумаларың. Жанымыз ашиды, қабырғамыз қайысады. Біздің ата-ана, туған-туысқандарымыз іштеріңде. Бізді қазақ баласы, қанына тартады, жаны ашиды десеңдер, тіл алыңдар. Қан төкпеңдер, қарсылық қылмаңдар! Алынатын жастар басын қорғаймын деп, үйдегі кемпір-шал, қатын-баланың обалына қалмасын! Бізді орысша оқып, орыс арасында жүр, біздің пайдамызды айтпас деп ойлайтындарың бізді құдай мен аруаққа тапсырыңдар! Біз газет арқылы болсын, ауызша болсын, бұрын сан рет айтқанбыз. Көнбесеңдер елге бүліншілік болады. Әскер шығады. Түбінде алмай қоймайды дегенбіз. Сол айтқанымыз міне келді. Бұған біздің көзіміз бұрыннан жеткен. Әлі де болса бізді осы елдің баласы екен дейтін болсаңдар, біздің ең соңғы, қысылғандағы ақылымызды алыңдар. Түбінде іс өткен соң өкінгеннен не пайда. Өлген тірілмейді, өшкен келмейді.
ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЙЫНАН
Семей – 27-ші қыркүйектен бастап Азамат бекетінде қызметке жігіт алына бастады. Қабылдау комиссия 3-ші бөлімше бастығы және дәрігер Гурбанов, қыр ұлысынан 3-4 ақсақал кіріп тұрды. Бірақ бұлардың атқарған ісі су жоқта демін қаққандай болды. Ақсақал сөзін тыңдаған құлақ жоқ. Ауруда-сырқауда, жас та, кәрі де алынды.
| Алынған | Алынбаған | Жері |
| 113 | 622 | Құлмоладан |
| 200 | 438 | Мұқырыдан |
| 380 | 1090 | Шыңғыстан |
| 26 | 669 | Бұғылыдан |
| 24 | 770 | Шағаннан |
| 743 | 3589 | Барлығы |
Қалған 2846 жігіт өзге, қазына жұмысына кіріскен екен. Біразы жолаушы екен. Бұларды екінші бұйрық бергенде табасыңдар деді.
Мұқыры улысының 3-ші ауыл жігіттері премға келмей, тартыншақтап еді, соңынан келіп жетті. Бимағзамбай Төреханұлы, ақсақал Байсалбай Қанайұлы, тағы бір адамды старшина абақтыға салды. Бұларды өзге елдің ақсақалдары сұрамақ. Семейде барақта жатқызды. Бірен-саран өлгені болды. Науқас жігіттердің жатқан жері жайсыз болды. Асты су, жастанғаны отын. 12-ші казаннан бастап жігіттерді аттандырды. Осыларды Омбыға шейін шығарып салатын басшы, Тобықты-уақтан шықпаған. «Қыздарға не бетімді айтайын».
Сақа.
Пермь – Қараөткелден алынған 300 және Қызылжардан алынған 600 жігіт Пермьге аман-есен келді. Мұнан ары қайда барарымыз белгісіз.
Мықтыбай Байсейітұлы.
Аулиеатадан соңғы шыққан бір эшелон жігіт Пермьге 19-ші қарашада келдік. Мұнан 24-ші күні жүреміз. Могилев губерниясының Гумиль уезне барамыз. Жолда 5 жігіт ауырып, бір жігіт адасып қалды.
Мың басы Сыдық Абланов.
Орша – Ақтөбе уезінің жігіттері Оршадан Раздолов деген жерге жөнелдік. Смоленскіде 8-ші ауыл қазағы Бисенбай Жанбайұлы мертігіп қалды. 11-ші ауыл қазағы Әлмұхамет Қисықбайұлы және 6-шы ауыл қазағы Хәкім Бектұрғанұлы ауырып, Оршада қалды.
Бейсенғали Жарылқасынұлы.
Минск – бұл арадан белгіленген орындарына қарай Орал уезінен Шыңғырлау, Қарасу, Соналы, Қарағаш, Қаракөл ұлыстарының және Гурев уезінен Тама, Байұлы жігіттері өтіп кетті. Бұлардан бір күннен соң Ішкіорда жігіттері өтті. Бәрі де аман: Тамақтары онша нашар емес. Жігіттер елден шығарда шошынса да жер-су, жат жұрттарды көріп, ашылып, бұл күнде бойлары үйреніп қалған. Көңілдері жабынқы емес.
Қасенәлі.
Құрт, май керек – жігіттердің өздерінен және басшыларынан келген хаттардан көрінеді. Жігіттер елден шыққанда құрт-май ала шыққандары жөн. Бұл тағамдар елде де қадірсіз емес. Ол жақта тіпті қажет көрінеді. Мұны ескеру керек.
Молодчино – жеделхат 23 қарашадан жігіттер аман.
Ғияс.
Ішкі Орда – қарашаның 10-на дейін 5 мыңға таяу жігіт жөнелтілді. Бұлардан екі басшы сайланды. Басшының бірі Ғабит Сарыбайұлынан хат келді. Оршаға аман бара жатқандықтарын айтады. Ішкі Орда жігіттерін әлі алып біткен жоқ.
Ш. Сарыбаев.
Қостанай – Ара қарағай ұлысында 2 мың үй, онан шақырылған жігіт 1047 еді. Осының 336-ы алынды. Бұл жігіттер Ригада жұмыс қылып жатыр. Хат келіп тұрады.
15-ші қараша Дамбар ұлысының қалған жігіттерінен қайта қарап, 157-ін алды.
Адасқан жігіт – 16-шы қарашада Троицк вокзалында Псковтан қайтып келе жатқан бір жігітке жолықтым. Бұл Қостанай уезі, Ара қарағай ұлысының қазағы екен. Жұмысшылар Ригаға бара жатқанда 16 жігіт Писковта ауырып, лазаретте қалыпты. Әлгі жігіт пен Обаған ұлысына қараған Өске деген жігіт екеуі үш ай мәулет алып, қайтып келе жатқанда Мәскеудің арғы жағындағы станциясын білмей, Өске адасып қалыпты. Билеті мынау жігітте кетеді.
Құлмұхамет Оразаев.
Шала мыңбасылар – Түркістан жағынан алынған жігіттерге сайланған мыңбасылардың көбісi орысша тіл білмейтін, басшылық қылуға жарамайтын көрінеді. Мұның себебі лайықты орысша оқыған пысық жігіттердің жоқтығы. Әйтпесе, генерал Куропаткиннің бұл тәртібі жақсы еді.
Қызылжар – Қызылжар уезінен 1500 жігіт жұмысқа алынды.
«Қазақ» газеті, №207, 2-3-ші бет.
Тұп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас.
ОТ КОРРЕСПОНДЕНТОВ:
3-го сентября из Семипалатинска прибыл председатель Совета, Министерства Внутренних дел, Коновиди. Здесь он имел большую беседу с чиновниками. Кроме чиновников с Коновиди держали разговор – присяжные Вайсер, Симонов, Райымжан Марсеков, Халел Габбасов и Торекул Ибыраев.
Что говорили они, мне не неизвестно.
Нежданное дело. Как молния, ударившая в головы. Дело доходило до скандала. Люди в страхе. Но не стали браться за оружие.
Люди со страха откочевали на некоторое время, но потом вернулись. Вначале люди приняли государственную службу (работы) как солдатскую, военную. Никто казахам этого не объяснил. Да и времени не было.
Спустя некоторое время, в разных местах начались собрания казахов. «Мы подчиняемся Указу Царя» говорили они и просили некоторые льготы при проведении различных работ. Но эти просьбы казахов остались без ответа. На заявление казахов не обращалось никакого внимания. Они даже оставались без рассмотрения. Ни к чему хорошему, между властями и народом в отношении это не приведет.
Говорят, что в горах, казахи выступили против Указа Царя, даже с оружием в руках.
Я не обходил все казахские земли. Но в наших краях были такие случаи: Власти произвели обыск в доме сына Шатаман Кажи, Чарской волости Усть-Каменогорского уезда. Искали оружие. Ничего не нашли. Молодой снохе кажи, велели снять одежду. Она подняла крик. Возник скандал между казахом и обыскивающими. Многие казахи подвергались избиению грабежу, арестованы и посажены в тюрьму 19 казахов, судили. Военный суд рассмотрел дело, провел расследование и оправдал всех. Мы не можем верить в справедливый суд, обращаться к нему, и потому страдаем.
В поселке Троицкий пропали 4-лошади. Мужик обвинил в пропаже Гумара, сына Карымсака. Гумар отрицает свою вину. Приезжают несколько русских казаков в аул, и запирают лошадей Гумара. Принимают решение о взыскании лошадей Гумара в пользу мужика. За одну пропавшую лошадь четыре лошади Гумара. Гумар угоняет своих лошадей. Русские казаки поднимают стрельбу. Ранив несколько казахов, поймали Гумара и посадили в тюрьму. Вот, такова ваша справедливость, которую мы знаем.
Какой-то паршивец распространяет слухи о том, что казахи не хотят подчиняться Указу Царя.
На оснавании этих, ваших же, слухов начинаются погромы и грабеж казахов. И таких случаев немало. Пограбив западные районы Иртыша, теперь грабят восточное побережье. Награбленное, везут в Семипалатинск и распродают. Дабы остановить такие бесчинства, были пойманы около 30-ти русских казаков. Но ни у одного из них и волос с головы не упал. Если бы народ был против Указу Царя, казахи наверняка справились бы с этими 30-тью русскими казаками. Все это похоже на случай, произошедший с Шакаман Кажи.
Если бы казахи бежавшие в Китай, видели бы справедливость наших властей, хотя бы малую заботу о людях, уважение, они бы вернулись в родные края, без ропота отправляли бы своих сыновей на службу.
С 15-го августа, между Семиречьем и нашим Семипалатинском было много поселений казахов.
Из Туркестана в Семипалатинск должны были пройти 9 тысяч человек, призванных на службу.
Для этого, пристав пошел в народ, с русскими казаками, для обеспечения и заготовки продовольствия. После них, казахский народ выглядел хуже, чем после нападения врага.
У казахов забирали хороших лошадей, этих же лошадей казахи выкупали у русских казаков, откормленных на согым лошадей, также уводили казаки выкупали казахи. Казахи понесли значительные убытки. Было много хлопот.
«Глава» приволочных пунктов задержался на 3-месяца, держа у себя 100 голов баранов для продовольствия, 150-лошадей, множество верблюдов. Туркестанские джигиты прошли со своими лошадьми и своим продовольствием. Наши потери от этого перехода неисчислимы. А сколько хлопот доставили нам эти пункты – заготовка дров, сена и др.
Все это легло на плечи народа, молодежь которого была на воинской службе.
Из-за всей этой бестолковой возни в течении лета, люди не успели заготовить сено, убрать урожай. Вот забота властей о смирных казахах.
Ыргызбай.
ВНУТРЕННЯЯ ОРДА ІІ
Наш народ не против призыва молодежи на воинскую службу. Но с нас вымогают все. Заставляют давать взятки. Во взятках нет счета. Говорят, в Таловке- несколько сот тысяч рублей.
Раньше, чтобы получить освобождение от службы нужно было заплатить 200-300 рублей. Освобожденный от службы джигит шел наниматься на работу.
Нанимателям не хватало казахских джигитов, т.е. рабочих рук. Цена за освобождение от службы выросла до одной тысячи рублей за человека. Сейчас, когда я пишу это письмо, рядом со мной сидит человек, который дал взятку в одну тысячу рублей и освободил младшего брата от службы. Недалеко находится человек который заплатил за четырех сыновей четыре тысячи рублей. Здоровый, молодой джигит выкупается, а единственный сын, кормилец в семье, оставив своих престарелых родителей, идет служить. Здоровые – за взятку освобождаются от службы, а ряды призывников пополняются больными и единственными сыновьями семьи. Очень жаль народ. Увидевший такой способ отбора на службу, будет очень удивлен.
Куйыршык.
ПРИКАЗ ГЛАВНОГО УПРАВИТЕЛЯ ИРГИЗКОГО И
Тургайского уездов тургайской области
По Указу Царя вышедшего 25-июня, ранее освобожденные от воинской службы инородцы, призваны для работы на фронтах войны.
Большинство этих народов безоговорочно выполняют Царский Указ, отправили своих людей на службу. В настоящее время десятитысячные джигиты сартов, казахов вовлечены в прифронтовые работы, и освободили от этих работ, необходимых для фронта солдат.
Единственное: некоторые народы, среди них – находящиеся в моем подчинении и вверенные мне Царской властью, казахи Иргизского и Тургайского уездов, не только сами уклоняются от призыва, но и подбивают других путем запугиваний, угроз, применением силы, – к отказу от выполнения государственной обязанности.
Я принял меры для их поиска, задержания и заслуженного наказания. А тем кто уклонился только из-за боязни родственников, приказываю теперь незамедлительно обратиться в один из перечисленных ниже пунктов:
Крайний срок призыва 15 января 1917 года. После 15-го января, все мужчины не пришедшие в указанные пункты, поголовно будут проверены для определения возраста. А 19-31 летние, не пришедшие в пункты призыва, больные они или здоровые, все будут переданы суду за невыполнение царского указа.
Пункты обращения: город Иргиз, город Тургай, поселок Шалкар. Рассмотрение комиссией – по понедельникам, средам и пятницам.
Состав комисии:
г. Тургай – крестьянский начальник, подполковник Картинников и доктор Горин
г .Игриз – крестьянский начальник, подполковник Кузьмин и доктор Голдштейн
г. Шалкар – крестьянский начальник, подполковник Шубин и доктор Корнюхов
Обеспечение льготами призванных на службу – согласно приказов №55 и №61 губернатора Тургая, кроме того поручаю крестьянским начальникам, разрешить, на каждые 25 домов оставить одного пастуха, и домам имеющим 300 голов скота – также оставить одного пастуха.
Главный управитель Иргизкого
и Тургайского уездов
генерал-лейтенант Тулин.
НАРОДУ ТУРГАЙСКОГО И ИРГИЗСКОГО УЕЗДОВ!
Как вам известно, со дня издания Царского Указа от 25 июня, о призыве на военные работы народов России освобожденных от воинской службы и в том числе казахского народа, прошло пять месяцев. С тех пор, многие народы смирились и отправили своих людей на работы.
Некоторые народы, например сарты Туркестана, противились, говорили, чтоб их не брали на работы, а брали на воинскую службу. Этих, неподчиняющихся, в короткое время карательные отряды разгромили, истребили. Было уничтожено 20 тысяч жителей города Жизак. Оставшиеся в живых разбежались. Лишились скота, имущества. Вдовы, сироты остались без никаких средств. Их земли перешли государству. Так, Туркестанский народ не мог избежать царских кандалов, и смирился.
Киргизы Семиречья тоже сопротивлялись призыву, бежали в горы, степи. В конце концов и они, устав от гонений и погромов, сегодня смирились.
Организаторы бунтов киргизов были осуждены военным судом, повешены и расстреляны.
В настоящее время, джигиты этих буйных Туркестанских сартов и киргизов Семиречья, призванные на военные работы, отправляются на фронта через Оренбург. В некоторых уездах в Акмолинской и Семипалатинской областей тоже были бежавшие от призыва. Когда власти начали применять силу, с помощью отрядов против мирных жителей, дабы не быть причиной гибели людей, погромов и других гонений ни в чем неповинных людей, чтобы зря не проливалась кровь народа, бежавшие поняли, что призыва не избежать, вернулись и смирились.
Вот и в Тургайском и Иргизском уездах с 15-20-го октября должен был начаться призыв на воинскую службу (работы), но молодежь не пришла. Поэтому, выставлены отряды в несколько тысяч человек, пушки, пулеметы. Власти готовы применить всю эту силу в случае если мы: «по хорошему не подчинимся, не выполним Царский Указ, не будем признавать законы государства». И это правда.
Были угрозы: «Если вы не подчинитесь, вас ждет участь Семиречья, Жизака. будут погромы. Польется кровь, народ разорится. Будут наказаны дети, жены. Кроме того наши отряды поймают отказников и отправят на фронт. Вам этого не избежать. А главных нарушителей, организаторов арестуют, осудят военным судом. Будут повешены, расстреляны…».
ПИСЬМО ОТ СЫНОВЕЙ
Это письмо пишем мы, ваши дети. Душа болит. Наши родители, старики, родные, – среди вас. Если вы считаете нас своими казахскими сыновьями, которые очень переживают за вас. Прислушайтесь к нашему совету. Не проливайте кровь, не противьтесь.
Джигиты, уклоняющеся от призыва, не будьте причиной слез стариков, детей, жен, и многих бед. Не думайте, что мы вдали, среди русских, не думаем, не переживаем за вас. Мы и через газету, и в устной форме не раз говорили, что если будете выступать против призыва, в беде окажется народ. Что выступят отряды. Любыми способами власти добьются своего. Об этом мы убеждались не раз. Еще раз – если вы считаете нас своими детьми, детьми вашего народа, наша последняя просьба – не противьтесь призыву. Если уж свершится ужасное, то поздно будет, и какая польза от того, что будем сожалеть об этом.
Мертвые не воскрешают, стертое само не напишется.
ИЗ ЖИЗНИ ПРИЗВАННЫХ РАБОЧИХ.
СЕМИПАЛАТИНСК.
С 27 сентября на станции Азамат начался прием на службу. В приемной комиссии – начальник третьего участка и врач Гурбанов. Вошли 3-4 аксакала из горных улусов. Но их никто и слушать не стал. Начали принимать всех – больных, молодых, старых.
| Призванные | Непризванные | Откуда призваны |
| 113 | 622 | Кулмолда |
| 200 | 438 | Мукыры |
| 380 | 1090 | Шынгыс |
| 26 | 669 | Бугылы |
| 24 | 770 | Шаган |
| 743 | 3589 | Всего |
Остальные 2846 человек, приступили к другим государственным работам. Несколько человек оказались в отъезде. Обязали родных, чтобы их нашли до следующего призыва.
Джигиты 3-го аула Мукырынского Улуса несколько противились, но потом все-таки пришли на прием.
Бимазгамбай Тореханулы, аксакал Байсалбай Канайулы, и еще один, были посажены в тюрьму старшиной. Их должны будут допрашивать аксакалы других районов.
Призванных поселили в бараке, в Семипалатинске. Несколько человек умерли. Для больных людей не было никаких условий, ухода. Сырость, вместо подушек – дрова. С 12-го октября началась отправка. Не нашлось ни одного человека из рода Тобыкты – уак, чтобы проводить их до Омска. Что тут сказать?
Сақа.
Пермь.
Джигиты призванные из Караоткеля – 300 человек и из Кызылжара – 600 человек. Доехали до Перми благополучно. Куда последуем дальше, неизвестно.
Мактыбай Байсеитулы.
Последний эшелон выехавший из Аулие-Аты прибыл в Пермь 19-го ноября. Отсюда выедем 24-го числа. Поедем в Гумилевский уезд Могилевской губернии. По пути заболели 5 человек, один заблудился и отстал.
Тысячник Сыдык Абланов.
Орша.
Джигиты Актюбинского уезда выехали из Орши в Раздалово. В Смоленске умер казах 8-го аула – Бисенбай Жанбайулы, казах 11-го аула-Альмухамет Кисыкбайулы и казах из 6-го аула Хаким Бектурганулы заболели, остались в Орше.
Бисенгали Жарыкасынулы.
Минск.
Отсюда в различные места назначения выехали: джигиты улусов Шынгырлау, Карасу, Соналы, Карагаш, Караколь Уральского уезда. На следующий день выехали джигиты Внутренней Орды.
Все живы, здоровы. Питание не такое уж плохое.
Джигиты, когда выехали с родных мест, побаивались, волновались, теперь же раскрепостились, начали привыкать. Настроение не такое мрачное как вначале.
Касенали.
Нужно брать с собой курт, масло.
Это известно не только из писем самих призванных джигитов но и из писем их начальства.
Будет очень хорошо если вновь призванные, перед отправкой возьмут с собой курт, масло. Они у нас и так являлись хорошим продуктом, а там им нет цены, очень уважают.
Это надо учесть.
Молодчино.Телеграмма 23 ноября. Все живы, здоровы.
Гияс.
Внутренняя Орда.
До 10-го ноября отправлены около 5-ти тысяч джигитов. Из них были избраны два начальника. От одного из – них Габита Сарыбайулы пришло письмо. Он сообщает, что едут в г.Орша. все хорошо.
Призыв во Внутренней Орде еще не закончился.
Ш.Сарыбаев.
Костанай.
В Аракарагайском улусе – 2 тысячи домов, призваны – 1047 джигитов. Из них отправлены – 336 человек. Они находятся в г.Рига. От них приходят письма.
15-го ноября в Дамбарском улусе, после пересмотра, из числа непризванных были призваны еще 117-человек.
Заблудившийся джигит.
16-го ноября на Троицком вокзале, встретил одного джигита возвращающегося из Пскова. Он оказался казахом Аракарагайского улуса Костанайского уезда. По пути в Ригу на работы, 16-джигитов заболели и остались в Пскове, в лазарете.
Вместе с тем джигитом был еще один джигит Оске, из улуса Обаган. Они, получили отсрочку на три месяца и возвращались. Но Оске заблудился на другой стороне Москвы. Билеты у этого джигита.
Кулмухамет Оразаев.
Назначенные тысячниками, к джигитам из Туркестана, не знают русского языка, наверное они не смогут и дальше оставаться тысячниками.
Причина – в их рядах не оказалась человека учившего знающего русскую грамоту. Жаль. А было ведь хорошей идеей, решение генерала Куропаткина, назначать командиров из их же среды.
Кызылжар.
Из Кызылжарского уезда призваны на работу – 1500 человек.
газета «Казах» №207, стр.2-3.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











