Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Уәлибек Ахметұлынан

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Уәлибек Ахметұлынан

Халық қазынасына үлкен үлесі сіңген, артына өшпестей із қалдырған Уәлибек Ахматұлы 1948 жылы туып, 1995 жылы 47 жасында қайтыс болған.

Жетім қап әкеден де, шешеден мен,

Өмірден соққы көрдім неше жерден.

Жарым жоқ жетімдерді жетелеумен,

Жұбаттым көңілімді осы өлеңмен, – деп өмірін өлеңмен уатқан Уәлибек пен ақын, зерттеуші, тарихшы Андас Омарақын арасында қыл өтпейтін достық болды. Андас Омарақынның қолжазбаларының арасынан Уәлибектің біраз мұрасын кездестіріп қалдық. Бұл тақырыпқа кейін кеңінен тоқталамыз.

 

Ал жарандар, жарандар,

Кеңесіме қараңдар.

Өтер қилы замандар,

Жақсы да бар, жаман бар.

 

Түйе берсең түймеңе

Аларманды күндеме?

Даңдайсыма, дауырықпа,

Байлық қонса іргеңе.

Құры сестен қаймықпа,

Жуастарды жүндеуге.

Асау түсер арбаға,

Тентек түсер түрмеге.

Құр мансапқа қызықпа,

Із қалмайтын бірдеңе.

 

Өтсе екен өмірімде алға ұмтыла,

Жетсе екен игі істерім бар жұртыма.

Тілегім тіл мен жағым талмаса екен.

Көз жұмып кеткенімше мәңгі ұйқыға.

 

Бөленіп талдан иген бесікке мен,

Сондықтан талдай жұмсақ өсіп келем.

Халқымның қанға сіңген дәстүрі бар,

Досыма етімнен ет кесіп берем.

 

Биігі болмасам да жота-қырдың,

Төскейі болсам деймін осы ауылдың.

Жат елдің сұлтанына бас ұрмаймын,

Ұлтаны болсам болды Отанымның.

 

Күнес ауданының Ақөзен жайлауында өткен ақындар айтысында Алтай аймағының ақыны Батимамен айтысқанда:

 

БАТИМА:

  • Ризамын ақыным аманыңа,

Сендей ақын іздесем табамын ба.

Екінші рет бас қостық Ақөзенде,

Шексіз алғыс айтамын заманыма, – дегенде

 

УӘЛИБЕК:

  • Кеудеңізге дарының жатса сыймай,

Көңілім менің қалама жақсы ашылмай.

Ақ иығы Алтайдың самғайтұғын,

Марқабылдың атақты қасқасындай.

Мінезіңе сай келген нұрлы жүзің,

Қырдың қызыл жиекті басбасындай.

Айтысқанға өзіңе ат басындай,

Алтын берсем аз болад ат басындай, – деп қолма-қол жауап береді.

 

Сонда БАТИМА:

  • Ақын екен ақыным өз елінде,

Жақсы жанды жатырқап беземін бе?!

Мен не деген ақжолтай боп отырмын,

Сізбен келген бүгінгі кезегіме.

Әбден қандым көк жайлау жұпарыңа,

Сен Алтайдың кез келдің сұңқарына.

Қолтығымнан демесең шын көңілмен,

Тең келермін Іленің тұлпарына, – дейді.

Сонда УӘЛИБЕК:

  • Жеңгем едің Батима шын сағынған,

Сағынышым байқалды шырқалудан.

Ақ иығым тегінде байқап ұшшы,

Қалмай жүрме қатулы бір қағудан.

Жерде жүрсем шынында тұлпар болам,

Көкте ұшсам ақиық сұңқар болам.

Ақ үйректей қағармын сонда сені,

Ақсұңқарға ақ үйрек іңкәр болған.

Ақталатын үміт қой ол қалайда,

Ақын жырын мұндайда толғамай ма?

Байлығы артық жерімнің, өзі көркем,

Барып көргем ана жыл Болбадайға.

Ортамызда сондағы қарт Смекең,

Ұқсайтұғын сол бір кез толған айға.

 

 

Тарбағатай ақыны Зәтенмен айтысқанда:

 

ЗӘТЕН:

  • Қашанда біз жасаймыз халықпенен,

Халықпен жасау өзі даңқ деген.

Барғанда болашақта Марсқа біз,

Қайныма құрдың қызын алып берем, – дегенде

 

УӘЛИБЕК:

  • Жаныма жақын тамам келші, күнім,

Өлеңнің самалымен желпі, күнім.

Қор қызы деген атқа жығылмаймын,

Алып берсең алайын ең сұлуын, – дейді.

Халық ақыны әлқыдырмен болған айтыста:

 

 

ӘЛҚЫДЫР:

  • Ақын деп баулығанда даңқты елім,

Туған жер маған бақыт, шабыт бердің.

Боп жатыр ауылымда көп жаңалық,

Жасадың Құлжа ауданнан балық көлін, – дегенде

 

УӘЛИБЕК:

  • Айтасың Құлжа ауданның балықтарын,

Жегеміз балығыңның барып дәмін.

Аға ақын болғаннан соң ей Әлеке,

Келмейді сізді сөзбен айыптағым, – деп сыпайы жауап береді.

 

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].                     https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 45
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz