Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Умбетқұл имам

admin
2026/05/06
Халық жады
0
Умбетқұл имам

Өткен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен-ақ, «Молданың ауылы» атанған Ыбрайымқұловтар әулетінің ақсақалы Тоқтасын ағамен сөзіміз жарасып өткен тарихқа біріз қысқаша шолу жасадық. Менің қойған  сұрағыма, сәл ойланған ағамыз  былай деп жауап қатты:

Ол рас! Иә, біздің аталарымыз осы Жаркент өңіріне танымал имам болған екен – деп, сөзін бастады. Ойламаған жерден  сонау 2001 жылдары  Суан  ішіндегі Тұрдымбет бабадан  тараған  ұрпақтарының, оның ішінде өзіміздің  Қошқар әулетінің   шежіресін  жазуға  қатысты  ескі  құжаттарды  іздеп, жинастыру жұмыстарын жүргіздік. Міне, осынау  игі  бастама   барысында,  дүниеден өтіп кеткен  әке-шешелерімізден  қалған  көне  сандықтың  ішінен  атамыз Мамай  баласы  Үмбетқұлға  қатысты  өткен  ХХ ғасырдың  1927 жылы  берілген  бір жағы орысша, екінші  беті араб  әліпбиімен жазылған  сары  қағазды   тауып алдық. Және  де  сандық  ішінен  осы куәлікпен  бірге құран  аяттарын  жазылған  қағаз-кітапшаларды  салатын  таза  былғарыдан  жасалған  бауы  бар  сөмке  мен  араб  қарпінде  жазылған  көне  құран кітабы бірге шықты.

Таң-тамаша болған біздер бұл куәліктің сырын ашып, тереңірек  білсек деген ниетпен  өзіміздің бала күнімізден  бастап, қазіргі кезде 80-90-ға  келген, тамыр-таныс пен бұрынғы аталарымыздың көзін көрген  жандардың  бәріне  сұрау салдық.  Олардың айтқан ауызша естеліктерін  қағазға түсіріп насихаттасақ,  сол арқылы аз-кем  болса  да  кейінгі  ұрпақ  біле  жүрсін  деген  ниет қой біздікі – деді, жанарымен салмақ сала маған қараған күйде.

Содан әрмен қарай қолындағы көк дәптерді парақтап ашып, сөзін жалғады:

– Көз көріп, аралас-құралас болған  үлкендердің айтуы  бойынша, атамыз Үмбетқұл  ілімі  күшті үлкен молда болған екен. Оқуының күштілігі сондай, «…Өткел бермей дүркіреп  тасыған өзен суын сабасына түсіретін» қасиеті болған деседі. Ауыл  балалары  мен  қатар  ағайын-туыстың  да  білімге  ниет еткен  жастарының  сауатын ашып, дәріс берген.  Аталмыш  діни  ілімінің  арқасында  айналасына  сыйлы, беделді жан  болыпты. Оған  дәлел ретінде мынадай  куәлік қағазы бар.

Сөйтіп, Тұрдымбет  болысы  аумағында  имамдық  қызмет атқарған. Діни білімі  өте жоғары болғандықтан  көптеген  ауқатты ата-аналар  балаларын  атамызға  әкеліп  оқуға  берген.  Өткен ғасырдың  20-30 жылдары  тау  етегіндегі  біздің  рудың  ата қонысындағы  көне  Китің  мешітінде  біршама  жылдар бала оқытыпты-дегенді  де  қарияларымыздың  әңгімесінен естідік дегенді қосты.

      Бұл жерде менің де еріксіз әңгімеге араласуыма тура келді.

  • Аға!, – дедім ол кісінің назарын өзіме аудартып.

Менің де  сізге қосарым  бар. Жуырда өзіміздің қаладағы архивке кіріп, біраз деректер қарастырған едім. Сонда сіздің атаңызға қатысты мынадай  мәліметтерге жолықтым. Қалай ойлайсыз, бұл сәйкестік пе, әлде қасақана  жасалған іс пе..? – деген сұрақты ағаға қойдым:.

– Жоғарыдағы құжат Уфадан 1927 жылдың 20 февральында (ақпанда) берілсе, өзіміздің Жаркент қалалық  архивінде  сіздің атаңыз Мамаев  Үмбетқұлдың  1927 жылдың  19 январында (қаңтар)  Жаркент қалалық сайлау комиссиясының қаулысында – «..сол жылғы сайлауға  қатысуға және  сайлануға құқы жоқ»  деген, болыстар, билер, старшындар тағы басқа Кеңес үкіметіне сенімсіз,  хас дұшпандары  саналатын ауқатты  адамдар  тізімінде әйелі  Мамаева Кулике екеуі жазулы  тұр екен – деп, архив құжатын көлденең тарттым.

Және мен өз  тарапымнан  салыстырмалы түрде  дәл осы имам атамызға тағдыры ұқсас еліміздің батысында ғұмыр кешкен діни білімі күшті болған айтулы тұлға Оразмағамбет ата туралы  бір мәліметтерді келтіре кеткенді де  жөн көріп отырмын – деп, сөзімді әрі қарай жалғастырдым:

– Мысалға, еліміздің  Батыс өңірінде  ғұмыр кешкен, қазақтан шыққан  тұңғыш  геолог-инженер, діни ғұлама, ахун, саяси қайраткер «Алашорда» ұйымының мүшесі, халық емшісі, 1930 жылдардағы қуғын-сүргін  құрбаны Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы  да (1881-1942ж.ж.)дәл осындай  рұқсат қағазды  сол Уфадағы  мұсылмандар  мүфтиатынан 1926 жылы  9 қарашада  алып, Адай уезінің  Түпқараған  болысының имамы  болып тағайындалған екен. О. Тұрмағанбетұлы  кезінде  Орта  Азияның  үздік медреселері –  Хиуадағы  Шерғазы, Бұхарадағы  Көкі-таш, Уфадағы  «Ғалияны»  оқып тәмәмдаған. Кеңестік  озбыр биліктің  қуғындауы кесірінен Түркіменстанға  кетіп, әрі қарай  Иран барған.

Енді мұндағы менің айтпағым:

– Үмбетқұл атамыз да жоғарыда аталған  Орта Азияның  үздік медреселерінің бірінен  білім алған болуы  керек. Сол себепті  діни жоғары білімінің арқасында  аталмыш  –  Ресей Орталық  Мұсылмандар  Діни басқармасының  бұйрығымен «Діни басқарманың, осы 1927 жылы 18 январьындағы толтырылған қарарына  сай  лайықты деп танылған  Үмбетқұл ұлы  Мамай  осы  Жетісу  аймағы Жаркент  уезі, Қожан болысы, екінші ауылдың  жергілікті мешітіне имамдық міндетіне бірауыздан мақұлданды. Өкімет заңының  8-ші  тармақ, 7-ші тармақшасына лайықты осы бұйрық берілді» – деп,  ресми  түрде  тағайындалған болуы керек – дедім сұраулы жүзбен.

– Мүмкін!?… Суанның игі  жақсылары – Мұқа, Метербай болыстар Алтынемелде Алашордалықтарды  құшақ жайып күтіп алып, жан-жақты қолдау білдірген үлкен  жиынына да қатысқан болар…Осындай себептерге  бола  большевиктік биліктің  дұшпанына  айналып қуғынына  іліккен сыңайлы. Батыстағы дара тұлға  Оразмағамбет ахун  Иранға көшсе,  Үмбетқұл атамыз  Қытай  асқан. Әрине, өкінішке орай  дәлелдік құжаттар жоқ,  бірақ  мендегі   ұшқыр қиял солай деп топшылайды – дедім, Тоқтасын ағаға  өз ойымды білдіріп.

       – Бұған  не  дейсіз?..

– Кеңес үкіметі  «сенімсі элемент» ретінде қара  тізімге  қосқанына қарағанда  жаңа өкімет  тарапынан  түрлі шеттетулер  мен  кедергілер болған-ау, шамасы…  Ол  кісілер арғы бетке  қай жылдары өткен екен..? – дедім, сөзімді сұраққа жалғастырып.

Ойлы жанарын үстелдегі қағаздарға сала сәл ойланған ағамыз, сөзін былай деп сабақтады:

– Иә, бұл сөзіңнің жаны бар. Атамыз туралы  қосымша  құжат тапқаның үшін үлкен рахмет! Сол Кеңестік  билік тарапынан  болған  қысым  мен келешекті  болжай білгендіктен болар, аталарымыз  1929 жылы  күздің  басында, ел алғаш  жайлаудан түсе бастаған  кездері,   алдыңғы лекпен  бірге шекара  асыпты.  Ол кезде  атамыздың  жас сол 30-35 шамасында  болған деседі. Ағайын-туыс, көрші отырған  кісілері  бар, 15-ке тарта үй  үдере көшіп, арғы беттегі  Чимпаңзе  қаласы  маңындағы – Кеген,  Жарсу  деген  жерлерге  барып орналасады.

Осы арада сөзді бөлген мен, 1910 жылғы архив құжатынан алынып  Суан шежіресіне басылған тағы бір тың деректі  ағаға ұсындым:

«Темирбекь – Мамай.  Мейс (Мейіз) число хозяйтвь – 6, лиц мужского пола – 15, лиц  женского пола – 17, лиц  обоего пола – 32, урочища, на  которомь находится  зимовка – Айдарлы – кум» («Бәйдібек баба-алып  бәйтерек» кітабы, Алматы: «Жалын» баспасы ЖШС, 2014. 683-бет.)

Тың мәліметті оқыған Тоқтасын аға қуаныштан жанары күлімдеп, маған рахметін жаудырды. Сәлден соң әңгімеміз әрмен қарай жалғасты:

– Сол шекараның  арғы  бетіндегі өздері тұрақтаған – Кеген,  Жарсу аймағына орнығып ес жиған  соң молдалық, имамдық  жұмысын әрмен қарай  жалғастырып аброймен атқарыпты. Ол жақта  да ағартушылықпен  айналысып, алыс-жақын ауылдың балаларын  жиып  оқытып, білім берген. Кейін, баласы Халық  та әке жолын ұстанып,  өздері  отырған  Кеген аймағында имамдық  қызмет атқарыпты.

1960-1970 жылдары Қытайдан  келген Суандардан  аузынан «…Үмбетқұл молдадан, баласы  Халық имамнан  діни сауат ашып  мұсылманшылықты үйрендік» деген  сөзді  жиі еститінбіз. Мысалы,  туысымыз  Садуақас баласы Данияр, жиендері  Қашқынбек  баласы  Жұматай, ағасы  Ыбрайымқұлдың  кенжесі  Рақымбай,  Үмбетқұл  бабамыздың немересі  Әбусадық  тағы басқа  көптеген  кісілердің  «…тікелей  Үмбетқұл  молдадан  дәріс оқып  әріп таныдық» деген  сөздерді  бала күнімізден  өз  құлағымызбен  естіп өстік.

Ал, Үмбетқұл атамыз  1954-1955 жылдары  Қытай жерінде  қайтыс болып, сол жақта жерленіпті. Өмірінің  соңына дейін  хақ жолынан таймаған, тақуа адам  болыпты.

Содан, молда атамыздың  баласы Халық  имам  бастаған әулетіміздің  үлкен-кішілері  1959 жылы  тарихи  Отандарына оралып, өзіміздің  Жаркент өңіріндегі  Кішішыған  ауылына  келіп  орнығады. Кейіндері,  1962 жылы арғы беттен келген  Суандардың  әр  руының  үлкендері  жиналып, Үмбетқұл  баласы  Халықты  ауылдық  имам  етіп  сайлайды.   Нәтижесінде, елінің  сый құрметіне  ие болған  Халық имам  да  ауыл  ақсақалдарымен  бірге дініміздің,  ұлттық әдет-ғұрып  пен  салт-дәстүріміздің  сақталуына  орасан зор үлестерін қосты-деп, әңгімесін бір түйіндеп қойды.

        – Өте керемет, аға!-дегенді айтқан мен,  «Енді қазіргі ұрпақтың ата дәстүрге деген көзқарасы, ұстанымы туралы да  айта отырсаңыз?- деген тағы бір сұрақтың шетін қылтиттым.

«Енді ол туралы не деуге блады?» -деп, өзіне-өзі сұрақ қойып, сәл ойланған ағамыз сөзді әрі қарай өрбітті.

– Сол аталарымыздың берген тәрбиесі мен ұлағатының арқасында  әлі күнге дейін ұлттық дәстүріміз сақталып, ел іргесі ажыраған емес. Аталмыш Үмбетқұл, Ыбрайымқұл  бабаларымыздан тараған  ұрпақ бүгінгі  күндері 70-80 шаңырақ болып, жан саны 200-ден асты. Халықтық мейрам  Наурызды  да  осы бар әулетімізбен  тойлауды  дәстүрге айналдырғанымызға  биыл 23 жыл толды. Жыл сайынға тойланатын осынау  ұлық мерекеде  ұлттық  нақышта  киінген әулеттің үлкендері  – аталарымыз бен әжелерімізге  үлкен сыйлықтар таратылып,  құрмет көрсетіледі. Өмірден қайтқан туыстарға құран оқылып,  жыл бойғы жеткен  жетістер мен жақсылықтар да  аталып  өтіледі. Жеті ата шежіресінен  балалар арасында жарыс өткізіліп, ер азаматтар кір тасын көтеруден, қыздар мен келіндер арасында қол күресі  ұйымдастырылады. Әулетке жаңа келген құдалар мен келіндер, күйеу балалардың таныстырылуы өз алдына жеке шара. Қызылды-жасылды  сәнді тігілген  қазақы ұлттық  киімдегі  әулеттің үлкен-кішісі  кез-келген  жақсылық, той-томалақтың  өтуіне  үлкен  ұйымшылдықпен  белсене  атсалысады – деген, ағамыздың  ғибратты сөзіне өте риза болдым.

Мінекей, ағайын! Аталарымыздың  аталмыш  игі істері  мен  елге,  жерге  жасаған  жақсылықтары, кейінгі ұрпақтары  біздің де көкірегімізде  қуаныш ұялатады.  Осынау  Жаркент өңіріндегі  руханияттың  дамып, кейінгі  ұрпақтың  білімді болып,  ұлттық  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпының  сақталуына  үлес қосқаны  біздер үшін үлгі, өнеге  және  үлкен  мақтаныш! – деп сөзін аяқтады, қазіргі  әулеттің  үлкені  Ыбрайымқұл  немересі  Тоқтасын ағамыз.

 

Үмбетқұл имамның  Уфадан алған (1927ж.) куәлік  қағазы.

Жарияланды. Қ. Ибрайымжанов. «Жаркент өңірі» – Алматы: Принт-Плюс. 2023. -280 б. -205-211 б.

 

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 37
Зобалаң жылдардың зорлығы
Халық жады

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026
Қытайдың мылтығынан сескенбеген Оспанқұл мен Жапар
Халық жады

Қытайдың мылтығынан сескенбеген Оспанқұл мен Жапар

June 2, 2026
Тар кезеңде таланған тағдырлар
Халық жады

Тар кезеңде таланған тағдырлар

June 1, 2026
Ұлт жадын жаңғыртудың жаңа кезеңі
Халық жады

Ұлт жадын жаңғыртудың жаңа кезеңі

June 1, 2026
Түрмеден келген тосынсый немесе райыс молданың ақырғы аманаты
Халық жады

Түрмеден келген тосынсый немесе райыс молданың ақырғы аманаты

May 26, 2026
Білімге салынған алғашқы инвестиция
Халық жады

Білімге салынған алғашқы инвестиция

May 18, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz