Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Жақсылық пен жамандықтың айтысы

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Жақсылық пен жамандықтың айтысы

Аяпберген ЖАНСАРБАЙҰЛЫ

 

Жақсылық айтты бір сөз баяу ғана,

Жақындап жамандыққа таяу ғана.

 

ЖАҚСЫЛЫҚ:

 

Екеуміз жаралмыштан егіз едік,

Түсіндір сен бір іске беріп баға.

Қанеки аз сырласып көрелікші,

Құрдас ек емес болған іні-аға.

Жетелеп сені дағы, мені дағы,

Еншіге берер кімге Алла тағала.

Біреуміз қуантамыз құдайлатып,

Біреуміз күңірентеміз жыртып жаға.

Адамзат ұнатады қайсымызды,

Осыған әділдікпен берші баға.

Айтады кімге қарғыс, кімге алғыс,

Қымбатты, ашық ойлы арамызда.

 

ЖАМАНДЫҚ:

 

Жамандық айтты тұрып, мардамсыма,

Айналайын деп қапсың алдамшыға.

Мынауың көреалмастық, дұшпандығың,

Атағыма кір жақпақ болған сірә.

Бірақ ауыз жауаппен шеше салар,

Өтірікті бұл іске тартсақ куә.

 

 

Атағым менің күшті әлдеқайда,

Сен мұны түсініп қой сөзімді ұға.

Мен артықпын қайтсең де, қайда барсаң,

Бақталасып, менімен пәле қума.

 

ЖАҚСЫЛЫҚ:

 

Тоқта, – деді жақсылық жұмсақтатып,

Аузыңды керіп, созба қисақтатып.

Тек аз ғана айттым ғой шын сөзімді,

Жалған сөйлеп тұрғам жоқ сыйпақтатып.

 

Шамданарлық ісің жоқ бұған тіпті,

Бір ауыз сөз айтылды, болды бітті.

Сөз асырмас басыңнан болып апсың,

Куәші боп өтірік тағы шықты.

 

Өтіріктің алдына бара алмаймын,

Куәлігін есепке ала алмаймын.

Қайтсеңдағы мен адал, сен арамсың,

Сенен төмен қалай да қала алмаймын.

Далдаламақ болсаң да қараңменен,

Көлеңкеңде көміліп қала алмаймын.

 

Келгеніңді қолыңнан аяй көрме,

Немене атақ бар еді байғұс сенде.

Көтерілер иманы қырық кез ұшып,

Көрер болса жүзіңді адам пенде.

Өзің-ақ бол сол биік атағыңмен,

Мен үшін қадірі жоқ жарым теңге.

 

ЖАМАНДЫҚ:

 

Қарайгөр бақталасқан жақсылықты,

Үйреніп алған екен бақсылықты.

Мені жаман көрсетіп, өзің жақсы,

Пәле-қаза аямай жапсырыпты.

Кім жақсы, кім жаманын тауып бер, – деп,

Қайсы бір тәуіпке бал аштырыпты.

Өтеке-ай, қайда жүрсің келші бері,

Сөзге жүйрік шешен ең менен гөрі.

Өзің жақсы, мені сен қусың дейді,

Құдай қалыс сөзіңді айтшы тегі.

 

Қанеки, сен нақ кесіп баға берші,

Көріп, біліп жүрсің ғой бұл немені.

Болар жерін болдырта айтып таста,

Тынбай шапқан батырым ерке сері.

Қаһарыма шынайы келер болсам,

Зел-зала ғып жіберем дүниені.

 

Атағым Алатаудай айбатым зор,

Бойымда қара батпан қайратым мол.

Өтеке сені айғайлап шақырғаным,

Қанеки, осы іске сен төреші бол.

 

ӨТІРІК:

 

Айтқаның жамандық дос дұрыс, – дейді,

Екеуің егіз туған туыс дейді.

Шақырдыңдар төрелік жасайын мен,

Көңілге жарайтындай бір іс деді.

Бірі төмен, жоғары бірі болу,

Келе жатқан әуелден шын іс деді.

Екеуіне өтірік кесім айтты,

Жамандықты өрге деп кесіп айтты.

Атағы бар опырып, ойып түсер,

Мағынасын солай деп шешіп айтты.

 

Шыдамады жақсылық мына сөзге,

Көріп жүрген өтірік көзің кез бе?

Соқыр биге барсақ та әділ айтар,

Жамандықты жақтаған сөзің сөз бе?

Бере алмайсың бұл іске дұрыс баға,

Куәшіге бармасақ сенен өзге.

Жамандықты сен менен жоғары деп,

Жаратқанның жүзінен шындап безбе.

Өтірік пен жамандық бір жақ болып,

Жанжал туды арада, міне, лезде.

 

Қол-аяғын жақсылықтың буып қойды,

Ойларына арамдық түйіп қойды.

Шырылдатып қарадай шімірікпей,

Тарпа бас сап жұмсады суық қолды.

 

Бұл жаңжалдың үстіне шын келеді,

Ажыратып үшеуін сын береді.

Неден шықты бұл шатақ, бұларың не,

Пәле басы айтыңдар кімде деді?

 

Қарғып тұрып жақсылық орынынан,

Өтірікке бар шатақ сенде деді.

Қасақана мақтадың жамандықты,

Ұрғандарың тағы да жөн бе деді.

Мен қалысқа шындыққа барам десең,

Жібермедің екеуің жөнге деді.

 

Ұқпай қалды екеуі шын келерін,

Шынның күші бойында тың келерін.

Өтіріктің безектеп жаны шықты,

Шыннан әбден біледі дүре жерін.

 

Шынның сонда қабағы қатулы тұр,

Өр жігер мен кек оты ашулы тұр.

Жақсылықты жазықсыз ұрғанына,

Екеуіне азуы басулы тұр.

 

ШЫН:

 

Бұл қалайша екеуің қорлағаның,

Осы құрлы өрекпіп зорлағаның.

Жақсылықтың қашанда жақсы аты бар,

Екеуіңнің рас қой оңбағаның.

Мойыныңды, өтірік, жұлар едім,

Амал қанша басында болмағаным.

 

Жақсылықтың үстінің шаңын қақты,

Кімге барсаң бағаң бар деген жақсы.

Қысым жасап, жоя алмай мәңгі бақи,

Есіріп жүргеніңмен мәлім уақытты.

Көнсең де осы, айтарым көнбесең де,

Мен қалыстық жасаймын, міне, нақты.

 

Өтірік пен жамандық міңгірледі,

Бас изеді ашық сыр білдірмеді.

Басып түсіп айбаты ақ шындықтың,

Басқа құлық қылуға үлгермеді.

 

Жақсылықты шығарып, үңгірдегі,

Ән мен күйі шындықтың күмбірледі.

Арттарынан бас бағып ана екеуі,

Әлі еріп жүр сыбдырын білдірмеді.

 

Түзетуге қатені сын кетеді,

Өтіріктің түбіне шын жетеді.

Құлық – түлкі болғанда, шындық – бүркіт,

Ақыры бір күн қоймайды індетеді.

 

 Аяпберген ЖАНСАРБАЙҰЛЫ жазған айтыс.

 Айтып берген Тұрдыбек СӘРСЕҰЛЫ.

Жазып алған Андас ОМАРАҚЫНҰЛЫ

 

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].                https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

 

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 62
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz