Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Конференция

Жаңа жоба: Табиғат пен тарих тоғысқан

admin
2026/06/01
Конференция
0
Жаңа жоба: Табиғат пен тарих тоғысқан

«Jetisy media» ақпарат алаңында өткен брифингте Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы табиғи, археологиялық, тарихи және киелі мұраларды кешенді зерттеу мәселесі кеңінен талқыланды. Жиынға ұлттық парк мамандары, ғалымдар, өлкетанушылар мен табиғат жанашырлары қатысып, өңірдегі тарихи мұраларды сақтау мен жүйелеудің өзекті бағыттары сөз болды.

Жетісу жері табиғаттың көркі мен тарихтың терең ізі қатар сақталған қасиетті мекендердің бірі. Асқар таулар, көне шатқалдар, сарқыраған өзендер мен тылсым жоталар тек табиғи байлық қана емес, адамзат өркениетінің үнсіз куәсі ретінде де бағалы. Сол бай мұраны ғылыми тұрғыдан зерттеп, келер ұрпаққа жеткізу бағытында Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде кешенді жұмыстар қолға алынуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кажет Андас (@q_andass)

Брифинг барысында Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым бөлімінің басшысы Жанар Нургожанова ұлттық парк аумағындағы петроглифтер, қорғандар, көне қоныстар мен киелі орындардың ғылыми маңызына ерекше тоқталды.

– Жоңғар Алатауы тек табиғи байлығымен ғана емес, тарихи мәдени мұраларымен де ерекшеленеді. Парк аумағындағы петроглифтер ежелгі адамдардың тұрмыс тіршілігін, дүниетанымын, аңшылық кәсібін бейнелейді. Ал қорғандар мен көне орындар сақ, түркі дәуірлерінің тарихи қабаттарын танытады. Сондықтан табиғатты қорғаумен қатар тарихи мұраларды сақтау да басты міндеттердің бірі болуы тиіс», – деді ол.

Ғылыми жоба аясында Сарқан, Лепсі және Алакөл филиалдары кезең кезеңімен зерттелмек. Алғашқы жұмыстар Сарқан филиалына қарасты Аманбөктер орманшылығы аумағында жүргізіледі. Үлкен Айдау мен Сарқан өзендерінің салаларын қамтитын шатқалдарда петроглифтерді, қорғандарды, көне қоныстарды анықтау, картаға түсіру, фотофиксация жасау және GIS форматындағы дерекқор қалыптастыру көзделіп отыр.

Жиында сөз алған «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қажет Андас бұл бастаманың тек археологиялық жоба емес, халықтың тарихи жадын сақтауға бағытталған маңызды ғылыми қадам екенін айтты.

– Әрбір шатқал, әрбір өзен аңғары, әрбір тас бедер мен қорған халқымыздың тарихи жадын сақтап тұрған үнсіз шежіре іспетті. Бүгінде көптеген тарихи орындар табиғи әсерден, адам әрекетінен немесе ғылыми бақылаудың болмауынан жойылу қаупіне ұшырап отыр. Егер дәл қазір жүйелі зерттеу мен қорғау жұмыстарын қолға алмасақ, келер ұрпаққа жеткізе алмайтын құндылықтардан айырылып қалуымыз мүмкін», – деді өлкетанушы.

Зерттеу барысында тек археологиялық нысандар ғана емес, табиғи географиялық кеңістіктер де назарға алынады. Асулар, жайлаулар, көне көш жолдары, арасандар, өзен көлдер мен тарихи сүрлеулердің табиғи және тарихи маңызы сараланады. Себебі ежелгі қоныстар мен көш жолдары көбіне табиғатпен етене байланыста қалыптасқан.

Сонымен қатар дәрілік өсімдіктер, жабайы жеміс жидек түрлері, аң құстар дүниесі мен су экожүйесінің ерекшеліктері де зерттеу нысанына айналады. Бұл бағыт табиғатты қорғау мен халықтың дәстүрлі танымының өзара сабақтастығын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында ашаршылық пен саяси қуғын сүргін жылдарына қатысты орындар, халық киелі санаған мекендер, көне керуен жолдары мен шекаралық бекеттерді зерттеу де жоспарланған. Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар ұлттық тарихи сананы жаңғыртуға және халық жадында сақталған деректерді ғылыми айналымға енгізуге жол ашады.

Жанар Нургожанова өз сөзінде тарихи мұраларды сақтау болашақ алдындағы жауапкершілік екенін атап өтті.

– Жоңғар Алатауының табиғи және тарихи мұраларын сақтау болашақ ұрпақ алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Бұл зерттеу жұмыстары тарихи мұраны сақтауға, жастардың тарихи танымын арттыруға және экологиялық танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Мамандардың пікірінше, зерттеу нәтижесінде археологиялық және киелі нысандардың жүйеленген тізімі жасалып, олардың сақталу жағдайына ғылыми баға беріледі. Сонымен қатар болашақта туристік танымдық бағыттар әзірлеуге, тарихи ескерткіштерді қорғау аймақтарын нақтылауға және халықаралық деңгейдегі жобаларға енгізуге негіз қаланады.

Жетісу табиғат пен тарихтың қатар өрілген мекені. Сондықтан табиғатты қорғау тек орман мен жануарлар дүниесін сақтау ғана емес, сол кеңістіктегі халықтың рухани мұрасын, тарихи жадын және мәдени іздерін қорғау деген сөз. Ұлттық парк аумағындағы әрбір жартас суреті, әрбір көне қорған, әрбір киелі мекен өткеннің аманаты, келешекке жетуі тиіс асыл қазына.

«Q-Andas» ақпарат агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 14
Өлкетану: ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы
Конференция

Өлкетану: ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы

May 29, 2026
Жетісу облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты .
Конференция

Жетісу облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты .

November 24, 2025
Жаркент  конференциясы
Конференция

Жаркент конференциясы

September 9, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz