Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 5 бөлім

ЛУ ЯН

admin
2025/09/29
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 5 бөлім

Григордың жабайы жылқы ұстаудағы керемет амалы

Григор өте айлакер болатын. Пержевальскийдің екі жабайы жылқы нұсқасын әкеліп, Еуропаны дүр еткізгенін естіп, сол жабайы жылқыдан бірнешеуін тірідей ұстап әкеліп елге көрсетпек болып Шыңжаңға адамдарымен бірнеше рет келеді. Алайда, олар Тянь-Шаньның оңтүстігі мен солтүстігін кезіп шықса да, жабайы жылқының біреуін де ұстай алмайды. Ұстағанды қойып, үркітіп алады. Жабайы жылқылар адамның қарасын көрген жерден безіп жоғалады. Тірі ұстағанды қойып, өлгенінен де біреуін алып қайтқан ешкім болмайды. Григордың басқа әдіс-амал қарастыруының, ежелден ешкім келіп дүрліктірмеген Қобдаға барып жабайы жылқы ұстауындағы себебі міне осы еді.

Сол кезде Еуропада Фарес атты жаратылыстану ғалымы болады. Бұл адам өз кезінде жабайы жылқыдан бірнешеуін тірі ұстап қырға апарған. Бұл оқымысты мінез-құлыққа ғажап әрі қырсықтау адам еді. Сондықтан жабайы жылқы әкелген кезде оны ешкімнің қолпаштамағаны табиғи ғой. Осы себепті Пержевальский сияқты аты шықпаған. Дегенмен, оның тұрағына жабайы жылқы көруге арнайы барғандар да аз болмады. Кейбіреулер оның жабайы жылқыны нендей әдіспен ұстағандығын сұрамақ болып тілек қойғанда, ол ылғи біртүрлі сырлы бейнемен күліп қойып, сөзді сиырқұймышақтатып, аңызды жерін соқпай өте шығатын. Тіпті бұл бірнеше жабайы жылқыны қай жерден ұстағандығы жөнінде де жаратылыс ғалымы жұмған ауызын ашпайды.

Григор Фарестің жабайы жылқы ұстаудағы хикмет әдісін білмей қоймауға бекінді. Ол қомақты тарту алып, бұл оқымыстыға арнайы амандаса барды. Әңгіме барысында Фарес жабайы жылқы жөнінде қатты пейілдене сөйлеп кетті. Ол Африка жабайы жылқысынан бастап Америка құрлығындағы жабайы жылқыға дейін, атам заманғы аңыздардан қазіргі заманғы зерттеу ахуалына дейін тізбектей отырып тоқтамай сөйледі. Кейде төтенше қызықты оқиғаларды кірістіріп айтып, тыңдаушысын үйіріп әкететін.

Фарес әңгімесін бір сағаттан астам жалғастырды. Бұл Григорды біраз хабардар етсе де, жабайы жылқыны ұстауына ешқандай көмек көрсетпеді. Әңгіме аяқталғанда біреу сұрады:

– Фарес мырза, сіз әңгімелеп отырған Африка, Америка жабайы жылқылары мен өзіңіз Шыңжаңнан ұстап әкелген Жоңго жабайы жылқысының нендей айырмашылығы бар?

Фарес жауап берді:
– Айырмашылығы тек төрт тұяғында. Жоңго жабайы жылқысының тұяғының жоғары жағында шодырайып тұратын мүйізгегі болады. Ал дүниедегі басқа жабайы жылқыларда мұндай айқын белгі болмайды.

Фарес ақжарқын күліп алып:
– Бұл барып тұрған мағынасыз сөз болар еді. Егер тұяғына қарап кесім жасау керек болса, мен Жоңго жабайы жылқысын Африка жабайы жылқысының ұрпағы дер едім. Өйткені Африка жабайы жылқысының бой-тұрқы кішкене, тұяғының жоғарғы жағындағы мүйізгегі айқын емес. Мұны эволюцияны ертерек бастан кешіргендіктің салдары деп түсіндіруге болады. Демек, ол Жоңго жабайы жылқысының атасы бола алмайды! Ха-ха! Бұған бірдеңе деу қиын! – деді.

– Өрелі пікір! Мырзаның әңгімесі көкейіме қона кетті. Кейбіреулердің полковник Пержевальскийді қолпаштаған жүрек айнытарлық қылығына күмәнданып жүретін едім. Егер Пержевальскийдің өнері болса, міне, өзіңіз сияқты жабайы жылқыдан бірнешеуін тірідей ұстап әкеліп елге танытпас па еді, – деп Григор тағы да сөзін дөп қойды.

Фарес сақтана қалып, сөйлемей қойды. Сұрай берудің нәтижесіз екенін байқаған Григор әңгімені басқаға бұрып, үй иесінен жабайы жылқыларды тағы бір рет көруді өтінді. Фарес оны қораға ертіп барды. Григор бір уыс жоңышқаны ала барып, жабайы жылқының аузына таяй қоярын кім білген. Жылқы шөпті шайнап тұрған сәтінде ол мойнынан құшақтап ұстай алды да, аузын ашып тісін көріп жіберді. Сөйтсе, ол тек тай екен. Осылайша істің сыры ашылды.

Фарестің түрі бірден өзгерді. Ол Григорға:
– Сіз жабайы жылқы ұстаудың сырын біліпсіз. Ендеше, ұстаған кезде аяушылық етуіңізді өтінемін. Мен адамдардың жабайы жылқыны ұстап, тұқымын құртып жіберуінен алаңдап ешкімге айтпай келген едім. Қатты абай болғайсыз! – деді.

Григор жабайы жылқы ұстаудың құпиясын біліп алды. Оның қақаған аязға қарамай Қобдаға келуі көктем бастала сала іске кірісу үшін болатын.

Алтай тауларына көктем келді. Өзендердің мұзы еріп, көк бүршік атты, алуан гүлдер шешек атты. Әсіресе сайлардың күнгей беттері жасыл пүлішке оранғандай болды. Бұл – жабайы жылқылардың құлындаған шағы еді. Олар құлындарын ерте үйірімен таудың терең қойнауларынан көктемге алып шықты.

Жабайы жылқылар бастапқыда қатты сақ келді. Биелер мен құлындар жайылған немесе су ішкенде, айғырлар шеткері шығып алып, төңіректі шолып тұратын. Бірдеңе сезсе, қатты кісінеп, үйірді желдей ұшырып әкететін. Осылай олар ұрпағын сақтап келген.

Бұл кезде Григор ұйымдастырған топ та сол маңда жасырынып, әр қимылды бағып отырды. Оның қасында жас әрі ержүрек оншақты моңғол жігіті бар еді. Бұлардың бәрі жүйрік сәйгүліктерге мінген, ат үстінде шыңдалған нағыз шабандоздар болатын.

Григор белгі бергенде, қолдарына құрық ұстаған жігіттер айқайлап лап қойды. Жабайы жылқылар шұрқырап, жанұшыра қаша жөнелді. Қуғыншылар өкшелей қуды. Біраздан кейін үлкендері ұзап кетті, ал құлындар қалжырап, жерге құлай бастады. Атынан түскен жігіттер оларды сүйреп тұрғызды да, айдап әкетті.

Осы бірнеше тұтқын үшін Григор алдын ала биелерді дайындап қойған еді. Жаңа құлындаған биелердің желіні сыздап тұрған. Тұтқын құлындарды олардың қасына әкелгенде, биелер бөтен құлындарды өз баласындай бауырына тартып, емізіп алды. Сөйтіп, жабайы құлындар үйреніп кетті.

Ғажабы сол – үркіп кеткен жабайы жылқылар кейін сол жайлауға қайта оралып жүрді. Бұл не адасып қалған құлындарын іздеп келуінен, не шөбі шүйгін жайлауды қиғысы келмегенінен еді. Осыны көрген Григор Фарестің құпия сақтаған себебін түсінді: егер әдіс белгілі болса, бұл жануарлардың тұқымы құрып кетуі мүмкін еді.

Григор әрі-сәрі халге түсті де амалсыздан Еуропадағы қожаларына телеграмма соғып, нұсқау сұрады. Жауап тез келді. Қожайындары оны алғашқы табысымен құттықтап, жабайы жылқыларды үздіксіз ұстай беруін бұйырды. Соңында барлығын Германияға әкелуді, ал ұсталған жылқылардың санына қарай сыйақы беретіндерін айтты.

Алтын ақшаның құдіреті Григордың көңілінде жаңа ғана оянған жанашырлық сезімді өшіріп тастады. Ол моңғол жігіттеріне жылқыларды тоқтаусыз ұстай беруді тапсырды.

Осылайша, бір айдың ішінде жабайы жылқылар үркіп, ол жайлауға аяқ баспайтын болғанға дейін Григор барлығы 54 құлын ұстады. Ол құлындар біраз уақытқа дейін бие сүтіне үйретіліп, бағып-қағылды. Кейін жолға шықты.

Алайда жерсінбеу мен қажудан жол-жөнекей құлындар өле берді. Ұзақ сапар он бір айға созылды. Ханбүркіге жеткенде 54 құлыннан небәрі 28-і ғана тірі қалды.

Еуропаға жеткізілген «Пержевальский жылқысы» үлкен дүрлігу тудырды. Жабайы жылқылар түрлі көрмелерге қойылып, хайуанаттар бақтарының сәніне айналды.

Алайда ортасы өзгергендіктен олардың тұяғының арт жағындағы шодырайып тұратын мүйізгектері біртіндеп жойылып, айқын ерекшелігі жоғалды. Қапаста қамалғандықтан олар табиғи шабысын, еркіндігін көрсете алмады.

Уақыт өте келе еуропалықтар үшін бұл жылқылардың қызығы азайды. Бірақ олардан бір нәрсені ұқты: Шыңжаң – табиғаты бай, асыл қазынаға толы өлке. Еуропалық саяхатшылар мен зерттеушілер бұл өңірді серуендейтін, зерттейтін тамаша мекен ретінде көрді.

Жоңго үкіметі әлсіз болғандықтан, шетелдіктерге тосқауыл қоя алмады. Осылайша сырт елдердің көзі қазақ даласына одан әрі түсті.

Жабайы жылқыларды қапаста ұстау оларды табиғи ортасынан айырды. Бастапқыда «ерекше» деп танылған қасиеттері жойылып, өз табиғатындағы асқақ сымбатын көрсете алмады.

Григордың айлакерлігі, Фарестің құпиясы мен Пержевальскийдің аты Еуропаны дүр сілкіндіргенімен, жабайы жылқылар үшін бұл оқиға қасіретке айналды.

Қажет АНДАС

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Басы  https://qandas.kz/zhibek-zholynda%d2%93y-m%d3%99deni-m…/

Жалғасы бар…

2.5 2 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 47
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Елтану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

August 31, 2026
Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо
Елтану

Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо

August 31, 2026
Жяй ілімі
Елтану

Жяй ілімі

August 31, 2026
Жиңди тағылымы
Елтану

Жиңди тағылымы

August 31, 2026
Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан
Елтану

Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан

August 31, 2026
ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі
Елтану

ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz