Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 9 бөлім

ЛУ ЯН

admin
2025/10/09
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 9 бөлім

Жалғыз кемеңіз Тарым дариясын аралап шығу

Свен Хедин англиялық достарына қош айтысқан соң Қашқардан өлшеу аспаптарын сатып алады және тілмаш, лаушы Т.Б әзірлейді.
1895 жылы көктемде бұл швед саяхатшысы шағын бір топ адамдарымен Хотан өзені мен Яркенд өзенінің аралығындағы ұлан-ғайыр шөлден “байлық” іздеп шығады. Ол басқа саяхатшылар естелікке алған материалдарын және осы өңірдің жер түзілісінің ерекшелігіне талдау жасай келіп, осы шөлдің ішкерігінде ұзақ ғасырлар бұрын жермен-жексен болған байырғы қала бар, ол арадағы таңғажайып істер менің барып ашуымды күтіп тұр деп ойлады.

“Ғажайып іс” арасында Свен Хединнің жанынан шыға келеді. Бұл іші-қиырсыз шөлге кіргеннен кейін үш күн өткенде байқалған іс еді: түйедей зор атқа мінген бес адам олардың соңынан түсті де алды. Бұл топ тоқтап тамақ ішіп, ат оттатса, әлгілер де түсіп тамақтанады, аттарын оттатты; бұл топ қоналқы жер тауып түнесе, әлгілер де осыны істейді. Бесеуі бастан-аяқ олармен екі-үш жүз метр аралық тастап жүрді де отырды. Бірақ Свен Хединнің тобына жақындап, тілдеспейді. Түр-тұлғалары мен жүріс-тұрыстарына қарағанда бұл бесеуі төтенше тағы: саудагерге ешбір ұқсамайды, әскери адамға да ұқсамайды; қайта, аңыздарда айтылатын Әли Бабадағы қырық қарақшыға ұқсайды. Сонда бұлардың осы іші-қиыры жоқ шөл-құмға тыққан елді мекендерден іздегені нендей алтын-күміс болғаны ма?

Ал бұл бесеуі Свен Хединнің әрекетіне де жіп таға алмады. Олар бұл өзімсоқ шетелдіктің көлікке артқан дүниесін “зеңбірек-мылтық” секілді “жаңа қаруларға” ұқсатты. Ежелден ешкім батынып кіре алмаған шөл жазираға ішкерілей еніп бара жатқанын көрген қарақтар: бұл адамның жүрісі күдікті, әсте еріккеннің ермегін қып жүрген адамға ұқсамайды деп межеледі. “Бұл адам осы құмды шөлге ішкерілей еніп әкеле жатқан ана ‘жаңа қаруларының’ құдіретін сынап көрмек пе екен, әлде?..”

Үшінші күні түстен кейін Свен Хединнің тобы Яркенд өзенінің бір тармақ арнасының жағасына келді. Бұл тармақ арна картаға түспеген еді, бірақ өзен суы тірі пенде жоқ шөл-құмға қарай ағып кетіп жатыр. Свен Хедин бұл жаңалықты естелікке алмақ болып, топты тоқтатып, көлікке артқан өлшеу аспаптарын – албаган (нивелир), өлшеуіш метр сияқты нәрселерін алып, өлшеу жүргізе бастады. Ол әуелі бұл тармақ өзеннің координаталардағы орнын анықтап алмақ болды.

Свен Хединге өкшелей ілесіп келе жатқан әлгі өңшең атпал азаматтар шетелдіктің аттарға артқан “жаңа қаруларын” түсіре бастағанын көріп, шынында сескеніп қалды. Бірақ оның тегістікті өлшеу аспабын құрып, одан тіке қадалған өлшеуіш метрді қайта-қайта сығалағанын, сондай-ақ әлдебір “зеңбірек оғының” атылмағанын көрген соң, әлгілердің көңілі орнына түсті.

Осы күні ымыртта Свен Хедин қоналқы жерге енді ғана шатыр тіккелі жатқанда, әлгі бес жігіт өткір қанжарларын жалаңдата Свен Хединнің алдына жетіп келіп, оның өлшеу аспаптарын, аттарын және кейбір бұйымдарын ұрлап әкетті. Құр алақан қалған Свен Хедин Қашқарға қайта қайтып келді. Бірақ оның есіл-дерті сол арнаға мәлімсіз өзенше де болып қалды.

Сол өзеншенің екі жағалауындағы ағаштардың қурап қалған тұқылдарын Свен Хедин байқаған болатын. Сонда бұлай деп тұжырым жасауға болатын еді: бұл өзен бір заманда суы тынбай ағып жататын өзен болған. Өзен суымен аумақты егістік жерді суаруға болатын, өзен бойында біріне-бірі жалғасқан қыстақ болған. Кейін бұл өзеннің жоғары аңғарындағылар суды ересен көп пайдаланғандықтан немесе басқа себептерден Яркенд өзенінің суы бұл тармақ ағынға құймай қалған, сөйтіп бұл өзеншенің суы құрып, құнарлы егістік шөл-құмға айналып, ауыл-қыстақ ойран болып, ел-жұрт кетіп қалған. Биыл көктем маусымы ерекше ыстық болды, ал өткен жылы Күнлун тауына қар қалың түсті; қардың еруінен пайда болған жазғы тасқын ерекше мол келді де, суы қурап қалған осы бір тармақ ағынға да су түсті. Егер атам заманғы бұл өзеннің арнасын жағалап алға ілгерілей берсек, ертедегі қала орнына кездесіп қалуы да ғажап емес еді. О, өзен! Сені бойлап жөңкіле аққан тау тасқыны ақыры тарих арнасына көміліп қалған құпия сырды міне осылайша ашып тастайтын болды-ау!

Свен Хедин тез арада қомақты ақша тауып алды да осы өзен арнасынан бастап тексеру жүргізіп, ұлы Такла-Макан шөлін ендей отырып, оның тылсым сырын ашып тастауға бекінді. Ол енді өлшеу аспаптарынан айырылып қалғанына өкінді: бұл аспаптар ақшаға да табылмайтын еді. Құдайдың төте бере салған бағы ғой, ол зәру болып отырған нәрсесін Қашқардағы бір көне бұйымдар жаймасынан тауып алды, оның үстіне бағасы да арзанға түсті. Сатып алғаннан кейін қараса – бұлар баяғыда жоғалтқан әлгі өлшеу аспаптарының дәл өзі екен!

Істің табысқа жетуінің алғы шарты – дұрыс тұжырым болмақ. Свен Хедин тағы да шағын бір топ адам және ат-көлік алып, әлгі өзеншені бойлап жүріп кетті. Бір күн болмай жатып, ежелден ешкім байқамаған бір байырғы қала орнын тауып та алды. Ол осы арадан қарақшылар тонап әкеткен мүліктерінің бодауын жүз еселеп толтырып алмақ болды. Ол бастап келген адамдарына бұл байырғы қала орнын бірнеше күн қаздырып, харажд (құрама) жазумен жазылған қыруар ерте заман жазба материалдарын тапты; содан соң бір құлаған тамның бетіне қаңзуынша қыңыр-қиыс етіп: “Свен Хедин осы жерге бір рет саяхаттап келді” деп жазып қойды. Ал алып жүре алмаған ерте заман материалдарын сол жерде реттеп орастырып болған соң ғана бұл жерден аттанды.

Свен Хедин осы ең шөлден бірқатар ежелгі қала орнын тауып қаздырды; одан тапқан мәдени олжалары мұның жоғалтқан біраз нәрселерінің құнынан әлдеқайда асып кетті. Осыдан кейін ғана көңілі көншіген ол солтүстікті бетке алып отырды. Бір жылдан астам уақыт ішінде бұл швед саяхатшысы Шыңжаңнан Шизаңға, Цинхайға барып, ең соңында Бейжің арқылы еліне қайтты. Еліне барған соң ол екі жыл уақыт сарп етіп, саяхат барысында көрген-білгендерін түсінікті тілмен шығарма етіп жазып жариялады. Сөйтіп атағы елге жайылды, Патша әулеті география қоғамы оны медальмен сыйлады.

1899 жылы Свен Хедин Жібек жолына тағы келіп “тексеру” жүргізді. Бұл кезде оның атақ-абыройы өсіп, арындап тұрған шағы болатын. Швеция патшасы оған қаражат жағынан көптеп көмек берген; жолай Ресейден өткен кезде Шар патша Николай II Қыстық сарайда оны арнайы қабылдады, сондай-ақ амандығын қорғап, оны-мыналарына қарасып, қамқорлық жасауға қасына 4 казак қосып берді. Және Ресейге қалаған уақытында келіп тұруын қамтамасыз ету үшін пойызға отыруына ақы алмайтын болды.

Свен Хедин Қашқарға келген соң ұйғырлардың арасынан қолынан іс келетін пысық жігіттерден 5 адамды жалдап алады; бұл бесеуін тілмаш, хатшы, кірекеш етіп істетеді. Осыдан соң тағы 15 түйе, 10 жылқы сатып алып, кәдімгідей бір саяхат отрядын құрады. Әлгі шағын өзенді тапқан соң басына бақ құсы қонған еді ғой, бұл рет ол су жолымен жүруге бекінді: мұнда кемеге отырып, Яркенд өзені арқылы әуелі Тарым дариясына бармақ, онан соң Лоп-Норға кірмек.

Осы жылдың 9 айының 17-күні Яркенд өзенінің кемежайына Свен Хединді шығарып салуға және тамаша көрікті көрмекке көп адам жиналды. Свен Хедин осы кемежайдан бір көнетоздау кеме сатып алып, оны жөндеткен; енді міне, сапарға аттануға әзір тұр. Ол тілмаштың бастауында және мылтықпен қаруланған екі казактың қорғауында алшаңдай басып кемеге қарай беттеді. Хатшы, кірекештері және екі казак түйелер мен аттарды ұстап қасында тұр. Свенге жалданған адамдардың, кемешілердің туған-туыс, дос-жарандары сапарға шыққалы тұрған туыстарына қош айтыса шығып, түгесілмес қысыр кеңеске түсіп кетті.

Жүзінен күлкі есіп тұрған Свен шығарып салушыларға қол бұлғап құрмет білдірді. Ол елге айдынды көрінбек болып бүкірлерегін жазып, тік жүріп көріп еді, семіріп кеткен қарны одан әрі шермие түсті – бұл оның өз елінде бірнеше жыл тұрған кезіндегі “өзгерісі” еді.

Ол кемеге шыққан соң, жағада тұрған серіктеріне:
– Қош болыңдар, алтауың түйе-аттарды алып, құрлық жолымен тарта беріңдер. Ақсу мен Қорлаға жеткен соң аялдап, біздің хабарымызды күтіңдер! – деді.

Кеме еркін өзенімен алғашқы бірнеше күн едәуір сәтті жүзіп отырды. Кеменің тұмсық жағына отырып алған Свен дарияның майда қоңыр самалына рақаттана отырып, жол бойының көріністерін тынбай естелікке ала берді. Кеме Тарым дариясына кірген соң қиын жағдайға тап болды. Еліміздің бұл ең ұзын ішкі өзенінің “ауыздықсыз ат” деген аты бар-ды. Өзен арнасы толған құм-қайраң, мұны су талассыз ағызып жататындықтан, өзен арнасы екінің бірінде өзгеріп тұратын. Су бірде ана арнамен ақса, бірде мына арнамен ағып, құбылып тұратын. Ұзақ жылдардан бері бұл дариямен ешкім жүзіп көрмеген. Свен жалдап алған екі кемеші Яркенд өзенінде ұзақ жыл кеме айдаған, паром өткізген адамдар еді; сондықтан осы өңірдегі таңдаулы кемешілер саналатын. Бірақ олар Тарым дариясына кірген соң су жағдайын дәл меңгере алмай-ақ қойды.

Бұл кез Тарым ойпаты өңірінде дүмбе бидай егіліп жатқан қарбалас мезгіл еді, сондықтан егіс алқаптарында су көп істетіліп, Тарым дариясына құятын тармақ өзендердің суы азайып қалатын. Ал Тарым дариясының екі жағалауы жалпағынан таяз еді. Рульді басқарып келе жатқан кемеші кемені дарияның суы мол негізгі ағыны бойынша бар өнерін салып айдаған-ды, әрі-беріден соң негізгі ағынның өзі бітеліп қалды да, кеме өзен ортасында қайраңдай бастады. Затында, өзен суы сол қол жақтағы суы таяз ағынның қайраңын ағызып келіп, негізгі ағынды бітеп тастаған секілді. Ал бұрын суы таяз ағын енді суы мол негізгі ағынға айналған. Свен қасындағы адамдарға кемені қайраңнан итеріп шығартып алып, содан соң жүруге мәжбүр болды. Бірақ осыдан кейін кеме қайта-қайта қайраңдай берді. Бұған швед саяхатшысы тым әбіржіп кеткен жоқ: ол кемешілер мен казактарды кеме-жайымен айналыса беруге қалдырды да, өзі тілмашты ертіп жағаға шығып, жағалаудың жаратылыстық жағдайын тексерді; оның үстіне байырғы заман ескерткіштері сияқты нәрселер кездесіп қалар ма екен деп те дәмеленді.

Дария ортасымен су ағыны бойынша жүзіп келе жатқан олар кеме үстінде екі жағалаудың көрінісін тамашалаумен болды. Бұл көрініс оларға бейне бір ұзыннан-ұзақ созылған жасыл дәлізде келе жатқандай сезілді: өзен жиегі – жап-жасыл қамыс, құрақ; ал екі жақ алабы – көгілдір шалғын. Ені тар дарияны бойлап жарысып келе жатқан қара-көк түсті қалың орман, айдынға түскен көк аспан өзен суын көк-жасыл реңге бөлеген. Саяхатшылар осы бір жасыл дүниеде ілгерілеп келеді. Осы жасыл алқапта пенде баласы көрінбейді, у-шу дыбыс та жоқ; тек кемедегілердің дыбырлаған сөздері мен күлкілерінен шошынып үріккен су құстарының оқта-текте ұшып шығып, тыныштықты уақытша бұзғаны болмаса, төңірек жым-жырт. Осылай болған сайын тіршілік думанына бөленген осынау жасыл алқап тылсымдана береді. Жағаға шығып тексеру жүргізіп келе жатқан Свен мен тілмаш маңайына таңырқай қарайды.

Затында, Тарым дариясының жағасы бүкілдей жасыл алқап емес-ті. Оның бойындағы жазықтарда көздің жауын ала ашылып тұрған жабайы гүлдер жайқалады; бейне далада әр жерден алаулай жағылған сансыз от іспетті, тұп-тұп қызыл жыңғылдар тұр. Ал анау ұзыннан-ұзақ сызылған ықылымнан келе жатқан қараңғы орманның тамаша көркі таңдай қақтырады.

Өзі өсіп, өзі қорланып жаңаланып келе жатқан осынау атам заманғы орман бұл өңірде неше мыңдаған жыл жасаған болу керек! Тораңғы ағашының кәрісі қураса, мұның қасынан жасы өркен жайып шығады. Оған адамның қаламша егуі, бағып-баптауы қажет емес; тек өзен суының ылғалы болса болғаны – қайсарлықпен өркен жайып, өсе береді. Бұл арғы заман орманын тәптіштей зерттеп келе жатқан Свеннің бар байқағаны мынау болды: алып тораңғы ағаштарының кейбірінің діңі түп-түзу, бұтақтары сірескен қалың жасыл жапырақ – құдды даңғара көтеріп тұрған дәу сияқты. Кейбіреулерінің діңі иір-қиыр, бейне әшекейлеп жабындалған тау-таяқ жүк артқан пілге ұқсайды. Тағы кейбір кәрі тораңғылар құлап қалыпты да, оның ылғалды топыраққа көмілген діңінен өніп шыққан өркен бой созып алып, ағашқа айналып бара жатыр. Ең қызығы – найзағай сойып кетіп, діңінің жартысы ғана қалған кәрі ағаштардың жартыкеш діңінен жаңа бұтақтар шығып, бір тоғай болып өсіпті. Ал бұл жабайы тораңғылардың жапырақтары тіпті ғажайып: бір түп ағаштың жапырақтарының кейбірі талдың жапырақтары сияқты ұзынша да, кейбірі теректің жапырақтары сияқты жалпақ, ал енді біреулері қолдан өсірген тораңғы ағашының жапырағы сияқты үлкен. Швед саяхатшысы айналасына тамашалай көз жібере жүріп отырып, бұл байырғы заманнан келе жатқан орманға ішкерілей енді. Бірақ сонда да орманның шеті көрінбеді.

– Свен мырза, жүре бермейік енді, әрі қарай жүрсек адасамыз! – деді артта келе жатқан тілмаш әбіржіп.
– Мен осы орманның енінің қаншалық екенін көргім келеді.
– Бұл Тарым дариясы алабындағы қараңғы орманның ар жақ-бер жағы қаншалық екенін өлшеп шыққан ешкім жоқ, – деді қатарласа берген тілмаш. – Сіз Қытайдағы “Батысқа саяхат” деген романды білесіз бе? Сол романның басында Тан Сюаньцзан Туньхуаңнан дариядан өткен соң “Бүркенді асуға” тап болыпты деп баяндалады. Сол романдағы дария – осы Тарым, ал “бүркенді асу” – осы қара орман. Бұл орманның шетіне үш күн, үш түнде әрең шығуға болады.
– Тарым дариясы өз маңындағы жердің қаншасын суландыра алады? Бұл орманның шетіне үш күн, үш түнде әрең шығуға болады дегенге мен сенбеймін.
– Оныңыз рас, бұл орманның мына шеті мен ана шеті бірер жүз шақырымға жетпейді, бірақ орман ішінде жол жоқ, жүру қиын, ішіне кіріп кеткен адам бірнеше күнсіз шыға алмайды, – деп түсіндірді тілмаш.

Свен қойын сағатын алып қараса, шынында көп жүріп қалыпты. Сонымен амалсыздан тілмашпен бірге жабайы шынар орманнан шықты. Жол бойы екеуі аң мылтығымен екі түз қоянын және бір қарақұйрық атып алып, олжаларын кемеге әкеліп, қаужалады. Затында, бұл орманның ішінде жабайы аң көп екен.

Бұл кеме Тарым дариясына 9 айдың аяғында кірген еді. Жолы құбылмалы болғандықтан саяхатшылар біресе тоқтап, біресе жүріп, табан үш ай дегенде Қорланың жаңа районына әзер жетті. Бұл кезде қыс түсіп кеткен, дарияның екі жағалауының суы таяз болғандықтан мұз қатып қалған; күн сайын тарайып келе жатқан негізгі ағыстан қалқи аққан кесек мұздар барған сайын көбейе түскендіктен, кеменің жүзуі тіпті қиынға соқты. Осы бірнеше күннің ішінде Сібірден кірген суық ағыстың әсерімен Тарым дариясы өңірінде температура күрт төмендеп кетті.

Тәжірибелі кемешілер жағдайдың нашарлығын байқай салысымен Свенге:
– Енді жүре беруге болмайды. Менің байқауымша, мына дарияның суы бірнеше күннің ішінде тұтас қатып қалады, – деді.
– Тұншияң дариясының суы бір түннің ішінде қатып қалған ғажап оқиға болған ба екен? – деп сұрады Свен, тілмаштың өзі айтып берген “Батысқа саяхат” романының ішіндегі әңгімені есіне алып.
– Болған, сіз бұл арадан мұндай ғажайып істі көре аласыз! – деді тілмаш.

Свен кемені амалсыздан жаңа көлге сүйретіп апарып, уақытша сақтатып қойды, сондай-ақ құрлық жолымен келген адамдарын, ат-көлiктерiн де осы жерге әкеліп, қысты осында өткізбек болды.

Бұл күні терістіктен боран азынап, ызғар бет қарып тұрды. Олар жатқан үйлеріндегі пешке отты өртеп қойды. Үй түн жарымына дейін жылы тұрды да, түн жарымнан асып пештегі от сөнген соң үйдің іші суынып кетті, Свен тоңып оянды. Таң ата салысымен ол Тарым суының қатқан-қатпағанын көрмек болып орнынан тұрды. Ойламаған жерден тілмаш одан да пысық шығып, Тарым суының қатып қалғанын көріп келіпті; ол дереу келіп, Свенге болған жайды хабарлады.

Осы бір топ адам аңыз-әңгімеден еститін “Тарым дариясының суы бір түнде қатады” деген ғажайып ісі арасында міне, алдарынан шықты. Сонымен олар таңертеңгі астарын асығыс-үсігіс іше салды да, мынау таңғажайыпты көрмекке өзенге тартты.

Енді саяхатшылардың көз алдында жатқан Тарым дариясы кешегіндей толқын ата жөңкіліп, жанына жақын барғызбайтын “су асау” атанған Тарым емес-ті. Ол бұрынғы бейнесінен айырылыпты. Бейне Тарым ойпатында ирелеңдей сұңғып жатқан алып айдаһар сияқты – басына да, аяғына да көз жетпейді. Таңертеңгі шуақ өзенге төгіліп тұр; өзен ортасында қалқып жүрген мұздардан жиналып қалған ұрқаш-ұрқаш мөп-мөлдір мұз кесектері құдды алып айдаһардың денесіндегі қабыршақ іспетті күн нұрымен шағылысып, көз ұялтады.

Бала мінезділеу екі казак бұған айырықша шаттанып, мұз үстімен жүгіріп өтпек болды.
– Болмайды, болмайды! Дария ортасының мұзы әлі әбден қатқан жоқ – қауіпті! – деп айқайлады тілмаш. Оның сөзі аяқталмай жатып, казак әскердің бірі әлі толық қатып болмаған мұзды бір аяғымен басып қалды да, “күрт” еткен дауыс шықты. Ол денесін билей алмай, мұз қуысына түсіп кетуге айналды; осы кезде әлгі казак шұғыл артына қарай шалқая жығылды да, мұзды салдыр-гүлдір еткізіп, тірсегінше аунай берді. Сөйтіп жүріп, қауіптен де құтылды. Әсілі, бұл казактар қысы қараша айынан тартып суығы қатты болатын Еділ (Волга) дариясы бойында өскен еді; сондықтан жұқа мұзға түсіп кеткен кезде әбіржімей, жата қалып қысым күшін азайтып, шапшаң домалап қауіпті жерден құтылуды біледі екен. Әйтпесе, мұздың ойылған жеріне сұлап түссе – өлім.

Свен және жағада тұрғандар әлгі казактың қауіпті халін көргенде арқаларынан суық терлері бұрқ ете түскен-ді; ал ол қауіптен құтылған кезде “уф!” десіп, шуласып кетті.
– Танг-Сянь (Тан Сюаньцзан) ол кезде дариядан өтуге асығып тұрған болса керек; дарияның қатқанын көре сала жүріп кеткен, бірақ ол мұздың жаңадан қатқанын, жұқа әрі әлсіз екенін білмеген, сол себепті түсіп кеткен. Әйтпесе, бұл – балықтың істеп тұрған әзәзілдігі емес шығар-ау. Тарихтағы аңыз-әңгімелер біздің археологиялық дерек табуымызға ой салатын көрінеді, – деді Свен.
– Сіздің ойыңызға тағы қандай аңыз түсті? Бізге айтып бермейсіз бе, естиік! – деді қол астындағылары Свенге әуестене сұрақ қойып.

 

Қажет АНДАС

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Басы: https://qandas.kz/zhibek-zholynda%d2%93y-m%d3%99deni-m%d2%b1ralardy%d2%a3-%d2%b1rlanuy-8-b%d3%a9lim-4676/

Жалғасы бар…

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 19
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Елтану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

August 31, 2026
Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо
Елтану

Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо

August 31, 2026
Жяй ілімі
Елтану

Жяй ілімі

August 31, 2026
Жиңди тағылымы
Елтану

Жиңди тағылымы

August 31, 2026
Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан
Елтану

Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан

August 31, 2026
ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі
Елтану

ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz