Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Зиялға – зауал

admin
2026/08/30
Халық жады
0
Зиялға – зауал

Қуғын-сүргін. Қызыл қырғын. Ашаршылық нәубеті. Өн бойынан өлім ызғары ескен осы сұмдық апаттар қазақ халқына үсті-үстіне жұт болып тиді. Большевиктік империя зымияндық пен қатыгездікті қатар пайдаланды. Саясаттану ғылымының докторы, демограф Мақаш Тәтімов советтік сұрқия саясаттың осындай жымысқы жылымдарын талай жылдардан бері ашына әшкерелеп айтып келеді.

– Мәке, халқымыздың кеңес өкіметі кезінде көрген кесапат, шеккен қасіреттерінің біріне саясаттың салқыны тиді ме, әлде…

– Империя, мейлі, ол қызыл болсын, ақ болсын, көк болсын, бәрібір, әсіресе дамуы қиын сияқты халықтар жөнінде қай кезде де бөлек саясат үстанған. Қызыл сүргіннің қазақтарға қарсы қомағай араны 1921 жылдан бастап ашылды. Азамат соғысының, бүліншілік пен құрғақшылықтың зардабы Қазақстандағы алғашқы ғаламат ашаршылыққа әкеліп соқтырды. Нәубет екі миллионнан астам адамға шеңгелін салды. Ашыққандар негізінен қазақтар еді. Әрине, бұл ашаршылық қасақана, қолдан ұйымдастырылды деуге болмас. Бірақ мына бір жәйт қайран қалдырады. Басы Лениннің өзі болып Совет өкіметінің басшылары Еділ бойындағы ашаршылық туралы айдай әлемге дабыл қағып, ондағы ашыққандарға Арал теңізінің балығын вагондап жөнелткізді. Мұны мадақтап жазған Ғабит Мүсірепов ағамыздың әйгілі әңгімесі де бар. Ал аштық пен індет жайлаған қазақтарға көмек бермек түгілі, тіпті олардың бар жоғына да ешкім назар аударған жоқ. Ол ол ма, ет салығы ретінде қазақтардың малын сыпырып алды. Осыны саясат емес, саясаттағы залымдық емес деп кім айтады.

– Қазақ халқын ашықтан ашық, арсыз оспадарлықпен тұқырту, бұқтыру саясатын Қазақстанда қайдағы бір «Кіші Октябрь» орнатамын деген перделі желеумен қастандығын ішіне бүгіп Ф. Голощекин бастады ғой.

– Дұрыс айтасың. Ол өзінің бұл қылмысты әрекеттерін Сталинмен келісіп істеді. Голощекин деген бетперде жамылған бұл еврей Шая Ицкевич әуелі қазақ зиялыларына қарсы майдан ашып, солардың көзін құртуға, халықты  топ бастауға серкелерінен, ақыл-ойынан, бетіндегі қаймағынан айыруға тырысты. Сондарынан шам алып түсіп, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Сәдуақасов сияқты өр, ер, өткір, халқы үшін айға шабудан тайынбаған арыстан азаматтарды Қазақстандағы басшы қызметтерден қудырып тынды.

Қазақ байларын тәргілеп, өздерін атқанын атып, атпағанын жер аударып, аласапыранға түсіргенін алайық. Бұл да аса қитұрқы саясат еді. Біріншіден, ауыл күн көрісінің көзі – малынан айырылды. Екіншіден, сол бай дегендердіріміздің өздері әр ауылдағы ақылман, парасатты, істің жөнін білетін ел басы адамдар еді ғой. Ауыл-аймақтың зиялы мен қаймағы еді ғой. Сөйтіп, әрбір қазақ ауылы жөн білетін, жол білетін басшыларынан көз жаздырылды. Байларды құрту да қазақты бассыз, көзсіз қалдырудың бір амалытын. Демек, бұл да саясаттың сүргіні, оның ақыры келіп қазақтың қырғыны болды.

Осыған орай, Кеңес Одағының көпшілік аймақтарындағы сияқты, Қазақстанда да режимге ашық қарсылықтар жасалды, бұл бірқатар жерлерде қарулы бас көтерулерге ұласты. 1929-1931 жылдары Қазақстан бойынша 372 көтеріліс тіркелген екен. Олардың бәрі аса қатылдықпен басылды. Жүздеген адамдар атылды, асылды, мыңдап қапас лагерлерге айдалды. 1929-1933 жылдар аралығында 3386 адам ату жазасына кесілді. 13151 адам үш-он жыл мерзімге сотталды. Бұлар да қазақтың намыскер, жігерлі азаматтары болатын.

– Мақаш аға міне, осы аласапыран ауқымы жағынан аса қатерлі болып, ұлтымыздың ең үлкен қасіреттерінің бірі ретінде тарихымызда қалады. Соны біріміз нәубет, біріміз зұлмат, апат, қырғын деп жазып, сан-саққа жүгіртіп жатырмыз. Меніңше, бұл қасіретіміздің де ғылыми жағынан пайымдалған, бір ізге түсіріліп тиянақталғанатауы болуы тиіс қой деп ойлаймын.

– Өте орынды. Бұл не? Нәубет пе, әлде зұлмат па? Қалай атасақ қателеспес екенбіз. Жоңғар шапқыншылығынан халық шежіресіне енген «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» деп аты дұрыс қойылғандықтан сол қайғылы тарих санаға сіңіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, миымызға шегеленіп қалғандай. Ал, 1932 жылғы ашаршылық – меніңше қызыл табан қырғын. Нәубет деп айтуымыз жаңсақ. Себебі, нәубет сөзі діни ұғымға жақындайды. Мәселен, сел жүрсе, жер сілкінсе, оны құдайдың құдыретімен болған нәубет дейміз. Есеңгіреткен ашаршылық апатынан қатты шошынған халық бұл да құдайдың жіберген зауалы ма деп оны нәубет атамасқа шарасы болмады. Шынында, бұл қызылтабан қырғынға ұласқан саяси зұлмат еді. Зұлмат арғы түбірі зұлымдық деген сөзден шыққан, геноцидтің баламасы. Қарапайым халықтың үркінді, запыс болғаны соншалық, Сталин жасағанды құдай жасаған екен деп айтуға мәжбүр болды. Голощекинді пайғамбар санады. Ежовты Әзрет Әлінің зұлпықар қылышындай көрді.

– ХХ ғасырдың қазақ зиялыларының азаматтық, интеллектуалдық деңгейі аса жоғары болғаны жалпыға мәлім ақиқат. Кеңестік шығыста түркі халықтарының ішінде қазақ зиялылары ең мықтысы болғанына ешкім таласа қоймас. Осы қазақ зиялыларына, қазақ ақыл-ойының қаймағына келген зауал аса қатты болуы, арыстарымызды шетінен жусатып кетуі неліктен деп ойлайсыз?

– Иә, Ежовщинаның қылышынан қан тамған 1937-38 жылдары атылғандардың көбі большевик зиялылары. 29-31-де қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов бастаған нағыз қаймағы сыпырылды. «Алашордада» болған азаматтар мен қызыл большевиктер арасында келіспеушіліктер болды. Арадағы жік пен дүрдараздықтың кесірінен екі жағы да көп зардап шекті. Олар көп реттерде бірін-біріне өшіктіріп айдап салған зымиян идеологиялық зұлматтың құрбандарына айналды. Қазақ зиялылары, мысалы, өзбектермен салыстырғанда үш есе көп қырғын тапты. Бұл көп жайды аңғартады. Және біздің қазіргі ахуалымызға да, болашағымызға да әркез сабақ болуы керек. Алтыбақан алауыздық ешкімді ұшпаққа шығармайды, қайта ұлтымыздың ортақ мүддесіне кедергі жасайды.

– Қазақ зиялыларының көп зардап шегуіне Ежовтың осының алдында Қазақстанда бірталай жыл жұмыс істеуі де себеп болмады ма екен?

– Әлбетте, мұның көп зияны тигені анық. Ежов Семей губкомында істеді. Қазақ зиялыларымен қоян-қолтық араласты. Олардың қасиеттерін, мінез-құлқын, ақыл-парасатын, қайсысы неге татитынын жақсы білді. Кейбірімен бас араздығы, келіспеушілігі болуы, кейбіріне тағы бір себептермен тісін басып жүруі мүмкін. Ол қазақ зиялыларын ату тізімін жасауға өзі тікелей қатысуы да ықтимал. Грузия реппрессия кезінде Бельгия болғандықтан көп зардап шексе, Ежовтың Қазақстандағы қырғыны одан әлде қайда асып түсті.

– Мақаш аға, мен бір жерден оқып  едім, егер 50 саясатшысынан,  ғалымынан,  әскербасысынан, әйтеуір әр саладағы ең мықты  қайраткерінен айырылса, Франция сияқты үлкен мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтата тұрады деп. Ал, отызыншы жылдардағы Қазақстанды Франциямен әсте салыстыра алмаймыз. Соған қарағанда қазақтың бетке ұстар зиялы қауымын қырып тастауға сталиндік саясат мүдделі болған-ау деймін.

– «Халықтың қуаты – зиялыларында» деген екен Антон Павлович Чехов. Әсіресе, қазақ сынды ең байлықтың, жерұйықтың, жалпақтан-жалпақ сайын далының үстінде отырған халықтың қаймақ-кілегейін сыпырып, күш-қуатсыз, ақыл-ойсыз, парасатсыз, көз-құлақсыз қалдыру большевиктік кеңес империясының мемлекеттік ауқымдағы маңызды саясат, түпкі мақсаты болғандығы қазір ешкімге күмән тудырмаса керек. Сүргінге ұшыраған құрбандықтар санына қарап отырып, жаңағы ойға одан әрі беки түсесің.  20-30-шы жылдардағы ең ауыр соққыны әр деңгейдегі қазақ зиялылары көрді. Бүкіл Орта Азияда, Кеңестің түркілік шығысында ең шоқтығы биігі де осы қазақ зиялылары болатын. Зымиян, әккі саясат дегеніне жетті. Қазақ зиялы сондай ойсырағанның орнын әлі күнге дейін толтыра алған жоқ десек, қателесе қоймаспыз.

– Мәке, енді әңгіме бетін 1937-1938 жылғы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қарай бұрсақ деген өтініш бар.

– Өзім де соған келе жатырмын. «Әділет» қоғамының 1992 жылғы қазан айындағы бір жиналысында жүрегімді тебірентіп, жүйкемді қозғаған бір оқиға болды. Ол 1938 жылғы ақпанның аяғы мен наурыздың басында Алматыда жаппай атылып кеткен зичлылардың тізімін көруім еді. Құжат қойылған жерде соны өз көзіммен көріп, оқып, зерттеп шықтым. Дереу сол арада статистикалық талдау жасай бастадым.

Талдауды жүйелей келгенде: 25 ақпаннан 13 наурызға дейін 631 адам атылған екен. Күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған. Ең аз атқандары – 37. Ең көбі – соңғы күні атылған адам саны – 56-ға жеткен. Қанды қасапты 15 күн ішінде аяқтап болған. Бұл жазықсыз құрбандықтар бүкіл Қазақстан бойынша 1937-1938 жылдары атылып кеткен 30 мың адамның 5 бөлігінен артық екен. Осы кезде Алматыда ғана емес, мұндай зұлматты хасаб республиканың барлық облыс және аудан орталықтарында жүргізіліп жатқан болатын.

Ал, енді мұндай ғаламат зобаланды кім ұйымдастырды деген сұраққа келейік. Бұлардың бәрі де тікелей Мәскеудің нұсқауымен, тек Мәскеудің шешімімен КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясы көшпелі сессиясының үкімімен атылған адамдар. Бір ғажабы, Мәскеу осыншама қазақ зиялысын тып-типыл етіп қанға бүктіріп, қасап жасау үшін бір ғана өкілін – диввоенюрист Горячевті ғана жіберуді әбден жеткілікті деп тапқан.

– Атылғандардың ұлттық құрамына наразы шығарсыз?

– Жендет қолы желкесін қиған сол 631 адамның 70-75 бөлігі қазақ зиялылары. Сол кезде Алматыдағы қазақ тұрғындарының үлесі 7-8 бөліктен аспайтын. Ал, атылғандардың ішінде қазақтың үлес салмағы басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда он есе жоғары болған. Айталық, жаңағы 7-8 бөліктің ішінде мемлекет, партия қызметіндегілер көп болды дегеннің өзінде де атылған қазақ славян тектілерден сан есе көп. Бұл – әккі зымияндық, халықтың кілегейін қасақана сыпыру, саяси сүргін екенін дәлелдейд. Зиялыларынан айырылған ұлттың интеллектісі, рухани күш-қуаты төмендейді. Тізімдегі орыс, еуропалық фамилиялар ішінен мен атақты, белгілі адамдарды кездестіре алмадым. Оның есесіне қазақтың сол кездегі асыл арыстары түгелдей көгенделіп, ұсталып, атылып жіберілгені байқалады. Бәрі таныс есімдер, бәрі ұлт қорғаны, ұлт мақтаныштары.

– Мәке, 28 ақпанда атылғандардың ішінде сіздің әкеңіздің інісі, азамат соғысының батыры, Сәкен Сейфуллиннің әйгілі «Тар батыры, тайғақ кешуінде» суреттелетін Мұхаметқали Тәтімов те бар. Осы кісі туралы бірер сөз айтсаңыз?

– Ағаға тағылған айып: жапон империализмнің агенті, Қазақстанды Ресейден бөліп, дербес мемлекет етуге ұмтылған, өзі әскери адам ретінде болашақ дербес Қазақстанның Қорғаныс министрі болмақшы. Тергеу кезінде кителінің қалтасына сондай арандатушы записка салып жіберген.

Мұхаметқали аға қазақ жұмысшыларынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі еді. Қызыл ту орденімен наградталған бірінші қазақ. Қазақ Республикасының алғашқы Еңбек наркомы, кейін Денсаулық сақтау норкамы болған. Кезінде Семей губкомында Ежовпен бірге істеген. Қаралы тізімнің ішінен біздің ағайдың да аты табылуы менің көңілімді босатып, қатты толғандырды.

1938 жылдың 25 ақпанында Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Ізмұхан Құрамысов, Сейтқали Меңдешев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Қабылов, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, 28-і күні Ораз Жандосов, 3 наурыз күні Мағаз Масаншы, Абдолла Розыбақиев, Әбілқайыр Досовтар атылған.

Сөйтіп, қазақ халқының зиялыларына келген қанды зауал осылай жалғаса берген. Ұлт қаймағын сыпырған сол зауалға бүгінгі ұрпақтың қарғыстан басқа айтары жоқ.

 

Әңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ.

Жарияланды. -Алматы: “Жетісу” газеті. №58. 1997. -4 б.

Дерекөз: https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723995

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 42
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz