Жетісу жеріндегі ең үлкен бұлқыныс – Қарқара жәрмеңкесіндегі 1916 жылғы Жәменке, Ұзақ, Әубәкір, тағы басқа да халық қаһармандары бастаған көтеріліс болды. Бұл көтеріліс патша үкіметінің отаршылық, озбырлық саясатына қарсы халықтың ашуызасының әбден шарықтау шегіне жетуінен туған еді.
Карқара көтерілісінің он жылдығына байланысты 1926 жылы жазған бір мақаласында белгілі қайраткер-ғалым, кейін зобалаң құрбаны болған Әлихан Бекейханов: «Соғысқа дейін орыстың егіншісі қазақ, қырғыздың жерінен тандап 25 миллион десятина жер алған. 1913-інші жылы жалғыз Жетісудан егінші орыс 4 миллион десятина жер алған. «Жерім кетті» деп қазақ арыз кылса, дала уалаятының жандаралы Шмид: «Сендердей иттерді шөлге куам!» деген Ұлт Кеңесіне мүше, ақсүйек, екінші Марков деген: «Қазақ- кыргыз Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің елі, бұларға Америкадағы қызыл терілілерге қылғанды қылса да обал жоқ» деп соққан. Американдықтар олардың өздерін аңша кырып, жерін тартып алған. Патшаның баскесер жендеті Марков қазақ- кырғызға осыны қылмақ болған.
Он алтыншы жылдың зобалаңында көршілес қырғыз елі де патшаға қара жұмысқа жігіт бермейміз деп жаппай көтерілген еді. Оны басу үшін Ташкеннен, Самарқаннан, майданнан зеңбіректі әскер бөлімдері, баскесер атты қазақтар ағылып келді. Жергілікті келімсек орыстарды да қаруландырады. Құр қол қырғыздар қарулы әскермен қарсыласа алмайды. Алай ауады. Амалсыз Қытайға қашады. Қырғыз ағайындар бас сауғалап қашқанда, патша жендеттері оларды баудай түсіреді. Әсіресе, Ыстықкөлдің қабағында патша баскесерлері мындаған қырғызды бауыздап, малын айдап кетіп, қорасын өртеп жібереді.
Патша үкіметі Қарақол, Пішкек уезінің өзінде қырғыздың 53 мың үйін шапқыншылыққа ұшыратқан. Бұл қырғыздың үштен бір бөлігі еді деп жазады. «Өгізге туған күн бұзауға да туады» демекші, қырғыз ағайынның басына туған күн қазаққа да туды. Қилы заманның қыспағында қалған қанды 1916 жылы қазақтар мен қырғыздардың ежелгі руларының алдында тағы да не өмір сүру, не өлу, не туған жер топырағында қалу, не жат жерге жылысып коныс аударып, жан сауғалау ғана қалған еді.
Қаркара жәрмеңкесіндегі ереуілдің лапылдай тұтануына көрші қырғыз елінің де үлкен әсері тигені акикат. Ежелден тете өскен халықтың патшаның отаршыл әкімшіліктен көрген езгісі де ортақ еді. Патшаның жарлығына олар да катты наразылық білдірді.
«Қытай жеріне ауған ел 1917 жылғы ақпан айында туған жеріне қайта оралған. Бірақта мал-мүлкінен таза айрылды. Ауған елдің жүзінен сексені өлген де, жиырмасы ғана аман оралған» деп жазады Бөкейханов өз мақаласында.
Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың он алтыншы жылғы Қарқара көтерілісі туралы жазған «Қилы заман» повесін сол кездегі Албан елі мен қырғыз жеріндегі канды қырғындарды көз алдына қаз-қалпында көлденең тартады.
1916 жылы тамыз айынын басында Аксу – Пішкек арасында 530 адам саптың алдынан өткізіліп, таспен, таяқпен ұрып өлтірілді. Осы жылдың 12 тамызы күні Қарақол түрмесінде жатқан тұтқындарға қарулы әскер кенеттен басып кіріп, оқ жаудырды. 138 адам қаза тапты. Меркенің маңында тығылып жатқан 112 адамды коршап алып, баудай түсірді. Оның 42-сі қыз, 56-ы ұл бала болған.
Деректерде көрсетілгендей: Түркістан өлкелік генерал губернаторы Куропаткин 347 адамды дарға асуға қол қойған. 3000 адам ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқаны үшін ауыр жазаланып, түрмеде зардап шекті, атылды. Бұлардың арасында Қарқарадан айдаумен келген халықтың қаһармандары Жәмеңке, Ұзақ, Қазыбек, Кәрібоз, Тұрлықожа тағы басқа да батыр ұлдары бар еді.
Қылышынан қан тамған жазалаушы казактардың пулемет пен мылтығының оғынан бас сауғалап тау-тасты паналаған қазақ, қырғыздардың қосындарын, көштерін әдейі андып тұрып қастандықпен, катыгездікпен жазалаған. Әбден үрейі ұшып, бет-бетімен үрккен ел, кемпір-шал, катын-бала шыбын жанынан түңіліп жан сауғалаған. Жолдың шетінде, ошақ басында сәбилер бесігінде таңулы, жөргегінде ораулы күйінде қалған. Бұта-бұтаның арасына тығылған әйел, бала-шағаларды Фон- Берг сиякты жендеттер анша қырып, шауып өлтірген. Алатау мен Тянь-Шанның көркем беткейі мен тау-тасы қазақтардың сан ғасырлар бойы мекен еткен қасиетті мекені өлім аланына айналған. Подполковник Базилевский Түрген, Асы арқылы, подполковник Гейциг Самарқаннан шығып, Пішкек, Ыстықкөл арқылы, Құлжа қазақ жүздігі Жаркенттен Нарынқол, Қарқара арқылы Кравченконың отрядына қосылып, тұс-тұстан «ау құрып», Алатауды сүзіп шығып, Қарақолда түйісті. Бұл көтерілісті басу емес, жергілікті халықты жаппай тұқым-тұяғын қалдырмай қырып-жойып, олар жайлаған жерді тартып алу еді.
Жазушы Тұрсын Жұртбаевтың «Бейуақ» атты зерттеу кітабында сотник Волков дегеннің Жетісу облыстық әскерлерінің қолбасшысына берген мәліметі келтірілген. «22 август күнгі № 9 рапортында көрсетілгендей, 23 август күні таңғы сағат 7-де Кеңсу өзені мен Мерке жазығындағы қазақтардың көшін іздеуге аттандым. Алайда, Кеңсу – Мерке өңіріндегі қазақтар жүздеген (500-600-ден астам) киіз үйлерін, малын, дүние-мүлкін тастап, шығысқа көшіп кетіпті… Қазақтар шығысқа қарай босып жатыр. Кенсу – Меркедегі иесіз қалған киіз үйлер өртенді. Малдары Жалаңаш стансасына айдалып әкелінді» делінген. (244-бет).
Немесе: «Олар атыса отырып киіз үйлерін, дүние-мүлкін, малдарын тастап Түп өзенінің жоғарғы сағасына өрледі. Олар сапқа тұрып асығыс шабуылға шығуға әрекеттеніп еді, біздін оғымыздың астында қалды. Қазақтар кейде белсене кіріскенмен де ешкандай нәтиже шықпай, кешкі бес жарымда шабуылды тоқтатты. Түп өзенінің он шақырым мөлшеріндегі аңғары қазақтардан тазарды. Олардың дүние-мүлкі, киіз үйлері (200-300-дей) өртелді. Ал малдарын Қарақол қаласына айдап келіп, Теплоключинск селосында қазынаға табыс еттік. Қазақтардың 70-80-і қаза тапты, не жараланды. 13 адам тұтқындалып, Қарақол түрмесіне табыс етілді. Тартып алынған малдардың саны мынандай: 172 жылқы, 1645 сиыр, 10221 қой, жиыны 12038 бас». (245 бет).
Албан елінің басынан өткен «Қилы заманның» бас кейіпкері баскесер Фон-Бергтің бір мәліметінде: «28 август күні екі отрядпен шабуылға шықтық. 18 шақырымдай жүріп көштің (Қытайға ауып бара жатқан көшті айтады) басына жеткенше 40-қа жуық қазақ, қырғызды өлтірдім. Мені көріп қазақ, қырғыздар шыңғырып жіберді, қатты үрейленді. Алдында 300 метрдей жерде үй тұрды… Отрядымды сонда апарып, адамдарымды 100 кадамдай ілгері шығарып, жатып атысуға бұйырдым. 7 мыңға тарта төрт болыстың адамы мені қыспаққа алды… Команданы үйдің қалқасына жидым да, атқа мінгізіп, қатар тұрғызып, қылыштарын қынабынан суырттым да, «ура» деп айқайлап, қазақ, қырғыздарға қарсы шаба жөнелдім. Шұғыл шабуылды күтпегендіктен де, антарылып калды, қалың топтың арасын қақ тіліп отырдым… Қазақ, қырғыздарды оңды- солды аяусыз қылыштадық, ондап кырылды… Олардың көпшілігі асуға беттегенін көріп, казак Сердобицинді сонда жұмсадым, ол 4 адамды қылышпен шауып түсірді. Бұл жолы қазақ, қырғыздың көпшілігі қашып құтыла алмады, өлгендердің санынын көптігі сондай, шатқалдан кері қайтарда саймен жүруге мүмкіндік болмады, кабакты жағалай киялап жүрдік… Түп өзенінің бойындағы ұрыста миллионға тарта мал, барлық асыл заттары мен дүние-мүлкі, тамақтары түгелдей колға түсті. 150-дей тұткын алдық» (247 бет) деп мактанышпен мәлімдеді.
Міне, сан ғасырлар бойы самарқау, жайбарақат күн кешіп жатқан момын халықты куғын-сүргінге салып, туған жерімен қоштасуға мәжбүр еткен ақ патшаның азғын саясаты талай қазақ пен көршілес қырғыз еліне касірет пен қайғы бұлтын осылайша торлатты.
Осы дүрбелең жайында ұлы жазушы Әуезов: «Артында кіндігін кескізіп, кірін жуған момындық күні қалды. Албан албан болғалы қыстың жұтын, жаздың індетін көрсетпеген жер кіндігі ата коныс мекені калды. Тау толған арқар, бұғы, елік, қара- құйрық, таутекедей жабайы жайын көршілері де калды» деп жазады («Қилы заман»). Шекараның арғы бетіне тағдырдың жазуымен амалсыз арқалап бара жатқан Албан елінің тәлкекке түскен тағдырын осылай суреттейді.
Қазақ пен қырғыздың басына түскен килы заманның зобалаңы жайлы сол кездегі Жетісу әскери губернаторының Түркістан округтық губернаторы А. Куропаткинге жолдаған мәліметінде: «Пішкек уезі мен Пржевальск уезіндегі Ыстықкөлдің оңтүстік жағасындағы көтеріліске қатысқан болыстар әскери отрядтың қысымымен асу арқылы Қашқарға кетті. Ыстықкөлдің солтүстігіндегі кыргыздар, Нарынқол Шарын учаскесіндегі Албан руы Текес өзені арқылы Құлжаға өтті» деп хабарлаған («Бейуақ», 249 бет).
Ал енді, осы кітапта келтірілген мына бір деректерге назар аударыңыз. Жәркент уезінің сол кездегі бастығы полковник Ступинин өз мәліметінде: «Дәл қазіргі уақытта Нарынқол учаскесінде бірде-бір қазақ қалған жоқ… 23 августте Албан – Қожбанбет болысының 6 старшинасы қыстауға көшіп келген. Оларда Бөдеті, Кеген, Алжан, Құрман, Айт, Сартоғай, Қоңырбөрік, Торайғыр, Мер- ке және Шелек болыстарының бір-бір старшинасы жыл ғана бүліншілікке қатысқан. 26 август күні Суандардың Байтүгей, Сатай, Тоқ-Арыстан және Тұрдымбет болыстарының барлық түтін иелері, Борохожыр мен Төңірек болыстарының шағын тобы орыстардың, басқа адамдардың өзіне қосқан малдарын қайырып беріп, ың-шыңсыз Қытай ауып кетті.
Осы жылдың 13 октябрі күні телеграф арқылы мынандай мәлімет бергемін: «Кравченко отряды қырғыздарға қарсы соғыс ашқаннан кейін Сүмбедегі Албандар Қытайға өтіп кетті. Қытай өкіметі оларды тонап, кері куды. Қазақтар аштықтан, сүзектен өліп жатыр… Егер оларды қыстауға жібермесе халық қырылады, мал жұтайды. Албандар шыдамды, мал басы құрып бара жатыр. Ар- мияға ат алу қиындай түсті. Нұсқау күтемін…».
Полковник Ступининнің мәліметінен тағы да мына бір дерекке назар аударайық: «Жәркент уезіне бүліншілікке дейін 30 болыс карайтын. Оның ішінде 6-уы суандар, 14-і албандар. 1916 жылдың бірінші январына дейін 17.712 түтін бар еді. Қазіргі кезде 5099 түтін ғана қалған. Көтерілістен соң Қытайға ауып кеткендер 12.612 түтінге жеткен.
1916 жылғы Қарқара көтерілісі кезіндегі момын қазақ ауылын қанды қырғынға ұшыратқан «әскери серуен» деп аталған жорық кезінде Түркістан өлкелік әскери губернаторының штаб бастығы генерал Ерофеевтің бір телеграммасында: «Отрядтар жоспарлы әрі жүйелі түрде әйелдер мен балалар паналаған шатқалдарға шабуыл жасаған. Аштыққа ұрындырып, қыспаққа алған. Ақсуда тұтқынға түскен 500 қазақ, қырғызды таспен ұрып өлтірген. Қалғандарын Пішкекке апарып, кешке жақын кинематографтық Музыка ырғағына билеп жүріп, әкімшіліктің көзінше өлімші еткен. Жазалау отрядының бастығына интеллигенцияның өзі әкімшіліктің бұйрығын бұлжытпай орындадық деп мактаныш еткен. Бейбіт елді қырып салғандарды «ер» деп бағалаған. Өз еркімен келген қазақ, қырғыздарды мылтықпен, кылышымен қорқытып, жартастан құлатқан. Әскерлер көзіне көрінген мыңдаған қазақ, кыргыздын бәрін қырып салған. Жетісу облыстық ведомстволарының бұйрығы солай болған…». Генерал Ерофеевтің бұл телеграм-масы 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі заңсыздықтарды, жергілікті халықты қырып- жою бағытын ұстаған әкімшілікті әшкерелеген Дума депутаттарынын арнайы комиссиясына жауап беру үшін еріксіз жолданған мәлімет еді.
Бейқам жатқан ауыл адамдарын бала-шаға, кемпір-шалына қарамай қырып-жойғанына масаттанған хорунжий ФонБергтің бір түннің өзінде ұйқыдағы екі ауылдың бала-шағасымен қосып тып-типыл еткен де, үшінші топты қызыл-жоса қан қылған. Құрбандыққа шалған адамнын саны 200-ден асып кетті. Бұл бұл ма, бастамасы ғана болып шықты… Соншама адамның канын Түптің суындай ағызғаны сол 11 август емес пе?
Көтеріліс кезінде жан сауғалап, жат жұртқа қопарыла көшкенде халқымыз екі жақты зардап шегіп, қайғы-қасіретке дұшар болды. Ата-жұртынан, аға-бауырынан, іні- қарындасынан, мал-мүлік, дүние-жиһаздары- нан айырылды. Деректерге қарағанда, Қарқарадағы ереуілдің кезінде тек Жетісу облысында 20 миллион 724 мың сомның мүлкі халықтың қанын судай шашқан патша жендеттерінің уысында кеткен. Қазақ, қырғыздардың ен даласында қаптай өрген қарақұрым малдың жартысына жуығы талан-таражға түскен.
Осы бір ел басына күн туған дүрбелең жылдарында ел бүлініп, қырғыз да, казак та үркіп, тірі қалғандары шекаранын арғы шебіне жаппай өтіп кеткенде «Қайда барсаң – Қорқыттың көрі» демекші, онда да олардың шекесі қыза қойған жоқ. Қытай бір таласа, каңғалактап калмақ арасына барғандар да теперіш көріп, мал-мүлкін, жылтыраған затын тартып алып, тұрақтар қоныс таба ал- май, жат жерде жетім қыздың күйін кешті.
Осы үркіншілік жылдарында мұндай зобалаң, тек Албан елінде ғана емес, бүкіл казак даласында болғаны тарихтан белгілі. Касірет шеккен казак халкы шыбын жанын шүберекке түйіп, тек қана Қытай мен Монғол жеріне ғана жан сауғалаған жоқ, дүниенің төрт бұрышын кезіп кетті. Тіптен мұхиттың арғы бетіндегі Америка құрлығынан бірақ шыққандар да бар. Тағдыр тауқыметін тартып, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, талқаны таусылып, туған жерінен бір уыс топырақ бұйырмай арманда кеткендері қаншама?! Ақыры, қарапайым халыкты сондай қуғын-сүргінге ұшыратып, канын судай шашқан патшалык самодержавияның да күлі көкке ұшып, құдайдың қарғысына ұшырады.
Қазақтың басына қара бұлт торлап куғын-сүргін, қолдан жасалған ашаршылық, қанқұйлы Голощекиннің 1929-1932 жылғы асыра сілтеу саясаты мен 1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау кезінде де жат жұртқа жан сауғалап, үдере көшіп, қызыл қырғынға душар болғанын бүгінгі ұрпақ ұмыта қойған жоқ. Ол жылдардың қасіреті жайлы білгір тарихшыларымыз бен жазушы, журналистеріміз зерделі зерттеулер жүргізіп, тиянақты жұмыстар атқарып келеді. Оған да тәуба демекпіз.
Бұл тақырыпқа тек халқым деп туған қазақ қаламгерлері ғана емес, шет ел журналистері де қалам тартқан. Американың «Нэйшнл Джиографик мэгезин» атты журналының 1954 жылғы 61 санында жарияланған «Елім-айлап көшкен ел…» атты мақаласында американдық журналист Милтон Дж. Кларк: «Қытай қызылдарынан теперіш-тепкі көрген далалық көшпенділер жорық жолындағы қаскөй елді көктей өткен кезде қыруар шығынға ұшырап, 3 мың миль азапты сапар шегіп, Кашмирге келіп ат басын бір-ақ тартты.
Мен Кашмир жазығындағы ежелгі Сринагарда, ата-бабалары екі мың жыл бойы Орталық Азияның кең даласында емін-еркін көшіп жүрген ерекше халықтың өкілдері қазақтар арасында бір жыл ғұмыр кештім. Менің мәрт қожайындарым қызыл Кытайдың коммунистік режиміне көндіге алмай, туып-өскен Синцзянь провинциясынан қаша көшкен көшпенділердің тірі қалғандары екен.
Әйеліміз екеуіміз теңдесі жоқ суыт жорықтан аман қалғандардың бірнешеуімен катты достасып кеттік, ал жорықтың өзін тендесі жоқ ерлік, әрі теңселтіп әкетер касіретті қайғы десе де болғандай: қаша көшкен 4 мың түтін қазақтан 350 адам ғана Кашмирге аман жетіпті» деп жазады американдык журналист.
Мильтон Дж. Кларк өз мақаласында Қытайдағы қазақтар бастан кешкен мынандай бір жантүршігерлік қасіретті жағдайды баяндайды: «1949-50 жылдардың күзі мен қысында қазақтар коммунистермен келіссөз жүргізіп, дін еркіндігіне кепілдік беруді, өз салт-дәстүрлерін сақтап қалу және Синцзянда еркін көшіп жүру құқын сақтауды өтінді. Алайда, жаңа өкімет өкілдері қазақ «кооперациясына» тиым салынады, деген сыңай танытты.
Қазақтардың көпшілігі Баркөл кеңесіне жету үшін ұзақ сапар шекті. Қақаған қыстың бораны мен аязында мал көп қырылды. Қоздай бастаған қойдың төлін паналатар жер табылмады. Мұндай сүргінді қазақтар «қар жастанып, мүз төсену» дейді.
Ақыры 1950 жылдың наурызында ел жиналды. Мындаған қазақ қосына әлі қары сөгілмеген алқапқа қонды. Карақұрым киіз үйдің көптілігінен ине шаншар жер калмады. Отау үйлер қарашаңырақтарын ортаға ала қонған. Бұл жерде кем дегенде 15 мың адам, 60 мың қазақы қой, 12 мың жылқы, 7 мың ірі қара, 1 мыңнан астам түйе жиналған-ды…» дей келіп: «Султан Шәріптің әңгімесінен білгенім Баркөлде бас қосқан 15 мың адамның 12600-і қырылып, тұтқынға түсіп, тоз-тозы шығыпты, бір бөлігі тауға тығылды деседі. Бәлкім, әлі де кашып-пысып күн көріп жатқан бо- лар…».
«Кайран қазақ, жүрген жерің азап» демекші, қылышынан қан тамған ақ патшаның баскесер жендеттерінің зобалаң қырғынынан, 1929-1932 жылдардағы бүкіл казак даласын жайлаған ашаршылық нәубеті мен 1937-38 жылдардағы қазақтың баскөтерер ер-азаматтарын жаппай жазық- сыз жазалау кезінде жан сауғалап, туған жерінен амалсыз жат жұртқа ауып кеткен ағайындарымыздың аз ғана тобының Баркөлде бастан кешкен бір ғана зұламаты бұл.
Бүкіл қазақ жұртының айналасы жар- ты ғасырға жетер-жетпес уақыттағы басына түскен қайғы-қасіреті мен тартқан тауқыметі жайлы айтып жеткізу мүмкін емес. Бұған Отан соғысынын тигізген зардаптары мен онда шейіт болған сан мындаған боздақтарымызды қосыңыз!
Тарих казақ жұртының шаңырағын сан рет шайқалтып, қызыл қырғынға ұшыратып, нәубет пен тауқыметін тарттырса да аттын жалында, түйенің қомында өскен халкымыз қиындықтан қабырғасы қайыспай, ұрпақтарының болашағы үшін өмір көшін алға жетелеп келеді. Кешегі қанды қырғын жылдарында қыр асып, қиырға жат журтка ауып кеткен кандастарымыз бірте- бірте кайта оралуда. Көш көлікті болғай!
Нуртан Төлепбергенұлы,
“Жетісу” газетінің арнайы тілшісі.
Жарияланды. -Алматы: “Жетісу” газеті. №37. 1996. -3 б.











