Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Қытай тану негіздері

Заң өзгертіп, бөгетті бұзу

admin
2026/08/30
Елтану
0
Қытай тану негіздері

Шаң Яң (б.з.д. ? — б.з.д. 338) — Жаңго дәуіріндегі заңшылдар (фа-цзя) мектебінің көрнекті өкілі. Фамилиясы — Гуңсун, аты — Яң; Вэй (Уи) бектігінің адамы болғандықтан «Вэй Яң» деп те аталады. Чиң бектігі оған Лэшан (Ляшань) аймағын бөліп берген, сондықтан тарихи кітаптарда «Шаң Яң» (Шан-цзюнь) атымен мәлім. Заңшылдардың тұжырымдарын жинақтаған «Мәртебелі Шаң Яң шығармаларында» (Shangjun Shu) оның саяси тәжірибесі мен қағидалары баяндалған.

Шаң Яң жас шағында заңшылдардың Ли Куй, У Цидің ықпалында болды. Кейін Чиң бектігіне келіп, онда үлкен заң өзгерту реформасын жүргізді. Чиң бектігі құлдық жүйеден феодалдық жүйеге өтіп жатқан шақта Шаң Яң өсіп келе жатқан жер иеленуші (диджу) табының мүддесіне сүйеніп, «салттан шықпау» деген конфуцийшіл қағидаға қарсы тұрды да, заң арқылы басқаруды дәріптеді. Ол «тоғыз үлес» (井田) жүйесін күшінен қалдырып, межелерін жойды; жерді жеке меншіктеуге және еркін сатып-алуға мүмкіндік берді; егіншілікті, әскери еңбекті бірінші орынға қойды; соғыста еңбек сіңіргендерді марапаттады; құл иеленуші ақсүйектердің ерекше құқықтарын шектеді; жер иеленуші табының саяси үстемдігін орнықтырды. Соның нәтижесінде феодалдық стройдың Чиң бектігінде мықтап орнығуына жол ашылды. Бұл істер кейін Чинь Шихуанның Қытайды біріктіруіне, орталықтанған билікті бекітуіне берік негіз болды.

Шаң Яңның реформалары құл иеленуші ақсүйектердің мүддесіне қатты соққы берді. Сондықтан олар сан рет қарсылық көрсетті. Реформаны қолдаған Чиң Шаогун көз жұмғаннан кейін, ақсүйектер қайта айқас бастап, Шаң Яң әскер шығарып тірескенімен, ақыры мерт етілді.

«Заң өзгерту» тарауында Шаң Яң мен оның саяси қарсыластарының заң жасау мәселесіндегі айтысы беріледі. Ганлуң, Дуужылар — құл иеленуші ақсүйектердің мүддесіне өкіл болып, «ертедегіні өнеге қылу» ұранын көтеріп, «салттан шықпау» идеясын дәріптейді; «Чиң бектігінің дағдысын» бетке ұстап, құлдық құрылыс пен керітартпа тап идеологиясын сақтап қалуды көздейді. Шаң Яң болса, өсіп келе жатқан жер иеленуші табының мүддесін негізге алып, «өткен дәуірлердің саяси ағартуы әрқилы», «өткен патшалардың жолы бірдей емес» деген тарихи деректерге сүйеніп, олардың уәжін терістейді де, «әлемді билеудің жалғыз ғана жолы болмайды; мемлекетке пайдалы болғанда — ертегіні өнеге етудің қажеті жоқ» деген қорытындыға келеді. Осылайша ол заң өзгерту қажеттігін дәлелдеп, ақсүйектердің қарсылығын тойтарған. Бұл мақала Шаң Яңның алғадай қоғамдық көзқарасын айқындап, Жаңго дәуіріндегі өсіп келе жатқан феодалдық (диджу) табының іскер-прагматикалық рухын көрсетеді. Алайда, Шаң Яңның халық бұқарасына салқын қарау реңкі оның қанаушы тап өкілі екенін де аңғартады. Төменде «Мәртебелі Шаң Яң шығармалары»-нан дайындалған палсапалық тартыстарды ұсынамсыз.

Заң өзгерту

 

Жиң Шаогун бектік дәуіріндегі келелі істерді зерттеген екен. Оның қасында ұлықтардан Гуңсуняң, Ганлуң мен Дуужы үшеуі бірге болып, дүниедегі істердің өзгерісі жайлы кеңес құрып, заң жасаудың принциптерін талқылап, халықты билеудің шарасын ақылдасыпты.

Жиң Шаогун былай деген екен:

«Алдыңғы өткен мәртебелілердің ісін мұрагер тақ иесі ұмытпауға тиіс — бұл бекке тиесілі ұстаным саналады. Заңды атқарып, бектің жақсылықтарын бар күшпен насихаттап отыру — ұлықтардың борышы. Енді менде бектікті заңды өзгертіп билесем, бұқараны салтын өзгертіп тәрбиелесем деген ой бар; әйтсе де, ел аузының сөзінен именемін».

Гуңсуняң былай деген екен:

«Менің естуімше: қимылда шамадан тыс сақтық болса — табыс болмайды; істе жалтақтық болса — мандымайды. Елдің сөзінен жасқанбай, заңды өзгерту жөніндегі жоспарды дереу жасағаныңыз жөн. Тағы бір сөз: зиялы кісі заманда — наданның қарсылығына ұшырайды; кемеңгер қашанда мылжыңдардың келемежіне қалады. Топас істің жайын соңынан да байқай алмайды, зерделі жан ишарадан-ақ аңғарады. Жай адамдарға жаңалық жасау жайлы ақыл айтып қайыруға болмайды — оларды сол жаңалықтың жемісінен игіліктенуге қалдырса болды. Гуаньның айтқанында (қағидатында) былай делінеді: “Саяси дауды зерттейтін кісі көне салтқа байланып қалмайды; қолынан іс келетін кісі қара топқа ақыл салмайды”. Заң — заманда халықты қорғау үшін; салт — көбіне іске қолайсыздық тудырады. Сондықтан киелілер мемлекетті байытып, күшейтуге шамасы келсе — көне тұжырыммен қатып қалуы қажет емес; халыққа пайдалы болса — ескі тәртіпке міндетті түрде бойсұну шарт емес».

Чиң Шаогун: «Жарайды-ақ», — депті.

Ганлуң былай деген екен:

«Олай емес. Менің естуімше: киелілер халықтың әдет-салтын өзгертпей-ақ оларды тәрбиелейді; білгірлер тізімді (тәртіп пен жүйені) өзгертпей-ақ мемлекетті билейді. Халықтың өз әдет-салтымен тәрбие жүргізілсе — қиналмай-ақ табысқа жетеді. Бұрынғы тізімге сүйеніп мемлекетті билесе — бұл әрі ұлықтарға да қанық, бұқараға да жайлы. Егер Чиң елінің ежелгі әдетін тастап, заңды өзгертіп, халықты басқа әдіспен тәрбиелесеңіз, онда ел-жұрттың аузына ілініп, жаман атқа қалуыңыздан алаңдаймын. Мұны өзіңіз зейініңізге салып көріңіз».

Гуңсуняң былай деген екен:

«Ганлуңның айтқаны — дүниедегі надан жандардың сөзі. Қарапайым кісі қашанда көне әдет-салттан көз жазбайды, ал ғұламалар да қоныққан дағдысынан аса алмайды. Бұл екі түрлі адамды мансап беріп, дайын заңды қорғауға қоюға болар, бірақ дағдыны талқандайтын келелі іс жайында олармен кеңесу жарамайды. Үш дәуірдің (Үш әулие дәуірдің) заңдары бір-бірінен өзгеше болғанымен, бәрінің де хандығы сәтті болды; бес шонжар бектің заңдары да әрқилы еді, бірақ бәрінің де шонжарлығы өтті. Демек, зейінді кісі — заң жасайды, тұман кеуде — заңның тежеуінде ғана болады. Парасатты адам салтты өзгертеді, парасатсыз — салттың шеңберінен шықпайды. Салттың тежеуінен аса алмайтын кісі — келелі іс кеңесінің теңі емес; заң шеңберінен аса алмайтын кісі — заң өзгерту кеңесінің теңі емес. Тақсыр, енді шұбаланғанды қойыңыз».

Дуужы былай деген екен:

«Менің естуімше: жүз есе артықшылық болмаса – ескі заңды өзгертпеу керек; он есе ұтымдылығы болмаса – ескі жарақ-жабдықты ауыстырмау керек, — дейді. Тағы бір естуімше: ескі заңды сақтаса – қателік кетпейді; ескі салт бойынша істесе – ағаттық болмайды. Тақсыр, өзіңіз екшеп көріңіз».

Гуңсуняң былай деген екен:

«Өткен дәуірлердің саяси ісі бір-бірінен бөлек. Ендеше, ертедегі қай дәуірді өнеге қыламыз? Өткен патшалардың жолдары әрқилы. Фу-ши мен Шэньнун халықты тәрбиелеуге аса мән берген, бірақ өлтіруді қолданбаған; Хуанди, Яо, Шунь — жазалау мен өлтіруді қолданған, бірақ зұлымдыққа бармаған. Жоу (Чжоу) хандығы дәуіріндегі У-ван мен У-шуан заманына жеткенде, бұлар өз заманының қажетіне сәйкес заң орнатып, нақтылы ахуалға қарай салт жасаған. Салт пен заң нақты ахуалға қарай белгіленуі қажет; мемлекет заң-жарлығы заманына сай жасалуы тиіс; әртүрлі қару-жарақ, дулыға-сауыт, саймандардың ептейлі болуы көзделуі керек (ептейсіз болса – ауыстыру жөн). Сондықтан мен: әлемді билеудің дауы – бір ғана емес; мемлекетке пайдалы болу жағын көздегенде – ертені талғамай көшіре берудің қажеті жоқ, – деймін. Шаң (Инь) хандығының Таң патшасы, Жоу хандығының У-ван патшасы – ертедегі тізімдерге сүйенбей-ақ көркейген; Иньнің Чжоу (Чжоу Синь), Сяның Цзе патшалары – ескі салтты өзгертпесе де құрып-жойылған. Олай болса, ежелгі тәртіпке қайшы істегендердің бәрі міндетті түрде теріс болып шықпайды, ал ескі салтты сақтағандардың бәрі мақтауға татымайды. Тақсыр, енді шұбаланғанды қойыңыз».

Чиң Шаогун: «Жарайды-ақ. Менің естуімше: көр-көзді болып өспеген жан – жоқтан өзгеге таңырқағыш келеді; білімі таяз ғұламалар – дәм татпай даусыз айтысқыш келеді. Ақымақтар – қуанады, зейінділер – налиды; әпербақандар – шаттанады, парасаттылар -— қамығады. Мен енді надандардың сөзін елемеймін», – депті. Сонымен тың игеру жөніндегі заң-жарлықтарын жариялапты.

 

Қысқаша түсіндірме:

  • Чиң / Чинь — ежелгі Qin бектігі (кейінгі империяның атауы).
  • Жиң Шаогун — Чиң (Qin) бектігінің билеушісі (б.з.д. 361–338), Шаң Яң реформаларын қолдаған.
  • Гуңсуняң (Гуңсунь Яң) — Шаң Яңның толық есімі (Гоңгсун Ян).
  • Ганлуң, Дуужы — кеңестегі шонжар-ұлықтар (аттары қытай дерегіндегі тұлғаларға сәйкестендірілген транскрипциялар).
  • Заңшылдар (фа-цзя) — «заңмен басқару» ілімін ұстанған көне қытай ой мектебі.
  • Тағылымшылдар (жу-цзя) — конфуцийшілдер (салтқа, ғұрыпқа сүйенген басқару).
  • «Тоғыз үлес» (井田) жүйесі — қауымдық жерді тоғыз бөлікке бөліп игеру тәртібі; Шаң Яң оны жойып, жеке меншікті енгізді.
  • Диджу табы — жер иеленуші феодал-топ (шартты аударма; қытайша 地主).
  • Гуань — «Гуань-цзы» дәстүрлі трактатындағы қағидаттарға ишара.
  • Фу-ши, Шэньнун, Хуанди, Яо, Шунь — көне аңыз-патшалар.
  • У-ван, У-шуан — Жоу дәуірі билеушілері (У-ван — Чжоу әулетінің негізін қалаушы; «У-шуан» мәтінде дәстүрлі атаулардың ауызша нұсқасы ретінде берілген).
  • Тың игеру заң-жарлықтары — реформа аясындағы егіншілікті көтермелеу шаралары.

Аударып, реттеген Қажет Андас.

“Q-andas” ақпараттық агенттігі.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 48
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Елтану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

August 31, 2026
Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо
Елтану

Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо

August 31, 2026
Жяй ілімі
Елтану

Жяй ілімі

August 31, 2026
Жиңди тағылымы
Елтану

Жиңди тағылымы

August 31, 2026
Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан
Елтану

Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан

August 31, 2026
ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі
Елтану

ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz