Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Андас Омарақын ізімен

Қызайлар арасында кең таралған қанатты сөздер

Танысаң Қызаймын, Танымасаң құдаймын

admin
2026/02/23
Андас Омарақын ізімен
0
Қызайлар арасында кең таралған қанатты сөздер

«Цин патшалығы Гаузуңның орда естелігі»  725 том, 1, 2 беттерінде жазылған деректерге қарағанда қырғыздар 1766 жылдары қазақтарға қарсы үш рет шабуыл жасайды. Осы кезде сыр бойындағы қызайлар ауыр шығынға ұшырайды. 1770 жылы Абылай хан, Қаракерей Қабанбай батыр, қызай Есенгелді, тағы да басқа батырлар бастаған қазақ жасақтары қырғыздарға қарсы жорыққа шығады. «Абылай қолы Қарабалдан деген жерде бұраттармен (қырғыздар) соғысты. Қырғыздардың ер-әйел, мал-мүлкі талауға түсті. Бұраттардың Әтеке бастаған адамдары Талас деген жерге дейін қуып келген еді. Бірақ соңында күйрей жеңілді. Мыңнан артық адам өліп, мыңнан артық адам тұтқын болды. Олардың арасында қыруар елбасылары бар еді. Сөйтіп қазақтар өш алу үшін бұраттардың ойран-топырын шығарды» делінеді «Цин патшалығы Гаузуң орда естелігі» 985 том 28 бетте.

Бұл жорық туралы Шоқан Уәлихановтың да жазбаларында кездеседі: «Даңқы күшті болған соғысқа қырғыздардың оңы мен солы түгел қатынасқан солты мен саяқ руы талқандалып, атақты Жайыл батыр өлтіріледі де, бұл соғыс «Жайылдың қырғыны» деп аталады. Бұғы руын Ыстықкөлде қиратып, тонап алады. Алатау қырғыздарының Әтеке жырық батыры да, басқалары да сонда болады. Тоқаштың қара төбесі қазақтардың топталып төнген жеріне айналады. Алатау қырғыздары жантүршігерлік қырғынға ұшырайды. Шоңбағыш руынан тек болғаны екі ауыл ғана, Шоң талқан тармағынан небәрі 40 адам аман қалады… Жайылдың қызы Әтекенің әйелі Бикемжанның жоқтауын қырғыздар осы кезге дейін жырлайды. Осы ұрыстың нәтижесінде Көкшетауда бітім жасалып, Алатау қырғыздарының барша ру өкілдері барады. Бұдан былай бір-бірімізге шаппаймыз деп уәдеге келеді». Осыдан соң қазақ, қырғыздың жайлау бөлісі жасалып, Абылай хан тұтқын қырғыздарды жаңа қырғыз, бай қырғыз деп екі болыс етіп қырады.

Осы ұрыста осыған дейін «Қаптағайлап!» шабатын Есенгелді бастаған қызай жасақтары «Танысаң қызайыңмын, танымасаң құдайыңмын» деп аттандап, ұрысқа кіреді. Осыдан былай бұл қызайлардың ұранына айналып, жоңғарға қарсы Алакөл, Талқы шайқастарында (ХVIII ғасыр), Шәуешек соғысында (ХІХ ғасыр), Сыбанқұлмен соғыста (ХІХ ғасыр), Бұраталадағы моңғолдармен қырқыста (ХІХ ғасыр), Күнес басындағы торғауыттармен жерге таласта (ХХ ғасыр), Үш аймақ төңкерісі (ХХ ғасыр)кезінде қызай жігіттері осы ұранмен аттандап шапқаны мәлім. Бұл ұранды осы күнде өзге рулар да өз ыңғайына қарай қолданып жүргендері бар.

 

Өлмеген құл алтын аяқтан ас ішеді

 

Құдайназар батыр (1698) қайтыс болып, елдегі әменгерлікке мойынсұңғысы келмеген Тойын шешеміз Жолымбет, Есенкелді, Солтангелдіні ертіп, төркіні Сарыүйсіндерге жолға шығады. Жол бойы шаршап, ашықтық деп жылаған балаларына. «Тірі болсаңдар алтын аяқтан ас ісшесіңдер» деп жұбатады. Кейін Есенкелді Цин империясының ханы Циянлунның қабылдауында болып, хан ордасы берген қонақасыда ас тартылған алтын ыдыстарды көріп, жымиып күліпті. Оның тосын әрекетіне таңырқаған хан себебін сұрағанда, Есекең осы әңгімені айтқан екен. Тойын шешеміздің ақылдылғына тәнті болған Циянлуң хан тек хан ордасының ханшайымдары киетін жібек матадан әдіптелген камзолды сыйға тартып. Содан бастап: «Тірі болсаң алтын аяқтан ас ішесің» деген сөз қызайлар арасында қанатты сөзге айналып кетеді.

1) Құдайназар батыр – Тәуке ханның тұсында қол бастаған батырлардың бірі. 1698 жылғы Қызылжар шайқасында қызы Күләйім екеуі қайтыс болып, артында қалған Жолымбет, Есенкелді, Солтанкелді атты үш ұлы «Үш жетім» деген атпен тарихқа қалған.

 

Сенің атың Еенкелдінің (1)  бозтарланынан(2) несі артық?

1) Есенкелді қазақтан шыққан ең алғашқы дипломаттардың бірі, қызай елінің биі, Абылайханның сенімді серігі, Қабанбай батырдың үзеңгі жолдасы.

2) Бозтарлан – Есенкелдінің жорықтарда мінетін сенімді көлігі.

Бір жылы Торғай деген адам сұрап мініп, қуғыншылардан қашқанда құйға батып өледі. Елге келген соң ел адамдары сол тұстағы ердің құны 200 жылқы, 50 түйе, мың қой деген белгілемеге сай Торғайға 200 жылқы төлем беруді шешеді. Бұған Есенгелді риза болмаған сыңай танытады. Бітім жасаушылар азсынып отыр деп «Қайта ақылдасуға» ыңғай танытқанда Есенгелді:

– Ұрпағыма өрт болып кетер, Бозтарлан маған келгенде бесті ат болатын. Бір бесті алып бітемін, – деп, бір бесті алып бітісіпті.

Осыдан былай ел арасында ат дауы болса: «Сенің атың Есенгелдінің бозтарланынан несі артық?» деген қанатты сөз пайда болып, күні-бүгінге дейін ел арасында айтылып жүр.

 

 

Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .    

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 37
Елдіктің жолы
Андас Омарақын ізімен

Елдіктің жолы

April 16, 2026
Құт мекен
Андас Омарақын ізімен

Құт мекен

April 15, 2026
Білім көкжиегі
Андас Омарақын ізімен

Білім көкжиегі

April 13, 2026
Ұлар мен қырғауыл
Андас Омарақын ізімен

Ұлар мен қырғауыл

April 6, 2026
Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт
Андас Омарақын ізімен

Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт

April 3, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz