Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Қызыл қырғын

Бүйен-Ақсу (Бөрібай) көтерілісінің құрбандары туралы естеліктер

admin
2026/08/31
Халық жады
0
Қызыл қырғын

Қып-қызыл қантөгіспен орнаған Кеңес өкіметінің «арқасында» біздің қазақтың көрмеген құқайы бар ма? Небір қорлық-зорлықтың бәрін көрді, соған көнді. Соның бәрін біле тұра «Мақтанса бүгін – мақтансын қазақ, төбесі көкке жетпей тұр аз-ақ» деп асқақтата ән шырқаумен келдік. Бойымызды кернеп әкетіп бара жатқан бұл ненің қуанышы екендігін бір құдайдың өзі білсін.

Бірді айтып, бірге кетпей, халқымызды оба тигендей ойсыратып кеткен отызыншы жылдар ойранын алайықшы. Демографтардың дерегіне сенсек, егер сол атың өшкір аштықтың кесірінен қандастарымыз қынадай қырылмағанда қазір қазақтың саны отыз миллионнан асып, ақарлы- шақарлы ел болып отыруымыз тиіс  көрінеді. Көріңде өкіргір Голощекин геноциді тамырымызға балта шаппағанда, өз жерімізде дәл қазіргідей өгейлік көрмесіміз анық еді ғой. Көп көптігін жасамай ма қашанда?

Бұл нәубетті қолдан істелген қиянат деп өз атымен атағанымыз дұрыс. Оған дәлел жетіп артылады. Оны күнделікті баспасөзді қадағалап жүрген көзі қарақты оқырмандар жақсы біледі. Сондықтан арғы – бергіні тегіс теріп арамтер болмай-ақ, өз өлкемізге қатысты кейбір жайларды ғана сөз еткеніміз жөн шығар.

…Ақсу ауданындағы «Қызылтаң» совхозының территориясында «Маңқа» деп аталатын жер бар. Күні кешеге дейін бұл атаудың мәнін білмей келдік. «Қазакемнің де қоймайтын аты жоқ қой, басқа бірдеме таппады ма екен?» деп күлетін де қоятынбыз. Сөйтсек, мұнымыз күлетін емес, жылайтын нәрсе екен. Енді соның жайына тоқталайық.

Баяғы «Аша тұяқ қалмасынның» заманында «Маңқа ауруына ұшырады» деген жалған сылтаумен ауыл – аймағымыздың бар жылқысын тура осы араға жинапты да өртеп тастапты. Тау болып үйілген қайран жануарлардың өлексесінен айнала маң сасып кеткен ғой. Содан соң ол ара «Маңқа» аталмай қайтсын.

Отырықшылдыққа озбырлық жолмен «үйретуге» күш салған Голощекиннің саясатынан өлім иісі аңқып тұрды. Қолындағы малынан айрылған қазаққа қару кезеп, оқ шығындаудың қажеті жоқ еді. Күнкөріс көзі бітелген соң өзінен-өзі бордай тозып бітпей ме? Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, қас қылғандай жаңа төлдеген малды да сыпырып әкеткен. Көгенде – қозы, желіде – құлын қалған. Ал, әлі отықпаған жас төл одан кейін баудай түспей қайтеді енді.

«Ақыл – алтау, нәпсі – жетеу» деген екен бұрынғы аталарымыз. Сол жеті арсыздың бірі – тамақ. Екі аяқты, жұмыр басты пендеде құлқынның құрығына түспейтіндер кемде-кем шығар-ау. Шыны керек қой адамға алдымен керегі – қарынның тоқтығы, сосын барып қана киімнің көктігі. Егер осынау ащы шындықты мойындасақ, кешегі бірінің етін бірі жеген бауырларымызды бейберекет күстәналаудан аулақ болуымыз керек. Бәрін айт та, бірін айт – құдай оның бетін аулақ қылсын деңіз.

Қанша жуас болса да қазақ әрине қарап қалған жоқ. Бәтір-ау, бауыздамаға келіп, кеңірдегіне пышақ тигенде қой- екеш қой да тұяқ серппей ме? Тірі жан емес пе, аштық әбден титығына жетіп, ашынған халық жер-жерде көтеріліске шығып жатты. Бірақ, олардың бәрін кедей-кепшікті «жарылқаушы» Кеңес өкіметі аяусыз басып-жаншып тастап отырды. Ай-күннің аманында, жау жағадан алмай-ақ «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған ұлтының амандығын ойлаған алаш азаматтары шетінен «банды» атанды. Шен-шекпен берсе, туған шешесін ұмытып кететін тексіздер өз тумаларына қырғидай тиіп, елдің берекесін кетірді. Қысқасы, тұлпардан тұғыр озған оңбаған кез еді ғой ол.

Мұндай толқулар ежелден ерлік пен елдіктің мекеніне айналған киелі Жетісу жерін де шарпып өтті. Ақсу-Қапалды жайлаған қалың Матайдың топқа татыр ұлдары атқа қонып, жергілікті өкіметке қарсы қол бастаған Өтебай Ғали мен Бөрте Мұқанның соңынан ерді. Батыр бабаларының аруағын шақырып «Бөрібайлап» шапқан ол боздақтар да Қызыл империяның қара күшіне қарсы тұра алмады. Азаттық жолында бастарын бәйгеге тігіп, опат болған есіл ерлердің есімі атаусыз қалды. Кейінгі ұрпақ бұл «Бөрібай» көтерілісінің жай-жапсарынан мүлдем бейхабар. Ал, білетіндер ауызға алудан қорықты. «Тарих қайталауды сүйеді» дейді ғой. Ендеше, ол шындық айтылуға тиіс. Оны тарихшыларымыздың үлесіне қалдыра тұрайық әзірге.

Осынау ойран-топыр заманның зардабын шекпегендер кемде-кем дедік қой. Солардың бірі – «Сартау төрелері» деп аталатын біздің тұқым. Оның ішінде қазіргі Қапал ауданының «Баласаз» жайлауында келісті етіп салынған кесенесінің іргесі әлі күнге дейін дін-аман тұрған ағайынды Омар – Алқаның өрен жарандары. Аруақтарыңнан айналайын аталарым туралы сол өңірдегі Аталық Қаптағайдың қариялары әлі күнге дейін әңгіме етіп отрады. Жалпы қазақ қай кезде де арғы тегін – қаһарлы қаһан Шыңғыс ханнан тарайтын төрелерді сыйлаған ғой. Оның үстіне жоғарыда аты аталған кісілер өз уақытының беделді адамдары болған.

Олардың балалары да тегіне тартпай тұрсын ба, шеттерінен сен тұр, мен атайын еді. Әсіресе, жастайынан-ақ ешкімнен жасқанбайтын жаужүректігімен атағы шыққан Тұрсынтөре туралы әңгіме көп. Бұл атамыз жөнінде тарихи деректер де бар. Жақында осы «Жерұйық» газетінде астаналық ғалым Жапсарбай Қуанышевтың «Жетісу бойларын тәргілеу» туралы архив материалдарына сүйеніп жазылған бір беттік мақаласы шықты. Сонда Тұрсын төре өз жерінен тұрақ таппай Қытайға бет алған топтың басшысы ретінде көрсетіледі. Расында да солай болған.

Асыра сілтеудің азабын шегіп, ыңыршағы айналған елдің игі – жақсыларылары жиналып 1931 жылы жазғы-тұрым бұған дейін арға бетке бір барып келген Тұрсын төреге келіп, «өстіп бекерге өлеміз бе, Қытай асайық, көшті бастаңыз» деп өтініш білдіреді. Сонда сексеннің сеңгіріне шыққан атамыз аппақ сақалын саумалай тарап ұзақ отырыпты. Содан кейін барып «Бұл сәбетің (совет өкіметі дегені ғой) үш жүз жыл жасаған патшаны (Романовтар әулетін айтса керек) да төңкеріп тастады. Енді оларға ештеңе істей алмаймыз. Құдай салды, біз көндік. Неде болса шыдайық. Халықтың обалына қалмайық» деген көрінеді. Бірақ бұған өз бауыры Шақай бастаған топ көнбепті.

Сонымен қойшы, үкіметтен үркіп, үдере көшкен ел Қытайға қарай бет алады. Алайда, қатын-қалаш, бала-шаға бар көш алысқа ұзай алмайды. Жансыздар берген хабар бойынша соңдарына қуғын түседі. Көздері қанталаған қызыл әскерлер Ақсу өзенінің арғы бетіндегі Демікпенің асуында қуып жетіп, бір бүйірден бүйідей тиеді. Сол жерде қатты қақтығыс болады. Мұздай қаруланған қалың солдат қойсын ба, қарша бораған оқтан қашқындар қырылып қалады. Көш басшылары қатты жазаланады. Куәлардың айтуына қарағанда Тұрсын төре мен оның жасы жиырмаға жете қоймаған немересі Мәжінді қылышпен турап өлтіріпті. Тіпті, олардың сүйегін алуға да рұқсат етпеген. Бірақ, бауырлары түнде ұрланып әкеліп, Тұрсын төренің сүйегін Баласаздағы ата-бабаларымыздың  қасына қойған.

Содан кейін-ақ  Тұрсын төре тұқымдарының соңына белсенділер шырақ алып түскен. Жақында сексенге келіп, үлкен бір абыз атамыз дүниеден қайтты. Соның  жерлеуіне барғанымызда Асқар дейтін атамыз айтты: «Советтің қолынан сегіз бірдей әкелерің өлді. Сол естеріңде жүрсін. Ол үшін ешкімнің басын алмаспыз, бірақ ұмыта алмасымыз анық» .

Саятшылықпен айналысып, қос ауыз» мылтықтарымен аң  аулап жүрген Әмірғали мен  Меңдеш әкелерімізді ұстап алып. Атып  тастады. Молаларының қайда  екенін  ешкім білмейді. Ақыр аяғы сүйектері далада қалды.

Сосын… Анау «Арасан»  ауылының орталығында Курносов қызыл командирдирің зираты бар.  Оған мектеп  оқушылары гүл қойып совет армиясы сарбазы ретінде құрмет көрсетіп жүреді. Меніңше, сөйтудің   түк те керегі жоқ. Өйткені,  ол шекарашылардың бастығы болып тұрғанда  аталарыңды «банды» деп қудалап,  мылтықпен атып, қылышпен шауып өлтірген жаулары – сіздер мен біздің бауырларымыз болатын. Сондықтан ондай  «Батырларды»  әспеттеу ата-бабалардың  аруағынан ұят.  Ал халықты аман алып қалуда ардақтауға лайық азаматтар қазағымыздың ішінде де, құдайға шүкір  жетерлік. Біздің халық бағзы заманнан тұлпар мініп, ту ұстаған ұл-қыздардан ешқашан да кенде  болмаған.

 

Талғат Батырхан

      Жарияланды. -Талдықорған: «Жерұйық» газеті. №38. 1992. -4б.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 45
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz