Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Ұйқы

admin
2025/12/29
Әдебиет
0
Ұйқы

Бір үйде жеті бала өстік. Өзі қаншама қарбалас болса да, біздің оқуымызға, білім алуымызға, ақылды болып өсуімізге ерекше назар аударатын. Тіпті, кей кездері ойынға беріліп, сабақ үлгеріміз төмендеп кеткенде немесе мұғалімдер тарапынан біз туралы жағымсыз мінездеме естіген күні үйден тыныштық кететін. Ол күні кемшілік өткізгендеріміз ғана емес, бәрімізді бірге жазалайтын. Ұрып-соқпайтын, өмір бойы біреуімізге бір шапалақ жұмсап, елдің әкелерінше көшені айналдыра қуалап, әтуерімізді кетірген емес. Өзгелерше аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып боқтамайтын да. Әкем жек көрген адамын “Ит екенсің” деп қана кіналайтын. Бірақ, сол күні жазаның ең ауырын қолданатын – шашымызға жіп тағып, оны үйдің арқалығына байлап, таң атқанша кітап оқытатын. Үйқы қысып, басың салбырай бастаса, төбең шымыр ете қалады да ұйқың шайдай ашылады. Қайтадан кітапқа үңілесің. Ал әлі мектепке бара қоймаған іні-қарындастарымызда сол күні бізбен бірге ұйқысыз таң атыруы керек. Мың десе де, бала ғой. Ұйқыға шыдамай басы салбырап, қорылдай бастаса, оны алдап-сулап оятып алуға тырысатынбыз. Ойын ойнатамыз немесе ертек оқып береміз. Ол кезде теледидар деген жоқ. «Төрт дәруіш», «Мың бір түн», «Қырымның қырық батыры» біздің ұйқыашар кітаптарымыз болатын. Әке-шешеміз де бізді бағып отырмайтын. Бірақ бала күніміз үлкендердің ақылын, тапсырмасын қалтқысыз орындайтын аса бір ұқыптылықты, қазақы қанға сіңген қасиетті ардақтаумен өткедіктен айтқанын орындауға тырысатынбыз.

Әлі есімде, 3 сыныпта оқып жүрген жылы әкемнің жұмысы ауысып, Аралтөбе деген ауылдан жаңа үй салдық. Біз тұратын Кеңсу ауылымен Аралтөбенің арасы 20 шақырым-ақ жол. Қазіргі көзбен қарасаң мына тұрған жер. Ал ол кезде тым ұзақ сезілетін. Екі ауылдың арасына күніне таңертең және кешке қарай екі уақыт жолаушылар автобус қатынайды. Кешкі жетіде Кеңсудан Аралтөбеге, таңғы алтыда Аралтөбеден Кеңсуға қарай автобус жүреді. Оған үлгермесең 20 шақырым жолды жаяу басуың керек. Мен аптасына үш рет үй салып жатқан жұмысшыларға тамақ жеткізіп тұрамын. Ол кезде таңғы сағат сегізден кешкі алтыға дейін сабақ болатын. Сабақтан түсе сала алқын-жұлқын үйге келетінмін де шешем дайындап қойған бір кесе шалапты жұта салып, жарты қалта тамақты иығма артып алып, бекетке жүгіремін. Енді қозғалған автобусқа мықшыңдап кіріп келе жатқанымды көріп, ішіндегілер аяушылық танытатын. Бірақ, мен үлгергеніме қуанып, масайрап тұрушы едім. Ол кезде ұй салумен айналысатын арнайы адамдар, бригада деген атымен жоқ. Қолынан іс келетін бауыр-туыс, көрші-қолаң, әкемнің жора-жолдастары көмектесетін. Олар сол еңбектері үшін ақы дәметпейтін, қайта асарлатып бітірген жұмыстарын мақтаныш етуші еді. Қазір қолы қимылдаса болды ақысын дәметіп жататындарды көргенде көңілің жабырқайтыны анық. Екі туып, бір қалғандарының өзі есеп қуысқанда ұяттан жерге кіре жаздайсың. Тіпті, дүние-мүлік, байлық үшін жақынын жарға итіріп, сотқа сүйрелеп, жағаласып жатқандарды көргенде жаның ауырады.

Кетеуі кеткен жолмен ыңырсып, ырғалып жүрген алжыған автобус жиырма шақырым жолды бір сағат жүреді. Күн бата үйден шығып, кеш кіргенде әкемдерге жететінмін. Аманатын тапсырып барып, самайдан аққан жағал-жағал терді сүртуге сонда ғана қол босайтын. Қанша қиналсаңда білдірмеуге тырысасың қайта тапсырманы мүлткісіз орындағаныңа іштей риза болып, қашан мақтар екен деп жәутеңдеп тұрасың. Бірақ ол кездің әкелері келсін-келмесін мақтай бермейтін. Көңілің жұтап қалса да, көппен бірге мәре-сәре кешкі асымды ішіп, оларға ұйқыға кеткенде, білте шамның жарығымен тағы да үй тапсырмасын орындауға кірісемін. Түн жарымға дейін тапсырмаларды бітіріп, сосын ұйқыға бас қоясың. Таңғы алты да тағы да босаған қалталарды боқшаға жұмарлап тыға салып, автобекетке қарай жүгіруің керек. Сөйтіп, бірінші сабаққа жиналу қоңырауы шылдырлағанда сыныпқа кіріп келе жатамын. Сол жылғы соңғы оқу маусымы осылай өтті. Бір күні таңертең ұйықтап қалып, автобустан қалып қойдым. Әкем мені ауылға қайтатын бір танысың артына мінгестіріп жіберді. Ол жолы жазалаған жоқ. Бірақ, маған: «Кедей бай боламын десе, жамбасына тікен қадалады. Бай кедей боламын десе, ұйқы мас болады» дегенді ұмытпа? Адамның үш дүшпаны бар. Оның бірі – ұйқы, қалған екеуін кейін айтамын?» деп қана ескертті. Осы күні біреулер байып жатса, кәсіп ашып, бизнесін кеңейтсе: «Алып қойған жоқ па, ішіп қойған жоқ па?» деген күмән-күдікпен қарайтындар көп. «Жалғанның ісі жалғанда, ақиреттің ісі барғанда» дегендей, алып қойған беріп бітіреді. Ішіп қойған түбі қайта құсады. Оны өмір сан мәрте түсіндіріп келеді. Бірақ мен еңбегімен байығандардың бәрін жамбасына тікен қадалғандардың қатарына қосамын. Олар ұйқыға басқаларға қарағанда өте аз уақытын жұмсайды.

…Өкінішке қарай, кейінгі кездері тым ұйқышыл болып барамын. Мен емес, бүкіл қоғам ұйқыда жатқан сияқты мүлгіп көрінеді. Осындайда Наполеонның қытайларға қаратып айтқан: «Шығыста бір алып айдаһар ұйықтап жатыр, ол оянғанда бүкіл әлемді алақынында ойнатады» деген сөзі оралады. Қытайлар содан бері екі жүз жыл ұйықтады. Оянғанына аса көп болған жоқ. Қазір олар ұйқыны мүлдем ұмытты. Демек, олардың барлық жетістігінің басында тым аз ұйықтайтындығы жатыр. Біздің де оянар уақытымыз жеткен сияқты.

Қажет АНДАС

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 33
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz