ІШКІ ХАБАРЛАР
Ырғыз – Ырғыз уезінің қара басқан «Хандары» жарандарымен абақтыға жабылып жатыр.
Ақмола – Тәуке руынан Мират деген кісі «Екі балаң әскерге алынады» дегенді естіп, оңаша үйге барып, өзін өзі бауыздап өлтірді.
Қ. Айнабекұлы.
Өскемен – 209-ші нөмір «Қазақта» жазған уағдасы бойынша Жаңабай ақсақал 1700 сомды елге қайта тапсырды. Жұрт бөліп алысты. Сөйтіп Жаңабай ақсақал өз бойын аршыды.
А.Х
ТОРҒАЙ УЕЗІНЕН
25-ші маусым жарлығы тақырыбы біздің Торғай уезінде көңілсіз оқиғалар болып, бұл күнге шейін бұл ел жастарын қызметке бере алмай тұр. Үш айдан бері пошта, телеграф жүрмей, елдің хал-жайынан анық хабар ала алмай тұр едік. Осы қаңтар ішінде ғана Қостанайға Торғай елінің бір ұлыстарынан кісі келгендігі хабарланып, Қостанайға барып, күзден бергі болған және қазірде халықтың басынан кешіп тұрған уақиғалармен анық таныстық. Толық мағлұмат алдық. Бірақ оның бәрін газетке түгел жазуға заман көтермейді. Халыққа айтар сөздің біразын жазып отырмыз.
Ырғыз, Торғай елдері мерзімді уақытында жастарын әскери қызметке бермеген соң, бұл екі уезге әскер кірді. Әскер кіру, әлбетте, үкіметке де, халыққа да қолайлы іс емес. Мемлекетіміз жаумен жағаласып жатқанда, әскерін өз жұртына шығарып, күшін бөледі. Мемлекетке зиянды жағы бұл. Қазаққа зиянды жағы: Әскер шыққан соң барша шығын – ауыртпалық және жаман ат халыққа түседі. Еламан, жұрт тынышта біздің арлағанымыз осы еді. Әне, мінемен кісі беруді кешіктіріп жүргенде, елге әскер шығып, халықтың күйін кетірер. Мұнан ешкімге пайда болмас. Жұрттың обалына қаласыңдар деп едік.
Осыдан екі жарым ай бұрын губернатор жоғарғы екі уезге қатысты бұйрық шығарды. 15-ші қаңтардан кешіксеңдер күш жұмсалады. Үкімге алынасыңдар, деп. Білген елге бұл ауыр бұйрық еді.
Енді 15 қаңтар өтті. Жығылғанның үстіне жұдырық – әскери тәртіп тағы илан етілді. Әлі күнге дейін Торғай уезі кісі берген жоқ. Алла аыброй беріп, Ырғыз уезінің қазақтары кісілерін бере бастады. Ырғыз жігіттері Орынбор арқылы үркін-дүркін кетiп жатыр.
Торғай уезінің, бұл күнге дейін кісі бере алмай тұруының, қазақтан болмаған, бір толық себебі болыпты. Жұрттың көбі алғашқы кезде түсінбесе, соңғы кезде патшаның құрығынан құтыла алмасын білген соң тыныштықпен кісі беруге айналған екен. Бірақ Торғай хакімдері (әскери басшылық) әскерге қатысу белгілеген күннен (20-шы қазан) бастап қалаға қазақ кіргізбеген. Қаладағы қазақ біткеннің бәрін абақтыға жапқан. 25-ші маусым жарлығы жария болғаннан бері, халыққа түсіндіріп, кісі беруге үгіттеп жүрген Тосын, Шубалаң, Аққұм елдерінің болыстарын, бас адамдарын, қаладағы мұғалімдерді, кызметшiлердi, медресе шәкірттерін және қазақ шенеуніктерін абақтыға жауып тастаған. Абақтыдан шығарғандарын, қалаға тұрғызбастан далаға айдап тастаған. Бұл күнге дейін абақтыда жатқандар бар. Қабылдауға жігіттерен әкелген елді де (Шұбалаң ұлысы) қайтарып жіберген. Сондықтан да көніп отырған елдер, қалаға бара алмаған. Қаладан далаға, даладан қалаға қазақты қатынастырмаған. Торғайға бару мүмкін болмаған соң Қостанай уезіне жақынырақ 1-ші, 2-ші Наурызым болыстарының бас адамдары, көнгендігін білдіру үшін 200-300 шақырым жерден балаларын, жақындарын Қостанайға әкеліп бере бастаған. Бірақ жұрттың бәрі осы қыстың ішінде Қостанайға келіп кісі беруі мүмкін емес.
Рас, Торғай уезінде күні бүгінге шейін елдің обалына қалып, шаруасын күйзелтіп, момындарды қорқытып жүрген бұзақы, ұры, тентектер бар. Бұл ешкімге жасырын емес. Мұндай бұзақылардың ісін, бүкіл Торғай уезінің бүліншілігі деуге болады.
Торғай оқиғасы туралы кешікпей, әскери сот болуы хақ. Оған шын көніп отырған тыныш жұрт, бұзықтардан жігін ашып, кісілерін беріп бітіру керек. Залымның отына момын күймес. Көнгендіктің белгісі – кісі беру. Онан басқа дауа жоқ. Торғай облысында болған оқиғалар шыққан шығын, ауыртпалық халық үстіне түспек. Патша жарлығына мойын ұсынып, баласын беруге қанатын қомдап отырған момындар, «Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура болып жүргеннің» кесірінен ала бөтен шығынға ұшыраса, оған шаш жетпес, босып кетесіңдер.
Міне, осындай мал мен басқа бірдей келіп отырған қауіп-қатерге Торғай елі, кеш де болса, сақтансын, «Жау тілеген жасыл берер» деген, жұртты құтыртушы бұзақылар өз жауабын өздері берер, бірақ нақақтан күюшілер болмасын, жүрт адамдары осыны ескерсін. Торғай уезі толықсып тұрған ел еді. Қүт-берекесі шайқалудан алла сақтасын, сақтан жұрт.
Торғайға хакімдер қазақ кіргізбегендіктен көніп отырған жұрт, кісілерін әскерге бере алмай отырғанын баяндап, тез қабылдау комиссиясы құрылуын өтініп, Қостанайға келген Тосын, Шұбалаң, 1-ші, 2-ші Наурызым ұлысынын қазақтары, 11-ші қаңтарда Торғай губернаторына жеделхат беріп еді. Қазір біз істеп тұрмыз, Тосын елі адамын беруге Торғайға келіпті. Олай болса, қалаға қазақты жібергені. Уақыт өткізбей әр ел тез, кісі беру қамына кіріссін, бұрыңғыларың да жетер!
Мадияр.
ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЙЫНАН ІІ
Батыс майданы. Зингер қарауында қанша қазақ жігіттері бары өткен хатта жазылған.
Бұл күнде Зингер, Батыс майданындағы бұратаналарды да өз қарауына алмақ. Басқа майдандағы бұратаналарды қолына алуға Зингер қазіргі қолындағы жігіттерін жақсы тәрбиелеп, қажеттерін түгел өтеп тұрғандығын көрсету керек. Бұл бола қалса, біздің қазақтың бәрі де Зенгерда болады. Жігіттер Зенгердің көңіліне жақса, олда жігіттердің көңілінен шығып, көп пайдасы тиетін көрінеді. Сондықтан шамасынша аянбай қызмет етулері керек.
Өткен желтоқсанның 23-нен қаңтардың 12-не дейін Зенгер қол астындағы 9 қос,13 мыңдай қазақ жігітін аралап шықтық. Жігіттердің қал-жайын, көрген-білгенімізді 19-шы қаңтарда Мәскеудегі Земство Одағының Батыс майдан Комитетіне баяндадық. Бұл баяндаманы Минскінің әскер цензоры қарап шыққаннан кейін, «Қазақ» қа жібереміз. Біздің жігіттерге не сөйлеп, комитетке қазақ үшін не керек дегеніміздi, Алаштың азаматы «Қазақтан» оқып көрер.
Батыс майданы Комитетінің бастығы баяндаманы оқығаннан кейін бізге, Зингер қарамағындағы қазақтарыңа, істе дегендеріңді өздерің қолдарыңа алыңдар, оған Мәскеуде бір бөлім, Минискіде бір бөлім ашыңдар, әуелі Минскіде ашыңдар деді.
Сонымен 22-ші қаңтарда Минискіге жүріп барамыз.
«Қазақ» газеті, №216, 3-бет.
Тұп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас.
ВНУТРЕННИЕ НОВОСТИ
Иргиз – так называемые «черные ханы» арестованы и водворены в тюрьму.
Акмола – человек по имени Мират из рода Тауке, услышал весть о призыве двух своих сыновей на службу, наложил на себя руки.
Усть-Каменогорск – в опубликованном в №209 газеты «Казах» обещании, аксакал говорил, что вернет деньги собранные у людей.
Обещание сдержал – 1750 рублей возвращены, люди их поделили. Аксакал оправдался перед народом.
А.Х.
ИЗ ТУРГАЙСКОГО УЕЗДА.
Вопросы призыва на воинскую службу в Тургайском уезде стали труднорешаемыми, люди до сих пор не могут направить своих сыновей на службу. Вот уже три месяца не работает почта, телеграф. Не можем получить никакой информации о положении дел, о положении людей. Только в январе месяце из Тургайского уезда в Костанай прибыл человек, мы узнали от него об истинном положении дел в уезде, о событиях происходящих среди народа. Получили полную информацию. Но все это, мы не имеем возможности опубликовать.
Но, приведем следующее:
За то, что в установленные сроки, призыв на службу не был произведен из-за уклонений народа Иргиза и Тургая, в эти два уезда было направлены войска. Конечно, введение войск невыгодно, как для народа так и для правительства.
Когда государство воюет с внешним врагом, отвлекаются войска, направляются на борьбу со своим народом. Это не на руку правительству. А для казахов – введение войск плохо скажется на хозяйственной жизни народа, люди понесут убытки и это будет темным пятном на народе. Пока наступило некоторое затишье, мы хотим сказать, что затягивая дело с призывом на службу, мы усугубляем обстановку, войска вводимые на территорию никого не пожалеют. От этого никто не выиграет. Будут навлечены новые несчастья на голову народа.
Полтора месяца назад, губернатор издал приказ, для двух указанных выше уездов. В нем говорилось, что в случаи уклонения от призыва, будут применены военные силы.
Это жесткий для народа приказ. Срок установленный для исполнения приказа – 15 января. Вот истек срок. Как говорится началось добивание лежачего, введено военное положение. До сих пор Тургайский уезд неможет направлять своих людей на службу. Слава богу, хоть Иргизский уезд начал исполнят приказ. Призванные на службу Иргизские казахи, отправляются к местам назначения, через Оренбург без задержек.
Причиной задержки призыва на службу казахов Тургайского уезда послужило не только их нежелание. Народ вначале не понял сути приказа по этому вопросу, но подумав, согласился с тем, что призыва не избежать. Но Тургайсое Военное начальство с начала приема т.е. с 20-го октября не впускали казахов в город. Всех городских казахов взяли под арест, закрыли в городскую тюрьму. С 25-го июня со дня издания приказа, волостных Тосына, Шубалана, Аккума, также городских учителей, учеников медресе и казахских чиновников агитировавших за призыв, тоже посадили под арест. Освобожденных из-под ареста казахов без промедления выдворяли за город. До настоящего времени в тюрьме содержатся невиновные люди. Даже были случаи, когда людей приведших своих призывников на призывной пункт, не принимали и всех отправляли обратно (Шубаланский улус), и призываемые не могли попасть на призывной пункт. Не было сообщений между уездным городом и улусами.
Так как люди никак не могли попасть в Тургай, люди 1-го и 2-го Наурызымского улусов располагавшихся ближе к Костанайскому уезду, начали приводить своих джигитов для службы в Костанай. Но не все успеют этой зимой отправить своих джигитов на службу через Костанайские власти.
Правда, есть сорвиголовы, которые путем угроз, обмана, жульничества и поныне сеют раздор между казахами и властью, и это не является тайной.
Дела этих людей считаются смутой всего Тургайского уезда.
Скоро должен состояться военный суд над виновными в Тургайских беспорядках. Добропорядочному народу Тургайского уезда следует держаться подальше от смутьянов, не поддаваться провокациям, и выполнять приказ о призыве на службу.
Казахам, в любом случае не избежать воинской службы. Все потери, все невзгоды от Тургайских беспорядков тяжелым грузом лягут на плечи народа.
Те, кто не противится Царскому Указу, и согласен отправлять своих сыновей на воинскую службу, но из-за делишек смутьянов и препятствий создаваемых городскими властями, не могут попасть на призывные пункты, тоже окажутся в числе виновных.
Тургайский народ, будьте осторожны над вами нависла опасность, вас хотят, в любом случае сделать виновными. А смутьяны пусть сами отвечают за свои действия.
Народ Тургайского уезда жил относительно благополучно. Да сохранит Аллах народ от невзгод. Будьте бдительны.
Прибывшие в Костанай из улусов Тосын, Шубалан, также 1-го, 2-го Наурызымского улусов, казахи, 11-января отправили телеграмму губернатору о том, что Тургайские казахи не могут попасть в Тургайскую приемную комиссию Из-за запрета Тургайских властей казахов не впускают в город, потому просили срочно создать приемную комиссию в Костанае для Тургайских казахов.
Сейчас, люди Тосынского улуса прибыли в приемную комиссию Тургая. Значит въезд в Тургай для казахов открыт. Не теряя времени и не нагнетая обстановку, выделяйте своих джигитов для воинской службы.
Мадияр.
ПОЛОЖЕНИЕ ВОЕННЫХ РАБОЧИХ.
ЗАПАДНЫЙ ФРОНТ.
О том, сколько казахских джигитов находятся в подчинении у Зингера мы писали в прошлом письме.Зингер хочет и инородцев Западного фронта взять в свое подчинение. Но для присоединения к себе инородцев других фронтов, Зингеру необходимо показать себя, дисциплину имеющихся у себя рабочих, их обеспеченность всем необходимым.
Если случится так, что все казахи окажутся в подчинении у Зингера, и наши джигиты найдут общий язык с Зингером, то это будет только на пользу. Поэтому, по возможности нужно исправно нести свою службу.
С 23-го декабря по 12-ое января мы обошли места работы 13-тысяч казахских джигитов, находящихся в подчинении у Зингера. Об их положении мы сообщили в комитет Западного фронта Московского Земского союза, в своем докладе 19 января.
Этот доклад, после просмотра военным цензором Минска будет отправлен и в газету «Казах».
Что мы обсуждали с нашими джигитами, о чем говорили, о чем мы просили комитет, народ Алаша (казахский народ) узнает из публикации в газете «Казах».
После ознакомления с докладом, Председатель Комитета Западного фронта комитета сказал нам: «Все, что вы просите сделать для казахов находящих на службе, в подчинении у Зингера, сделайте сами, для этого откройте отделы (пункты) в Москве и Минске. Сперва откройте отделение комитета в Минске».
Итак, 22-го января мы выехали в Минск.
Газета «Казах» №216, стр 3.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











