.Басы: https://qandas.kz/andas-omara%d2%9byn-izimen-%d2%b1rpa%d2%9b%d2%9ba-zhetken-ruhani-amanat-11036/
Дүние әуел баста қап-қараңғы түнекте жатыпты. Оның бетін – түн түндігі қоршап тұрыпты, зымырап уақыт өте беріпті. Күндердің бірінде таңертең құлағына бір үн жетіпті;
– Ей, жаратушы тәңірім, мен мәңгі қараңғыда қала беремін бе? Менің сансыз нәсілді ұрпағым құрсағымда туылмай қала береме? Мен анамынғой, ана зарын тыңдашы тәңірім! – деп ағыл-тегіл зарлап жылаған дауысты естиді. Бұл зар қағып жылаған Жер-дүние екенін білген тәңірім мейірі түсіп:
– Ендеше, не талабың бар еді? – депті жерге.
– Маған бір жарық сәуле керек, сол сәуленің мейірінісіз қалсам өмірім қаран! – депті Жер.
– Тілегіңді қабыл еттім. Көзіңді аш! – депті тәңір мейірлене, – Жетерлік сәуле бердім.
Жер сілкініп алып қараса, арасында көкпенбек төңіреген қазандай мөлдіреген аспанда көптеген күн пайда болған екен. Сол күндердің ыстық сәулесі лезде жер бетін күйдіріп, қап-қара қылдырып жіберіпті.
Кенезесі кеуіп, тандыры тартылып бара жатқан жер, енді жанын қоярға жер таба алмай шырқырапты. Түп-түзу жер жарылып-жарылып, кез-келген орны шыңырау құзға айналыпты.
Тәңірге қайта талап қоюға батына алмаған жер күңіреніп, әр орны ыстыққа шыдамай қопарылып жатыпты. Осы кезде көктегі жердің әріптестері жұлдыздар- Жердің тартып жатқан таухыметін көріп, шыдап тұра алмай зар жылап, тәңірден тіленіпті:
– Жердің бір тілегін әл еткем, енді оны сендердің көз жастарыңмен жан тарту ниеттерің құтқарады- басқа амал жол, – депті тәңір.
Құдіреттің сөзін алдымен естіген алыс тұрған жұлдыздар жылапты, бәріде қосыла жылапты:
- Жер бауырым, денемдегі
Бар ылғалды бериін!
Сен өлмеші,
Сен үшін өлейін!!
Бұлардың көз жасы мың жылда жер бетіне жақындапты, олардың ашу-мұңы – қатпар-қатпар шой қара бұлт болып, жермен-көктің арасын алыптыда, селге айналып, жер жүзін су алыпты. Шөлдеп кенезесі кепкен жер енді су астында қалыпты. Көптеген күнді су селі сөндіріпті де, алысырақ тұрған біреуі ғана қалыпты. Жердің тағы су астында қауіпте қалғанын көрген аспандағы әріптестері енді үрлеп-үрлеп жіберсе, ол құйын жел болып келіп, жер бетіндегі тұмамен бұлтты қуалап жоғалтыпты.
Аспан айығып, оның өрінде күлімдеген бір күн ғана қалыпты. Оның сәулесімен Жер құлпырып, сансыз түрлі ағаштар шығып, сан алуан шөп-гүлдер өсіп, таулар, жазықтар, бұлақтар, өзендер, айдын-шалқар көлдер, сан-алуан құстар мен, тау толы аңдар пайда болыпты.
Күн сәулесінен ләххәт алған Жер-ана өзі аңсай күткен сәулесімен қауышып, құрсағындағы он сегіз мың ұрпағын жарық дүниеге әкеліпті. Жер дүние сансыз жылдарда әрең осындай күйге келіп, «Жер-ана» деп аталып, ұрпақтарын асырап тұрыпты.
Дереккөз : «Күнес ауданының аңыз-ертегілері». 1991 жыл. Ішкі таралым. Іле халық баспасы.
«Q-Andas» ақпарат агенттігі.
Жалғасы бар…
О РАЗДЕЛЕНИИ ЗЕМЛИ И НЕБА
(Легенды и сказки уезда Кюнес)
В самом начале мир был погружен в полную непроглядную тьму. Его поверхность покрывал покровец ночи, и время стремительно мчалось вперед. В один из дней, ранним утром, раздался голос:
– О, Творец мой Всевышний, неужели я навеки останусь в этой тьме? Неужели мое многочисленное потомство так и останется нерожденным в моем чреве? Я ведь мать, услышь же плач и мольбу матери, Творец! – так горько рыдала земля. Почувствовав, что этот плач исходит от самой Земли-Матери, милосердный Творец спросил:
– Чего же ты просишь?
– Мне нужен лишь луч света! Без его тепла и ласки жизнь моя обречена! – ответила Земля.
– Я принял твое прошение. Открой глаза! – молвил Творец с милостью. – Я даровал тебе достаточно света.
Земля содрогнулась, взглянула наверх, а на небесах, сиявших синевой, словно огромные казаны, появилось множество солнц. Однако палящие лучи этих солнц мгновенно обожгли поверхность Земли и превратили ее в черную пепелищу.
Иссохшая от жажды Земля, страдая от невыносимого зноя, металась, не находя себе места. Гладкая прежде земля растрескалась, превратившись в глубокие ущелья и пропасти.
Не смея снова обращаться с требованиями к Творцу, Земля стонала, а ее поверхности рушились, не выдерживая жары. В это время ее небесные собратья – звезды – не смогли равнодушно смотреть на страдания Земли и, зарыдав, стали молить Творца о помощи:
– Я уже исполнил одну просьбу Земли, теперь спасти ее смогут лишь ваши слезы и искреннее сострадание, иного пути нет, – ответил Творец.
Далекие звезды, первыми услышав слова Всевышнего, зарыдали, а вслед за ними заплакали и остальные:
– Земля, родная наша!
Всю влагу своего тела отдадим тебе!
Лишь бы ты не погибла,
Мы готовы умереть за тебя!
Спустя тысячу лет их слезы приблизились к земле. Их гневно-печальные слезы превратились в густые, плотные черные тучи, которые затянули пространство между небом и землей, а затем пролились проливным дождем, заполнив всю сушу водой. Иссохшая Земля оказалась полностью под водой. Потоки воды погасили большинство солнц, оставив лишь одно, находившееся дальше всех. Увидев, что Земля снова оказалась в опасности под водой, небесные собратья начали дуть изо всех сил, и их дыхание превратилось в ураганный ветер, который разогнал с поверхности земли туман и тучи.
Небо прояснилось, и на его вершине осталось лишь одно сияющее солнце. Под его ласковыми лучами Земля расцвела: выросли самые разные деревья, зазеленели травы и цветы, появились горы, равнины, родники, реки и полноводные озера, а также множественные птицы и дикие звери.
Насладившись солнечным светом, Земля-Мать соединилась с долгожданным теплом и даровала жизнь своему восемнадцатитысячному потомству. Спустя нескончаемые века Земля обрела этот облик, стала нарываться «Землей-Матерью» и с тех пор взращивает и питает своих детей.
Источник: «Легенды и сказки уезда Кюнес». 1991 год. Внутренний тираж. Народное издательство Или.
Информационное агентство «Q-Andas».
(Продолжение следует…)
ON THE SEPARATION OF EARTH AND SKY
(Legends and Folktales of Künes County)
In the very beginning, the world lay in utter darkness. Its surface was wrapped in the veil of night, and time flew by relentlessly. One morning, a voice reached the ears of the Creator:
“O Creator Almighty, am I destined to remain in eternal darkness forever? Will my countless descendants remain unborn within my womb? I am a mother – hear the plea and lament of a mother, O Lord!” begged the voice in bitter tears. Realizing that this was the desperate cry of the Earth, the merciful Creator took pity and asked:
“What then is your desire?”
“I need a ray of light! Without its warmth, my life is doom!” replied the Earth.
“I have granted your wish. Open your eyes!” said the Creator with grace. “I have given you plenty of light.”
The Earth shook and looked up, and in the deep blue sky, clear as vast cauldrons, many suns had appeared. However, the scorching heat of those suns instantly burned the surface of the earth, turning it jet-black.
Parched and suffering from unbearable heat, the Earth twisted in agony, finding no peace. The once-smooth land cracked open, and deep abysses formed in random places.
Fearing to make another request to the Creator, the Earth groaned softly as its terrain collapsed under the relentless heat. Seeing the suffering of the Earth, its skyward companions – the stars – could not bear the sight and wept bitterly, praying to the Creator:
“I have already fulfilled one wish of the Earth. Now, only your tears and compassionate hearts can save her – there is no other way,” the Creator declared.
Hearing the Almighty’s words first, the distant stars began to cry, and soon all the others joined in:
“O Earth, our dear sibling,
We shall give you all the moisture in our bodies!
Do not perish,
We are willing to die for you!”
It took a thousand years for their tears to reach the surface of the earth. Their sorrowful rage transformed into thick, layered black clouds that filled the space between heaven and earth, turning into a deluge that flooded the world. The parched Earth was now completely submerged under water. The flood extinguished most of the suns, leaving only one that was situated farther away. Seeing that the Earth was now endangered by the waters, its skyward companions began to blow forcefully. Their breath turned into a powerful wind that chased away the mist and clouds from the earth’s surface.
The sky cleared, leaving a single smiling sun shining in its heights. Under its gentle rays, the Earth blossomed: various species of trees sprouted, all kinds of herbs and flowers grew, mountains, plains, springs, rivers, and vast lakes formed, and countless birds and wild animals appeared.
Basking in the delight of the sunlight, Mother Earth embraced the long-awaited warmth and brought forth eighteen thousand kinds of descendants into the light. After countless years, the world reached this harmony, came to be known as “Mother Earth,” and continues to nurture her offspring.
Source: “Legends and Folktales of Künes County”. 1991. Internal publication. Ili People’s Publishing House.
Information Agency “Q-Andas”.
(To be continued..)











